АРАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

7 мая, 2018 11:17

 

 

Аралас қүрмалас сөйлем деп кемінде үш сөйлемнен тұрып, кұрамындағы [жай сөйлемдер салаласып та, сабақтасып та келетін сөйлемді айтады.

^ Қазақ тіл білімінде аралас кұрмаластарды зерттеу кейінгі жылдары ғана [қолга алынды. Негізінен мұндай кұрылымды сөйлемнің сонау көне түркі жазба ,ескерткіштер тілінде кездесетіндігін ғалым Ғ.Айдаров өз жұмысында корсетіп, (Дәлелдеп берді (4,120). Белгілі түркологтар А.Н.Кононов, Н.К.Дмитриев, Н.Дыренкова сиякты ғалымдардың зерттеулерінде аралас кұрмалас сөйлем деп дэлдеп, нактылап айтып бермегенімен, сол типтес сөйлемдер мыса,тга келтіріліп отырылды. Соңғы 1997 жылға дейін де бұл сөйлем түрі казак тіл білімінде арнайы гылыми зерттеуге түспеген. Тек Т.Қордабаев, С.Қазыбаев, Қ.Шаукенұлы еңбектерінде ғана бірде үстіртін қарастырылып, бірде назардан тыс калып отырды.

ь Орыс тіл білімі саласын зерттеуші ғалымдар А.Гвоздев, А.Руднев, [Т.Козырева, В.Бабайцевалар осындай кұрылымдагы сөйлемдерді қарастырады. (А.Г.Руднев «Синтаксис современного русского языка» деген еңбегінде: і«Сложными предложениями смешанной конструкции называются такие ісложные предложения, в которых объединаются по смыслу’ сочиненные *              487 предложения, так и подчиненные»,- деп аньщтама берсе (46,303), А.Н. Гвоздев аралас кұрмалас сейлемдерді «сложные предложения с сочинением и подчинением» деп атайды (22,314).

Ал В.В. Бабайцева «многокомпонентная сложные предложения» деп алады да, оларды ішінара 3-ке бөледі. Соның үшіншісі — «многокомпонентные предложения смешного типа» деген түрі аралас кұрмаласка келеді (15,238). Н.С.Валгина «контоминированные типы сложных синтаксических конструкций» деген атау береді (20 ,378).

Аталған ғалымдар аралас кұрмаластың байланысу тәртібі түрліше болатындығын, салаластың да, сабақтастың да құрамынан өзгеше келіп, оларға жатпайтындығын көрсетті. Алайда эрі карай терең зерттеуге бара алмады. Ал кейбір галымдар (С.Г.Бархадуров, С.Е.Крючков) аталмыш сөйлем түрін салалас кұрмаластың кұрамында карастырады (16 ,208).

1997 жылы аралас кұрмаласты арнайы зерттеп, казақ тіл біліміне үлес коскан — Б.Сағындықұлы. Ол осы конструкцияны егжей-тегжей зерттей отырып, былай аныктама береді: «Аралас кұрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Дэл осы қасиет салалас, сабактас сөйлемдерге де қатысты. Бірақ олар іштей екі ойдан тұратын біртұтас күрделі ойды білдірсе, аралас кұрмалас сөйлем жеке- жеке уш бөлек ойдың біртұтастығынан болады. Сонымен бірге тіліміздегі салалас, сабактас сөйлемдер екі жай сөйлемнің қосындысынан құралып, біртұтас күрделі ойды береді. Ал аралас кұрмалас сөйлем өз ішінен жеке сөйлемге жіктеле алатын үш жай сөйлемнен құралады» ( 56 ,10).

Сондай-ак Б.Сағындықұлы өз еңбегінде аралас құрмаластың байланысу тэртібін, оның құрамындағы салалас, сабақтас сөйлемдердің интонациялык ерекшеліктерін анықтай келіп, аралас құрмалас сөйлем сыңарларының басын біріктіруші, байланыстырушы кызметті атқаратын аналитикалық, аналитико- синтетикалык немесе синтетико-аналитикалық түрлері бар екендігін көрсетеді. Құрмаластың бұл түрін мағыналық жэне кұрамдық жағынан да сипаттауға тырысады. Жалаң жэне жайылма түрін де дәлелдеп, нақты мысалдармен дәйектеген ( 56,198).

Күңіие үндеген жоқ, сүпгін де, шайын да баса құйып, шыны аяқты қайтарды /Г.Мүсірепов/.

Ежелден мәлім: қай ауылдың үстінде сиаз болса, сол ауыл мол шыгасылы болмақ /М.Әуезов/.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля