ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА«Фотографика» курсы

11 декабря, 2017 21:38

«Фотографика» курсы дизайнер мен суретшідерді кэсіби қызметіне тәжірибе жағынан даярлауда практикалық негізде барлық кекіндеу мүмкіндіктерінің ең маңызды жақтарын игеруіне көмектеседі. Пән 1 семестр оқуға арналган.

 

Пэннің мақсаты мен міндеттері: дизайн мен өнерде фотографиканың бейнеленуін практика жагынан ұгыну. Фотографияны графикалық дизайнның басқа да бейнелеу элементтерімен бірлесе отырап үйрену. Дизайндағы фотографиканың бейнеленуін қабылдауда көркем ойлауын дамыту.

Оқудың мақсаты:

—      фотографиканың теориясы жэне тарихымен танысу;

—    фотографиканың бейнеленуінің техникалық жэне материалдық негіздерін қүрумен таныстыру;

—      фотографиканың бейнеленуінің шығармашылық қатынасын дамыту; -дизайн мен өнерде фотографиканың бейнеленуін пайдалана білуін

дамыту: -Компьютерлік бағдарламаларда фотографиканың бейнеленуін талғап- таңдап түсіндіре отырып, өңдеуге баулу .

Курсты бітіргенде студенттер білуі керек:

—    фотографиканың негізгі теориялық ұғымдары мен фотографиканың ерекше терминдерін :

—      фотографиканың мәдени-тарихи дэстүрлерін;

—    фотографиканың бейнеленуінің психологиялық және қабылдау деңгейлерін;

Білуі керек:

—      Жобалау қызметінде қалыптасқан дағдыларын жэне алған білімдерін тиімді қолдана білу;

—      дизайннің өнімді жобалауында бейнелеу элементтерін ұтымды таңдай білу; -практикада ғылым мен практиканың жетістіктерін пайдалану ;

—      өз бетінше практикалық шығармашылық ізденістер жүргізу;

Дағдылануы керек:

—      аппаратуралармен жэне техникалық құралдармен қолдана білуге;

—      компьютерлік бағдарламаларда фотографиканың бейнеленуін талғап-таңдап түсіндіре отырып, өңдеуге.

Пәннің пререквизиттері: «Арнайы сурет I», «Материалдық мәдениет жэне дизайн тарихы», «Композиция I», «Түстану», «Жарнамалық және баспа графикасы».

Пәннің постреквизиттері: «Жарнама және маркетинг», «Заманауи дизайн».

 

ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
Кіріспе

Студент «Фотографика» пәннің жоспары бойынша пәннің дәрісханалық сабақтарды жүргізудің эдіс-тэсілдерімен және студенттің өзіндік жұмысының түрлерінің мақсаты мен міндеттерімен таныстырылады.

Студенттер фотосуреттік бейнелеуді дизайнның графикалық негізі ретінде оқып үйренеді. Дизайнның бейнелеу өнеріндегі осы пэннің терминологиясы, технологиясы жэне көркемдік аспектілері оқытылады.

1.    Фотосурет тарихы

Біздің заманымызға дейінгі 1830 жылдар аралығындағы фотосурет тарихы туралы қысқаша мәлімет. Өндірісті техникамен жабдықтау жэне технологияны материалдық жағынан қамтамасыз етуді дамыту. Ақ -қара жэне түрлі-түсті фотография. Жанрларды дамыту.

2.     Фотографиялық бейнелеуді қабылдау

Бейнелеуді көрерменнің қабылдау заңдылықтары. Психологиялық, физиологиялық және физикалық факторлары. Пішім, кадрдың композициялық кұрылысы, бейнелеудің кескіндемесі, түр-түс, фактуралар.

3.     Жанрлар

Суреттелетін обьектінің статистикалық жағдайларында фотосуреттің бейнелеу мүмкіндіктерін өзінің даму барысында бекіту ретінде пайдаланады. Өз уақытында эр түрлі жанрлық техникалық және технологиялық мүмкіндіктері шектелді. Жиырмасыншы ғасыр дизайнының дамуына сол уақыттың жетістіктері әсер етті. Фотосуреттегі заманауи жанрлар. Портрет, натюрморт, пейзаж, макротүсіру. Фотодокументалистика                           жэне

фотожурналистика. Фотосуреттің ерекше түрлері. Фотограмма. Фотосурет өнер ретінде.

4.     Техника және технология

Өндірістегі фотографиялық бейнеленуінің сандық технологиясы туралы қысқаша мәлімет. Фотографиялық бейнелеудің қағазға түсірудің қағидалары. Сандық технологиялар, бейнелеуді алу қағидалары. Бейнелеудің қорытындысы. Заманауи сандық фототехника. Заманауи фототехникамен жұмыс істеп дағдылану. 5

5. Сандық бейнелеу

Заманауи фотосурет жасау — бұл кешенді үрдіс, оған мыналар кіреді: фотоаппаратпен суретті бекіту, бағдарламалық өңдеу жэне сақтаушыларда сақтау. Дизайнер-фотографтың мақсаты — шығарылған материалдардан қажетті визуалды нәтиже алу үшін жұмыс істей алуы керек. Фотосуретті

 

^компьютерде өңдеу. Түр-түстерін дәлдеу.(Цветокоррекция). Компьютерлік бағдарламаның көмегімен композицияларды жасау.

к

1.      Дизайндағы фотосурет

Заманауи өнім графикалық дизайнның бейнелеу бөлімі көбінесе фотосуреттің бейнеленуінде көрсетіледі. Заманауи графикалық дизайндегі «Ьот осуреттің ролі мен орны. Қажетті образды құру мақсатында ютографияльщ бейнелеуді алу үшін оларды компьютерлік бағдарламаларда )ңдейді. Жарнамадағы фотосурет. Баспа өніміндегі фотосурет.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

г

1.    Фотографиялық бейнелеуден формалды композиция жасау;

2.           Берілген тақырыпқа фотосуреттен және басқа бейнелерден коллаж жасау;

3.           Берілген образды ашатын тематикалық фотосуреттің топтамаларын орындау;

Фотосурет топтамаларының көмегімен немесе фотосуреттегі образын құрастыру;

4.           Фотографиялық бейнелеуге негізделген немесе фотосуретті пайдаланып баспа өнімін қүрастыру.

Семестр жұмыстарының орындалуы мен өткізу кестесі

Тапсырма семестрдің басында беріледі (1-апта). №1 семестр жұмысының орындалу мерзімі — 1 апта мен 7 апта аралығы, № 2 семестр жұмысының орындалу мерзімі — 3 апта мен 15 апта аралыгы.

Тапсырмаларда болуы керек:

—               Мақсаты мен міндеті;

—               Мазмұны мен құрамы;

—               Беттерімен көрсетілген берілген әдебиеттер тізімі;

—               орындалу мерзімі;

—               бақылау формасы;

—               бағалау балы.

СӨЖ және СӨЖӨЖ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ТІЗІМІ

1.    Түрлі-түсті фотосуреттің алғашқы технологиясын зерттеу. Осы ақырыпқа реферат жэне слайдтарымен видеопрезентация жасау (мысалы.: 902-20 жылдардагы С. Прокудин-Горский,фотосы).Мақсаты: түр-түс ехнологиясы, жанрлары, сюжеті, түр-түс берудегі сапаның багасы, юмпозициялық құрылымы.

2.   Фотографиялық бейнелеу берудегі алғашқы технологиялық тәжірибені ерттеу, эртүрлі материалдарда суреттерді басып шығару және бекіту. Осы ақырыпқа реферат пен видеопрезентация жасау.

 

3.     Үй жағдайында фотосезгіш кұрамдар алу технологиясын үйрену. Фотографиялық бейнелеу алу барысында өз бетінше тәжірибе өткізу, мысалы камера-обскураның көмегімен. Өз бетінше алынған фотографиялық бейнелеудің негізінде плакат құрастыру.

4.     Фотограммаларды жасауда өз бетінше алган тәжірибесін қолдану және үйрену. Өз бетінше алынган фотограммалардың негізінде плакат қүрастыру.

5.     Бірнеше эртүрлі стильдерге бір фотокомпозиция құрастыру үшін фотографиялық бейнелеудің өңдеу бағдарламасын пайдалану. Жүргізілген тәжірибе негізінде көркем немесе жарнамалық плакат құрастыру.

Берілген пән бойынша ұсынылатын багдарламалық өнім: Рһоіозһор, ІИизІгаІог, ІпБЕЗЮК, СогеЮКАҮ/.

Типтік бағдарлама мазмұны — бұл міндетті минимум және жұмыс багдарламасында қосымша тақырыптарды қарастыруға болады немесе пәнге белгіленген кредиттер (сагаттар) көлемінде тақырыпты кеңейтуге болады

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля