Генератор орамдарын тексеру

5 декабря, 2017 15:57

Генераторда статор орамы мен қоздыру орамы бар. Қоздыру орамы ге- нератор роторында орнатылған. Орамдардың негізгі ақаулары: «массаға» тұйықталу, орамның үзілуі мен орамаралық тұйықталу болып келеді.

 

 

Орамдардың оқшаулағышы бұзылғанда, ол «массаға» тұйықталуы мүмкін. Тұйықталуды аккумулятор батареясынан немесе 220…500 В кернеу желісіне қосылған бақылау шамымен немесе омметр көмегімен тексереді. Орам оқшаулағышы бүлінген болса, тексеру кезінде шам жа- нады.

Статор орамы мен крздыру орамының «массага»
тұйьщталуын аньщтау тәсілі
Қоздыру орамы мен статор орамының үзілгенін олардың түйіспелі сақинасына немесе фазалық ұштарына аккумулятор батареясына жалғанған бақылау шамының ұшын тигізумен немесе омметр көмегімен анықтайды. Егер орам үзілген болса, онда бақылау шамы жанбайды не- месе омметр тілшігі шалқаймайды.
Статор орамы мен қоздыру орамының үзілуін тексеру тәсілі
Ротор орамының орамаралық тұйыкталуын қоздыру орамы кедергісі техникалық жағдай талаптарына сай болуына тексереді.
 Қоздыру орамын         Статор орамының

орамаралыц түйықталуга тексеру орамаралық түйықталуын тексеру тәсілі

Статор орамын орамаралық тұйыкталуға омметр көмегімен тексереді жэне шьіқпалары арасындағы кедергі шамасының көрсеткішін салысты- рады. Орамаралық тұйықталу жоқ болғанда, шықпалары арасындағы кедергі тең болады.

Түзеткіш жиынтығының диодтарын 24 В-тан жоғары емес түрақты ток кернеуімен анықтайды. Токты бақылау шамы арқылы диод шықпасына жалғайды. Ақаусыз диод токты тек бір бағытта ғана өткізуі керек. Кернеуді тік бағытта жалғағанда (ток көзінің плюсін диод плюсіне жалғағанда) бақылау шамы жануы керек. Ал керісінше жалғағанда, бақылау шамы жанбауы керек. Егер екі бағытта да жалғағанда бақылау шамы жанатын

болса, онда диод іші қысқа тұйықталған. Ал егер екеуінде де шам жанба- са. онда диод іші үзілген.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля