Аккумулятор батареясын сақтау

1 декабря, 2017 15:47

Елімізде шығарылатын автомобиль аккумуляторлары батареяларының көп бөлігі құрғақ қуатталған жағдайында жасалған. Құрғақ қуатталған қорғасынды аккумулятор батареяларын сақтау мерзімі үш жылдан артық болмауы керек.

 

 

Құрғақ қуатталған аккумулятор батареяларын сақтаған кезде сақтау ережелерінің бірқатарын орындау қажет. Құрғақ қуатталған батарея- ларды сақтаған кезде негізгі ережелердің бірі — эр аккумулятордьщ ішкі бөлігінің толық тығыздығын қамтамасыз ету қажет. Аккумуляторлардың тығыздығы бұзылған жағдайда электродтардың қуатсыздануы мен тотығуы пайда болады. Сонымен қатар батареяның бірінші айналымда сыйымдылығы төмендеп жэне батареяның толық жұмыс істеу мерзімі қысқарады.

Аккумулятор батареясын сақтау үшін оньщ тығыздыгына көңіл бөлінеді. Ол үшін батареяның кұятын саңылауларына тығындары нығыздап бұралады, оның желдеткіш саңылауларын жапқыш тығындары орнында болуы керек.

Батареяларды сақтауға арналған ғимараттардың температурасы пай- далану нұсқаулығында көрсетілгеннен төмен немесе жоғары болмауы ке- рек. Бөлек қақпақтары бар батареялар үшін температура -40°С-тан төмен болмауға тиіс. Әйтпесе тығыздағыш мастиканың шытынауы мүмкін. Ал температура 60°С-тан жоғары болса, мастиканың жібіп кетуі мүмкін. Пластмассалы моноблокты қарапайым қақпақты батареяларды -50°С-тан төмен емес температурада сақтауға рұқсат етіледі. Батареяларды сақтау

 

кезінде оларды бір катарға орнату қажет. Батареяларды сақтау орындарын үнемдеу мақсатында ол жерлерді сақтау стеллаждарымен жабдықтайды. Сақтау кезінде батареялар күн сәулесінің тікелей түсуінен қорғалуы керек. Батареяларды қызмет көрсетуші адамдардың тексеріп жэне сенімділігіне көз жеткізуі үшін қолы жететіндей қашыктыққа орналастыру керек. Қызмет көрсетілмейтін батареялар ішіне электролит құйылған күйінде шығарылады. Мұндай батареяларды жэне автомобильде қысқа мерзім жұмыс істеген батареяларды сақтаудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Қызмет көрсетілмейтін батареялардың төменгі өзіндік қуатсыздануы арқасында, оларды 1 жыл куаттандырмай сақтауға болады. Жаңа қызмет көрсетілмейтін батареялар сыйымдылығының бастапқыдан 50% төмендеуі 12 айда байқалады.

Жұмыс жағдайына келтірілген, автомобильге орнатылмайтын бата- реяларды жэне қысқа мезгіл автомобильде пайдаланылған батареяларды сақтағанда, оларды сактау алдында толықтай қуаттандырады. Электролит тығыздығын қалыпты шамасына келтіреді. Суық климатты аумақтарда пайдаланылатын батареялардың тығыздығын 1,30-1,31 ден 1,28-1,29 г/см3— ке дейін төмендетеді.

Қызмет көрсетілетін батареяларды сақтау кезінде ай сайын электро- лит тығыздығын тексеріп тұрады және оның тығыздығы 0,04 г/см3 артық төмендесе, қалпына келтіреді.

Электролит құйылған жэне куатталған аккумулятор батареяларын автомобильдің өзінде де сақтауға болады. Бірак қоршаған ортаның темпе- ратурасы — 15°С төмен болмауға тиіс.

Сақтауда тұрған батареяларға қызмет көрсету еңбек қажетсінуді азайтқанда, қолайлы температурада батарея электролитін депассива- гормен алмастырады. Ол үшін бор қышқылы ерітіндісі қолданылады. Сақтауға орнатар алдында пайдалану нұсқаулығына сәйкес бастапқы ре- жимде тұрақты токпен аккумулятор батареясын толықтай қуаттандырады. Содан кейін батареядағы электролитті толықтай жойып жэне батареяны екі рет сүзілген сумен жуады. Батареядан электролитті ағызып алу 15 ми- нуттан кем болмауы керек, ал сүзілген су құйылған жағдайда 15-20 ми- нут ұстап тұрады. Сүзілген сумен жуып болғаннан кейін, лезде алдын ала дайындалған 5%-ті бор қышқылы ерітіндісін батареяға құяды. Бата- рея тығындарын және желдеткіштерін жауып, матамен батарея сыртын сүртіп, оны сақтауға орнатады.

Бор қышқылын ыстық суға (70-80°С) ерітеді жэне оның мөлшері 50 грамм қышқыл 1 литр суға есептелуге тиіс. Батареяға бор қышқылы ерітіндісін 25-30°С-қа дейін суыған кезде ғана құяды.

 

Депассивагормен сақтау мерзімі біткеннен кейін батареяны одан ары қарай пайдалануға дайындау керек. Ол үшін батареядан 15-20 минут ішінде бор қышқылы ерітіндісін ағызып жэне батареяға (1.37±0.01) г/см3 тығыздықты электролит құйып, 40 минут ұстайды. Бор қышқылы ерітіндісі құйылып сақталған батереялардың стартерлік сипаттама- сы азаймайды жэне ары қарай пайдалану барысында қызмет уақыты қысқармайды. Батареяны сақтау кезінде немесе сақтаудан кейін оны авто- мобильге орнатар алдында қуаттандырудың қажеті жоқ.

Электролит құйылған батареяларды сақтау кезінде өзіндік қуат- сыздану үдерісінде жарылысқа қауіпті сутегі мен оттегі қоспасы бөлініп шығады. Сондықтан батареяларды сақтау ғимараттары ауаны сору желдеткіштерімен жабдықталуы керек.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля