Қазақ тілі сөздік құрамының стратифиграфиялық қабаттары.

14 марта, 2018 19:01

 

Қазак тілінің сөздік кұрамы 3 тілдік стратифиграфиялық кабаттан тұрады:

  • жалпытүркілік кабат;
  • казақтың байыргы төл сөздерінен тұратын тілдік қабат;
  • кірме сөздер кабаты.

Қазақ тілінің сөздік кұрамындағы кірме кабатты араб-парсы, монгол, орыс тілдерінен енген сөздер кұрайды. Олар қазак халқының заманалар ағымында араб, парсы, монгол, орыс халыктарымен болған тарихи, мәдени, саяси, элеуметтік байланыстарының, карым-катынасының нэтижесі.

Ислам дінінің Дешті Қыпшакка ендей таралуы, сауда-саттыктың дамуы, шыгыстың классикалык әдеби мұраларының далалық үлгіде жырлануы сияқты экстралингвистикалык факторлар эсерінен қазақ тіліне араб-парсы сөздері қазақтың біртұтас халыктык тілі калыптасқанға дейін-ақ, ортағасырлардың алғашкы ширегінен ене бастады. Қазак тілінің сөздік құрамына мықтап орныккан мектеп, медіресе, мәдениет, қаражат, несие, дарбаза, мемлекет, дұние, тәржіме, аброй, үждан, гылым, ілім, парасат, дүга, азан, қиямет- қайым, шаригат, тамүқ, қүрбан, айт, намаз сиякты көптеген сөздердің, тіптен Уәли, Уәсила, Гәуһар, Фатима, Мүхамет, Жамал, Мәлік т.б. адам есімдерінің шығу тегі араб-парсы тілдеріне барып саяды.

Қазак тілінің сөздік кұрамында түп-төркіні түркі-монғол ортактығына алып баратын сөздер мен таза монғол тілінен енген сөздер де орын алады. Қазак тіліндегі алтын, темір, жез, болат, мал, дөнежін, қүнан, бүгы, арыстан, жапсар, абысан, қара, көк, сары т.б. көптеген сөздердің түркі тілдерінің басым көпшілігінде жэне монғол тілінде сәл дыбыстық ерекшеліктермен (алтан, төмөр, зэс, болд, мал, донөжин, гунан, буга, арслан, завсар, авьсан, хар, хох, шар) кездесуінің кыр-сырын ашу алтаистика ғылымындағы түркі-монғол тілдерінің генетикалық жақындығы жайлы шешімін таппаған күрделі мәселемен үштасады.

Аса көрнекті алтаист, поляк ғалымы В.Котвич монғол тілі лексикасының шамамен 25%, морфологиялық элементтерінің 50% түркі тілдерімен ортак болып келетінін айтады [30.351]. Көрнекті ғалым Рәбиға Сыздык түркі-монғол ортактыгына барып саятын бірқыдыру сөздердің казак тілінде әбден қалыптасып, жымдасқан сөз тіркестерін кұрайтынын, оларды монғолдардан енген кірме сөз деп санауға болмайтынын айтады. Ғалым айылын жимау, түралап қалу, қүр атқа мінгендей сиякты тұракты тіркестер кұрамындагы ”үрей“ мағынасындағы айыл, «арьщтау» магынасындағы түралау, ”өткен жылдан мінілмеген тың ат“ мағынасындағы қүр сөздерін түркі-монғолга ортақ сөз ретінде таниды [64.211].

Түркі-монғол тілдерінің базистік лексикасын жэне грамматикалық жүйесін салыстыра зерттеуші белгілі ғалым Б.Базылхан ”Монғолша — казакша” сөздікке енген 40 мың сөздің 60% екі тілге ортақ сөздер екенін айтады [13.4-7].

Айрыкша тұрактылығымен, бейнелілігімен ерекшеленетін, бір тілден екінші тілге ене коюы киын фразеологиялык бірліктерді казак және монғол тілдері аралык деңгейде этнолингвистикалык тұргыдан салыстыра-салгастыра зерттеген Г.Сағидолда көптеген фразеологизмдердің казақ-монғол тілдеріне ортак болып келуінің себебін екі халыктың бейнелі ойлауы мен ғаламды тануында желілестік, этномэдени болмысында тектестік бар екенімен түсіндіреді [72.234].

Қазак тілінің сөздік кұрамында монғолдын алдар ”атак, данк, мәртебе, дәреже», баримт ”негіз, дәлел, факт“, хариулт ”жауап кайтару», нохөр ”жолдас“, хурал ”жиын, жиналыс“ сөздерімен төркіндес алдияр, барымта, қарымта, нөкср, қүрылтай т.б. түп тегі таза монгол тіліне барып саятын көптеген сөздер, Тарбағатай ”суырлы“, Доланқара ”жеті кара“, Нарынқол «жіңішке өзен“, Толагай ”төбе“, Байынқол “бай өзен“ тэрізді монғол тілінің лексикасы негізінде жасалған жер-су аттары көптеп кездеседі. Бұлар қазак ру- тайпаларының монғол ру-тайпаларымен болған көршілестік, жаугершілік, саяси, мәдени қарым-катынастарының нэтижесі, XIII ғасырдан кейіңгі кезеңдерде монғол тілінен енген кірме тілдік элементтер.

Қазақ жэне орыс халықтары да атам заманнан іргелес өмір сүрген көрші елдер. Олардың арасындагы өте ертеден келе жаткан сауда-саттык, шаруашылык және мәдени байланыстар XVII гасырдың ортасында Ресей империясының казак даласын бағындырып, 250 жылдан астам уакыт үстемдік етуіне байланысты тіптен нығая түскені белгілі. Қазак лексикологтері қазак тілінің сөздік күрамына орыс тілінен енген кірме сөздерді: 1) 1917ж. Қазан революциясңіна дейінгі; 2) 1917ж. Қазан революциясынан кейінгі деп 2 кезеңге бөліп карастырады [35.142-149].

Революцияға дейінгі кезеңде казақтар арасына орыс сөздері негізінен ауызекі сөйлеу тілі аркылы тарады. Бұл кезеңде орыс тілінен ауысқан мошке, бокебай, күршек, түрба, қамыт, самауыр, шәйнек, сөтке, шірст, сияз, гормошка, шен, ауылнай, жандарал тэрізді көптеген сөздер казак әдеби тілінде казак тілінің дыбыстык заңдылыктарына сәйкес емлеге сай өзгертілген калпында колданылады.

Кеңестік дәуірде орыс тілінің ықпалымен казак тілі өзінің жаңа коғамдык, саяси, гылыми терминологиясын қалыптастырды. Мұнда көптеген термин сөздер орыс тіліндегі түр-тұпатын сақтап, еш өзгеріссіз кабылданса, кейбіреулері казак тіліне сөзбе-сөз аудырылды, ягни қазақтың тол сөздері мен олардан жасалған туынды сөздер орыс терминіне балама ретінде алынды. Мысалы, өткен гасырдың 20 жылдарында казак ауылдарын советтендіру туралы партия саясатына байланысты кооперация, совет құрылысы (советский строй), ауылдық совет (аульный совет), кәсіподақ (профсоюз), орташа (середняк), жеке шаруа (единоличник) т.б., ал 30 жылдардың басында алғашкы бесжылдық жоспарларды кабылдау және жаппай коллективтендіруге катысты конфискелеу (конфискация), колхозшы (колхозник), екпінді (ударник), социалды жарыс (социалистическое соревнование), ауатком (райисполком), бссжылдық (пятилетка) т.б., елдегі саяси өзгерістерге байланысты партия мүшесі (член партии), партбюро, партиялық тазарту (партийная чистка), аудандық партия комитеті (районный партийный комитет), социалистік сана (социалистическое сознание), сауаттандыру (обучение грамоте) т.б. терминдер туындады.

40 жылдары орта мектепке арналган окулықтардың шыга бастауы, ¥лы Отан соғысынан кейінгі жылдары география, математика, биология, химия, физика, грамматика, әдебиеттану т.б. пэндері бойынша оку кұралдарының, ал 70 жылдары техникалык мамандар дайындайтын оку орындарына арналған окулықтар мен оку-эдістемелік құралдарының молаюы қазақ терминологиясын жасау мен бірізге түсіруде айрыкша оң ыкпал етті. Бұл жылдары гылымның сан түрлі саласына қатысты циклон, меридиан, синтаксис, синоним, дифтонг, поэма, проза, жанр, архитектор, дизайн, дирижер, изотерма, изолятор, т.б. көптеген терминдер тілдік колданыска енді.

Қазак тілінде сөз тудырушы жұрнактарды интернационалдык сипаттағы жэне орыс тіліндегі терминдерге жалгау аркылы термин жасау тэсілі кеңінен колданылады. Мысалы: спортшы, комбайыншы, меканикаландыру, аграрлык, экономикалық, газдандыру, электрлендіру, демократизациялау, редакциялау, алгебралық символика, т.б. Ғылыми терминологияны жетілдірудегі колданылатын өнімді тэсілдердің бірі — орыс терминдерін калькалау. Мысалы: Социалистік ецбек ері (Герой социалистического труда),куәлік (свидетельство), келісім (соглашение), шарт (договор), корсеткіш (показатель), өндіргіш күштер (производительные силы), айналым (оборот) т.б.

Қазіргі казак терминологиясын калыптастыруда ұстанатын басты принцип — казак тілінің өзінің ішкі мүмкіндігін сарка пайдалану. Бүл ұстанымның ана тіліміздің дұрыс, жаксы қолданылуына, табиғи заңдылыктарының бұзылмауына, ұлттык колоритінен айырмауына тигізер ыкпалы зор.

Қазак тілін сөздік құрамының кірме кабатын құрайтын сөздер уакыт озган сайын фонетикалык, грамматикалык және семантикалык тұргыдан меңгеріліп тілдік жүйеге біртіндеп кірігеді, сіңіседі. Баска тілден енген сөздердің казақ тілінің дыбыстык заңдылыктарына сай икемделуі олардың фонетикалық жақтан игерілуін көрсететеді. Мысалы: бошке (бочка), самаурын (самовар), кереует (кровать), божы (вожжи) т.б.

Бөтен тілден енген сөздің кабылдаушы тілдің грамматикалық заңцылықтарына бағына түрленуі олардың грамматикалық тұргыдан игерілуін танытады. Мысалы: иран тілінен енген бага, жан, арзан сиякты есім сөздерден казак тілінің жұрнақтары жалғану аркылы бағалау, жандану, арзандау тәрізді етістіктер жасалып, казактың байыргы етістіктері калай түрленсе, бұларда солай түрленеді. Қамыттау, реттеу, соттау, номірлеу, наградтау, электрлендіру сияқты орыс тілінен енген сөздердің казак тіліндегі косымшаларды қабылдауы жэне олардың казактың төл етістіктеріндей түрленуі де бұл сөздердің грамматикалык жактан игерілуін танытады.

Бөтен тілден енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің әу бастагы магынасын сақтайды, кабылдаушы тілде семантикалык тұрғыдан өзгеріске көп түсе коймайды. Әйтседе кірме сөздердің о бастагы магынасын кұбылтып, өзгертетіндері сирек те болса кездеседі. Мысалы, француз тілінде “сөз”деген мағынаны білдіретін рагоіе сөзі орыс тілінде пароль “жасырын шартты белгі”, “жасырын сөз” деген мағынада қолданылады, ал қазақ тіліне пароль сөзі орыс тілі аркылы енгендіктен, оның эу бастағы француз тіліндегі мағынасы емес, орыс тіліндегі мағынасы сақталған.

Қорыта айтқанда сөздік кұрам, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тәсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүмкіншіліктері негізінде, тілде бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер, жаңа сөздер жасау аркылы жетіліп, дамып отырады. Сонымен катар баска тілдерден енген кірме сөздер де сөздік кұрамының толығуына, баюына әсер етеді.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля