“АЛЫП ЕР ТОҢҒА” ДАСТАНЫ“

24 ноября, 2017 13:43

Алып Ер Тоңға» дастаны — ежелгі түркі тайпаларының шежіресін аңыздар мен тарихи деректер негізінде баян- дайтын қаһармандық жыр. Бүл дастанның сюжеті мен же- келеген үзінділері ғана бізге жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ сол дәуірдің сөз өнері жайында көп жәйтті аңғаруға болады.

Дастанның басты қаһарманы — Алып Ер Тоңа. Алып Ер Тоңға — аты аңызға айналған тарихи түлға. Дастанда ол ежелгі түркі тайпаларының көреген көсемі, қалың қол бастаған ержүрек батыры.

Түран әскерінің қолбасшысы Ер Тоңаның өз атына дастанда „алып» деген көне түркі сөзі қосылып айтылады. ,Алып“ дегеніміз — ежелгі түркі дәуірінде қолбасшы ба- тырларға берілетін ресми титул. Түркі тайпалары үғымында „алып»— ер, батыр, қаһарман деген сөз. Бүл әскери титулды, әсіресе, Түрік қағанаты түсында кеңінен қолданылғаны мәлім. Түркілер өз батырларының атына „алып» сөзін қосып айтатын болған. Мәселен: Алып Тегін, Алып Арслан, Алып Бүқа, Көк Алып сияқты қол бастаған батырлар болған.

„Алып Ер Тоңа» түркі елінің аңызға айналған билеу- шісі, батыры, қаһарманы, оны парсылар Афрасиаб деп те атайтыны мәлім» (76, 92).

Кезінде Түран мен Иран елдері арасында болған соғыс кездерінде Алып Ер Тоңа сан рет Түран әскерін басқарып, талай мәрте ғажайып жеңістерге жеткен. Бүл жайында Фирдоуси өзінің әйгілі „Шахнамасында» кеңінен толғайды. Түран елінің батыры Алып Ер Тоңғаны үлы шай- ыр өз дастанында Афрасиаб деп атаған.

Қазақтың түңғыш тарихшысы Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Алып Ер Тоңа батырдың, яғни Афрасиабтың ататек шежіресі төмендегідей болып келеді: „Афрасиаб- тың әкесі — Пишен (Бешен), Пишен — Дад Нишиннің ба- ласы, Дад Нишин — Турдың баласы, ал Тур болса Африддунның баласы. Бүл деректер “Тарихи-и гузида» кітабы бойынша келтіріліп отыр. Ал, мүның өзі Ходжа Ра- шидад-дин Фазлаллахтың „Маджма тауарих» атты еңбегінен алынған еді» (63, 361).

Алып Ер Тоңаның төрт баласы болған. Олар: Барсхан, Қарахан, Шиде, Алак,.

Алып Ер Тоңаның ататегі ежелгі түркі тайпаларынан шыққанын айта келіп, Н. Я. Бичурин: „…Тун Шеху хан ба- тыр болды, оның әрбір соғысф й^ңМҺФн бітіп отырды…

Ал, оның немересі Нишу 630 жылдары Тунь алэу (Тоңа алп) Валиба Дулу хан деген лақап атпен таққа отырды» дейді (21, 56).

Алып Ер Тоңа туралы кезінде Әбу Райхан әл-Беруни, Махмуд Қашқари, Хамза Исфахани, Рашидад-дин т. б. пікір айтқан. Бүлардың бәрі де Алып Ер Тоңаны V—VI ғасырларда, яғни Батыс Түрік қағанаты (VIII ғасыр) қүрылғанға дейінгі дәуірде өмір сүрген қайраткер ретінде көрсетеді.

Ал, кейбір зерттеушілер оны біздің заманымыздан бүрынғы VII ғасырда өмір сүрген ғүндардың көсемі деген пікір айтады.

Қалай болған күнде де Алып Ер Тоңаның тарихи түлға екені, ежелгі түркі жүртын билеген әмірші болғаны, Түран мен Иран арасындағы соғыста түрік әскерін басқарғаны анық. Кезінде оның Мауаранахр, Жетісу, Сауран, Шаш (Ташкент), Сайрам (Испаджаб), Талас, Шу уалаяттарына билік жүргізгені де бізге аңызға айналған тарихи деректер арқылы жеткен.

Алып Ер Тоңға қүрған мемлекет әр кездегі түрлі қоғамдық, саяси, әлеуметтік өзгерістерге орай өз астана- сын бірнеше рет ауыстырып отырған сияқты. Түрлі тайпа- лық одақтардың бірлестігі ретінде ол қүрған мемлекеттің астанасы Пайкент, Рамитан (ескі Бүхара), Баласағүн, Қашқар сияқты қамал-қалалар еді.

„Сувар-и акалим» («Әлем климатының суреті») деген кітаптағы деректерге қарағанда, „Алып Ер Тоңға көптеген ғажайып қалалар салдырған. Солардың бірі — Ханбалық, яғни Баласағүн шаһары Афрасиаб үрпақтарының қолында болған» (63, 458). Сондай-ақ Рамитан, Афрасиаб (Са- марқанд шаһарының бүрынғы аты) қалаларын да ежелгі түрік елінің билеушісі Алып Ер Тоңа салдырған деген де- ректер бар.

Біз „Алып Ер Тоңға» дастанының көне тарихи шежірелерде сақталған жүрнақтарын да, кейінгі кездегі зерттеулерде мысал ретінде келтірілген жеке-жеке жыр шумақтарын да жинақтау арқылы осы дастанның жалпы сюжеттік желісін айқындай түсуге әрекет жасадық.

„Алып Ер Тоңға» дастанының мүлдем үмытыла бастаған конструкциясын белгілі бір дәрежеде айқындап алуға Махмүд Қашқаридің „Диуани лағұт-ит түрк», Жүсіп Бала- сағүнның „Қүтты білік», Рашидад-дин Фазлаллахтың „Мад- жма тауарих” («Тарихи        жинақ»),          Әбу Райхан

әл-Берунидің „Сувар-и акалим» сияқты орта ғасырда жа- зылған еңбектердің пайдасы тиді.

 

Сондай-ак, „Алып Ер Тоңа» дастаны жайындағы мәліметімізді толықтыра түсуге бүл салада жемісті еңбек еткен Түркия елінің Басым Аталай, Рахмети Арат, Исмаил Ертайлан, Фуркат Көпрүлүзаде, Нихад Сами Банарлы сияқты әдебиет тарихын зерттеуші ғалымдарының еңбектері де көмектесті.

Бір қызығы — парсы елінің үлы шайыры Әбілқасым Фирдоуси осы „Алып Ер Тоңа» дастанын толық күйінде оқыған сияқты. Ол өзінің әлемге мәшһүр „Шахнамасын- да» Түран елінің патшасы, әскери қолбасшысы, даңқты батыры Алып Ер Тоңа жайындағы әфсана-аңыздарды, та- рихи деректерді, мақтау өлеңдері мен жоқтау жырларын аса дарынды сөз зергеріне ғана тән шеберлікпен пайдала- на білгені көрініп-ақ түр. Алайда бүл арада мықтап еске- ретін бір жәйт бар. Алып Ер Тоңа — Түран елі үшін жағымды қаһарман, ал Иран жағы үшін ол ңағыз жау, басқыншы патша екені мәлім.

Сол себепті үлы шайыр „Шахнамада» Алып Ер Тоңаны, яғни Афрасиабты бір жағынан жанкешті батыр, орасан күштің иесі, дарынды қолбасшы етіп көрсетсе, екінші жағынан, Иран елін қанға бөгеуге әзір түрған залым патша ретінде бейнелейді. Соның өзінде, Фирдоуси өз шығармасында Алып Ер Тоңаның түркі дастанындағы ба- тырлық келбетін көп өзгертпей сол күйінде сомдап берген сияқты.

Сонымен „Алып Ер Тоңа» дастанының қысқаша мазмүны төмендегідей: түркілердің атамекені Түранға көрші отырған Иран елінің әскері қайта-қайта шабуыл жа- сап, тыныштық бермейді. Түран елінің сүлу қыздарын, асыл бүйымдарын, қоңды малдарын тартып әкетіп жатады. Дихандардың енді ғана жайқалып өсіп келе жатқан егіндерін, бау-бақшаларын парсы әскері таптап тастай бе- реді.

Сол заманда Түран елінде „арыстандай айбарлы, жол- барыстай жүректі, көк бөрідей тәкаббар» Ер Тоңа деген батыр жігіт бар екен (234, 77). Ер Тоңа елден көп нөкер жинап, Иран әскеріне қарсы шығады.

Тұран мен Иран әскері Дехистан деген жерде кезде- седі. Бүл жер екі биік таудың ортасындағы кең жазира да- ла болады. Екі жақтың әскері үш күн, үш түн дамылсыз шайқасады. Жап-жасыл дала енді қып-қызыл қанға боя- лып кетеді. Адам өліктері тау-тау болып үйіліп қалады. Ақыры Түран әскері жеңіп, Иран әскері ойсырап жеңіледі. Сол күннен бастап Ер Тоңаны „алып» деп атай бастайды. Енді ол халык, алдында Алып Ер Тоңа деп атала- ды да, Тұран патшасының тағына отырады.

Дехистанда болған соғыста Түран әскері Иран патша- сын тұтқындап, аяқ-қолын шынжырлап әкетеді. Иран жағы оны тұтқыннан босатып алу үшін тағы да соғыс аша- ды. Алайда Иран шахын балтамен біт түнде шауып өлтіріп тастайды.

Арада көп жылдар өтеді. Иран патшасының тағында та- лай патшалар ауысады. Алып Ер Тоңа солардың бәрімен де соғысады. Бәрін де жеңіп шығып отырады.

Ақыры Иран патшасы Залдың жалғыз үлы Рүстем қол бастайтын жасқа жетеді. Ол жер қайысқан қалың әскермен Түран елінен кек қайтаруға аттанады. Алдынан көп әскермен Алып Ер Тоңа шығады:

Алп Ер Тонды гелиор Аркасында юз бин аскери вар.

Юз бин ок иле йайы вар Үок гючлу аскер онлар.

Танры северек йаратмыш Бютун алеми кендисине бактыран Дюшманларына сертче чыкышан Гөк Танрынын оғлу иді (234, 76).

Қазақша аудармасы:

Алып Ер Тоңға келеді,

Жүз мың әскер ереді,

Жүз мың жебе кереді,

Жер қайысқан қол еді.

Тәңір сүйіп жаратқан,

Әлемді өзіне қаратқан,

Қаһарын жауға таратқан,

Көк Тәңірінің үлы еді

Қылыш, найза сарт-сүрт соғысып, болат қалқандардан от үшқындайды. Садақ оғы жаңбырдай жауады. Жаралы жандардың қүлындағы дауысы шығып, дүние астан-кестен болып кетеді. Адам қаны дария болып ағады. Біресе Иран жағы, біресе Түран әскері басым түсіп отырады. Екі жақ та әбден әлсіреп, ақыры шайқасты уақытша тоқтатуға мәжбүр болады.

Күндердің күнінде Иран тағына Кей-Қауыс отырады. Ол „түркі әскерінен жеңіліп қалдыңдар, қоян жүрек қорқақсыңдар» деп өзінің жалғыз баласы Сияуышты және Рүстем батырды қатты ренжітеді. Көпшіліктің көзінше айтылған ауыр сөздерге қатты намыстанған Сияу- ыш әкесіне өкпелеп, Туран еліне кетігі қалады. Ол түрік елі билеушілерінің бірі Пиранның сүлу қызына үйленеді. Одан туылған балаға Кей-Хүсрау деп ат қояды. Бір күні Иран жағы Кей-Хүсрауды үрлап әкетіп, жігіт болған кезінде парсы еліне патша етеді.

Арада көп жылдар өткен соң Кей-Хүсрау мен Рүстем батыр бірігіп Түран еліне қайта шабуыл жасайды.

Алып Ер Тоңға талай рет Рүстем батырмен жекпе-жек- ке шығып, екеуі үдайы тең түсіп отырады.

Ежелгі түркі әдебиетіне тән дәстүрлердің бірі — батыр шешуші шайқасқа шығардың алдында қорқынышты түс көреді. Алып Ер Тоңғаның («Шахнама» бойынша Афраси- абтың) түс көруіне арналған дастанның жыр жолдарын Фирдоуси өз шығармасында зор шеберлікпен пайдалана білген. Мүнда „Афрасиабтың қорқынынггы түс көруі» деп аталатын үзақ жырда:

Қалшылдап, айғай сап оянып кетті,

Қүлындағы дауысы қиырға жетті.

…Долы дауыл жүрт зәресін үшырды, Байрағымды жүлып жерге түсірді.

Жау әскері қарақүрым қаптаған,

Түран елін аямай-ақ таптаған.

Әр найзаға бір-бір басты іліпті,

Бір-бір басты қолтықтап та жүріпті.

Жарқ еткізіп алмас қылыш жасқады,

Қақ ортамнан екі бөліп тастады —

деген жолдар бар.

Жаудың келе жатқанын батырдың түс көру арқылы жеткізу тәсілі қазақтың батырлар жырында да үшырайды. Мәселен, „Алпамыс” жырында қазақ елін шабуға әзірленіп жатқан қалмақ ханы Тайшық батыр да түсінен шошып оянады. Ол түсінде қалмақты қырғалы келе жатқан Алпамыс батырды көреді:

Мен бір бүгін түс көрдім,

Түсімде жаман іс көрдім,

Заманым менің қағынды,

Қағынбаса не қылды?

Қүрсаулы қара бура кеп,

Қарсы қарап шабынды.

…Қаланың аузын қан қылды,

Қақпаның аузын шаң қылды,

Айдарлымды қул қылды,

Тұлымдымды тул қылды,

Солқылдаған мырзамды

Табанға салып жүн қылды (116, 43).

Ежелгі түркі ауыз әдебиетіне тән бул көркемдік дәстүрдің сол көне дәуірдің өзінде жазба әдебиеттен жалғасын тапқанын көреміз. Біз сөз етіп отырған „Алпа- мыс» жыры — «Қорқыт ата кітабындағы» (ҮПІ-ғасыр) „Қам-Бураулы Бамсы-Бейрек жөніндегі жырдың» сан ғасырлар бойы талай өзгерістерге үшырап, біздің заманы- мызға жеткен нұсқасы. Бұл екі жырдың да сюжеттік желісі де, сөз қолдану тәсілдері де, композициялық қуры- лысы да бір-біріне жақын тур. Әйтсе де бул туралы „Қорқьгг ата кітабына» арналған бөлімде кең көлемде тоқталамыз.

Сонымен, „Алып Ер Тоңға» дастанының негізгі идеясы — Туран елін сыртқы жаудан қорғау, түркі жұртын ішкі ын- тымақ-бірлікке үндеу, туған жердің абырой-даңқын арт- тыра түсу болып табылады. Бул дастан Алып Ер Тоңғаның қайтыс болып, бүкіл түркі елінің күңіренген жоқтау жы- рымен аяқталады.

„Алып Ер Тоңғаны жоқтау» жырының көне түркі тіліндегі түпнүсқасы төмендегідей болып келеді:

Алп Ер Тоңа өлді му?

Есіз ажун қалды му?

Өзлек өчун алды му?

Емді йурэк йыртулур.

Беглар атын арғұрб Қазғу аны тұрғұруб Меңзі йузі сарғарыб Қурқум аңар туртулур.

Улышыб ерен бөрләйу Йыртыб йақа урлайу Сықрыб үні йурлейу Сығтаб көзі өртулур Көңлум ічун өртеді Йетміш йашығ қартады,

Кечміш узүқ іртеді

Күн түн кечіб іртелур (191, 44).

Бул ұзақ жырдың түрколог-ғалымдармен бірлесе оты- рып жасалған, түпнүсқаға мейлінше жақын, ғылыми жағынан да, көркемдік тұрғысынан да ежелгі түркі поэзия- сының табиғатына сәйкес келетін ұтымды аудармасы бар.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

1 отклик

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля