ФОНЕТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН САЛАЛАРЫ

21 марта, 2018 18:04

Адамның коғамдағы қатынасының ең маңыздысы — тілдік катынас. Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік катынас ауызша жэне жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу аркылы орындалады. Сөйлеу — адамзат іс-әрекетінің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология, логопедия, тіл білімі, т.б. ғылымдардың карастыратын нысаны.

Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі жэне негізгісі — фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мэні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді кұрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Кез келген тіл өзінің қалыптасқан фонемалык жүйесі аркылы карым-қатынас кұралына айналады.

Тіл білімнің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. рһопе  — дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дьібыстары — күрделі кұбылыс. Дыбыс сөйлеу    мүшелерінің белгілі бір араласымы

(комбинациясы) аркылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде калыптаскан белгілі бір заңдылыктарға негізделеді.

Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуьі, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дьібыстардың бір-біріне зсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дүрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.

Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылыктарын меңгеру аркылы тілдің лексикалык жэне грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондыктан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.

Тіл уакыт өтуімен өзінің ішкі заңдылыктарымен жэне сырткы экстралингвистикалық факторлардың әсерімен дамып отырады. Кез келген тілдің калыптаскан дыбыстык жүйесі де тарихи даму кезеңдерін басынан өткереді. XXI гасыр казак тіл білімінің тарихи кезеңі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекет аясында қолданысының кеңеюі тіл мәдениетін жогарлатуды талап етуде. Тіл мәдениеті фонетика саласын да қамтиды. Мәселен, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу, жазуда тілдік

нормаларды сақтау, сөйлеуде дыбыстық жүйемізде калыптасқан зандылықтарды дұрыс колданы білу, т.б.

Қазак тілінің дыбыстық жүйесін жетік меңгеру арқылы тілдің қоғамдық кызметін жетілдіріп, оның ары карай дамуына дұрыс бағдар беруге болады.

Зерттеу, сипаттау тэсілдерне карай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салгастырмалы болып бөлінеді.

Сипаттамалы фопетика (синхрониялык және статистикалык фонетика) — тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уакыт тұрғысынан қарастырады. Тілдік дамудың бүгінгі кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандык кұрамын, олардың тіркесуін, буын, екпін мәселелерін үндесу заңдылықтарын, орфография жэне орфоэпия мэселелерін аныктайды.

Бастауыш, орталау, орта және жоғарғы оку орындарында сипаттамалы фонетика окытылады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары акдемик І.Кеңесбаевтың 1954 жылы жарык көрген «Қазіргі қазақ тілі» окулығында баяндалған. Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Г.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айкын көрініс тапкан.

Тарихи фопетика (диахрониялык фонетика) — тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан карастырады. Дыбыстардың даму заңдылықтарын, дыбыстык жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу зандылықтары эр дэуірдегі жазба ескерткіштер материалдары арқылы айқындалады, — деп М.Томанов атап көрсетеді.

Салыстырмалы фопетика — тілдің дыбыстык жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұксастыктарын карастырады. Мэселен, кыпшак тілдері тобындағы казак тілінің оғыз тілдері тобындағы түрік тілімен каншалыкты туыстығына, олардың бір- бірінен айырмашылыктарына туыс екі тілдің дыбыстық жүйелерін тарихи фонетиканың аясында салыстыра зерттегенде ғана көз жеткіземіз.

Салгастырмалы фонетика — тілдің дыбыстык жүйесін туыстығы жок, кұрылымы эртүрлі баска да тілдермен салыстыра зерттейді.

Қазақ тілі мен орыс тілдерінің немесе казақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зертгеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін аныктау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салғастырмалы фонетиканың нэтижелері әлемдік карым-катынаста колданылатын ағылшын тілі сияқты колдану аясы кең тілдерді аз мерзімде жетік меңгеруде пайдалануга болады.

Тіл тарихы, этимология, тілдердің туыстастығын аныктауда, бүгінгі кезеңдегі тілдердің карым-катынасындағы мэселелерді шешуде фонетиканың атқаратын қызметі ерекше. Тілдегі дыбыстык ұксастыктар мен ортактыктарды ғылыми тұрғыдан білмейінше, жекелеген сөздердің шығу тарихын, даму ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Белгілі бір тілдің дыбыстык жүйесін жақсы білу арқылы келесі бір тілді оңай меңгерге болады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля