„Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр»

26 ноября, 2017 15:07

„Қорқыт ата кітабындағы» басқа жырлардан өзіндік ерек- шелігі бар. Бүл ерекшелігі — Бисат батыр туралы бүл жыр дүние жүзі халықтарының фольклорымен мейлінше кең көлемде байланысып, астасып жатыр деуге болады. Оғыз- қыпшақтармен тікелей қатысы жоқ француз, итальян, неміс, грек, фин, славян халықтарында Бисат туралы жырға арқау болған сюжеттің екі жүзден астам нүсқасы бар екен. Әрине, кезінде оғыз-қыпшақтарымен ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Орта Азия, Кавказ, Таяу ІІІығыс халықтарында бүл жырдың сан қилы нүсқалары одан да көп.

„Қорқыт ата кітабындағы» Төбекөз әсіресе грек аңызындағы Полифемеге үқсас болып келеді. Төбекөздің іс-әрекеті, әрбір қимылы, ой-мақсаты, қатыгездігі „Одис- сей» жырының үрейлі қаһарманын еріксіз еске салады.

„Бисаттың Төбекөздің өлтіргені туралы жырдың» қысқаша сюжетін еске салып өтейік.

Бір күні қалың оғыз елін жау шабады. Бүкіл ел дүрлігіп, көше жөнеледі. Асығыс-үсігісте Аруз-қожаның емшектегі

 

баласы жұртта қалып қояды. Оны ана-арыстан тауып алып, емізеді. Үңгіріне апарып бағады. Арадан біраз жыл- дар өтеді. Ел-журт бұрынғы жайлауына қайта көшіп ке- леді. Күн сайын қамыс арасынан адам секілді бір жәндік шығып, аттардың қанын сорып кетеді екен. Мұны жылқышы жүртқа хабарлайды. Аруз-қожа өзінің жоғалған ұлы сол жәндік екенін біледі. Әкесі оны устап алып, үйіне әкеледі. Бірақ жабайы бала қайта-қайта қалың қамыс ішіне кете береді. Ақыры оған Қорқыт ата өзі барып, оның адамзат баласы екенін, ал адам қашанда адамдар ішінде жүріп тіршілік ететінін түсіндіреді. Бала үйіне келеді. Оған Қорқыт ата Бисат деп ат қояды.

Бір жолы Аруз-қожа аң аулап жүріп, бүлақ басында су шашып ойнап жүрген пері қыздарын көреді. Біреуін үстап алып, онымен көңіл қосады. Пері қызы Аруз-қожаға:— «Келесі жылы осы арадан „аманатыңды» алып кет»— дейді де көзден ғайып болады. Бір жылдан кейін Аруз-қожа сол жерден жалғыз көзді бала тауып алады. Ол өсе келе қолына түскен адамды да, малды да шетінен жалмай бе- ретін жалмауыз болып шығады.

Ел-жұрт Төбекөзден қатты қорқып, оның күнделікті азығына екі адам, бес жүз қойдан беріп түрады. Бүл елдің адамы азайып, жүрт қатары сиреп қалады. Ақыры Бисат батыр Төбекөзбен шайқасуға шығады. Бірақ жеңіліп қалып, жалғыз көзді дәу оны қойлармен бірге үңгіріне қамап қояды. Төбекөз үйықтап жатқанда Бисат оның жалғыз көзіне отқа қыздырған темір сұғып соқыр етеді. Бірақ Төбекөз әлі жеңілмейді. Ол Бисатты үстап алып өлтіру үшін қойларды біртіндеп үстап, үңгірден шығара бастайды. Бисат бір қойды сойып, соның терісін киіп шығып кетеді. Кейінірек ол ақыры Төбекөзді өлтіреді.

„Бисаттың Төбекөзді өлтіргені туралы жыр“— қаһармандық эпосқа үқсас сипаттары бар. Алайда мүнда Бисат жалғыз көзді дәуді батырлар жырындағыдай алып күшімен емес, қулығымен, ептілігімен жеңіп шығады. Мұның өзі Бисат туралы жыр ертегіден туындағанын көрсетеді. Ежелгі заманда түркі халықтарында жалғыз көзді дәу жөнінде қиял-ғажайып ертегілер көп болған. Ақын соның бірін жырға негіз етіп алуы әбден ықтимал.

„Бегілұлы Әмрен жөніндегі жырда» оғыздар өздерінің жаңа қонысы — қазіргі Әзербайжан аумағынан көшіп келгеннен кейінгі оқиғалар баяндалады. Демек, тоғызыншы жыр кейінірек өмірге келген. Мунда Әзербайжан жеріндегі нақты жер-су аттары, оғыздардың

 

көне тарихтан белгілі жаулары, кейбір шежірелерде жа- зылып қалған шынайы оқиғалар жөнінде айтылады.

Оғыздар мұнда көшіп келген соң Грузия мен Армения- ның көптеген өлкелерін жаулап алғаны тарихтан мәлім. Бағынышты өлкелер оғыз ханына көп салық төлеп отырған. Грузиндер мен оғыздар арасындағы шекараны оғыз бектері күні-түні күзетіп түрған. Өйткені грузин, грек және абхаз жансыздары оғыздардың ішіне кіріп алып, ша- буыл жасауға қолайлы сәтті үдайы өз елдерінің патшасына хабарлап отырған. Шекарада талай рет қанды қақтығыстар болған.

Міне, „Бегілүлы Әмрен жөніндегі жырда» осындай та- рихи оқиғалардың елесі бар.

Бүл жырдың сюжеті басқаларға қарағанда өте қарапайым. Мүнда шытырман оқиғалар жоқ. Жырдың қысқаша мазмүнын айта кетейік.

Баяндыр хан Грузиядан көп салық жинап алады. Со- ның қүрметіне барша бектерін шақырып, үлкен той жа- сайды. Бірақ хан түнеріп отыр. Өйткені бектердің ешқайсысы шекараны күзету қызметіне барғысы кел- мейді. Тіпті жиналған салықтың үштен бірін берем десе де бармайды. Ақыры Қорқыт ата Бегіл деген бекті шекара күзетуге көндіреді. Қорқыт атаның өзі бектің беліне қылыш асып, қолына шоқпар үстатады. Сөйтіп, Бегіл бекті Барды және Гянджы маңындағы оғыз елінің шекарасын күзетуге аттандырып жібереді.

Жау жағы алып Бегілден қатты қорқады. Сондықтан Бегіл түрғанда шекара, ел іші бейбіт болады. Бір күні хан Бегілді сарайына шақырып, оған сый-сияпат көрсетеді, қымбат тартулар береді. Ақындар Бегілге арнап өлең шығарады. Бір ақын „Бегілдің күші өзінде емес, оның сәйгүлік атында» деп жырлайды. Бегіл бүған ызаланып, ханның тартуларын өзіне қайтарып береді де, сарайдан өкпелеп шығып кетеді. Әйеліне келіп: „Бүйтіп қорланғанша жүр, біз грузиндер жағына өтіп кетейік» дейді. Әйелі: „Аіііу — дүшпан, оған тізгін берме, одан гөрі аңға шығып, көңіл көтеріп қайт»—деп кеңес береді. Ол аң аулап жүріп аяғын сындырып алады. Мүны естіген жау дереу шекарадан өтіп, оғыз еліне шабуыл жасайды.

Енді оғыз еліне жаудан қорғауға Бегілүлы Әмрен шығады. Әкесі оған: „Баяндыр ханға барып, әскер сүра»,— дейді. Бірақ тәкаббар Әмрен хан алдында бас игісі кел- мейді. Азғантай нөкерімен майданға аттанады. Жекпе- жекте грузин батырын жеңеді. Әмрен қашқан жауды қуып, ол жақтан көп олжамен оралады. Хан жас батырға

 

зор қүрмет-қошамет көрсетеді. Әмрен батырды хан енді төрдегі ең қүрметті орынға — Қазанүлы Ораздың қасына отырғызады.

Бір қызығы, Әмрен қарсы жақтың қалың қолын үрей- лендіріп, ыдыратып жіберу үшін қулық жасайды: ол қасында жоқ оғыз батырларының атын айтып, жаудың зәресін алады. Әмрен айтады:

— Ей, дінсіз, менің қосынымда кімдер барын білесің бе?! Міне, жанымда бүкіл елдің беделі — Салар Қазан түр, қасында інісі ер Қара-Көне бар. Жеңілу дегенді білмейтін Дүзенүлы Ербен батыр келді. Алып Рүстем де менің қасымда. Анау ақбоз атқа мініп келген — Бамсы-Бейрек қой! Бегіл маған атын берді, алмас қылышын сеніп тапсыр- ды, өзінің үш жүз жігітін соңыма ертті. Кәне, мықты бол- саң, күш сынасып көрейік!— дейді.

„Бегілүлы Әмрен жөніндегі жырда» ел қорғайтын жігіт тек қара күштің иесі ғана емес, сонымен бірге ақылды, айлалы, жауын ақыл-айламен де алып жығатын болуы ке- рек деген пікір жатыр.

Қасында жоқ атақты батырлардың есімін жау жаққа айғайлап айтып, бопса жасау арқылы дүшпанның қалың қолын қашыратын көріністер қазақтың кейбір батырлар жырында да үшырайды. Қазақ қауымы арасында „мықты болсаң бопсаға шыдап көр» деген сөз осыдан қалған.

Туған елдің шекарасын күзету — қашанда қасиетті іс саналған. Сол көне заманның өзінде қаһарман-шекарашы- лар (оларды оғыздар акрит деп атаған) жөнінде халық та- лай-талай ғажайып дастандар шығарған. Солардың бірі осы „Бегілүлы Әмрен жөніндегі жыр» болып табылады.

Қазақ ауыз әдебиетінде кең тараған тақырыптың бірі

  • кенже баланың ерлік көрсетуі. „Қорқыт ата кітабында» осы тақырыпта жалғыз ғана жыр бар. Ол — „Үйсін- қожаүлы Секрек туралы жыр». Мүнда бірқатар әлеуметтік мәселелер сөз болады. Солардың ең бастысы
  • әдептілік, жасы үлкенді қүрметтеу, қария адамдардың алдынан кесіп өтпеу сияқты ежелгі түркі дәстүрлері. Сол кездегі салт-сана бойынша, хан сарайына барғанда әрбір бек тек өзіне лайықты орынға ғана отыруы тиіс. Ал, бектің қай орында отыратыны — сол бектің соғыста көрсеткен ерлігіне, яки мал-мүлкіне қарай белгіленеді. Ел қорғаған ерлік іс қашанда бірінші орынға қойылған.

„Қорқыт ата кітабындағы» Секрек туралы жырдың оқиға желісі төмендегідей:

Үйсін-қожаның түңғыш баласы Егрек — барып түрған өркөкірек, мақтаншақ, қытымыр, әдепсіз адам болады.

Әсіресе оның әдепсіздігі оғыз бектеріне унамайды. Өйткені Егрек хан сарайына бектер жиналғанда баса- көктеп төрге шығып, қүрметті адамдардан жоғары отыра- ды. Бектер бегі Қазанбектің қабылдауына кез келген мезгілде руқсатсыз кіріп кетеді. Буған ашуланған бек- тердің бірі хан сарайына жиналған көптің көзінше Егрекке кейіп тастайды:

— Ей, Үйсін-қожаның баласы! Сөзіме қулақ сал. Мы- на бектердің әрқайсысы өзі отырған орындарын майдан- дағы ерлігімен, ханға көрсеткен қызметімен жеңіп алған. Ал, сен төрге шығып шіреніп отыратындай-ақ қандай ерлік көрсеттің?! Жаудың басын кестің бе, қанын төктің бе, әлде аштарды бағып, жалаңаштарды киіндірдің бе?!

Бул сөзге намысы келген Егрек дереу Қазан батырдан үш жүз нөкер алып, жауды шауып келуге аттанады. Сол шайқаста жау қолына тутқын болып түседі.

Егректің үйде қалған Секрек деген інісі болады. Әке- шешесі Секрекке көп жылдар бойы ағасы Егрек жау қолында тутқында отырғанын айтпай жүреді. Бір күні Сек- рек бул қүпияны кездейсоқ біліп қалады. Сөйтіп, ол дереу ағасын құтқаруға аттанбақ болады. Бірақ қарт ата-анасы екінші улынан да айрылып қалудан қорқып, Секректі жібергілері келмейді. Тіпті оны қалдыру үшін дереу үйлендірмек болады. Сүлу қалыңдық тауып, той жасайды. Бірақ Секрек „ағамды қүтқармай түрып, үйленбеймін» деп қальіңдықтың ақ төсегіне жатпайды.

Секрек той өткен күні жауға аттанады. Ағасын түтқындаған елдің самсаған қалың қолын қырып салады. Ол елде Секрекпен күш сынасатын, қол бастайтын батыр қалмайды. Сонда жау жағы Секрекке қарсы өз ағасы Ег- ректі шығарады. Алғашта олар бірін-бірі танымайды. Екеуі бірнеше күн жекпе-жек шайқасады. Күн сайын кешке қарай екеуі де үйықтауға кетеді. Бір күні Егрек келсе, Секрек әлі үйықтап жатыр екен. Егрек жерде жатқан сы- бызғыны тартып Секректі оятады. Сол арада ағалы-інілер бірін-бірі танып, қүшақтасып көріседі. Екеуі бірігіп жау- дың қалған әскерін қырып салады. Сосын еліне қайтып, екеуі де үйлену тойын жасайды. Оқиға осымен бітеді.

Сөйтіп, бүл жырда оғыз-қыпшақ дәуірінің адам- гершілік, әдептілік, кішіпейілділік ерлік сияқты көптеген адами және әдептілік талаптары әңгіме болады. ІІІығарманың негізгі идеясы — әдептілік пен ерлік әрбір жігітке қажетті егіз қасиет екенін жастарға жеткізу.

Еүндар дәуірінің ерлік дастандарында түрлі тайпалар- дың өзара қарым-қатынасына, арадағы шекараны қүрмет- теуге бірінің мал мүлкіне екіншінің қол сүқпауына, сол арқылы ру-тайпалар арасындағы ынтымақ-бірлікті, бейбіт өмірді сақтауға ерекше мән беріп отырады. Оғыз-қыпшақ дәуірінің ел қорғаған батырлары да осы мақсаттарды іске асыру үшін қан майданға шығып отырған. Мұны біз „Қорқыт ата кітабындағы», „Салар Қазанның тұтқынға тусуі және оны улы Ораздың босатуы туралы жырдан» да көреміз.

Бул жыр өзінің тақырыбы жағынан оғыздардың қазіргі Әзербайжан жеріне көшіп келгеннен кейінгі дәуірде көрші отырған елдермен қарым-қатынасын бейнелеуге ар- налған. Мунда қоныс аударған соң оғыздар талай жерді күшпен өздеріне қаратып алғаны мәлім. Сонымен бірге, жаңа көршілер де оғыз тайпасына едәуір қатер төндіріп тұрды. Мұның бәрі осы жырдан өз көрінісін тапқан.

Шығарманың экспозициясы—»Қорқыт ата кітабы» үшін дәстүрлі сюжеттен басталады.

Қазан батыр Трапезунд әміршісінен сыйлыққа сүңқар алып, аң аулауға шығады. Қайтарда алыптың қатты үйқысы келеді. Бірнеше күнге созылатын мүндай үйқыны оғыздар „кіші ажал» деп атап кеткен. Жаудың шолғыншысы Қазанның үзақ үйқыға кеткенін дереу әміршісіне хабарлайды. Жау жалма-жан шабуылға шығып, Қазанды тұтқындайды да, қасындағы бектерін қырып тас- тайды.

Қазанның қол-аяғын матап байлап, арбаға салады. Жолда келе жатып батыр үйқысынан оянады. Бірақ ол титтей де абыржымайды. Қатты бір сілкініп аяқ-қолын байлаған арқанды быт-шыт етіп үзіп жібереді де, қарқылдап күледі: „Мен мына тербеліп келе жатқан жа- ман арбаны түсімде бесігім екен деп қалыппын. Ал, сендер нөкер емес, менің бесік тербеп, ыңылдап отыратын сүйікті әжем сияқты көріндіңдер»,— дейді.

Жырдың бір ерекшелігі — мүнда әзіл-оспақ, кекесін- күлкіге едәуір орын берілген. Соған жырдан мысал келтірейік.

Трапезунд әміршісі Қазан батырды қорлау үшін терең қүдыққа тастайды. Әміршінің аңқау әйелі тұтқынды ке- кетпек болып, қүдық басына келеді де, шыңырау түбінде жатқан батырға:

  • Денсаулығың қалай, батырым?—депті.

Қазан әйелге қарқылдап күліп жауап береді:

  • Өте жақсы. Сендердің арғы дүниеге кеткен туған- туысқан адамдарының несібесін тартып алып жеп жүрмін.

Дозақга өлгендер қайта тіріледі екен. Сендердің бүрын өлген бауырларыңды ат қылып мініп жүрмін,— дейді.

Мұны естігенде аңғырт әйелдің зәре-қүты үшады. Енді ол Қазанға жата жалбарынады:

  • Ойбай-ау, ол не істегеніңіз! Өлікке міну күнә ғой! Менің жеті жасында қыршын кеткен қызым бар еді. Ра- хым етіңіз, менің аяулы қызыма міне көрмеңізші, нәресте ғой!—дейді.

Қазанның күлкіден ішек-сілесі қатып, зорға жауап бе- реді:

  • Жарқыным-ай, ол не дегенің?! Мүндағы өліктердің ішіндегі ең жүйрігі сенің қызың ғой. Мен үдайы соған мініп жүрем. Әйтпесе жаяу шаршап қалам ғой,— дейді.

Әміршінің әйелінің қүты қашады, күйеуіне жалынып- жалбарынып, ақыры Қазанды қүдықтан шығартады.

Қазан бейнесіне тән нәрсе — оны қай жерде көрсе де, тіпті атын естісе де жаудың зәресі қалмай қорқады. Қазан бүл жырда ғана емес, „Қорқыт ата кітабының» басқа жырларында да осындай үрейлі, сүсты, ажалмен бетпе-бет келсе де, қаймығуды білмейтін жүрек жүтқан қаһарман бейнесінде көрінеді.

Бүдан бүрынғы жырларда баяндалғандай, мүнда да Ораз алғашында әкесі туралы ешнәрсе білмейді. Кейін бәрін білген кезде дереу әкесін қүтқаруға аттанады. Әкесін бірден танымай онымен жекпе-жекке шығады. Жыр соңында екеуі бірін-бірі танып, екеуі де жауға қарсы түрады. Еліне жеңіспен оралады.

Шығарманың топонимиясына қарағанда, бүл жыр оғыздар Кавказ жеріне қоныс аударғаннан кейін жа- зылған секілді. Мүнда Трапезунд, Акча-қала, Сүрмелі, Ак-хисар т. б. кенттер мен қамалдар аталады. Бүлар Әзербайжан мен Кіші Азияда екені мәлім. Шығарма оғыздардың жаңадан тапқан Отанында жазылғанына тағы бір дәлел, жырда оғыз батырлары шіркеуді бүзып, оның орнына мешіт салады. Тарихи деректер бойынша, мүндай оқиғалар оғыздар қазіргі Әзербайжан жеріне қоныс аударған кезде болған. Әйтсе де бүл жырда оғыздың Сыр бойында өткен көне дәуірінен алынған көптеген эпикалық материалдар бар.

„Қорқыт ата кітабының» барлық жырларында оғыздардың ауызбірлігі, өзара достығы, мәңгілік түтастығы көкке көтере мадақталады. Ал енді біз әңгіме еткелі отырған жырда түңғыш рет оғыздардың арасындағы, өзара өшпенділік, сыртқы оғыздардың ішкі оғыздарға қарсы күреске шығуы жырға арқау болған. Бүл тарихи шын-

 

дыққа сәйкес келеді. Оғыздар удайы өзара бірлікте, татулықта тұрған деу өмір шындығына жанаспас еді.

Сонымен „Қорқыт ата кітабының» ең соңғысы, он екінші жыры — оғыздардың өзара қырғиқабақ соғыстарын баяндайтын жыр деуге болады. Оғыз тайпасы- ның өзара тату-тәтті, достықта тұрған ежелгі дәуірі ма- дақталады. Көне заманды жырлағанның өзінде толып жатқан нақты тарихи деректер келтіріліп отырады. Мұнда тіпті тарихи деректер мен эпикалық оқиғаларды бір- бірінен ажырату қиын секілді.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля