Азаматтық іс жүргізудің тараптары .

12 января, 2020 0:39

МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………….. 4

1  АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕГІ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ  ТАРАПТАРДЫҢ ОРНЫ…………………………….. 7

      1.1 Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі және белгілері……7

      1.2 Азаматтық процестегі құқық қабілеттілік және әрекет

қабілеттілік………………………………………………………………………. 11

      1.3 Азаматтық процестегі тараптардың құқықтары мен

  міңдеттері………………………………………………………………………….. 15

  2  ІСКЕ ТЕҢ ҚАТЫСУ……………………………………………………………. 26

      2.1  Іске тең қатысу түсінігі, түрлері………………………………………… 26

      2.2 Тиісті емес жауапкерді ауыстыру………………………………………. 31

      3  АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚ   

           МИРАСҚОРЛЫҚ………………………………………………………………..38

 

     ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………… 47

 

     ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………. 49

КІРІСПЕ

 

 

Туған еліміз Қазақстанның тәуелсіздік алып, әлемде тәуелсіздіктің дәлелі ретінде алтын бедері бар көк байрақтың желпілдегеніне де міне 15 жыл толайын деп қалды.

Осы уақыт ішінде мемлекетіміздің өсіп, дамуына аз шаралар жасалған жоқ. Заң мәселесі де бұдан шет қалмақ емес. Жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды. Бұл жерде ерекше атап өтетін жағдай — 1995 жылы 30-тамызда еліміздің Ата заңымыз конституцияның қабылдануы.

Осы конституция негіз болып, еліміздің заң ғылымдары мен заңдамасында көптеген ірі-ірі бастамашылық идеялар жүзеге асырылды. Азаматтық істер жүргізу қүқығы да осы тізімнен белді орын алғандай. 1999 жылы 13-шілде күні Қазақстан Респуликасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексі қабылданды. Бұл кодексте азаматтық істер жүргізу мәселесіне қатысты барлық жағдайлар көрініс таптық десек, артық айтпағанымыз болар.

Бұл бітіру жұмысында қарастырылып отырған мәселе — тараптар. Азаматтық процессте іске қатысушы түлғалардың ішінде тараптардың ерекше орынға ие екені даусыз жайт. Тараптарсыз талап өндірісінің болуы, жүзеге асырылуы мүмкін емес.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, мемлекетімізде экономикамыз жетіле түскендей. Оған бір демеу, себеп ретінде шетел инвестицияларының ел экономикасына құйылуын атауға болар. Ал экономикада мұндай ірі-ірі құбылыстар болып жатқанда, оларға қатысты даулардың туындамауы мүмкін емес. Ал азаматтық іс жүргізу өндірісінде барлық қаржылық, шаруашылық т.б. істер қаралады.

Сотта істерді қарау дегеніміз адам азамат құқықтарының, мемлекет, қоғам мүдделерінің қорғалуы.

Қазақстан Респуликасы Конституциясының 13-бабына сәйкес, әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің қққықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.

Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Міне, осы құқықтар талап өндірісіндегі тараптардың мәртебесін анықтайтыны сөзсіз.

Бітіру жұмысының тақырыбын тараптармен байланыстыра отырып алудағы мақсатта — тараптарға қатысты мәселені жан-жақта талқылау болса керек. Себебі, азаматтық іс жүргізудегі тараптар — бір қарағанда қарапайым тұлғалар болып көрінуі мүмкін. Ал шын мәнінде тараптарға қатысты зерттелмеген мәселелер қаншама? Тараптапдың іске тең қатысуы, құқық мирасқорлығы, тиісті емес жауапкерді ауыстырудың өзі неге

тұрады ?

Әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциядық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінүге құқылы.

Міне, осы Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 8-бабында көзделген ережені негізге ала отырып кез-келген тұлға сотқа шағымдана алады.

Қазіргі  заманда    заң    түсіндіруіндегі    әр     алуандылыққа байланысты көп жағдайда тараптар жөнінде әртүрлі пікірлер пайда болады. Сондықтан да, азаматтық іс жүргізудегі тарап дегеніміз кім, соның мәнің ашып, талқылау да дұрысырақ болар.

Тараптар мәселесін қозғамастан бұрын азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъекттілеріне тоқталған дұрысырақ болар. Солай, көптеген ғалымдардың пікірінше азаматтық іс жүргізу қатынастарының субъектілері үш негізгі топқа бөлінеді. Олар:

  1. Соттар.
  2. Іске қатысушы тұлғалар.
  3. Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал етуші түлғалар.

Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 44-бабында, іске қатысушы тұлғалардың құрамы берілген. Олардың ішінде ең негізгілері болып тараптар табылады.

Тараптарды азаматтық іс жүргізудегі негізгі субъекттілер ретінде көрсететін дәлелдер көп-ақ. Олардың барлығын осы бітіру жұмысының әрбір бөлімінен айқын көруге болады.

Жалпы, осы бітіру жұмысын жазған кездегі бастамашылық идея — тараптарды азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары ретінде көрсету. «Негізгі» деген сөздің өз дәлелі бар. Ол «бірінші, басыңқы» деген түсінікті береді. Тараптардың өздеріне тән белгілері бір жеке бөлімде қарастырылып өткен. Міне, осы белгілері арқылы тараптар ерекшеленіп, азаматтық іс жүргізуде оқшау орынды иеленеді.

Тараптар ауысса процестегі даудың пәні де, негізі де, нысанасы да ауысады.

Сондықтан, азаматтық іс жүргізудегі тараптарды процестің қазығы деп қарастыруға әбден болады.

1 АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ КАТЫСУШЫЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ТАРАПТАРДЫҢ ОРНЫ

 

1.1  Азаматтық процесстегі тараптардың түсінігі және белгілері

Азаматтық іс жүргізудегі тараптар — олардың атынан процесс жүзеге асырылатын және олардың материалдық — құқықтық дауын реттеу сотқа жүктелген тұлғалар.

Азаматтық іс жүргізу заңдамасы іске қатысушы тұлғалардың құрамын нақты атап көрсетеді. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 44-бабына сәйкес, тараптар; дау нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін 3-тұлғалар; прокурор; мемлекеттік органдар; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; ұйымдар немесе Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 56 және 57 баптарында көзделген негіздер бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істер бойынша мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар іске қатысушы тұлғалар болып табылады.

Процессте қатысушылар болып табылатын жоғарыдағы тұлғалардың арасында тараптардың орны ерекше. Себебі, тараптарсыз талап өндірісінің қозғалуы мүмкін емес. Ал талап өндірісі тәртібінде азаматтық істердің басым көпшілігі қаралатыны даусыз жайт.

Кез-келген азаматтық-құқықтіық дауда кем дегенде екі тарап болады, олар даудың пәніне қатысты қарама-қайшы бағытқа ие болады[1,73]

Тараптардың бірі болып талапкер табылады, ол — сотқа өзінің субъективтік құқығы немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін жалданған тұлға. Бүл жерде басты көңіл бөлетін жайт -талапкердің субъективтік құқығы немесе заңды мүддесінің бұзылғандығы іс жүзінде болуы да, болмауы да мүмкін, ол тек талапкердің көзқарасы бойынша ғана бұзылған деп саналады. Талапкердің сотқа жолдануына негіз болып, оның көзқарасы бойынша, оның құқықтарын басқа біреудің бұзуы немесе оның құқықтары мен заңды мүдделерін біреудің заңсыз даулауы болып табылады[2,72]

Екінші жақ болып жауапкер табылады, ол болжамды түрде сотқа жолданған тұлғаның құқықтары мен заңды мүддесін бұзған тұлға ретінде көрсетіледі.

Талапкер де, жауапкер де даулы материалдық—құқықтық қатынастың субъектілері болып табылады. Бірақ, жауапкерде даулы құқықтың бар-жоқтығы және ол құқықтың жауапкермен бұзылғандығы жөніндегі қорытынды жауапты тек сот қана бере алады. Талап — арыз берілген, азаматтық іс қозғалған кезде талапкердің заңмен қозғалатын мүдденің немесе даулы құқықтың субъектісі екендігі және жауапкердің даулы міндеттеменің субъектісі екендігі — тек мүмкін нәрсе ғана, болжам.

Яғни,   талапкер   де,    жауапкер   де    —   даулы    материалдық-құқықтың қатынастың мүмкін субъектілері болып табылады.

ТАЛАПКЕР — бұл даулы құқық немесе заңды мүдденің иесі және  өз  құқығын  жауапкер  негізсіз  бұзды  немесе  даулады  деп есептеп сотқа қорғану үшін жүгінетін мүмкін тұлға.

ЖАУАПКЕР- талап қоюшының арызы бойынша оның құқықтары мен міндеттерін бұзушы немесе негізсіз оның құқығын даулайтын және соның салдарынан талап қоюшыға жауапқа тартылған және оған қарсы азаматтық іс қозғалған тұлға.

Азаматтық іс жүргізудің теориясындағы тараптардың даулы материалдық-қүқықтық қатынастың мүмкін субъектісі жөніндегі көзқарасты Н.А.Чечина, Д.М.Чечот, М.Н.Треушников сияқты, процессуалист — ғалымдар жақтайды. Бірақ, осы жайтқа байланысты басқа да көзқарас бар, Оны жекелеп атағанда А.А,Мельников жақтайды. Оның айтуынша, басында тараптарды даулы құқықтық қатынастың субъектісі деп санауға болмайды. А.А.Мельников бойынша, тараптар құқық туралы даудың субъектісі. Яғни, ол мына жайтқа сүйенеді-азаматтық істе тараптар болып әрқашанда құқықтық қатынастағы тұлғалардың бола бермеуі.

Ал шын мәнінде шындыққа сәйкесірек болып, бірінші көзқарас табылады. Себебі, құқық туралы дау болатын болса, «дауласушы» субъектілердің арасында қатынастар болады. Бұл қатынастар апелляция, заңға сүйену, құқыққа негізделу жолдарымен реттелуі мүмкін, яғни, қатынастар осылай құқықтық қатынасқа айналады[3,55]

Жоғарыда айтылғандай, талап өндірісінің әрқашанда екі тарабы болады. Талапкер «қорғауды талап ету» түсінігінен шыққан.

Жауапкер үшін де, талапкерге де тең болып сот шешуге бағытталған құқық туралы дау табылады[4,124]

Тараптардың негізгі ерекше белгісі болып олардың істің ақырына мүдделілігі. Бұл мүдделілік міндетті түрде құқықтық сипатқа ие болуы керек. Тараптардың ерекшелігі — олардың іске мүдделілігі материалдардық — құқықтық, әрі процессуалдың құқықтық сипатқа ие.

Тараптар процерске өз құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін қатысады. Процесс, тәртіп бойынша, өз құқығы бұзылды деп есептеп сотқа жүгінген тұлғаның арызы негізінде басталады. Сондықтан, осы бұзылған немесе дауланған құқықты қорғау қажеттілігінен сол тұлғаның мүдделілігі пайда болады. Бұл жерде атап өтетін бір мәселе — бұзылған немесе дауланған құқық туралы талап-арызды құқық туралы даудың субъектісі болып табылатын субъект қана бермейді. Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 8-бабына сәйкес, сот істі тек мүдделі тұлғаның арызы бойынша ғана емес, прокурор, мемлекеттік билік органдарының талап-арыздары бойынша да қозғай алады, егер олар сотқа басқа тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде жүгінсе.

Алайда, кімнің талап-арызды беріп, істі қозғанына қарамастан, талапкердің мәртебесін тек даулы құқықтың мүмкін субъектісі болып табылатын тұлға ғана иеленеді.

Заңға сәйкес, оның мүддесіне қатысты прокурор немесе басқа тұлғалардың арызы бойынша іс қозғалған тұлға процесстің басталғандығы туралы хабарландырылады және іске талапкер ретінде қатысады.

Даулы   материалдардық-құқықтық   қатынас   —   нақты   іс бойынша процесс объектісі, ал тараптар оның субъектілері болып табылады[5,127]

Ал   осы   құқықтық   қатынастың   шын   мәнінде   бұзылған   -бұзылмағандығы және оның дәрежесі және ол үшін жауапкер жауап беруі   тиіс   пе,   бұл   жағдайлар   тек   соттың   істі   мәні   бойынша қарауының нәтижесінде ғана, сот өзі шешеді. Іс қозғалған сәтте тараптардың мынандай елеулі белгілері болады:

  1. Іс тараптардың атынан жүргізеді, олар азаматтық істің негізгі
    субъектілері. Бұл   ереженің   практикалық   мәні   зор,   себебі
    Қазақстан     Республикасының     Азаматтық     Істер     Жүргізу
    Кодексінің   153- бабының 1-тармағына сәйкес дәл сол тараптар
    арасында, сол пән және сол негіз бойынша шешілген талапты
    алудан және қараудан бас тартылады.
  2. Тараптар арасындағы қатынас талап-арызды беру нәтежесінде
    ресми даулы сипатқа ие болады. Ал соттың мақсаты — мұндай
    қатынастарды реттеу.
  3. Тараптар —    даулы    материалдық-құқықтық    қатынастың
    субъектілері,  сондықтан олар  істің  ақырына  материалдық  —
    құқықтық     мүддеге     ие     болады.     Сот     шешімі     олардың
    материалдық құқығына  әсерін тигізеді,  сондықтан  олар сол
    шешімнің   нәтижесінде   белгіл бір   материалдық   игіліктерді
    иеленеді немесе олардын айырылады.
  4. Сотпен процессуалдық—құқықтық   қатынасқа   түсе   отырып,
    тараптар   іске   процессуалдық  түрде  де   мүдделі  болады.   Ол
    дегеніміз өз құқықтарын   қорғау мүмкіндігін иелену, өздеріне
    қатысты ыңғайлы, тиімді шешім шығаруға бар күшін, ынтасын
    салу.
  5. Процестің- басты қатысушылары бола тұрып, тараптар сот шығындарын өтейді.

Жалпылай қосып алғанда жоғарыдағы белгілер тек тараптарға тән және нақты осы белгілердің жиынтығының болуы тараптарды іске қатысушы басқа да тұлғалардан ажырату мүмкіндігін береді.

Бұл жерде ескеріп өтетін бір мәселе — тараптар түсінігі тек талап өндірісіне тән. Ал ерекше талап өндірісі мен ерекше өндірісте өтініш беруші, арыз беруші және мүдделі тұлғалар болады. Міне, осы тұлғалар, заңға сәйкес, кейбір шектеулерімен тараптардың құқықтарын иеленеді.

 

1.2  Азаматтық іс жүргізушілік құқық кабілеттілік және азаматтық іс жүргізушілік әрекет қабілеттілік

Азаматтық Істер Жүргізу құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттіліктің түсінігін Азаматтық істер жүргізу , әкімшілік, конституциялық, отбасылық, азаматтық құқықтардың материалдық құқықпен тығыз диалектикаяық өзара байланыстылығын есепке алу арқылы ғана анықтауға болады. Азаматтық істер жүргізу құқығының субъектілері материалдық — құқықтық қатынастың қатысушылары ретінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін қорғау қажеттілігінен Азаматтық істер жүргізу құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілікке иеленеді. Себебі, кей жағдайларда мынадай қиын жағдайлар болады, материалдық құқықтың субъектісі азаматтық процеске қатыса алмайды.

Азаматтық процесске барлық іске қатысушылардың қатысуына жалпы негіз болып, азаматтық Іс жүргізушілік құқық қабилеттіліктің, яғни, Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер жүргізу Кодексінің 45-бабына сәйкес, Азаматтық істер жүргізу құқықтар мен міндеттерді иелену қабілеттілігінің болуы табылады. Азаматтық істер жүргізу құқығының субъектілері Азаматтық істер жүргізу құқық қабілеттілігін әртүрлі және ұқсас емес жағдайларда иеленеді.

Азаматтық істер жүргізушілік    құқық қабілеттілік Қазақстан Республикасының барлық азаматтарында олардың өмірге келу, туу фактісі     бойынша     пайда     болады,     ал     коммерциялық     және коммерциялық    емес    ұйымдар    үшін    оларда    заңды    тұлғаның құқықтарының пайда болуы фактісі негізінде пайда болады.

Қазақстан    Республикасының    Азаматтық    Істер    Жүргізу Кодексінің    413, 414-баптарының негізінде айтып өтетін бір жайт, Қазақстан Республикасының азаматтарымен қатар Азаматтық істер жүргізушілік құқық қабілетілікті шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар да иелене алады.

Азаматтар олардың жасына, жынысына, нәсіліне, психикалық жағдайы мен басқа да ерекшелік белгілеріне қарамастан, құқық қабілеттілігін иеленеді.

Сондықтан, іс жүзінде іс жүргізушілік құқық қабілеттіліктің балуы тек коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар үшін мәні бар. Оны анықтау үшін ұйымның жарғысын немесе ережесін және оның заңмен көрсетілген тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өту фактісін тексеру қажет. Соған сәйкес, мысалы, іске тарап ретінде жай серіктестіктің қатысушылары қатыса алмайды. Себебі, жай серіктестік заңды тұлға болып табылмайды. Жай серіктестіктің қатысушылары өз қызметтеріне байланысты дауларға тең талапкер және тең жауапкер ретінде қатысады. Дербес түрінде азаматтық процесіке филиалдар мен өкілдіктер де қатыса алмайды, олар іске өздерінің ережесін бекіткен органның көрсеткен өкілеттіктері шегінде ғана қатысады.

Кейбір ғылыми әдебиеттердегі, мемлекеттік билік органдарының басқа түлғалардың мүдделерін қорғау үшін азаматтық процеске қатысуына негіз болып тікелей олардың құзыреттілігі табылады деген пікір күмәнді[6,79]

Азаматтардың туылу фактісі, ұйымдарда заңды тұлғаның құқықтарының болуы бұл көрсетілген тұлғаларда құқық қабілеттіліктің пайда болуына бірден-бір негіз болып табылады.

Азаматтық     істер     жүргізу     құқығының     субъектілерінің құқықтық мәртебесі азаматтық іс жүргізу  әрекет қабілеттілігінің болуымен сипатталады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 46 бабына сәйкес Азаматтық Істер Жүргізу әрекет қабілеттіліктілігі дегеніміз — сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттіліктілігі. Бұл әрекет қабілеттілік 18-жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық көлемде болады.

Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда азматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі оларда заңды тұлғаның құқықтары пайда болған сәттен бастап қалыптасса, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқаратын органдар үшін олар құрылған сәттен пайда болады. Бұл жерден айқын көрінетін бір мәселе, ұйымдар мен органдар үшін азаматтық іс жүргізушілік құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі бір сәтте пайда болады, сондықтан олардың іске қатысуының негізі ретінде азаматтық іс жүргізушілік құқық субъектілікті атауға болады.

Жоғарыда жазылғандар әрекет қабілеттілік және құқық қабілеттілік категорияларының материалдық және процессуалдық құқықтағы тығыз байланыстылығын дәлелдейді.

Іс жүргізу құқық иелену де, іс жүргізу әрекет қабілеттілігін анықтау да мүдделі тұлғалардың сотта қорғануына мүмкіндік беру үшін жұмсақ болуы қажет.

Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі және азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі іске қатысушы тұлғалардың процессуалдық әрекетерінің нәтижесінде жүзеге асырылады. Азаматтар өздерінің іс жүргізу құқық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүзеге асырады.

Ұйымдар, мемлекеттік ұйымдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары іс жүргізу құқық қабілеттілігін және әрекет қабілеттілігін алқалық немесе жеке органдары және өз өкілдері арқылы жүзеге асыра алады. Іс жүзінде азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігін анықтаудың мәні азаматтардың әрекет қабілеттілігімен тығыз байланысты.

Іс жүргізу  әрекет  қабілеттілігінің  пайда  болуының  бірнеше дәрежесі мен кезеңі бар:

  • Толық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни, 18 жасқа толғанда пайда болады. Бұл жасқа жеткенге дейін іс
    жүргізу әрекет қабілеттілігі кәмелетке толмаған адам некеге
    отырған кезде   жергілікті   әкімшіліктің   рұқсатымен   пайда
    болады.
  • Жартылай азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 46-бабының 2, 3-тармақтарына сәйкес, 14-18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттта олардың ата-аналары немесе өзге де заңды өкілдері қорғайды, алайда сот мұндай істерге кәмелетке толмағандардың немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың өздерін тартуға міндетті.

14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың заңды өкілдер қорғайды.

14-18 жастың арасындағы кәмелетке толмағандар жартылай әрекет қабілеттілігі бар деп саналатындықтан, олар өздері жүзеге асыра алатын азаматтық құқықтарына қатысты сотқа өздері жолдана алады. Мысалы, өздерін жалақысына қатысты, стипендияға қатысты, авторлық құқықты жүзеге асыруына байланысты және тағы басқа мәселелер.

Міне, осы азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік азаматтық процесстегі тараптың құқық субъектілігін құрайды, ал онсыз кімнің де болмасын процеске қатыса алмайтыны белгілі.

 

 

1.3 Азаматтық процесстегі тараптардың құқықтары  мен міндеттері

Азаматтық сот ісін жүргізудегі тараптардың процессуалдық жағдайы әрқашанда тең болады. Бұл жай ғана ереже емес, азаматтық іс жүргізудегі бастамашылық қағидалардың бірі.

Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 13-бабына сәйкес, азаматтық істер бойынша сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік негізінде жүздеге асырылады.

Азаматтық сот ісін жүргізу барысында азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың ешқайсысы шыққан тегі, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайы, жынысы, нәсілі, ұлты, тілі, дінге көзқарасы, сенімдері, тұрғылықты жері жөніндегі себептермен немесе өзге де кез-келген мән-жайлар бойынша кемсітілмеуге тиіс.

Тараптардың да құқықтары мен міндеттеріне тоқтамастан бұрын, тараптардың тең құқықтылығы азаматтық іс жүргізудің бастамашылық ережелерінің бірі екенін айтып өткен жөн болар.

Азаматтық істер жүргізуде тең құқылықты екі мағынада түсінуге болады:

  1. Сотқа талапкер    немесе   жауапкер    ретінде    қатысушы
    тұлғалар бірдей құқықтарға иеленуі тиіс, олардың қандай
    да болмасын жағдайына қарамастан, жеңілдіктерге немесе
    кемсітуге жол берілмейді.
  2. Талапкердің де, жауапкердің    де мүдделері теңестірілуі
    тиіс.

Сонымен, тараптар бірдей іс жіргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді.

Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын таңдап алады, оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан, басқа органдар мен адамдардан тәуелсіз түрде таңдап алады.    Сот    істің    нақты    мән-жайын    анықтау    мақсатында   өз бастамасымен   айғақтар   жинаудан   босатылған,   алайда   тараптың дәлелді    өтініші    бойынша    оған    қажетті    материалдарды    алуға жәрдемдеседі.

Істі қараушы сот объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерттеуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сот іс жүргізу шешімін тараптардың әрқайсына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.1

Сот тараптарға бірдей және құрметпең қарайды. Жалпы айтқанда, тараптардың барлығының процессуалдық құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында көзделген сотта қорғану құқығынан пайда болады.

Тараптардың құқықтарын шартты түрде жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы құқықтарды іске қатысушы басқа түлғалар да иеленеді, ал арнайы құқықтар тек тараптарға ғана тән.

Жалпы құқықтар Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу  Кодексінің 47- бабында атап көрсетілген :

  • Іске қатысушы   тұлғалардың   іс   материалдарымен   танысуға, олардан үзінділер жазып алуға және көшірмелер түсіруге және оларды зерттеуге қатысуға;
  • Іске қатысушы басқа адамдарға, куәларға, сарапшыларға және мамандарға қосымша   дәлелдеме   талап   ету   туралы   өтініш жасауға, сотқа ауызша мен жазбаша түсініктемелер беруге;
  • Сот процессі    барысында    туындайтын    барлық    мәселелер бойынша бойынша өз дәлелдерін келтіруге;
  • Іске қатысушы басқа тұлғалардың өтінімдері мен дәлелдеріне қарсылық білдіруге;
  • Соттың шешімімен танысуға және оған жазбаша ескертпелер беруге;
  • Соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға;
  • Азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңдарда берілген басқа да іс жүргізу құқықтарын пайдалануға құқығы бар.

Олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Тарптардың арнайы құқықтары    Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу  Кодексінің   49- бабында көзделген. Олар:

  • Талапкердің талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгертуі;
  • Жауапкердің талап қоюды тануы;
  • Тараптардың өзара  бітімгершілік   келісім   келуі,   яғни,   талап қоюшы талаптың негіздемесін немесе нысанасын өзгертуге, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту    немесе азайтуға, талаптан бас тартуға құқылы. Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол  беріледі.  Жауапкер талап қоюды тануға құқылы, бұл жөнінде одан қолхат алынады. Тараптар істі бітімгершілік келісіммен аяқтай алады, оған тараптар қол қояды және сотпен бекітіледі.

Соттың өз бастамасы бойынша талап қою нысанасын немесе негіздемесін өзгертуге құқығы жоқ. Егер бұл іс-әрекет заңға қайшы келсе немесе басқа біреулердің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын болса, сот талап қоюшының талап қоюдан бас тартуын, жауапкердің талап қоюды тануын қабылдамайды және тараптардың бітімгершілік келісімін бекітпейді[7,89]

Міне,   жоғарыда   аталған   құқықтарды   пайдалана   отырып, тараптар    азаматтық    сот    ісін    жүргізудегі    өз    процессуалдық жағдайының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді.

Ал осы құқықтардың мәнін ашпастан бұрын оларды топтастырған дұрысырақ болар.

Тараптардың субъективтік процессуалдық құқықтары біртектес емес. Бұл жағдай оларды мазмүнына сәйкес бөліп талдауды қажет етеді.

Мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес, құқықтарды мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Іс бойынша   процессті   қозғаумен,   және   оның   әрі   қарай қозғалуымен    байланысты    құқықтар,     яғни,     азаматтық процесстегі диспозитивтік қағиданы білідіретін құқықтар.
  2. Істі сотта   қарауға   қатысумен,   сот   шешімін   орындаумен байланысты   құқықтар,   яғни,   жарыспалылық   қағидасын білдіретін құқықтар.
  3. Сотқа қажетті техникалық әрекеттерді істеу туралы нұсқау мүмкіндігімен байланысты құқықтар.

Бірінші топқа жататын кейбір құқықтарды қарастыратын болсақ, а) Істі қозғауға құқық.

Бұл құқық тараптардың процессуалдық құқықтарының ішіндегі мейлінше мәні бар құқықтарының бірі. Бұл құқықты бірдей екі тарап та иеленеді, себебі, жалпы ереже бойынша сотқа талаптарды талапкер берсе, жауапкер Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу   Кодексінің   156-бабына сәйкес, бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін алғашқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы.

Қарсы талап жауапкердің қорғануының бір әдісі болып табылады.

Алайда, талапкедің талап қоюының жалпы ережелері қарсы талапқа да тән болуымен қатар,  қарсы талап қоюдың өзінің де шарттары бар. Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің        157-бабына    сәйкес,    судья   қарсы    талап    қоюды қабылдайды, егер:

  • Қарсы талап алғашқы талапты еске алуға бағытталса.
  • Қарсы талап қоюды қанағаттандыру алғашқы талап қоюдың толық немесе қанағаттандыру бөлігінде болдырмаса;
  • Қарсы және   алғашқы   талап  қоюлардың   арасында   өзара байланыс   болса   және   оларды   бірлесіп   қарау   дауларды неғұрлым жылдам және дұрыс қарауға әкелсе;

Талап қою құқығы иелену үшін заңдар мен сот тәжірибесіне сәйкес мынадай алғышарттар болу керек:

  • Талапкер мен жауапкердің азаматтық іс жүргізу құқық
    қабілетілігі ( АІЖК 45-6),
  • Даудың сотқа ведомстволығы ( АІЖК 43-6)
  • Заңды күшіне енген шешімнің болмауы.
  • Дауды шешудің сотқа дейінгі төртібін сақтау.
  • Іске заңи мүдделік.

б) Істі жалғастыруға бас тартуға және талаптан бас тартуға құқық.

Талап қойған тұлға  істің  кез-келген  кезеңінде  одан  бас  тартуға құқылы.

Талакердің істі жалғастыруға бас тартуынан талаптан бас тартуын ажыратып қарастыру қажет.

Істі жалғастырудан бас тарту — іске занды мүдделілігін жоғалуы, ал талаптан бас тарту — жауапкерге қатысты материалдық — құқықтық талаптарынан бас тарту.

Сот тәжірибесінде қалыптасып қалған бір жағдай: Талапкердің талап қою фактісінің өзі жауапкердің өз міндеттерін орындауына итермелейді. Мұндай кезде талапкердің істі әрі қарай жалғастыруға мүдделілігі жоғалады, себебі оны жауапкер қанағаттандыруға қарсылық білдірмейді.

Жауапкер талапкердің талап-арзын сот талқысына дейін қанағаттандырған жағдайларында іс ұйғарым шығару жолымен тоқтатылады. Бұл жағдайда талапкер сол жауапкер, сол пән және сол негіз бойынша талап қою құқығынан айырылады.

Жоғарыда көрсетілгендей, талапкер істі жалғастырудан бас тартумен қатар, жауапкерге қатысты материалдық-құқықтық талабынан да бас тартуы мүмкін.

Бұл жағдайда, талапкер өзінің іске заңды мүддесі болғанына қарамастан, өз талабынан бас тартады, яғни, өзінің материалдық құқығын пайдалануды өзі шешеді. Талапкердің талаптан бас тартуы басқарушылық акт болып табылады және бұл азаматтық іс жүргізудегі диспозитивтік қағидасымен тығыз байланысты. Сондықтан, талаптан бас тарту, егер сот оны қабылдап, ұйғарыммен бекіткен жағдайда ғана іс тоқтатылады.

Әрбір талаптан бас тарту жағдайындағы соттың міндеттері:

  1. Талаптың бас   тартудың   талапкердің   шын   мәніндегі еркімен сәйкестігін тексеру;
  2. Талапкердің талаптан бас тартуы мемлекет мүддесіне, талапкердің өзінің мүддесіне және басқа тұлғалардың мүддесіне қайшы емес пе екендігін тексеру;
  3. Егер талаптан     өкіл     бас     тартып     тұрса,     оның өкілеттіктерін тексеру;
  4. Талапкерге осы талаптан бас тартуы келесі рет сотқа осындай талаппен   жолдану   құқығынан   айыратынын түсіндіру.

в) Талап қоюды тану құқығы.

Заң   талапкерге   талаптан   бас   тарту   құқығын    берумен   қатар, жауапкерге талап қоюды тану құқығын бере алады. Талап қоюды тану құқығы    да     азаматтық    іс    жүргізудегі диспозитивтік қағидасынан бастау алады.

Жауапкердің талап қоюды тануы, оның өз процессуалдық және материалдық құқықтарының тағдырын шешумен байланысты.

Іс жүргізушілік көзқарастарына сәйкес, жауапкердің талап қоюды тануы сотқа сот зерттеулерінің көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сот талап қоюды тануды қабылдай алады және оны өз шешіміне негіз етіп алуы мүмкін. Бірақ, талап қоюды тану жауапкердің шынайы еркімен сәйкес келуі тиіс.

Бұл дегеніміз, тану кезінде талаптың негізіндегі фактілерді немесе тек құқықтық қатынасты емес, талаптың өзін тану. Яғни, талаптан бас тартпау емес, бұл талапты тану ғана болуы керек.

Сот мына жағдайларды ескере отырып, жауапкердің талапты тануын қабылдауы мүмкін :

  1. Талапты тану   тек   заңмен   көзделген,   негізіңде   азаматтық құқықтық қатынас бар дау бойынша ғана жүргізілуі мүмкін;
  2. Талапты тану   сотпен   шешімнің   негізіне   алынады,   егер   ол мәміленің мәніне қарай туындаған талаптарға қатысты жасалса Қазақстан     Республикасының     Азаматтық     Іс     Жүргізу Кодексінің    44-бабына сәйкес,  жауапкердің    талапты тануы туралы қолхат алынады.

г) Бітімгершілік келісім жасауға құқық.

Бұл құқық екі жақтың өзара келісімдері нәтижесінде жүзеге асырылады.

Процесстің кез-келген кезеңінде тараптар бітімгершілік келісімді жасай алады, яғни, бұл дегеніміз — материалдық-құқықтық дауды өз бетінше өзара келісушіліктер арқылы, бірақ соттың бақылауымен  шешіуі.    Бітімгершілік    келісімі    талапкердің    және    жауапкердің басқарушылық   әрекеттерінің   жиынтығы.   Алайда,   тараптардың өзара бітімгершілік келісімінің сот үшін міндетті күші жоқ, яғни, ол келісімді қанағаттандыудың  құқықтарына  нұқсан  келтірмейтініне көзі жеткен соң ғана, оны қанағаттандыруы мүмкін.

д) Талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту құқығы.

Талап қою қатып қалған ереже емес, талапкер кейінірек өзінің қойған талабының негіздемесін өзгерте алады.

Талаптың негіздемесі дегеніміз-талапкердің жауапкерге өзінің материалдық-құқықтық талабын негіздейтін заңды фактілер.

Талаптың негіздемесін өзгерту нақты бір шекте жүргізілуі тиіс. Бұл шек талап қоюдың нысанасы болып табылады.

Ал талап қоюдың нысанасы дегеніміз — талап қоюшының жауапкерге құқық бұзушылықты жою және оны қалпына келтіру туралы талабы.

Жалпы алғанда, талапкер талаптың негіздемесі мен нысанасын бастапқы құқықтық қатынас шегінде ғана өзгерте алады.

Талапкер талаптың нысанасын бастапқы құқықтық қатынастың шегінен тыс кезде өзгерткісі келсе, ол туралы дербес талап қоюы керек. Талапкердің талаптың негіздемесің немесе нысанасын өзгертуі, талаптың өзгеруіне әкеліп соғады, ол дегеніміз талапкердің бастапқы талаптан бас тартуын білдіреді.

Талаптың негіздемесі мен нысанасын өзгерту құқығымен қатар, талапкер талап — арыздың мөлшерін көбейту немесе азайту құқығын да пайдалана алады.

Жоғарыда қарастырылған құқықтардан басқа тағы да тараптардың мына құқықтарын да қарастыруға болады:

— Дәлелдеме табыс етуге және оларды зерттеуге қатысуға құқық.

Әр   тарап   өзінің   талаптарының   және   қарсылықтарының   негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Дәлелдемелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 66-бабына сәйкес тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар береді.

Тараптар дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот олардың өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алуға жәрдемдеседі.

Дәлелдемелерді сұратып алдыру тұралы өтінімде сол дәлелдемелер көрсетілуге, сондай-ақ осы дәлелдеме арқылы іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлар анықталатыны немесе бекерге шығарылатына, дәлелдемені өз бетінше алуға кедергі келтіретін себептер және оның тұрған жері көрсетілуге тиіс.

Қажет болған жағдайда сот өтінім берген адамға дәлелдемені
алу үшін сұрату береді. Соттың талап еткен дөлелдемесі бар тұлға
оны тікелей сотқа жібереді немесе сотқа табыс ету үшін тиісті
сұрауы бар адамның қолына береді.

Сот дәлелдеме талап еткен, оны жалпы немесе сот белгілеген мерзімде беруге мүмкіндігі жоқ лауазымды немесе өзге тұлға соттың сұратуын алған күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп, бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті. Егер тарап сот сұратқан дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұратуы бойынша ұсынбаса, ондағы мәліметтер осы тараптың мүдделеріне қарсы бағытталған деп ұйғарылады және ол тарап таныған деп есептеледі.

Тараптардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

Бұлай айта берсек, әр құқықтың мәнін аша берсек, тізім толастамас.

Алайда, ескеретін бір жағдай, кейбір арнайы құқықтар жалпы екі тарапқа емес, тек талапкерге немесе тек жауапкерге ғана тиесілі болады.

Мысалы, тек талапкерге тән құқықтар ретінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 49-бабында қарастырылған жоғарда талқыланған талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қоюдан бас тартудан басқа 32-бабында қарастырылған талап қоюшының тандауы бойынша соттың соттауына жатқызу мәселесін де айтуға болады.

Жауапкердің арнайы құқығы реттінде Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 49-бабында көзделген талап қоюды танудан басқа Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 156-бабында көрсетілген қарсы талап қою құқығын ерекше сызып атауға болады.

Жоғарыдағы құқықтардың барлығы тараптарға Қазақстан Республикасының Конституциясының 13-бабында берілген сотта қорғану құқығын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Алайда, кез-келген нәрсенің екі жағы болады ғой, сол сияқты тараптар да азаматтық процессте процессуалдық құқықтармен қоса, процессуалдық міндеттерді де иеленеді.

Тараптардың процессуалдық міндеттері де құқықтары сияқты жалпы және арнайы міндеттер болып екіге бөлінеді:

1) Жалпы процессуалдық міндеттер.

Жалпы міндеттердің ішінде ерекше орынға адалдық қойылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 49-бабына сәйкес, тараптар өздеріне берілген. барлық іс жүргізу құқықтарын адал пайдалануға тиіс. Көп жағдайларда бұл міндет ерікті түрде жүзеге асырылады, алайда, көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап   берген немесе істі тез әрі дұрыс қарау және шешуге жүйелі түрде кедергі келтерген тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде жоғалған уақыт үшін өтемақы өндіре алады. Өтемақының мөлшерін, Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 112-бабына сәйкес, нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, сот белгілейді.

Тараптар процесеуалдық әрекеттерді заңмен көзделген мерзімде жүзеге  асыруға  міндетті,   Қазақстан  Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Қодексінің 178-бабының 3-тармағына сәйкес сот отырысы залында белгіленген тәртіпті сақтауға, Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 21-бабына сәйкес сотты құрметтеуге, 113-бабына сәйкес, сот шығындарын өз мерзімінде төлеуге және заңдармен жүктелген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Бұл тараптарды орындамау тараптың сәйкес процессуалдық әрекеттер жасау құқығынан айырады. Ал жалпы тараптың істе адал болуы құқықтық емес, моралдық сипатқа ие[2,27]

2) Арнайы процессуалдық міндеттер.

Арнайы іс жүргізушілік міндеттер әртүрлі және нақты іс жүргізушілік әрекеттерге, азаматтық іс жүргізу кезеңіне байланысты болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 151-бабына сәйкес, талапкер өз талаптарын негіздейтін мән-жайларды растайтын құжаттарды, егер көшірмелері оларда болмаса, жауапкерлер мен үшінші тұлғалар үшін бұл құжаттардың көшірмелерін талап-арызға тіркеуі қажет.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 65-бабына сәйкес, дәлелдеу міндеті екі жаққа да жүктеледі.

Процесстің кез-келген кезеңінде тараптар бітімгершілік келісімді жасай алады, яғни, бұл дегеніміз — материалдық-құқықтық дауды өз бетінше өзара келісушіліктер арқылы, бірақ соттың бақылауымен  шешіуі.    Бітімгершілік    келісімі    талапкердің    және    жауапкердің басқарушылық   әрекеттерінің   жиынтығы.   Алайда,   тараптардың өзара бітімгершілік келісімінің сот үшін міндетті күші жоқ, яғни, ол келісімді қанағаттандыудың  құқықтарына  нұқсан  келтірмейтініне көзі жеткен соң ғана, оны қанағаттандыруы мүмкін.

Тағы да Қазақстан РеспубликасыныңАзаматтық Істер Жүргізу Кодексіне негізделетін болсақ, 82 — бапқа сәйкес, соттың алдында іске қатысатын немесе қатыспайтын тұлғалардан жазбаша дәлелдемелер талап ету туралы өтінім жасайтын тұлға осы дәлелдемені көрсетуге, оларды өз бетінше алуға кедергі болатын себептерді, өзі дәлелдемелерді сол тұлғаларда деп санайтын негіздерін көрсетуге тиіс.

Жалпы алғанда, жоғарыда талданған құқықтар мен міндеттер тараптардың құқықтық мәртебесін анықтайды.

Өз құқықтарын жүзеге асыру арқылы олар сотта қорғану құқығын жүзеге асырса, міндеттерді орындай келе заң алдындағы борышын орындайды[8, 36]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 ІСКЕ ТЕҢ  КАТЫСУ

 

2.1   Іске тең қатысудың түсіеугі және түрлері

Азаматтық істердің қаралуы кезінде іске қатысушы субъектілердің ішінде талапкер мен жауапкердің орны ерекше екені жоғарыда айтылды.  Ал осы талапкер мен жауапкердің құқықтары мен міндеттері, белгілері, жалпылап айтқанда, процессуалдық жағдайлары қарастырылғанмен, нақты процесске қатысу ерекшіліктерінің бірі Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 50-бабына сәйкес, іске қажет болған жағдайда бірнеше жауапкердің немесе бірнеше талапкердің қатысуы.

Бұл ереженің сот үшін тиімді де, тиімсіз жақтары бар. Тиімділігі — әділ шешім шығару үшін жеткілікті көрсетулердің болуы, ал тиімсіздігі — қатысушылардың сапасына қарағанда санының көптігі. Ал жалпы осы іске тең қатысу дегеніміз не, оның ережелері қандай, жеке қатысудан ерекшелігі бар ма? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, ең алдымен » тең қатысу» терминіне түсінік берген жөн болар.

Біртектестік талап-арыздардың ұқсас пөні бойынша, талаптың негізі бойынша анықталады, бұл жерде дәлелдеу пәні біреу болып табылады. Ал, егер де, бір талапкер заңсыз жұмыстан шыққаны үшін талап-арыз беріп, екінші бір талапкер дәл сол жауапкерге еңбек ақыны төлеуге байланысты шағымданса, бұл талап-арыздар біртектес болмайды, яғни, біріктірілмейді. Себебі бұл жерде талаптың пәні де, негізі де мүлдем басқа, сондықтан, дәлелдеу пәні де әртүрлі болады.

Азаматтық іс жүргізушілік іске тең қатысу дегеніміз талапкер жақтан немесе жауапкер жақтан азаматтық іс жүргізуге бірнеше тұлғаның бір мезетте қатысуы. Бұл тұлғалар тең талапкер және тең жауапкер деп аталады.

Азаматтық іс жүргізушілік іске тең қатысудың өзіне тән белгілері бар. Олар:

  1. Тең қатысушылар     —    даулы     материалдың     құқықтық қатынастың субъектілері.

Тең талапкерлердің, тең жауапкерлердің мүдделері бір-біріне қайшы келмейді, бірақ қарсы жақ үшін міндетті қайшылыққа ие.

  1. Қаншама тең талапкерлер мен тең жауапкерлер болса да, олардың барлығының мүддесі бір азаматтық істе қаралуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 50-бабына сәйкес, талап-арыз бірнеше талапкермен бірнеше жауапкерге беріле алады.

Әдетте азаматтық іс жүргізушілік тең қатысу азаматтық іс қозғалған сәтте пайда болады, бірақ кей жағдайларда бұдан да кейінгі кезеңдерде пайда болуы мүмкін:

  • Қазақстан Республикасының    Азаматтық    Істер    Жүргізу Кодексінің     171-бабына сәйкес, сот өз өндерісіндегі талап-арызды    біріктіруі    мүмкін.    Бұл    жағдайда    азаматтық    іс жүргізушілік тең қатысу  сот анықтама шығарғаннан кейін пайда болады.
  • Тең қатысушы басталып кеткен азаматтық процесске қатысуы мүмкін.

Азаматтық процесске қатысу кезінде іске тең жауапкерді тартқанда сот оның келісімін қажет етпейді. Ал тең талапкер процесске өз еркімен қатысады. Яғни, тең талапкерді ешкім де процесске қатыстыруға міндеттей алмайды. Бұл жерден азаматтық іс жүргізудегі диспозивтік қағидасы айқын көрінеді. Егер соттың көзқарасынша, талапкерге тиесілі құқықтар тағы да басқа тұлғаларға тең болса, ол сол тұлғаларға сотқа жүгіну құқығы бар екендігі жөнінде хабарлайды[9,152]

Іске тең қатысу туралы айтқанда, 2 маңызды негізбен бөліп оның түрлеріне тоқталамыз :

  1. Тең қатысушінің кім жақта қатысуына байланысты:
  • Белсенді тең   қатысу   (талапкер   жақтан   бірнеше   тең қатысушының болуы)
  • Бәсең тең   қатысу    (жауапкер   жақтан   бірнеше   тең қатысушының болуы)
  • Аралас тең   қатысу   (талапкер   жақтан   да,   жауапкер жақтан да бірнеше тең қатысушының болуы)
  1. Тұлғалардың іске қатысу міндеттілігіне байланысты;
  • Міндетті
  • Факультативті

Жоғарыдағы «бәсең» және «белсенді» терминдеріне тоқталатын болсақ, бұл жерде сөздердің тура емес, ауыспалы мағыналылығы орын алады. Талапкер жақты «белсенді қатысу» деудің бірден-бір себебі-азаматтық істің талапкердің талап-арызы бойынша қозғалуында. Ал шын мәнінде азаматтық процессте тараптар тең процеесуалдық жағдайға ие және өздерінің субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау кезінде олар заңмен көзделген процессуалдық кұралдарды белсенді түрде пайдалану мүмкіндігіне және тең құқықтарға ие.

Іске тең қатысушылар әдетте бір-біріне қарсы шығып, айтыспайды. Бірақ, кей жағдайларда оларда әр түрлі көзқарастар болуы мүмкін. Мысалы, моралдық шығынды немесе материалдық шығынды өтету істері бойынша оның көлеміне байланысты тең қатысушылардың арасында көзқарастарында қарама-қайшы деп саналмайды; олар бірін бірі толықтыратын көзқарастар деп саналады. Бұл ерекшілік тең қатысудың аса мәні зор білгі болып табылады[10,7] Іске   тең   қатысудың   негіздері  қазіргі   өрекет   етуші зандармен нақты көрсетілмеген. Алайда, іске тең қатысу бұл қатысу материалдық — құқықтық   қатынастардың   сипатымен   байланысты болғанда рұқсат етіледі.

Заңның мәніне сәйкес процессуалдық тең қатысу мынадай жағдайларда рұқсат етіледі:

  • Егер талаптың   пәні   жалпы   құқық   болса   (мысалы,   жалпы меншік құқығына байланысты талап-арыздар)
  • Егер талап-арыздар бір негізден туындап тұрса (мысалы, бірнеше тұлғаның бір тұлғадан жәбір көруі және керісінше, бір тұлғаның бірнеше тұлғадан жәбір көруі)
  • Егер талаптар біртектес болса, негізі мен пәнінін бірдей емес екеніні қарамастан   мұндай   тең   қатысудың   мысалы   болып, бірнеше     жұмысшының     жалдаушыға     жалақыға     қатысты шағымдануын немесе үй иесінің оны жалдаушы бірнеше адамды үйден шығару жөніндегі талап — арызын атауға болады.

Жалпы айтқанда тұлғалардың көптігіне қарамастан тараптардың құрылымы өзгермейді, процессте бәрібір екі жақ қана болады[11,65]

Іске тең қатысудың міндетті және факультативті түрлері болатыны жоғарыда айтылған.

Осы тең қатысудың түрлерінен міндетті тең қатысу құрылымы бойынша күрделірек, себебі, бұл жерде атынан көрініп тұрғандай заң талаптарының қатаң сақталуы міндетті.

жүзеге асырыла береді. Бұл жағдайда тең қатысушылардың істері бөлек-бөлек   қарала   беруі   мүмкін,   мұның   соттың   шығаратын шешімінің әділдігіне ешқашандай әсері жоқ.

Істерді біріктірудің процессуалдық негізі болып, Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 171-бабындағы ережені атауға болады: «Судья осы соттың іс жүргізуінде дәл сол тараптар қатысатын біртектес, не бір талап қоюшының әртүрлі жауапкерге немесе әр түрлі талап қоюшылардың бір жауапкерге қойған талабы бойынша бірнеше іс бар екенін белгілеп, егер мұндай біріктіруді дұрыс деп тапса, бұл істерді біріктіріп қарау үшін бір іске біріктіруге құқылы.»

Осы бапты қолдану үшін, мыналарды анықтау қажет:

  1. Соттың өндірісіндегі істердің біртектестігі.

Әдетте біртектестік талап-арыздардың ұқсас пөні бойынша, талаптың негізі бойынша анықталады, бұл жерде дәлелдеу пәні біреу болып табылады. Ал, егер де, бір талапкер заңсыз жұмыстан шыққаны үшін талап-арыз беріп, екінші бір талапкер дәл сол жауапкерге еңбек ақыны төлеуге байланысты шағымданса, бұл талап-арыздар біртектес болмайды, яғни, біріктірілмейді. Себебі бұл жерде талаптың пәні де, негізі де мүлдем басқа, сондықтан, дәлелдеу пәні де әртүрлі болады.

  1. Субъектілік құрамның    ұқсастығы,    яғни,    бір    талапкердің бірнеше     жауапкерге   , талап — арызының     немесе бірнеше талапкердің бір жауапкерге талап-арызының болуы.
  2. Істерді біріктіру дауды тез әрі дұрыс шешуге әкеле ме.

Осы жайттар  расталып,   қорытындыланған  соң  істерді  біріктіру мәселесі шешіледі.

Факультативтік тең қатысудың пайда болуының материалдық -құқықтық негізі бірлесіп зиян тигізуде жиі орын алады[12,72]

Іске тең қатысушыларға тараптардың жалпы және арнайы құқықтары таралады. Сонымен қатар тең қатысушылар азаматтық іс жүргізуде қосымша құқықтарды иеленіп, қосымша міндеттерді жүзеге асырады.

Солай,  қосымша құқықтарға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Істі жүргізуді бір тең қатысушы екіншісіне бере алады.
  2. Әрбір тең қатысушы процесеке дербес жеке қатысады. Яғни әрбір тең қатысушы белгілі- бір процессуалдық әрекеттерді бір-бірінен тәуелсіз жүзеге асыра береді.
  3. Тең қатысушы кассациялық шағым бере алады.

Жалпы қорытындылай келгенде, процессуалдық тең қатысу институтының негізгі мақсатына тоқталатын болсақ — бірдей ұқсас шешімдерді шығару, олардың тұрақтылығы.

 

2.2 Тиісті емес жауапкерді ауыстыру

Азаматтық іс жүргізуде істі сотқа дайындау кезінде де, сотта істі қарау кезінде де тараптарға қатысты әртүрлі оқиғалар болады. Олардың барлығы осы тұлғалардың процессуалдық қасиеттеріне байланысты. Жалпы біздің Азаматтық істер жүргізу құқығында «тиісті емес жауапкер» деген түсінік бар. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 51-бабымен реттелген.

Ал «тиісті жауапкер» дегеніміз кім? Бұл жерде тараптың «тиістілігі» немен анықталанынын нақты атап көрсетіп, оған қойылатын талаптардың тізімен беретін заң жоқ.

Бірақ, іс жүзінде даудың пәні, мазмұнына қарай жауапкердің тиістілігін немесе тиісті еместігін анықтауға болады.

Азаматтық істер жүгізуде нақты бір іс бойынша шын мәніндегі қатысушысы сол іс бойынша тиісті жауапкер болып табылады[7,72]

Жалпы азаматтық істер жүргізу құқығында тараптың тиістілік сипатын анықтау және дәлелдеу легитимация деп аталады. Тараптардың легитимациялығын анықтау міндеті талапкерде жатады. Талапкер өзі даулап тұрған құқықтың оның өзіне тиесілі екенін дәлелдеуі тиіс және өзінің талап-арызында көрсеткен жауапкердің өз міндетін орындауға тиесілі екенін дәлелдеуі тиіс.

Жауапкердің тиістілік сипаты даулы материалдық—құқықтық қатынастардың құрылымын талдау негізінде анықтауға болады. Егер сот талқысы кезінде жауапкердің тиістілгіне қатысты күмән туса, сот  тиісті  емес  тараптың   орынын  ауыстыру  жөнінде   мәселені шешіп, соған қатысты шараларды қолдануы тиіс.

Тиісті емес жауапкер дегеніміз бастапқыда іс бойынша даулы материалдық құқықтық қатынастың қатысушысы ретінде есептеліп, кейін анықтала келе шын мәнінде олай емес екені анықталған тұлға.

Тұлғаның іс бойынша тиісті емес болып шығуының себептері өте көп, алайда ең алдымен олар істің шын мәніндегі жағдайларын анықтаудағы қиындықтармен, материалдық-құқықтық қатынастардың күрделі құрылысымен, әрекет етуші заң нормаларын түсіндірудегі әралуандылықпен байланысты.

Сондықтан, тараптың тиістілік сипатын анықтау үшін материалдық-құқықтық қатынастардың құрылысын, сәйкес мемлекеттік органдардың құзіреттілігін анықтап, талдау қажет[11,65-67]

Көбінесе    тараптардың    тиістілік     сипаты    заңның    өзімен анықталады.    Мысалы,    Қазақстан    Республикасының   Азаматтық Кодексінің  922-бабына сәйкес, келтірілген зиян мемлекеттік қазына есебінен өтелу керек болған жағдайда, мемлекет атынан өкіл ретінде азаматтар танылады.

Жауапкердің тиістілік сипатын дұрыс анықтау сот шешімінің болашақта орындалу мүмкіндігін анықтайды. Егер сот шешімі тиісті емес жауапкерге, яғни, міндеттемелік құқықтық қатынаста борышкор болып табылмайтын тұлғаға қатысты шығарылса, талапкер өзіне қажетті құқықтық нәтижеге жете алмайды.

Сот нақты бір азаматтық құқықтық қатынастан туындаған дауды шешу үшін даулы құқықтық қатынастың субъектілері болып табылатын   тұлғалар   тараптар   ретінде   қатысқан   істі   қарайды. Алайда,    жоғарыда    айтылғандай    іс    жүзінде    даулы    құқықтық қатынастың  субъектісі  болып  табылмайтың  тұлға  қатысты  талап қойылуы мүмкін[13,102]

Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт — тиісті емес жауапкер даулы материалдық-құқықтық қатынастың қатысушысы болып табылмағанымен, барлық құқықтар мен міндеттерді иеленетін азаматтық процесстің толық түрдегі субъектісі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу зандарына сөйкес жауапкердің тиісті еместігі сотта істі қараудан бас тартуға негіз бола алмайды. Алайда жауапкердің тиісті еместігі анықталса, сот талапкердің өтінімі бойынша оны ауыстыра алады.

Жоғарыда аталғандай, сот тиісті емес жауапкерге қатысты мәселені сотқа істі дайындау кезінде де, істі сотта қарау кезіңце де шеше алады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 170-бабына сәйкес, судья тиісті емес жауапкерді ауыстыру туралы мәселені шешеді.

Д.М. Чечоттың көзқарасынша, «азаматтық процесстегі тиісті тарап болып, олардың арасындағы дауды сот шешуге бағытталған және процесстің объектісі болып табылатын материалдыіқ-құқықтық қатынастың субъектілері болатынына жеткілікті дәлелдемелер бар заңды тұлғалар мен азаматтар».

Бұл анықтама әртүрлі қарсылықтарды туғызады.

Алғашқыда сот қолда бар, дәлелдемелердің негізінде істегі тиісті жауапкер ретінде талап-арызда көрсетілген тұлғаны санай алады. Бірақ, бұл дегеніміз жауапкердің тиістілігі деп ауыз толтырып айта алмаймыз. Себебі, кейін, істі мәнімен қарау кезінде іске жауапкер ретінде мүлдем басқа тұлғаның тартылуы керек екендігі анықталуы мүмкін.

Сот тәжірибесі дәлелдегендей, көптеген істерде талап-арыз тиісті емес жауапкерге қатысты беріледі. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады?

Көбінесе бұл жағдайды талапкердің заңи білімінің жеткіліксіздігі немесе шатасуы салдарынан деп түсіндіруге болады.

Мысалы, көптеген талап-арыздарға үңіліп қарасақ, жауапкер ретінде белгілі бір заңды тұлғаның жүргізушісі, вахтері немесе тағы да басқа жұмысшылары тартылады, кейін анықтала келе шын мәніндегі тиісті жауапкер болып сол заңды түлғаның өзі іске тартылуы тиіс екен.

Тиісті емес жауапкерді ауыстыру тек талапкердің келісімімен ғана жүзеге асырылады. Талапкер жауапкерді өз қалауымен нұсқауға құқылы. Сондықтан, егер сот талап тиісті емес жауапкерге берілген деп шешсе де, егер талапкер мұндай ауыстыруға келісім бермесе, сот істен өзі тиісті емес жауапкер деп саналған тұлғаны шығарып, оның орнына басқа тұлғаны шақыра алмайды. Бірақ, бұл кезде судьяның көзқарасынша «тиісті жауапкер» болып саналған тұлға, іске үшінші тұлға ретінде тартылуы мүмкін.

Істен тиісті емес жауапкердің шығуы және процеске жаңа қатысушылардың тартылуы сот шығарған ұйғарымдардың негізінде жүргізіледі.

Жоғарыда   көрсетіліндей,   тиісті   емес   жауапкерге   қатысты берілген    талап     —     талапкердің    қателігінен    болады.    Алайда талапкердің нақты  осы талапты беруге құқығы  бар.  Сондықтан, тиісті емес жауапкерге қатысты берілген талаптың негізінде процесс тоқтатылуы мүмкін емес.

Осы талап бойынша жауапкер кім, сол тұлға жауап беруге міндетті. Яғни, жауапкердің тиісті еместігіне қарамастан, ол осы талап бойынша жауап беруге міндетті.

Мысалы, сот алғашқы жауапкерді тиісті емес деп таныды, бірақ талапкер оны ауыстыруға келісім бермеді. Сөйтіп, шын мәніндегі жауапкер іске үшінші тұлға ретінде шақырылады.

Сонда алғашқы жауапкер іс бойынша жауап бермей ме? Әрине, жауап береді. Ал неге онда біз оны «тиісті емес жауапкер» деп атаймыз. Оның себебін түсіндіру үшін материалдық және процессуалдық—құқықтық қатынастарға жүгіну дұрысырақ болар. Яғни, жауапкер материалдық-құқықтық талап бойынша жауап беруге тиіс болмағанымен, процессуалдық қатынасқа түседі. Себебі, ол осы процессуалдық қатынаста өзінің материалдық — құқықтық талап бойынша жауап беруге тиіс еместігін дәлелдеуі тиіс.

Жауапкердің тиістілік сипатын дұрыс анықтау сот шешімінің болашақта орындалу мүмкіндігін анықтайды. Егер сот шешімі тиісті емес жауапкерге, яғни, міндеттемелік құқықтық қатынаста борышкор болып табылмайтын тұлғаға қатысты шығарылса, талапкер өзіне қажетті құқықтық нәтижеге жете алмайды.

Сот нақты бір азаматтық құқықтық қатынастан туындаған дауды шешу үшін даулы құқықтық қатынастың субъектілері болып табылатын   тұлғалар   тараптар   ретінде   қатысқан   істі   қарайды. Алайда,    жоғарыда    айтылғандай    іс    жүзінде    даулы    құқықтық қатынастың  субъектісі  болып  табылмайтың  тұлға  қатысты  талап қойылуы мүмкін.

Іске тиісті жауапкердің қатысуының материалдық — құқықтық салдары қандай?

Егер алғашқы жауапкер тиісті жауапкермен ауыстырылса, сот істің жағдайларына қарай, тадапты қанағаттандыру немесе толық не жартылай талаптан бас тарту туралы шешім шығарады.

Егер процесске алғашқы жауапкермен қоса екінші жауапкер қатысатын болса, сот, әрине, алғашқы жауапкерге қатысты талапты қанағаттандырмайды. Істің жағдайларына қарай, сот соттың ынтасы бойнша іске қатыстырылған тұлғаға, яғни екінші жауапкерге қатысты талапты қанағаттандыру туралы немесе талаптан жартылай не толық бас тарту туралы шешім шығарады.

Профессор К.С. Юдельсоның көзқарасынша, егер талапкер жауапкерді ауыстыруға келісім бермейтін болса, «сот талапкер көрсеткен жауапкерді істен шығармастан, өз ынтасы бойынша, тиісті жауапкерді шақырып, шын мәнінде екеуінің қайсысы талап бойынша жауапкершілікке ие болатынын шеше алады»[11,70]

Осыған ұқсас пікірді М.С. Шакарян да жақтайды: «соттың шешімімен жауапкершілік жауапкерлердің біреуіне жүктеліп, ал екіншісі одан босатылады»[13,85]

Ал   И.Д.   Фондаминский   бұл   көзқарастарды   дұрыс   емес   деп санайды:

  1. Сот тиісті емес деп тек жауапкер емес, талапкерді де санай алады.
  2. Сот өз  ынтасымен     шақырған   екінші  жауапкерді  жауапқа тартуға   міндетті   емес,   оны   да жауапкершіліктен   босатуы мүмкін[3,28]

Сонымен, істегі «тиісті» немесе « тиісті емес » жауапкер мәселесін тек сот қана шеше алады. Ал соттың дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалауы Азаматтық Істер Жүргізу Құқығының бастамашылық қағидаларының бірі.

3  АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КҰКЫК МИРАСҚОРЛЫҒЫ

 

Іс жүргізу кезінде нақты бір іс бойынша тараптың құқықтары мен міндеттері басқа бір тұлғаларға ауысуы мүмкін. Бұл жерден азаматтық іс жүргізудегі құқықмирасқорлық институты айқын көрінеді. Ал құқықмирасқорлық дегеніміздің өзі не? Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 54-бабына негізделетін болсақ, даулы немесе шешіммен белгіленген құқық қатынастарынан тараптардың біреуі шығып қалған жағдайларда, (азаматтың қайтыс болуы, заңды тұлғалардың қайта ұиымдастырылуы, таратылуы, талапқа жол беруі, борышты ауыстыру және материалдық  құқық қатынастардағы тұлғалардың басқада өзгеру жағдайы) сот ол тарапты оның құқықмирасқорымен ауыстырады.

Құқықмирасқорлығы процесстің кез-келген сатысында мүмкін болады.

Іс жүргізу құқықмирасқорлығы азаматтық іс жүргізудегі тарапты ауыстырудың ерекше жағдайы болып табылады.

Тарапты ауыстыру материалдық құқықтағы құқықмираскорлығы   негізінде  жүргізіледі.

Іс жүргізу құқықмирасқорлығының негізі материалдық құқықтың қатынастағы құқық мирасқорлықтың негіздерімен ұқсас. Материалдық—құқықтық қатынастағы құқық мирасқорлық бір тұлғадан екінші тұлғаға құқықтар мен міндеттердің өтуін білдірсе, іс жургізуде осы құқықтар мен міндеттердің жүзеге асырылуын білдіреді.

Материалдық құқықтағы іс жүргізу құқықмирасқорлығы мынадай жағдайларда болуы мүмкін:

а)  Субьективтік азаматтық құқықтағы   жалпы мирасқорлық кезінде.

Мысалы,   мұрагерлік,   заңды  тұлғаның  қайта  құрылу  мәселелері, басқаша айтқанда, бұл универсалды мирасқорлық деп аталады;

б)  Жекелеген субьективтік құқықтардың өтуі кезнде, Мысалы, даулы мүлікке меншік  құқығы,  басқа адамның міндеттемесін өз мойнына алуы. Мұндай мирасқорлықты сингулярлық мирасқорлық деп  атайды.   Бұл   сөз  латынша  «жеке,   ерекше»  деген мағынаны білдіреді.

Бірақ, құқық мирасқорлықтың өзі әрқашан жалпы болады, себебі, құқықмирасқор іс жүргізуге қатысу кезінде құқықмирасқорлықтың жалпы немесе сингулярлы екеніне қарамастан, алдындағы тұлғаның барлық іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттерін иеленеді. Солай, іс жүргізушілік құқық мирасқорлығы кезінде іс жүргізушілік құқықтық қатынас сақталады. Себебі, құқық мирасқор — бұл құқықтық қатынастың толық көлемді субьектісі бола алады.

Мысалы, Алматы қаласының Бостандық ауданының сотының қарастырған азаматтық істерінің тізбегіне көз жүгіртсек, көп жағдайда құқықмирасқорлық мәселесі орын алады. Солай, азамат К.М. Сәбденов өзі қызмет істеген «Анар» ЖШС-не қайта жұмысқа қабылдау туралы талап-арыз берген. Істі қарастыру кезінде, анықталған жәйт «Анар» ЖШС «Фатима» ЖШС-не қосылып, «Жомарт» АҚ-н құрған. Сөйтіп, іс бойынша енді жауапкер ретінде «Жомарт» АҚ  тартылған[14,3]

Іс жүргізушілік құқықтар мен міндеттердің ауысуы тек тараптарға ғана емес, үшінші тұлғаларға да тән.

Жоғарыда аталғандай, құқық мирасқорлық процесстің кез-келген кезеңінде болуы мүмкін: істі қозғаған сәттен бастап соттың істі мәні бойынша қорытындылап шешуіне дейін.

Құқықмирасқорлықтың негізі болып материалдық құқық нормаларымен, әсіресе Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен көзделген құқықмирасқорлық табылады. Универсалды құқықмирасқорлық азаматтың қайтыс болып, оның мүлкінің заң бойынша немесе өсиеттің негізінде оның мұрагерлеріне өту кезінде болады.

Ал занды тұлғалар үшін универсалдық құқық мирасқорлықтың негізі болып, жоғарыда аталып кеткендей заңды тұлғаның қайта құрылуы болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 46-бабына сәйкес «заңды тұлғалардың қосылуы кезінде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері жаңадан құрылған заңды тұлғаға өтеді, бұл мәселе ұсыну актісіне сәйкес реттеледі.»

Алайда, бұл жерде ескеретін бір жағдай, бір заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің екіншісіне өтуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 46-бабының 2-5 тармақтарында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Себебі, көп жағдайда сот тәжірибесінде құқықмирасқорлықтың негізділігі тексеріле бермейді. Ал заңды тұлғаның таратылуы құқықмирасқорлыққа негіз болып табылмайды.

Сингулярлық мирасқорлық кезінде жекеленген құқықтар ғана өтеді. Бұл айтылған мәселе түсініктірек болу үшін тағы да Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне жөгінуге болады. Солай, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 344-бабына сәйкес міндеттеме бойынша несие берушінің құқықтары басқа тұлғаға заңның негізінде және мына жағдайлардың пайда болуымен өтеді:

  • Несие берушінің құқықтарындағы универсалды
    құқықмирасқорлық нәтижесінде;
  • Несие берушінің құқықтарының басқа тұлғаға өтуі туралы сот шешімі негізінде;
  • Бұл міндеттеме бойынша борышқоры болып табылмайтын оның тапсырма берушісінің, кепіл беруші немесе кепілдік беруші тұлғасының міндеттемені орындау салынан;
  • Несие берушінің борышқорға қатысты құқықтарынан сақтандырушыға берілуі;
  • Заң актілерімен көзделген басқа да жағдайларда;
    Қазақстан Республикасының Азаматтық  Кодексінің     345-бабына сәйкес, несие берушінің басқа тұлғаның талапқа жол беруі рұқсат етіледі, егер ол заңдармен шартқа қайшы келмесе.

Борышқордың өзінің қарызын басқа бір тұлғаға ауыстыруы да құқықмирасқорлыққа негіз болып табылады. Бірақ, қарыздың ауысуы тек несие берушінің келісімі негізінде ғана жүзеге асырылады.

Алайда, құқыкмирасқорлық процессте әрқашан рұқсат етіле бермейді, себебі мұндай мәселе тек материалдық-құқықтық қатынастарда рұқсат етіледі. Жалпы атйқанда тек заңдарда ғана емес, өзіміз өмірімізде де көз жетерлік бір жәйт — бір тұлға келесі бір тұлғаның құқықтарын толық түрде иелене алмайды. Мысалы, жұмысқа алу мәселесі, әкелікті анықтау, алимент төлеу мәселелерінде, егер ол тұлға құқықмирасқорлықтың универсалды түрін иеленіп тұрса да, нақты жоғарыда аталған әрекеттер бойынша құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыра алмайды.

Іс жүргізу құқықмирасқорлығының тәртібі белгілі бір ережелерге бағынады және заңмен қалыптсақан белгілі бір шеңберде өтеді. Ол процесстің кез-келген сатысында мүмкін. Мүдделі тұлға өзіне өткен құқықтар мен міндеттерін дәлелдейтін құжаттарын көрсетеді.

Ал ең алдымен ол сотқа құқықмирасқор ретінде кіргісі келетіні жөнінде өтініш беруі керек. Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 186-бабына сәйкес, іске қатысушы адамдардың істі қарауға байланысты мәселелер жөніндегі өтініштер іске қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымдарымен шешіледі.

Кез-келген әрекет секілді, жоғарыда аталғаңдай, құқықмирасқорлықтың да жүзеге асырылуының іс жүргізушілік тәртібі бар. Олар:

1.Универсалды құқықмирасқорлықта, Қазақстан Республикасының  Азаматтық   Істер   Жүргізу      Кодексінің      242-бабының   1-тармағына сәйкес, сот іс жүргізуді тоқтата тұруға міндетті;

Себебі,   құқықмирасқорлықтың   мәселелерін   шешу   үшін   уақыт керек.

  1. Сингулярлы құқық мирасқорлық кезінде тараптың процеске енуі іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруды талап етпейді;
  2. Тарап шығып қалған   жағдайда   азаматтық   процессте   сот процесстің кез-келген сатысында бұл тарапты құқық мирасқорымен ауыстыру туралы мәселені талдай алады.
  3. Құқықмирасқорлығы бірнеше   тұлғаға   қатысты   болса,   сот олардың әрбірін жеке-жеке хабарландырады. Процесске қатысу олардың әрбірінің еркіне байланысты.

Іс   бойынша   өндіріс   ұйғарым   шығару   жолымен   қалпына келтіреді.

  1. Құқықмирасқор өзінің алдындағы адамның барлық құқықтары мен міндеттерін   қабылдайды   және   ол   жасаған   әрекеттер мирасқор үшін міндетті болады.
  2. Шешім бұзылып, іс қайта қарауға жіберілсе, құқықмирасқор құқықтар мен міндеттерге толық ие болады.

Көп жағдайда сот тәжірибесінде құқықмирасқорлықты тиісті емес тарапты ауыстыру институтымен шатастырады. Сыртқы мазмұнына қарағанда бұл екі институт ұқсас болып көрінгенімен, екеуінің өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары да көп. Бір жағынан қарағаңда, бұларды шатастыруды түсінуге де болады. Себебі, екеуінде де азаматтық іс жүргізуде бір тұлғаны екінші тұлға ауыстырады. Ал шын мәнінде бұл екі жағдайда олардың ауысуының себебі, негізі әртүрлі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру кезінде ол тарап атынан көрініп тұрғандай » тиісті емес»[6,59] Ал құқықмирасқорлық кезінде, «тиісті» тарап белгілі жағдайлармен іске қатыса алмағандықтан оның орнына басқа бір тұлға қатысады[15,63] Ал жалпы алғанда қүқықмирасқорлықтың тиісті емес жауапкерді ауыстырудан ажырататын мынадай белгілері бар:[1,105]

  1. Құқықмирасқорлығы процесс барысында туындайтын негіздер бойынша пайда болса, ал тиісті емес жауапкерді ауыстырудың негіздері процесске дейін пайда болады.

Яғни, құқықмирасқорлықтың болмауын және болуын азаматтық істі қозғаған кезде мүлде айта алмаймыз. Себебі, ешкім де ертең өзімен не болатынын білмейді. Ал құқыкмирасқорлықтың пайда болуының ең кең таралған жағдайлары: азаматтың қайтыс болуы, занды тұлғаның таратылуы.

Тиісті    емес    жауапкерді    ауыстыру    кезінде,    ол    тұлға    іс басталмай-ақ тиісті емес болатын. О бастан бұл мәселені дұрыс шешпеу  не  соттың  істі  сотқа  әзірлеу  кезіндегі қателіктерінен не тараптың  жалған    құжаттар    беруінен    немесе    жалған  көрсетулер  беруінен  болуы  мүмкін.

  1. Тиісті емес жауапкерді ауыстырған кезде процесс басынан басталады, ал құқықмирасқорлығы кезінде іс жалғаса береді.

Бұл айырмашылықтың да мәні зор, себебі, тиісті емес жауапкер туралы мәселе анықталған соң, осыған дейінгі жүргізілген әрекеттердің барлығы өз күшін жояды. Себебі, тиісті жауапкер тиісті емес жауапкердің әрекеттері үшін жауап бермейді. Ал құқықмирасқор іс жүргізудің толық түрдегі қатысушысы болып, бұрынғы қатысушының орнын иеленеді. Осы жерден тиісті емес жауапкерді ауыстыру мен құқықмирасқорлықтың үшінші айырмашылығы туындайды.

  1. Құқықмирасқорға барлық құқықтар мен міндеттер өтеді, ал
    тиісті емес жауапкер алдыңғы адамның іс-әрекеттері үшін
    жауап бермейді.

Бұл жерден айқын көрінетін бір жәйт жеңіл, қарапайым тілмен айтқанда құқықмирасқорды оның алдындағы адам деп санауға болады.

Бір ерекшелігі, оның физиологиялық және рухани қасиеттері өзгерген болар,  бірақ құқықтық мәртебесі, құқықтары мен міндеттері сол қалпында қалады. Ал тиісті емес жауапкерді ауыстыру кезінде оны шыныменде жаңа, алдынғы тарапқа еш қатысы жоқ адам ретінде қарастырамыз.

  1. Құқықмирасқорға байланысты мәселені азаматтық іс жүргізудің кез-келген сатысында шешуге болады, ал тиісті емес жауапкерді ауыстыру азаматтық істі сотқа әзірлеу жөне істі қарау кезінде шешіледі.

Бұл        айырмашылыққа       түсініктеме        беретін        болсақ, құқықмирасқор       процесстің       толыққанды       мүшесі       болып табылатындықтан,   өзіне  дейінге  тарап  болып  табылған  тұлғаның бүкіл әрекеттері үшін жауап беретіндіктен ол іске   шешім шығару кезінде де қатыса алады.

Құқықмирасқорлықтың негізі болып материалдық құқық нормаларымен, әсіресе Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің нормаларымен көзделген құқықмирасқорлық табылады. Универсалды құқықмирасқорлық азаматтың қайтыс болып, оның мүлкінің заң бойынша немесе өсиеттің негізінде оның мұрагерлеріне өту кезінде болады.

Ал тиісті емес жауапкерді ауыстыру мәселесі көп жағдайда, басқа кезеңді қажет етпей-ақ істі сотқа дайындау кезінде-ақ анықталады. Ал істі мәнісімен қарау кезінде оны анықтаудың жеңілдігі  жөнінде  түсініктеме  беруі  мүмкін  артық  болады.

Жоғарыда жазылғандардан құқыкмирасқорлық жөнінде көп -көрім ой қортындылауға болады, бірақ алдымен материалдық және іс жүргізушілік құқықмирасқорлығы жөніндегі мәселені шешіп алған жөн болар.

Материалдық құқықмирасқорлық бірден іс жүргізушілік
құқықмирасқорлықты тудырмайды. Іске талапкердің құқықмирасқорының кіруі оның ерік білдіруіне тәуелді. Ал құқықмирасқор жауапкердің де, іске қатысуы тағыда талапкердің еркіне тәуелді. Бұл жерде астын сызып айтатын бір жағдай, тек қана талапкер емес, іске қатысушы басқа тұлғаларда сотқа шағымдану арқылы құқықмирасқордың іске қатысуына қарсылық білдіре алады.

Сот тәжірибесінде құқықмирасқорлықты тиісті емес тарапты ауыстыру институтымен шатастырады. Сыртқы мазмұнына қарағанда бұл екі институт ұқсас болып көрінгенімен, екеуінің өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары да көп. Бір жағынан қарағаңда, бұларды шатастыруды түсінуге де болады. Себебі, екеуінде де азаматтық іс жүргізуде бір тұлғаны екінші тұлға ауыстырады. Ал шын мәнінде бұл екі жағдайда олардың ауысуының себебі, негізі әртүрлі. Тиісті емес жауапкерді ауыстыру кезінде ол тарап атынан көрініп тұрғандай » тиісті емес»[

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 244-бабының 1-тармағына сәйкес шығып қалған адамның құқықмирасқоры анықталғаннан кейін және Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 246-бабына сәйкес істі тоқтата түруды туғызған мән жәйлар жойылғаннан кейін азаматтың шешімінің нәтижесінде немесе заңды тұлға таратылғанан кейін тоқтатыла тұрған іс жүргізу мүдделі адамның арызы негізінде қайта басталады.

Іс жүргізушілік құқықмирасқорлық, көбінесе мүліктік сипаттағы дауларда болады. Мысалы, Шығыс Қазакстан облысының қалалық сотына Мухамеджанов Қ.Р. атты азаматтың атына 2003 жылдың 15-шілде күні бірден екі талап-арыз түскен. Талапкер азамат Қ.Р Мухамеджановтың бұрынғы әйелі Мүхеджанова С.М. -ның бұл екі талап-арызы қарызды қайтару және әкелікті анықтау туралы. Кейін азаматтық істі сотта қарауға дайындау кезінде, нақты айтқанда, 4-қыркүйек 2003 жыл азамат Мухамеджанов Қ.Р. кенеттен қайтыс болады. Бұл жерде құқыккирасқорлық тек қарызды қайтару туралы талап-арыз бойынша ғана мүмкін. Себебі, құқықмирасқор оның міндеттемелері үшін жауап беруі тиіс.Ал     екінші талап,  яғни әкелікті анықтау     бойынша құқықмирасқорлықтың   болуы   мүмкін   емес.   Себебі,   әкелік   тек қайтыс болған адамның тұлғасымен ғана қатысты.

Іс жүргізушілік құқықмирасқорлықтан тағы бір қатар жағдайларды ажырата білу қажет. Мысалы, әкелікті анықтау талабы бойынша жауапкер қайтыс болады. Бірақ, баланың анасы ерекше өндіріс тәртібіңде әкелік фактіні анықтау туралы арыз беруі мүмкін.

Немесе тағы да бір мысал: талапкердің ар-ожданы мен намысын қорғау туралы талаптан кейін талапкер қайтыс болады. Кейін мүдделі тұлғалардың талабы бойынша қайтыс болған адамның ар-ожданымен намысы қорғала беруі мүмкін.

Бұл мысалдарда іс жүргізушілік құқықмирасқорлық мүлдем жоқ, бұл жерде заң фактілерін сот төртібімен анықтау мүмкіндігі көрсетілген.

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бітіру жымысында талқыланған мәселелер әлі де осы тақырыпқа қатысты ой-пікірдің оннан бір бөлігіндей. Жалпы алғанда, осы бітіру жұмысының мазмұнынан тараптар туралы жеткілікті дәрежеде мағлұматтар алуға болады. Оның мәні неде? Оған жауап беретін болсақ, ең алдымен, тараптардың Азаматтық істер жүргізудегі негізгі қатысушылары болуында. Себебі, адамда кез-келген құбылыс туралы белгілі бір көзқарас туындауы үшін, ең бірінші сол құбылыстың құрылымына көз жүгірткен дұрыс-ақ. Сол сияты азаматтық іс жүргізу туралы белгілі-бір ойды қортындылау үшін тараптардың орынын айқындап алған дұрысырақ болар.

Жоғарыдағы «Азаматтық    іс    жүргізудегі қатынастардың арасындағы тараптардың орны» атты бөлімде, ең алдымен тараптырдың түсінігі қарастырылған. Тараптарға түсінік беру кезінде оларды азаматтық процесстің мүмкін субьектісі ретінде қарастырады. Бұл идеяның дұрыстығы кейін «Тиісті емес жауапкерді ауыстыру» бөлімінің қарастыру кезінде анықталады.

Азаматтық процесстегі тараптартың белгілерін қарастыру кезінде-ақ олардың өзіне ғана тән субьектілік қасиеттерінің бар екендігі анықталады.

Ал «Іске тең қатысу» бөлімінде қазіргі соттарда азаматтық іс жүргізудегі көптеген көкейтесті мәселелер қарастырылып өткен.

«Іс жүргізушілік құқықмирасқорлық» бөлімінде Азаматтық істер жүргізу нормаларының тікелей азаматтық құқық нормаларымен байланыстылығын байқауға болады[11,56]

Жалпы алғанда бұл бітіру жұмысының мазмұнынан  Азаматтық істер жүргізу құқығының көптеген бастамашылық қағидаларын, міндеттерін,  мақсаттарын байқауға болады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің азаматтық, қылмыстық, отбасылық, әкімшілік, конститутциялық құқықтарымен байланыстылығын көруге болады.

Ал осы бітіру жұмысының мазмұнына көз жүгіртсек, еріксіз тілге бір ұсыныс оралады. Ол тиісті емес жауапкерді ауыстыру мәселесіне байланысты.

Тараптар туралы айтқанда, олардың тиістілігі жөнінде мәселені қозғаған жөн болар. Біздің Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің нормалары тек тиісті емес жауапкер мәселесін ғана көздеген. Ал негізі шын мәнінде тиісті емес талапкер де болуы мүмкін ғой. Тиісті емес талапкер дегеніміз — ол тұлғаға даулы материалдық құқықтың тиесілі болмауы. Бірақ азаматтық істер жүргізу бұл мәселені мүлдем қарастырмады десек артықтау болады. Себебі, Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізу Кодексінің 249-ші бабында арызды қараусыз қалдырудың бір негіздемесі ретінде арызға қол қойған және оны берген адамның арызға қол қоюға және оны беруге өкілеттілігі жоқ болса, деп қарастырған. Яғни, бұл жерде жанама түрде тиісті емес талапкер мәселесі көзделіп тұр.

Ал шын мәніне келгенде Қазақстан Республикасының Азаматтық Істер Жүргізі Кодексінің 51-бабын «Тиісті емес жауапкерді ауыстыру » деп емес, «Тиісті емес тарапты ауыстыру» деп қарастырсақ тиімдірек болар еді.

Жалпылай қортындылағанда, тараптар мәселесінің маңыздылығын талап өндірісінің  маңыздылығымен   бір   дәрежеге қоюға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Щеглов В.Н. Субъекты  гражданского  процесса. – Томск, –

224 б.

  1. Треушнуков М.К. Гражданский процесс.-Москва, 1996.-720 б.
  2. Фондаминский И.Д. Стороны в советском гражданском процессе. — Алматы, 1961. – 542 б.
  3. Чечиной Н.А., Чечота Д.М. Советский гражданский процесс. – Ленонград, – 458 б.
  4. Советский гражданский процесс // Под. Пред. Н.А. Чечиной, Д.М.Чечот. — Ленинград, 1984. – 127 б.
  5. Шакарян М.С. Субъекты Советского гражданского процессуального права. – Москва, – 459 б.
  6. Мельников А.А. Правовое  положение личности в советском гражданском  процессе. — Москва, 1969. – 327 б.
  7. Чечот Д.М. Участники гражданского процесса. – Москва, 1960. –

246 б.

  1. Промошина Н.А. Процессуальное соучастие. – Москва, 1988. -526 б.
  2. Абова Т.Е. Соучастие в гражданском процессе. – Москва, –

356 б.

  1. Юдельсон К.С. Советский гражданский процесс. – Москва, 1956. –

245 б.

  1. Елисейкин П. Ф. Гражданско-процессуалъные отношения. -Ленинград, 1975. – 954 б.
  2. Гурвича М.А. Советский гражданский процесс. — Москва, 1975. – 624 б.
  3. Жас Алаш // Заң алдындағы тендік «тендік» пе? — Мухтарова А. К. — № 132. 5 қараша
  4. В. В. Яркова. Гражданский процесс. — Москва,1999. -564 б.
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. — 1995.

30 тамыз.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. — 13 шілде.
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі // Ерекше бөлімі.- 1 шілде.
  3. Абдулиной 3.К., Зинченко В.А., Тазутдиновой Р. С. Гражданский процесс. — Алматы, 1976. – 534 б.
  4. Громошина Н. А. Процессуальное соучастие.- Москва, 1988.
  5. Добровольский А.А., Иванова С.А. Основные проблемы исковой формы запщты права. – Москва, 786 б.
  6. Каллистратовой А. Б. Советский    гражданский процесс. — Москва, 1984. – 568 б.
  7. Мицкевич В. Субъекты советского гражданского процесса. -Москва, 1962. – 263 б.
  8. Решетникова И. В., Ярков В. В. Гражданский процесс. — Москва, 2000. – 560 б.
  9. Треушникова М.К. Советский гражданский процесс. — Москва, 1989. – 464 б.
  10. Треушникова М.К. Учебник гражданксого процесса. — Москва, 1996. – 538 б.
  11. Чечиной Н. А., Чечота Д. М., Мусина В. А. Гражданский процесс. — Москва, 1998. – 647 б.
  12. Треушникова М. К. Хрестоматия по   гражданскому   процессу. — Москва, 1996. – 356 б.
  13. Ярмоленко С.И. Исковое призводство. — Москва, —

235 б.

  1. Мирков Л. М. Субъекты     советского     гражданского процесса: Автореферат. —  Москва, 1972.
  2. Абова Т. Е. Соучастие   в   гражданском   процессе: Автореферат.  Москва, 1952.

 

0

Автор публикации

не в сети 3 года

Назира

1
Комментарии: 0Публикации: 167Регистрация: 25-12-2019

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля