5 декабря, 2017 21:23
«Декорацияны жобалау» 5В042105 — «Телевизиялық және қойылым дизайны» мамандандырылуы, 5В042100 — «Дизайн» мамандығы бойынша ТОБ белгіленген міндетті компонент болып табылады.
Онда дизайнердің жеке жұмыс багыты ретінде кино жэне теледекорацияны жобалау ерекшелігі қарастырылады. Студенттер кинодекорацияны жобалау жэне құру кезіндегі сәулеттік форма түзу ерекшелігіне баса назар аударады. «Киносәулет» феномені, сондай- ақ кинодекорацияны жобалау және құру кезінде болашақ кинокартинаны кескіндеу концепциясының бейнеленуі қарастырылады. Курс тапсырмаларымен жұмыс нәтижесі декорациялар нобайы мен сызбалары альбомында ресімделеді. Курстың мақсаты — студенттерге кино және теледекорацияны жобалауды оқыту. Курстың міндеттері: • шыгармашылық ойды жүзеге асыру үшін декорация ролі мен маңызын ашу; • студенттерді кинодекорацияны жобалау жэне құру тарихымен таныстыру; • студенттерді павильондық кинодекорация негіздерімен таныстыру; • студенттерді кино және теледекорацияны заманауи құру ерекшелігімен таныстыру болып табылады. Білуі тиіс: — түрлі жанрлардагы кинофильмдер үшін декорацияны жобалау ерекшеліктері; — ойын кинокартинасын кескіндеу концепциясы мен кинодекорацияны эзірлеудің өзара байланысы; Істей алуы тиіс: — пікір айту және қорытынды шығару үшін маңызды мәліметтерді жинау және талдауды жүзеге асыру; — өз бетімен кинодекорацияның дизайнерлік шешім идеясын ұсыну және негіздеу; — кинодекорацияның дизайнерлік шешім идеясын іске асыру формасын таңдау; — өз бетімен білім алумен айналысу, практикада жаңа технология жетістіктерін пайдалану; — ғылыми зерттеулер жүргізу; — практикалық тапсырмаларды орындау кезінде шығармашылық белсенділік пен дербестік таныту; — алга қойылған міндеттерді шешуге шығармашылық ыңғай таныту. |
дағдылануы тиіс:
— қарапайым павильондық декорацияны жобалау жэне құру; — күрделі павильондық жэне натуралық декорацияларды жобалау. Пәннің пререквизиттері: «Инженерлік графика I», «Материалдық мэдениет жэне дизайн тарихы», «Композиция I», «Арнайы сурет 1». Пәннің постреквизиттері: «Репортаждық фототүсіру», «Павильон фотосуреті», «Қазіргі кинопроцесс», «Заманауи дизайн». Пэн бойынша емтиханға рұқсат беру семестр бойы практикалық сабақтарда жэне өздік жүмыстарда (СӨЖ) орындалган жұмыстарды ұсыну түрінде семестр соңында өткізіледі. Емтихан қарастырылган. ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ Багдарламага кинодекорациялық өнер тарихының очерктеріне арналған лекциялық және қарапайым павильондық декорацияны жобалау жэне құру дагдыларын меңгеруге арналган практикалық материалдар жатады. Оқу тақырыптарымен жұмыс төмендегіні қарастырады: сценография ерекшелігімен, еуропалық театр өнерінде сценография эволюциясымен, авангардты театрмен, кинодекорация ерекшелігіне сценографияның әсерімен танысу. Г олливудта дыбыссыз кезең киноматографында, неміс экспрессионизміндегі кинодекорациялық өнер. «Киносәулет» түсінігінің пайда болуы. Дыбысты кинодағы декорациялар. Кескіндеу мен дыбыстың көркемдік синтезі. «Киношыгармашылықтың көркемдік кеңістігі» түсінігінің пайда болуы. Түрлі-түсті кино декорациялары. «Қойылым алыбына» арналған декорациялар. Артхаустагы павильондық декорациялар. «Сандық» декорациялар. Фильмдер әрекеті ортасының компьютерлік үлгісін жасау. Шытырман оқиғалы жэне фантастикалық фильмдер мен соңғы жылдардағы апат-фильмдердегі сандық декорациялар. Сонымен қатар жүмыс павильондық декорацияны жобалау ерекшеліктерімен, павильонды табельдік жабдықтаумен танысудан тұрады. Павильондық қоршауларды үйымдастыру. Фундус қабырға, екі қабырға, екі қабырға мен жиһаз жэне реквизиттер аз пайдаланылатын еден қойылымы. Алға қойылған міндетке байланысты жарықтандыруды үйымдастыру. Бөлме интеьерін ұйымдастыру. Интерьерде кеңістіктік жоспарларды ұйымдастыру. Терең мизансценамен жұмыс істеуге арналған бөлме анфиладасын үйымдастыру. Сандық декорациялардың қарапайым формасы — сандық реңдер. Сандық декорациялардың күрделі формалары — фильмдердің үшөлшемді ортасының компьютерлік үлгісін жасау. |
50% лекциялық материал, 50% практикалық материал. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
1. Қарапайым декорация макетін жасау (қоршаулар). 2. Күрделі қоршау макетін жасау (бөлме анфиладасының декорациясы). 3. Терең мизансценаға арналған декорация макетін жасау. |
СӨЖ ЖӘНЕ СОЖӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
1- тақырып. Дыбыссыз кезеңнің голивудтық күрделі қойылымды кинокартинасының декорациясы негізінде таңдап алынған кескіндеу концепциясын. 2- тақырып. Дыбыссыз кезеңнің «сәулеттік фильм» декорациясы негізінде «киносәулет» түсінігін қалыптастыру жэне таңдап алынған фильмде сәулеттік ортаның жобалану деңгейлерінің жүйесін анықтау. 3- тақырып. «Қойылым алыптарына» арналган декорацияны талдау негізінде таңдап алынған фильмде сәулеттік ортаның жобалану деңгейлерінің жүйесін анықтау. Үсынылатын галамтор-ресурстар: 1. К.иігакег.ог§. 2. КіпоЬага.ІҮ |
Типтік багдарлама мазмұны — бүл міндетті минимум жэне жүмыс бағдарламасында қосымша тақырыптарды қарастыруга болады немесе пәнге белгіленген кредиттер (сагаттар) көлемінде тақырыпты кеңейтуге болады. |