Автомобиль көліктерінің қоршаған ортаға, адам организміне тигізетін әсері

5 декабря, 2017 14:19

XXI ғасырдың басынан бері қарай автомобиль санының артуына бай- ланысты қоршаған ортаның ластануы автомобильдің еншісіне 15%, ал ірі қалаларда одан да көп тиетіні анықталған. Атмосфера тек козғалтқыштан шыққан газдан ғана емес, пайдалану материалдарымен де, мысалы: май; бітегіштер; сыр; еріткіш; электролит; тот басуға қарсы ерітінділер т.б. ластанады.

 

Автомобильден жанып шыққан газдың кұрамындағы улы заттар (көмір қышқыл тотығы, азот тотығы, көмірсутегі т.б.) атмосфераға тарап, адам организмін уландырып, кей жағдайларда қатерлі ісік ауруларына шалдықтырады.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету — күрделі жэне каржыны көп талап ететін шара. Оны аймак, кала немесе автопарк деңгейінде шешу үшін кешенді экологиялық максатты жоспар жасалуға тиіс. Ол жоспар автопарктің көздеген мақсатының орындалуын қамтамасыз етуі кажет.

Экологиялық тазалықты сақтаудың бір жолы: автомобильдің техникалық жағдайын жақсарту; экологиялық талаптарға сай жанармай пайдалану; жұмыс істеген майларды, аккумуляторды зиянсыздандыру т.с.с. Экологиялық жағдайды түзеу үшін арнаулы мемлекеттік стандартты орындау қажет.

Автомобиль көліктері қоршаған ортаға екі жолмен әсер етеді: біріншіден, автомобиль көліктерінің қоршаған ортаға тікелей эсер етуі; екіншіден, жанама эсер етуі.

Автомобиль көліктерінің қоршаған ортаға тікелей әсер етуі — ол жанар-жағармайдың жерге ағуы, жұмыс істеген газдың шығуы, ыдыстағы жанармайдың булануы, шаң, шинаның желінуі, жағымсыз дыбыстың шығуы, діріл, адам организміне жарақат түсіру. Мысалы, 15…20 жыл аралығында АҚШ және басқа да өркендеген елдерде экологиялық таза жа- нармай қолдану жоспарлануда, ол — сутегіні қолдану.

Автокөліктердің адамға жанама эсер етуі — ол энергетикалык корды пайдалану; материалдық корды пайдалану; жер қорын пайдалану; адам қорын пайдалану.

Өркендеген елдерде автокөліктердің энергетикалық корды пайдалану бөлігі 12…17% құрайды. АҚШ-та материалдық корды пайдалану: болат — 20%, алюминий — 12%, қорғасын — 50%, цинк — 35% т.с.

Жер қорын пайдалану, жер қойнауындағы қазба байлықтарды пайда- лану үшін жердің беткі қабатын қопару, жер бетіндегі ағаштарды кырку қоршаған ортаға зиянын тигізеді.

 

Қазіргі кезде дүние жүзінің барлық елдерінде стандарт бойынша қозғалтқыш қалыпты жағдайда жүмыс істегенде зиянды заттардың бөлінуі: Еуро-2, Еуро-3, Еуро-4 кейінгі кезде Еуро-5 стандартында көрсетілген мөлшерден аспауға тиіс, ал шу шығаруы № 51-Ереженің талабына сай болуы қажет, бұл талап автомобиль өндіруші зауыттарға да қойылады. Әр стандартта қозғалтқыштан шығатын зиянды заттардың мөлшері көрсетілген. Кейінгі қабылданған стандартта қозғалтқыштан шыққан зиянды заттардың мөлшері адам денсаулығына зиян келтірмейтіндей деңгейге кеміген.

№ 51-Ереженің талаптарына сэйкес автомобильдің сырт жағынан шығатын шудың мөлшері 80…88 дБ, ал ішкі жағындағы шу 78…82 дБ аспауға тиіс. Дыбыстың деңгейі автомобильдің шығу жылына жэне оның қуатына байланысты.

Санитарлық талаптарға сәйкес автомобильдерді жууға жұмсалатын судың тазалығы белгіленген нормадан аспауы керек.

Қозғалтқыштан жұмыс істеп шыққан газдың адам организміне жэне өсімдіктерге тигізетін зияны мол, СО газы оттегіден 240 есе тез қабылданады екен, сондықтан да оттегінің жетіспеушілігі пайда болады, ол организмнің улануына апарады.

Адам организміне зиянды әсер ету дәрежесі бойынша зиянды заттар төрт топқа бөлінеді:

1   — кездейсоқ қауіпті — 0,1 мг/м3;

2    — жоғары қауіпті — (0,1…1,0 мг/м3);

3    — бірқалыпты (1,1.„10 мг/м3);

4    — қауіптілігі аз (10 мг/м3 артық).

Бұл зиянды заттардың пайда болуы қозғалтқыштың техникалық жағдайына жэне жұмыс тэртібіне байланысты. Егер карбюратордың реттелуі бұзылса немесе шырақтың біреуі жұмыс істемесе, шығаратын газ құрамының нашарлауы артады.

Автопаркте қоршаған ортаны қорғау жэне оны атқару жұмыстары экологиялық заң аясында жүргізіліп, оның орындалуына басқарушы не- месе кэсіпорын иесі жауап береді.

Автопарктің негізгі кұжаттары:

Мемлекеттік табиғат қорғау комитетінің бекіткен жэне тіркелген экологиялық паспорты (атмосфераға жэне суға жіберуге рұқсат етілетін зиянды заттардың шекті мөлшерінің есебі):

—        табиғи суды пайдалануға жэне оны жіберуге рұқсат беретін кұжат;

—        мемлекеттік органның қоршаған ортаны сақтауға берген құжаты;

—        автомобильдің шығарған газының зияндылық нормасы бойынша

мемлекеттік стандарт.

 

Экологиялык паспорт автопарктің табиғатты қорғаудағы негізгі кұжаты болып табылады және ол мемлекеттік стандартқа сай рәсімделеді.

Автопаркте жөндейтін жэне техникалық қызмет көрсететін қажетті құралдар және аспаптармен жабдықталған өндірістік бөлмелер болуы керек. Одан басқа, автомобильден шығатын газдардың зияндылығын өлшейтін 50 автомобильге бір аспап жэне дизельді қозғалтқыштан шығатын түтін өлшегіш 50 автомобильге бір аспап болуға тиіс.

Жұмысқа жіберілетін автомобильдер ақаусыз, қозғалтқыштан шығатын зиянды заттардың мөлшері стандартқа сай болуға тиіс.

Автопарк тұрғын аймақтан бөлек орналасуы керек. Пештен түтін шығаратын құбыр, өндірістегі желдеткіштердің құбырлары, пісіретін, аккумулятор цехтарынан шығатын зиянды заттарды шығаратын құбырлардың барлығына арнаулы сүзгі орнатылып, одан өтетін ауа зиян- сыздануы қажет.

Пайдаланылған судағы зиянды заттар шекті нормадан аспауы керек. Жанармай қалдықтары суға қосылмауға тиіс.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля