ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА

30 ноября, 2017 20:54

Типология — негізі қоршаған ортадағы нысандарды жүйелендіру мен жіктемелеу болып табылатын ғылыми әдіс. Нысанның қызметтік бейіні міндетті түрде оның ішкі кеңістіктік ұйымдасуымен сәйкеседі.

 

«Сэулеттік орта типологиясы» пэні мамандығы: 05042100 — «Дизайн» бойынша, мамндандырылу: 05042101 бекітілген міндетті пәндер қүрамына кіреді.

«Сэулеттік орта типологиясы» курсының мақсаты: сәулеттік орта типологиясының қалыптасуының тарихи алғы шарттарымен; өнеркәсіптік, тұрғын жэне қоғамдық ғимараттар мен үймереттер арқылы үйымдасқан қалалық территория типтерімен, сондай-ақ сэулеттік орта типтерімен таныстыру.

Курстың негізгі міндеттеріне жатады:

Түрлі иерархиялық деңгейдегі қалалық территория типтерін ұйымдастыру ұстанымдары туралы білімдерін қалыптастыру;

Дизайн бағдарламалары, дизайндық орта жэне дизайн жабдықтауды құру деңгейінде өнеркәсіптік, тұрғын және қогамдық аймақтарды сәулеттік ортада жобалаудың типологиялық ерекшеліктерін зерттеу;

Техникалық прогресс эсерімен сэулеттік нысандардың даму үдерісі туралы біліммен қамту;

Қогамдагы өзгерістерді, қажеттіліктерді және әлеуметтік қалауларын болжамдау;

Технологиялық, сондай-ақ сәулетшілік-көркемдік деңгейдегі сэулеттік ортаның түрлі элементтерінің қисынды өзара байланысын ұйымдастырудың тәсілдері мен ұстанымдарын меңгеру жатады.

Пәнді оқу нәтижесінде болашақ маман түрлі мақсаттарға арналған сәулеттік ортаны қалыптастырудың типологиялық негізін білуі тиіс;

меңгерген білімдерін окуда да, сонымен қатар шынайы өмірдегі заттық- кеңістіктік ортада сәулетшілік-дизайнерлік жобалау барысында қогамдағы әлеуметтік өзгерістер мен көркемдік-эстетикалық багыттардың ғылыми- техникалық жетістіктерін есепке ала отырып қолдана алуы; пайымдау мен қалыптастыру әрі қорытындылауға қолдану үшін маңызды мәліметтерді жинақтау және талдауды жүзеге асыру, сонымен қатар қабылданған шешімдерді негіздеу; өз бетінше білімін толықтырумен айналысу; алға қойылған міндеттерді шешу болында шығармашылық қыр таныта алуы керек.

Сәулеттік орта нысандарын типтеу мен жіктемелеу эдіснамасының дағдыларын білу.

Пэннің пререквизиттері: «Композиция I», «Материалдық мәдениет пен дизайн тарихы», «Әлеуметтану».

Пэннің постреквизиттері: «Инженерлік инфрақұрылым», дипломдық жобалау.

 

Пэн бойынша емтиханға семестр соңында практикалық сабақтар мен өзіндік (СӨЖ) сабақтар кезінде семестр бойы орындалған жұмыс түрінде ұсынылған соң рұқсат етіледі. Емтихан қарастырылады.

ПӘННЩ МАЗМҰНЫ
Кіріспе

Кез келген жобалау эрекеті жобаланатын қоршаған орта дизайны нысандарының типологиялық ерекшеліктерін алдын ала жинақтап алмайынша мүмкін емес. Типологиялық ерекшеліктерді алдын ала талдау бағытталған сипатқа ие болуы тиіс жэне сонымен қатар жобаланатын нысанның әлеуметтік мэніне баса назар аударылуы тиіс. Дэл осындай білім «Сәулеттік орта типологиясы» пэнінде қамтылған.

«Сэулеттік орта типологиясы» пэні дизайндық орта нысандарының типологиялық мэні туралы жіктелген білім береді жэне жобаланатын нысанның аналитикалық бейнесін кұрастыру барысында, сонымен бірге жобалау алдындағы талдауды жасауда өз деңгейінде есептеу нүктесі болып қалыптасады. Жалпы ғылыми, жалпы техникалық жэне арнайы пәндердің қатарында сәулеттік орта типологиясының орны мен рөлін; сәулетшілік- кеңістіктің жэне пэндік ортаның иерархиясын ашады. Эволюциялық деңгейдегі сэулеттік ортаның қалыптасу ерекшеліктерін элеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық жэне эстетикалық факторларды есепке ала отырып, сонымен бірге ұлттық дәстүрлер, салттар мен эдеп-ғұрыптар контекстінде қарастырады. Болашақ дизайнер-маман үшін сәулеттік орта қалыптасуының типологиялық ерекшеліктерін білудің мэні.

Осы бағдарлама аталмыш пәннің зерттеу нысандары мен әдістері туралы қысқаша мэліметтер береді; қажетті материалдарды зерттеудің эдістемелік жүйелілігін береді.

«Типология» ұғымы сэулеттік ортда қолданылгандаа дизайнның «классификация» ұғымына сэйкес келеді. Қоршаған орта нысандарын, сонымен қатар сәулеттік ортаны, функционалдық белгілері бойынша типтеу қабылданған. Пәннің тақырыптық құрылымы бұл ерекшеліктерді есепке алады және төрт типологиялық топ негізінде құрылады: қала құрылыс орта, тұрғын орта, қогамдық орта, өндірістік орта.

Осы пән тақырыптық сипаты бойынша сэулетшілік-жоспарланган, элеуметтік, табиғи-климаттық, географиялық факторлар мен көркемдік-идеялы ерекшеліктерін есепке ала отырып, сәулеттік ортаның дизайн нысандарының барлық типологиялық құрылымдары бойынша білімдерін қажетті көлемде қамтиды.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля