ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫКТАМА ( Б )

3 января, 2018 14:32

Б

Багет (фр. Ъациеііе) — ағаштан жасалған тақтайша, суреттерге немесе портреттерге бекітіледі немесе рама жасау үшін арналған.

База (фр. Ъазе — негіз) — колоннаның ең төменгі жағы.

Байпақ — саптама етіктің ішінен қыстың аязды суық кезінде, жолаушылап алыс жолға шыққанда, көлік үстінде, шанада отырғанда киетін, жұқалау етіп басыл- ған қонышты киіз шұлық. Сонымен бірге, етіктің сыр- тынан да киетін түрі болады, оны мүйық деп атайды. Бүлар — қазақтың көне дәуірден келе жатқан киім үлгілері.

Баккара (фр. Ъассагаі) — хрустальдың ерекше түрі.

 

Бақ-саябақты өнер — жабайы табиғатты оның эстети- касын, қызметін, экологиялық жағдайын ескере оты- рып көркемдеу. Бақ-саябақты өнер ерекшелігі — оның жанды болуы мен әрқашан өзгеріп отыратындығында, өйткені саябақ ешқашан аяқталған өнер болып қарал- майды. Бақ-саябаңты өнер адаммен тығыз байланысты, оны қолданушы және жасаушы «бақ» деген терминнің түсінігі өзгеріске ұшырады (гүл, жеміс-жидек, т.б.). Саябақ — әдейі қүрылған жабық табиғи орта, құрамында көркемдік-эстетикалық қызметтің шығармалары бар: архитектоникалық кескіндеме, гүлдер, т.б. Бақ-саябақ- ты өнер алғашқыда ренессанс, барокко, классицизм, рококо, романтизм стильдерінің негізінде қалыптасып, соңынан ұлттық ерекшеліктерге сәйкес өз бетінше стиль болып кеткен. Бақ-саябақты өнерде екі композициялық әдіс қолданылады: 1) әдеттегі бақшалардың геометрия- лық жобасы — симметриялы және әр заттың нақты ор- нында болуы; 2) ландшафты саябақ, ол табиғи орта (су қоймалары, шалшық су) тұрғысына негізделеді. Қоғам- дық қызметтеріне байланысты: ескерткіш, мәдениет және демалыс, ұлттық және табиғи, қалалық, спорттық, олимпиадалық, этнографиялық, жануарлар, балалар, көрме саябақтары деген түрлері болады.

Балташылық аспаптар — ағаш өңдеу жұмыстарында пайдаланатын механикаландырылған немесе қол аспап- тары. Қол аспаптары: балта, ара, сүргі, қашау, бұрғы, үскі, ыңғу, т.б. Механикаландырылған аспаптар: электр ара, электр фреза, электр сүргі, электр қашау, электр бұрғы, электрлік және пневматикалық ажарлау аспап- тары. Өлшеп белгілеу аспаптары: метр, рулетка, сыз- ғыш, крон-циркуль, ішкі өлшеуіш, деңгейлік, рейсмус, циркуль, т.б. Көмекші аспаптар: ұста балғасы, ағаш бал- ға, қысқаш, бұрауыш, тістеуік, егеу, т.б. Механикалан- дырылған көмекші аспаптарға электр және пневмати- калық бұрауыш жатады.

 

Балюстрада (фр. Ъаіизігасіе) — жоғарғы жағы бір- бірімен балка немесе плита арқылы қосылған таяқша- лар қатарынан тұратын балкон, баспалдақ, т.б. қор- шауы.

Балясина — архитектоникалық зат, онша биік емес конусты бейнесі бар баспалдақ қоршауының колоннасы.

Барельеф (фр. һая-геііеі — төменгі рельеф) — мүсінді бейне немесе жазық бетінен шығып тұратын өрнек.

Барокко (ит. Ъагоссо — астарлы, әдеттен тыс) — XVII ғасырдағы Батыс Еуропа елдерінде өнер бағытын анық- тау үшін тараған түсінік. Құлдырауға үшыраған «Қайта өрлеу» атты стильдің орнын басқан. Швеция әдебиетіне өнертану термині ретінде осы саланың ағартушысы, тео- ретик Я. Буркхард пен Г. Вельфлин XIX ғасырдың со- ңында енгізген. ХҮІ-ХУІІІ ғасырларда таралған бүл стильдің ерекшелігі: қозғалыстағы үйлесімдердің өзара күрделі тепе-теңдікте болуы, көркемдік шешімнің жан- жақтылығы, шындық пен қиялды қатар көрсетуге үмты- лу. Барокко стилінен драмалық жөне трагедиялық сезім байқалған. Барокконың тағы бір ерекшелігі — ол кішігірім өрнектер мен қосалқы заттардың негізгі үйлесімге бағынуын талап етеді. Ол үйлесім «ансамбль» ретінде көрінеді. Оның драматургиялық өнер әдісі,

 

әсіресе, сәулет, музыка, әдебиет, кескіндемеде кең қол- данылған. Б.-ның басты мақсаты — адамның эмоциялық жан дүниесіне ықпал ету. Сондықтан да бүл стиль тек Еуропа елдерінде ғана емес, сонымен қатар Испания және Америка колонияларында да кең тараған.

Барьерштанге — Шығыс кілемдерінің өрнек саздары- ның еуропалық анықтамасы.

Басон (фр. раззететіі — өрнек) — ерекше станоктарда өріліп, киімді, жиһазды сәндеу үшін қолданылатын шашақ, тоқыма бау.

Бейне, көлем — дизайнердің бейненің барлық қасиеттерінің, бөліктерінің бірлігін үйымдастыру бары- сының қорытындысы (конструкциясы, сыртқы пішіні, түсі, фактурасы және технологиялық тиімділігі). Қол- дану талаптарына сәйкес, өндірістің мүмкіншілігі және уақыттың немесе кезеңнің эстетикалық сұраныстары- на сай болып келеді.

Белағаш — кілем тоқу үшін керілген жіп желісін бай- ланыстырый түратын көлденең ағаш.

 

Белдеу, белдеу арқан — киіз үйдің туырлығы жабыл- ған соң, бір босағадан бастап айналдырып, керегенің дөңестелген бел ортасынан тартылып, екінші босағаға байланатын арқан. Белдеу арқанның төменгі жағынан керегенің аяғынан топырақ суырып, шаң кірмес, жел тимес үшін айнала тұтылатын киізді ірге киіз деп, оның әр жерінен керегенің аяқбауымен жел көтермес үшін тартылып, белдеуге байланып қойылатын жіпті — ірге бау деп атайды.
Боди-арт (ағыл. Ъосіу — дене, агі — өнер ) — Батыс елдерінде XX ғасыр басында пайда болған өнер ағымы. «Перфоменса» атты өнердің бір бөлігі болып табылады. Мағынасы — адам денесіне пішінсіз, шалғай, жан дүниесіз, мінез-құлқы жоқ нәрсе ретінде қарау. «Дзэн» буддизмнің жеке басының «мен» деген ұғымын жоққа шығару идеологиясын қолдайды. «Панкілердің» анар- хиялық идеологиясына еліктейді. Өздерін қатерлі, кей- де өлімге әкеліп соғатын тексерулерден өткізеді. Ита- лия суретшісі Мандзони көрмеге келген адамдардың денесін бояу жағылған қолымен ұстап, іздерін қалдырған, бұны ол адамдарды өнер шығармасына ай- налдыру деп түсінген. Антиэстетикалық мінез-құлқы үшін бұл ағымды өнер саласына жатқызуға болмайды.

 

Бонбоньерка (фр. ЬопЬоппіег) — кәмпиттерге арнал- ған сәнді қорапша.

Бонсай — тірі өсімдіктерден ңұрастырылған өсем үйлесім. Оны кәдімгі ағаш (мысалы, шырша, ақ қайың) тұқымынан өсіреді. Ол үшін әдейі аз мөлшердегі топы- раққа отырғызып, суарады, ал көркемдеу ойына байла- нысты бұталарын бұрап, сындырып кесіп, олардың табиғи өсу бағытын өзгертеді. Мұндай өсіру ұзақ және қиын. Жапонияда ағаштар атадан балаға берілетін, сондықтан шынайы өсімдіктерден құралған үйлесімдер қымбат тұра- ды. Қазіргі кезеңде үш үйлесімді — ағаш, құмыра, бей- нені қолданатын жасанды бонсай түрлері кең тараған. Бұл тасты пейзаж немесе адам бейнесі болуы мүмкін.

Бордюр (фр. Ъогсіиге — шет) — газон және тротуар қор- шауы, матаның, кілемнің шеті.

Босаға таңғыш — есіктің екі босағасын таңатын жіңішке құр.

Будуар (фр. Ъоийоіг) — 1) әйелдің жабдықталған ша- ғын ғана бөлмесі; 2) осы бөлмеге арналған жиһаз.

 

Бунгало (ағыл. Ьип^аіоіс — үндістік) — ңаланың сыр-
тында орналасқан жеңіл қүрылыс, тропика елдеріндегі
ауыл үйі.Бутафория (ит. Ъиііа{иогі — лақтыру) — сахнаға ла-
йықты жасалынған жасанды жиһаз, бүйым.Бітпес — сырмақтың бір түрі. Оның да негізі — киіз.
Ақ киіздің бетіне қызыл, сары түсті көз тартатын мата-
ларды оюлап бастырып, сол ою-өрнектің шеті жағалай
жиекпен көмкеріледі. Ең бастысы, халық шеберлері
киіз басып, одан түрлі төсеніш жасауды еріккеннің
ермегі деп білмей, нағыз өнер, нағыз шеберлік мектебі
деп ұғынған.

Кейбір үйдің қабырғасын көркейтіп тұрған сырмақ-
тың ұзындығы 3,5, ені 2,5 метр шамасында. Оның дені
шымқай ақ киізден, бетіндегі екі үшкілден тұратын ою-

өрнегі жұңа қара киізден оюлас-
тырып сырып жасалады. Соны-
мен бірге, оларды құрайтын
тігістің үстіне қызғылт жіппен
жиек бастырылады. Мұның өзі
төсеніштің мықты болуына
септігін тигізіп, сырмақтың
ажарын аша түседі. Көлемі жа-
ғынан және тұрмыста тұтыну
ыңғайына ңарай қазақ сырмақ-
тарды төрт түрге бөлген. Олар:
кеш сырмақ, төсеніш сырмақ,
төр сырмақ және тілек алды
сырмақ боп аталған. Әсіресе,
төсеніш сырмақтары төрдің
сәнін келтіріп, үйге ерекше
көрікті өң береді.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля