ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА «Костюм тарихы» пэні

30 ноября, 2017 21:06

«Костюм тарихы» пэні костюм дизайнерін кэсіби дайындауда негізгі пәндерінің бірі болып табылады. Бұл костюм мен киімдердің негізгі түрлерінің тарихи дамуын оқытатын арнайы курс. Аталғанкурстың тұжырымдамасы костюм тарихын материалдық мәдениет тарихы және стильдер тарихы аспектінде қарастыру арқылы негізделеді. Костюм эртүрлі елдермен халықтардың қоғамы дамуының спецификалық ерекшелігін ашық айқындайды.

 

Климат жағдайлары қоғамның әлеуметтік құрылымы, материалдық — экономикалық ахуалы, ұлттық нышаны, моральдық нормалар және эстетикалық идеалдар — осының барлығы костюмдік үлгілердің сан алуандылығы арқылы көрсетіледі. Егерде мәдениетті адамның элемге деген эмбебапты көзқарасы ретінде түсінетін болсақ, онда костюмді мәдениеттің элементі жэне өнімі деп қарастыруға болады.

Қоғам дамуының барлық кезеңдерінде жаңа әлемдік көзқарастық тұрғысынан , шығармашылық тұрғыдан ойластырған тарихи және халық костюмі, костюм дизайнерлері шығармашылығының сарқылмас бұлағы болып табылады.

Курстың мақсаты: Костюмнің негізгі түрлерінің даму тарихын оқыту, құрастыру құрылым, тарихи және халық костюмдердің сәндік — түстік шешімі.

Курстық міндеттері:

—    Студенттердің костюм дамуының тарихи саласында білім алуы.

—    Әртүрлі тарихи стильдегі костюмдердің графикалық көшірмелерін жэне суреттерін орындау дағдыларын үйрену.

—    негізгі стильдік бағыттарды, сәннің костюм дамуына ықпал етуін зерттеу негізінде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру.

«Костюм тарихы» пэнін оқу нәтижесінде студденттер келесілерді білуі қажет: тарихи дәуірлер мен негізгі көркем стильдердің мінездемесін , костюмнің стильдік бағыттары мен құрамдық бөліктерін белгілеудегі қолданылатын терминологиясын, костюмнің қалыптасуына тарихи кезеңнің саяси құрылыс, әлеуметтік экономикалық жағдайлардың, діни көзқарастардың, эстетикалық идеалдардың ықпал етуін, белгілі сэн шеберлерінің шығармашылығын.

Әртүрлі ғасырмен стильдегі костюмнің құрылымын түсті, сэндік, құрастыру жэне композициялық шешімдері бойынша талдай білу; тарихи жэне халық костюмдерінің пропорцияларын көрсету маталардың бөлшектердің аксессуарлары мен жэне шаш қою үлгілерінің фактураларын ойластыру, заманауи көзқарас тұрғысынан киім үлгілерін жобалауда халық дәстүрлерін қолдану , дамыту жэне байыту арқылы графикалық көшірмелері мен суреттерді орындау дағдыларын білу.

 

ПӘННІҢ МАЗМ¥НЫ
КіріспеКиімнің негізгі түрлерінің қогамдық өмірдің моральдық жэне эстетикалық талаптарына және өнердегі басымдық көркем стильіне сәйкес тарихи дамуы.

Аталган дәуірдің белгіленген стильдік бағытын қалыптастырган эстетикалық көзқарасқа адамзат дамуының тарихи кезеңінің ықпал етуі.

Адамның әсемдік туралы ұгымын архитектуралық қүрылыстардың, еңбек және тұрмыс заттардың, киімдердің қалпын белгілі бір тарихи кезеңнің өндірістік күштерінің дамуы арқылы көрсету.

Дәуірдің жалпы көркем стильінің өзгеруінің идеялық және қогамдық қүбылыстармен байланысуы.

1.     Мәдениеттің жалпы тарихы жүйесіндегі костюмнің рөлі

Костюм материалдық мәдениеттің элементі мен өнімі ретінде.

Костюм -экономиканың дамуы мен саясат,дін жэне этикамен тыгыз байланысты белгіленген ғасырдың эстетикалық идеясын айқындайтын көркем бейнесі.

Киімнің шыгу тарихы. «Киім», «костюм», «сән», «тарихи стиль» жэне «көркем стиль» үгымдарын анықтау.

Сэн негізінің костюм дамуына тигізетін ықпалы.

2.      Сән тарихы

Тарихи костюм. Ежелгі Дүниенің костюмі.

Ежелгі Мысырдың костюмі.Ежелгі Мысыр — бай мәдени мұрасы бар көне өркениет. Дін жэне адамдардың эстетикалық үгымдары. Өнердегі Символизм. Ерлер және эйелдер киімдердің негізгі түрлері. Мысырлықтардың киімдеріндегі тектік айырмашылыгы. Баскиімдер, аяқ киім және эшекей.

(Месопотамии) Өзенаралық костюмі. Халтикалық негізі. Ерлер жэне әйелдер киімдерінің негізгі түрі.

Патшалық биліктің символы.

Ежелгі Греция және антикалық Римнің костюмдері. Антикалық өпер. Сұлулықтың эстетикалық идеялы. Құрастырудың логикасы , сыртқы

Пэннің пререквизиттері: «Материалдық мэдениет және дизайн тарихы», «Костюм графикасының негіздері», «Композиция», «Түстану».

Пәннің постреквизиттері:                           «Костюм қүрастыру», «Костюм

тектоникасы», «Заманауи дизайн», «Дизайндағы заманауи материалдар», дипломдық жобалау.

 

қарапайымдылық, күлтелеудің әсемділігі — антикалық костюмнің мінездемелік нышандары. Мата жэне түстік гамма, костюмдегі аяқ киім.

Византия костюмі. Христиандықтың түрақтану кезеңіндегі эстетикалық нормалардың ауысуы. Костюмнің бейнелік шешімі. Киімдегі тақуалықпен сәнділіктің қарама қайшылығы. Патшалық костюмдегі ерекше айырмашылықтар.

Ортағасырдағы Еуропаның костюмы. Еуропалықтардың халықтар көшу кезеңінің костюміндегі функционалдық бастамасы. Романдық стиль (IX — XII ғғ.). Костюмнің қалыптасуындағы мүсіндік көзқарас. Готикалық стиль (XII — XV ғғ.). Тігінші шеберлігінің және құрастырудың дамуы,ерлер жэне эйелдер киімдерінің түрлерін байыту. Киімдердегі таптық айырмашылықтар. Бургундық сәндер.

Қайта даму дэуірінің костюмы . Адамгершілік көзқарас, реалистік өнердің ұлы жэне үлгілері.Костюм түрінің көлденең жіктелуі жэне орынды қатынасуы. Әртүрлі түстегі маталардың қанықтығы, байлығы, сан алуандылығы. Италия, Испания, Франция жэне Англиядағы. костюмдерінің эстетикасындағы айырмашылықтар.             і

XVII     ғ. Батыс Еуропалық костюмы. Барокко — XVII ғ.Еуропалық өнеріндегі басты стиль. Кескіндемелі,театралды,салтанатты,үлпілдекті аса сәнділік — Барокко стилінің өнері мен костюмінің негізгі ерекшеліктері. Франция — Еурпалық сәннің негізін қалаушы. Әйелдер шаш қоюы — шаштараз өнерінің биік шыңы.

XVIII   ғ. Батыс Еуропалық костюмі. Рококо стильі — нақышты сәнділік, нэзіктік, иілмелі сызықтық, түстердің жеңілділігі. Адам дене бітімінің орынды пропорцияларының костюм арқылы бұзылуы. XVIII г. аяғындағы Ағылшын сәндері. ¥лы Француз революция костюмінің Экстраваганттылық түрлері. і

XIX         ғ. Еуропалық костюмі. Киімдегі таптық теңсіздікті жою. Ерлер костюмінің сыртқы бір қалыптығы.Сәндегі әйел костюмінің жетекші рөлі.. Ампир, романтизм, бидермайер, екінші рококо, модерн — XIX ғ. Костюмінің негізгі стилдері.

XX      ғ. Костюмі. Көркем мәдениеті дамуының жаңа кезеңі. Өнеркэсіптегі көпшілік өндірістің жэне тұтынудың көпшілік түрлерінің билігі.

1905 — 1920 жж. Сәннің жаңалықтары. Әйел костюмінің жаңа пішімі. Әйел костюміндегі жаңа құрылысы. 40-ж. сэні. К. Диордың «Нью-лук». Әйелдер мен ерлер костюм түрлерінің жақындасуы. 50-60-х жж. Жастар сәніндегі төңкеріс. 70-ж.Минималазмі. 80-90х жж. Стильдік бағыттары. Мыңжылдық аралығы.

Халық костюмы. Халық(ұлттық) костюм және оның мәдениет тарихындағы орны. Халық костюмінің қалыптасуына ықпал ететін факторлар: климат жағдайлары, эстетикалық көзқарастар, салт дэстүрлер жэне т.б.

Ежелгі Қытай костюмі. Шаруалар костюмі. Жоғары лауазымды шенеуліктердің жэне императорлық эулеті мүшелерінің костюмі.Шеніне тиісті костюмдер түсін қатаң регламенттеу. Киімде қолданылатын маталар. Аяқ киім және бас киімдер.

 

Ежелгі Жапония костюмі. Киімнің түрлері, бас киімдер және аяқ киімдер. Костюмдегі элеуметтік айырмашылықтар.Костюмді толықтыру, грим.

Индия костюмы. Маталарды бояу жэне оған айшықты суретті түсіру өнері, Батик техникасындағы матаны суреттеу.Мүлік және касталық жағдайларға байланысты костюмдегі айырмашылықтар.Костюмдегі түстік гаммалар. Әшекейлер, бас киімдер жэне аяқ киімдер.

Әлем халықтарының костюмдері.

3.     Қазақтың үлттық костюмі

Дәстүрлі костюм — қазақ халқының сұлулығын, даналығын жэне талантын айқындаушы. Оның негізгі түрлерін қоршаған ортаның ықпалы мен көшпенді өмірінің жағдайы арқылы дамыту жэне жетілдіру. Көрші этностардың қазақ костюмінің қалыптасуына ықпал етуі. Киім әзірлеуге арналған материалдар.

Белгіленген жас ерекшелікті регламентау кезінде салтанатты және күнделікті киімді пішудегі қатаң шектің болмауы. Костюмнің әлеуметтік айырмашылықтары.Еуропалық                 қалалық костюмнің XIX соңы- XX

ғғ.басындағы қазақтардық дәстүрлік киімдеріне ықпал етуі.

Ерлер костюмы. Ерлер киімінің негізгі ассортименті : жейде (көйлек), бешпет (кеудеше, көкрекше), шапан, шекпен, күпі, тон, ішік, дамбал, шалбар, етік (киіз шүлық -байпақты саптама), бас киім, белдік.

Жауынгерлер костюмы мен қаруы (сауыт, шарайна, дулыға және т.б.).

Әйелдер костюмы. Қазақ әйелдер киімінің кешені: жейде-көйлек, камзол, шапан. Қыздар ,жас келіншектер, жасы келген әйелдер костюмдерінің айырмашылықтары. Жас ерекшелік және элеуметтік айырмашылықтарға байланысты әйелдер костюміндегі бас киімдердің неше түрлері: (тақия, бөрік, қасаба, сәукеле, кимешек, жаулық, сулама, шылауым, күндік, орама). Кеңейтілген белдемше — белдемше.

Қалыңдықтың той киімі. Қазақ әйелдерінің костюміндегі декор мен зергерлік әшекейлердің рөлі. Зерлеп тігуші, кестелеуші, тері илеуші, зергерлердің өнері.

Қазақ ою өрнек өнерін қалыптастыратын көзқарастық концепциялардың негідері.

4.     Сән индустриясы

Сән индустриясының қалыптасуы:                          «от-кутюр», «прет-а-порте»

класстарының коллекциялары. XX ғ. сәнінің Мэтрлары: Чарльз Ворт, Поль Пуаре, Габриэль Шанель, Надежда Ламанова, Кристиан Диор, Пьер Карден, Ив Сен-Лоран жэне т.б. Қазіргі заман сәнінің отандық дизайнерлерінің шығармашылығы.

Сән мектебі. ВХУТЕМАС. Мәскеулік Мемлекеттік тоқыма академиясы (МГТА) А.Н. Косыгин атындағы (қолданбалы өнер факультеті ). Париждік ЭСМОД дизайнермектебі. от-кутюр жоғары мектебі.Өнер және дизайн (США)

 

мектебі. «Бунка» (Япония) сән иниституты. Сән өндіріс институт (Мэскеу). Еуропалық дизайн институты (Италия) жэне т.б.

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ

МӨЛШЕРЛІ ТІЗБЕСІ

Костюмдердің пропорцияларын көрсету маталардың, бөлшектердің, аксесуарлармен, шаш қою үлгілерімен фактураларын ойластыру арқылы келесі тақырыптар бойынша графикалық көшірмелер мен суреттемелерді орындау:

—      Ежелгі Дүние костюм;

—      Византия жэне Ортағасыр Еуропа костюмы;

—      Қайта даму дәуірінің костюмы;

—      XVII ғ., XVIII ғ. XIX г. Батыс Еуропалық костюмы;

—      Ежелгі Шығыс елдерінің косюмы;

—      Қазақтың дәстүрлі костюмы.

СӨЖ АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТАРДЫҢ МӨЛШЕРЛІ ТІЗБЕСІ

—      Реферат тақырыбы « прет-а-порте дәуірі»;

—      Реферат тақырыбы «Стиль және имидж»;

—      Реферат тақырыбы «Ежелгі Парсы костюмі»;

—      Реферат тақырыбы «Стиль жэне имидж»;

—     Ою өрнектердің, ішкі көрініс элементтердің, қолданбалы өнер заттардың, костюм эшекейлерінің,белгіленгенн тарихи кезеңнің зергерлік сэндік әшекейлерінің графикалық суреттемелері мен көшірмелері.;

—     Қиыр Шыгыс елі және Оңтүстік — Шығыс Азия елдері костюмдерінің графикалық көшірмесі және суреттемесі (Корея, Вьетнам, Индонезия, Монғолия жэне т.б..)

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля