Есімдік

6 мая, 2018 18:01

 

 

  • Есімдік, оның лексика-семантикалық сипаты.
  • Есімдіктің морфологиялық ереТсшеліктері.
  1. Есімдіктің синтаксистік қызметі.
  2. Есімдіктің магыналық топтары.

Сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп калыптаскан негізгі үш принципіне сай казақ тіліндегі есімдіктер де лексика-семантикалык сипаты, морфологиялык ерекшеліктер жэне синтаксистік кызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы боп бөлінеді.

Лексика-семсштикалық сипаты.

Есімдіктерді дербес сөз табы деп тануда негізінен лексика-семантикалык припцип негізге алынады. Өйткені есімдіктердін мағыналары өзге сөз таптарының магыналарына карағанда көптеген өзіндік ерекшеліктермен оқшауланып, айрыкша көзге түсіп тұратын магыналар боп келеді. Есімдіктер — магыналары тым жалпы сөздер. Есімдік сөздер сөнлемнен тыс жеке-дара тұрғанда немесе сөйлем ішінде колданылганымен өзіне катысты басқа сөздер жэне окигалардан бөлек алынғанда, мағыналары кашан да дэл нактылы болып келмей, өте жалпылама калыпта кездесіп отырады.

«Мен» деген есімдік түптеп келгенде «1 жақ сөйлеушіні», «сен» деген есімдік» 2жак тыңдаушыны», «кім?, біреу — дегендер эйтеуір «адам»,» ештене — бір «зат» сиякты жалпылама берілетін ұгымдарды ғана көрсетеді. Бұлардың түп негізінде «сөйлеуші», «тыңдаушы», «адам», «зат» деген ұғымдар аңғарылғанмен, олар нактылы түрде айкын, анык бола бермейді.өте жалпылама қалыпта ұгынылатын мағыналар есебінде беріледі.

Есімдіктердің тым жалпы мағынада колданылуын, әрине олардың реальдық нактылықтан қаншалық алшактап, каншалықты абстракциялану дәрежесіне жету шегінің көрінісі деп ұгынган жөн. Есімдіктердің жалпылама магыналары белгілі сөйлемдерде, контексте колданылу ретіне карай сөз тіркестері мен сөйлемдерде берілген ойдын жүйесіне карай эр қилы нактылы магыналарға ие боп отырады.

Есімдік сөздердін магыналык ерекшелігінің келесі бір өзіндік белгісі — олардың эркашан субьектімен байланыста болуы. Есімдік сөздер эрқашан сөйлеуші немесе сөйлемдегі субстанцияларга, кұбылыстарга, олардың сапалары мен касиеттеріне катынасын көрсетуші сөздер боп саналады. Бұл катынастар есімдіктердің өз ішінде тікелей нұсқау, аралық катынас, белгісіздік сиякты боп келеді.

Морфологиялық ерекшеліктері

Есімдіктердің магыналары тым жалпы болганымен, олар түптеп келгенде зат жэне заттык белгі деген ұгымдармен ұштасып, жалпы зат не заттык белгі деген ұгымдарды білдіріп, сол ұғымдардың жалпы түрдегі атауы боп келеді. Сондыктан да олардың осы заттык жэне заттық белгісі деген ұгымдарды жалпылама болса да, бойына сакгау касиетіне байланысты есімдіктер атауыш сөздер катарына жатады. Есімдіктер түгел алганда жалпы атауыш сөздер болып саналады да, ол атаулык касиет ішінара күрделі екі жікке бөлінеді. Мен, сен, не,кім есімдіктері — заттык ұғымдығы сөздер зат атаулары, бұл, сол, кай есімдіктері затгын белгісі ұғымындағы сөздер — белгі атаулары боп шығады. Осы магыналық жіктер өз тарапынан есімдік сөздерді біріншіден заттық ұғымдағы сөздер — субстантивтік есімдіктер, екіншіден заттың белгісі ұғымындағы сөздер — атрибутивтік есімдіктер деп екі салаға бөлінеді. Морфологиялық жагынан есімдіктер түрленетін сөздер тобына қосылады. Осы негізгі екі жік есімдіктердің түрлену жүйесінде негізгі жетекші роль атқарады. Мысалы субстантивтік есімдіктер колданылу ретіне қарай зат есім сиякты көптеледі, тэуелденеді, септеледі, жіктеледі, ал атрибутивтік есімдіктер дэл өз мағынасында түрлену формасынын ешқайсысын кабылдамайды. Түрлену формалары атрибутивтік есімдіктерге тек субстантивтенген жагдайда ғана яғни заттык ұғымға ие болғанда ғана косыла алады. Есімдіктердін өзге сөз таптарынан бөліп, жекелеп тұратын морфологиялык ерекше белгі — есімдіктердің бэріне бірдей, бэріне ортақ зандылык — бір формалар немесе өзгерту тэсілдерінің жоқтығы. Бұл олардын екі жікке бөлінүіне байланысты.

Синтаксистік қызметі

Субстантивтенген есімдіктер сөйлемнін барлық мүшесі бола алады, ал атрибутивтік есімдіктер анықтауыштық қызметке бейім тұрады. Сөйлемнің өзге мүшелерінін кызметін субстантивтенген жагдайда атқарады.

Есімдік сөздердің жалпы синтаксистік бір ерекшелігі, есімдіктердің өзіне багынынкы сөздері болмайды. Яғни есімдіктер сөйлемде колданылганда, ешкашан озіне тэн аныктауыш немесе пысыктауыш мүшелерін кажет етпейді.

Есімдіктер — магыналары тым жалпы, контексте колданылу максатына карай эр түрлі нактылы магыналарға ие болатын, субьективті-обьективтік нүскаушы сөздер.

Есімдіктердщ түрлері

Есімдіктер магыналык ерекшеліктері жагынан жеті топқа бөлінеді.

1       Жіктеу есімдіктері.

  1. Сілтеу есімдіктері.
  2. Сүрау есімдіктері.
  3. Өздік есімдіктері.
  4. Жалпылау есімдіктері.
  5. Белгісіздік есімдіктері.
  6. Болымсыздык есімдіктері.

Жіктеу есімдіктері

Жіктеу есімдіктері эркашан белгілі бір жакты көрсету үшін колданылатын сөздер боп саналады. Сол себепті олар үнемі адаммен байланысты, яғни сөйлеуші, тындаушы, бөгде кісі деген үғымдармен байланысты. Мысалы: мен — Іжак сөйлеуші, сен — 2 жақ тыңдаушы, ол — 3 жак бөгде кісі деген ұгымдарды үғынамыз.

Мен — сөйлеушіні көрсетуші; Сен — тыңдаушыны көрсетуші ; ол — бөгде кісіні көрсетуші ; Біз — сөйлеушіге тэн топты көрсетуші; Сендер — сөйлеушінің сөзі арналған топты көрсетуші; Олар — бөгде топты көрсетуші.

Жіктеу есімдіктері өздерінен баска да сөздермен жалғастырып байланыстыратын эрқилы морфологиялық түрлендіруші формаларды кабылдай алады. Жіктеу есімдіктері өзінің негізгі жактык мағынасында қолданылғанда, тәуелдік жалғауларының тек абстракциялы меншікті білдіретін түрі — нікі, — дікі қосымшаларын кабылдайды.

Менікі де кетті. Сенікі жөн. Оныкі емес.

Есімдік кай жакга түрса, оған сол жактың ғана жіктік жалгауы жалғанады.

Мысалы : менмін, сенсің, бізбіз.

Сөйлемде бастауыш жіктеу есімдіктерінің бірінен болса, баяндауышпен жак жағынан киысып түрады.

Мен жылы сөзді осы күнгі Ахмет деген кісіден естідім.

Жіктеу есімдіктерінің бэрі де септік жалғауларын кабылдайды .

Атау септік : мен, біз;

Ілік септік : менің, біздің ;

Барыс септік : маған, бізге;

Табыс септік : мені, бізді;

Жатыс септік : менде, бізде;

Шыгыс септік : менен, бізден;

Көмектес септік : менімен, бізбен ;

Жіктеу есімдіктері сөйлемде бастауыш, баяндауыш, толықтауыш кызметін атқарады. Пысықтауыштық кызмет жіктеу есімдіктеріне тэн қасиет болып саналмайды.

Сілтеу есімдіктері

Сілтеу есімдіктеріне тэн        сөздердін негізгі лексикалык магыналары аралык

катынастарды көрсету болып табылады. Сол себепті сілтеу есімдіктері эркашан сөйлеушіге не сөйлемдегі субьектіге субстанциялар мен күбылыстардың эр алуан жақын не алыстык сияқты аралык катынастарын білдіріп отырады.

Анау — қалмақтың иті, мынау — қцсқыр тымактың иті.

Сілтеу есімдіктері аралық катынастарды білдіру жагынан ішінара жакын-алысырак, алыс-жақынырак сиякты карама-карсы мағыналарда қолданылатын сөздер болып бірнеше жікке бөлінеді. Сілтеу есімдіктері кез келген бірыңгай немесе эр килы субстанциялар мен құбылыстардын ішінен белгілі біреуін даралап бөліп алып, соған тындаушының көңілш] аудару мақсатында колданылады.

Үндемей жүріп мына Әбіиі бәрінен озды. Ана бір Ахметжан. Қүлтас деген қулар бар. бәрі қосылып цыздың басына ерік ңагазын алыпты.

Осы мысалдардағы мына, ана сөздері кісі біткеннің ішінен белгілі бір кісіге ғана,| тындаушының көңілін аударып тұрганы айкын көрінеді.

Сүрау есімдіктері

Сұрау есімдіктері заттар мен құбылыстардың атын, санын, сапасын, мекенін, мезгілін, амалын білу мақсатында айтылатын сөздер. Сұрау есімдіктеріне кім, не, кай, қандай, калай, кайда.кайдан, кашан, қанша, неше, нешінші, каншасы сөздері жатады. Демек, сұрау есімдіктерінің магыналары тым жалпы түрде берілетіндіктен кім?, не? сияқты субстантивтік жэне кай?, кайсы? деген атрибутивтік сөздерден тұрады.

Сұрау есімдіктерінің бэріне бірдей тэн өзіндік ерекшелік деп айтарлыктай бірыңгай морфологиялык түрленуі не синтаксистік кызметі жок. Олар қай сөз табына байланысты сұрала айтылса, сол сөз табының орнына қолданылады. Сондықтан олардьщ грамматикалық формалары мен синтаксистік кызметтері сол жауап боларлық сөздерінің касиеттеріне байланысты гана белгіленеді. Мысалы : кім?, не? сөздері зат есімше түрленіп, солардың кызметін атқарса, кай?, қандай? сөздері — сын есім, қалай?, кайда?, кайдан?, қашан? Сөздері — үстеулер, канша?, неше?, нешінші? Сөздері — сан есімдер сияқты түрлену формаларын кабылдап, синтаксистік қызметтері де сол сөз таптарымен бірдей боп келеді. Демек, сұрау есімдіктердің өзге есімдік сөздерден бөліп алатындай іштей грамматикалык бірлігі болмайды. Белгілі бір формалар не кызметтер аркылы бастары бірікпейтін сөздер боп саналады. Сұрау есімдіктерінің басын косып, біріктіріп тұратын негізгі белгі — олардың сұраулык мэнде колдануы. Сөйлемнің жалпы магыналык ерекшелігіне жэне колданылу өзгешелігіне карай сұрау есімдіктері кейде өзінің негізгі сұраулык магынасын бермейтін кездері байқалады. Яғни заттар мен кұбылыстар амал, мекен, мезгіл ұғымдар дәрежесінде колданылады Ондайда бұл есімдіктерге жауап болатын сөздер кажет етілмейді, ол жауап сұрау есімдігінің өз бойынан жалпылама түрде сезілетін заттық жэне белгілік, мекендік, мезгілдік, экспрессивтік мағыналар аркылы беріледі.

Не дерімді білмедім. Түратын үйлері қандай!

Тәуелдік жалгаулары сұрау есімдіктерінің бэріне бірдей жалганбайды. Мэселен : кай?, қашан?, неше?, калай? деген сұрау есімдіктері мүлде тэуелденбейді. Кім?, не?, нешеу? сөздері тэуелденеді.

Жіктік жалгаулары сұрау есімдіктерінің ішінен тек кім?, кандай?,калай?, кайсы? сөздеріне гана жалганады.

Септік жалгаулары да сұрау есімдіктерінің бэріне бірдей жалгана бермейді. Қандай?, калай? Есімдіктері мүлде септелмейді. Неше?,канша? сөздері барыс, жатыс, шығыс, қашан? барыс, шыгыс, кай? жатыс, шығыс жалғауларын ғана кабылдай алады.

Сұрау есімдіктерінен кім, не, кайсы, нешеу сөздері септеледі.

Көптік жалгауы кім, не, кайсы, неше сөздеріне ғана жалғанады. Сұрау есімдіктері сөйлем мүшелерінің бэрінің де қызметін атқара алады. Кім, не жэне тәуелденген сұрау есімдіктері бастауыш болады, кай сөзі ешқашан баяндауыш кызметін атқармайды. Қашан, калай есімдіктері тек пысықтауыш болып келеді.

Өздік есімдіктері

Өздік есімдіктері — сөйлеушіні не сөйлемдегі субъектіні өзге субстанциялар мен кұбылыстардан бөліп алып көрсетуші сөздер.

Түркістанга ертең жүретінімді естігенімде, барамын деп келіскеніме өзім өкіндім. Я ңүдайым ацца жац.өзіңе аян, мен наңаң. Өзі ңайда бара жатңанын білмеген адамның естігенінен үстаушылар ңайдан жол табады.

Бұл сөйлемдерде : өзім есімдігі — сөйлеушіні, өзіңе есімдігі — тыңдаушыны, өзі есімдігі — бөгде кісіні сөйлемдегі өзге субстанциялар мен кұбылыстардан бөліп алып, көрсетіп тұр.

Өздік есімдіктеріне тәуелдік жалгаусыз қолданылмайтын өз түбірінен тараған озім. өзін, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері деген сөздер жатады.

Өздік есімдігінің бүл тэуелдік жалғаулары кейде түсіп калып, кейде толық сақталган күйде колданылады. Мэселен, ілік септігіндегі өздік есімдіктері зат есімдердің алдында колданылганда көбіне ілік жалғаулары мен тәуелдік жалғаусыз айтылады.

Өз ойымды айтып қоя берем. Өз басыца түскен іске қара. Жамал өз ойынан шыгарып өлец де жазатын болды.

Осы сөйлемдерде өзімнің, өзіңнің, өзінің деген толық түріндегі сөздерден кыскарган түлғалар. Кейде бүл формалардың толық түрі сақталып қолданады.

Өзініц шешесі Шолпаннан басца ешкім көрінбейді. Өзіцніц костюміц бар ма?.

Өздік есімдіктерінің ілік септік формаларының толық сакталып колданылуы кейде олардың екінші сыңарларының тэуелдік жалғаулары түсіріліп айтылуының эсерінен де болып отырады.

Өзіміздіц өкімет орнады. Өзіміздіц үй екен. Пристап өзіміздіц кісі екен.

Осы сөйлемдердегі өздік есімдіктерінің толық формада айтылуы «өкіметіміз», «үйіміз», «кісіміз» сөздерінің қысқарған түрде қолданылуының эсерінен болып түрган заңдылық. Форманың толық сақталуы кейде сөйлеушінің меншіктілікке баса көңіл аудару максатында колданылған өздік есімдіктерінде кездеседі.

Өзгеніц куанышына куана білу өзіцніц куанышыңды үмыту емес цой. Көкетай, бір ашуыцды берші. Өзіцніц ініц гой.

Өздік есімдіктері эркилы морфологиялық сөз түрлендіруші формаларды кабылдайды. Ол формалар эрқашан өздік есімдігіне косылып айтылатын тэуелдік жалгауларының үстіне үстемеленіп отырады.

Өздік есімдігіне тэуелдік жалгауларының -нікі, -дікі, -тікі формасы жалғанып колданылады. Пышац өзімдікі. Өзімдікін айтсайшы.

Өздік есімдіктеріне жіктік жалғаулары жалганады. Өз есімдігі тэуелденіп барып жіктеледі. Мысалы : өзіммін, өзімсің, өзімізсіз, өзім.

Кейде жіктеу есімдіктері өздік есімдіктерімен тіркесіп катар жүмсалады. Ондай кезде, өздік есімдік тэуелдіктің қай жағында тұрса, тіркесетін жіктеу есімдігі де сол жакта колданылады.

Мен өзім елге бармаганыма төрт-бес жыл болды. Сен өзіц ацымац екенсіц гой?. Я біз өзіміз де солай деп ойлаймыз.

Өздік есімдіктеріне септік жалғаулары тэуелденген зат есімдердің септелу ізімен жалганады. Мысалы: өзімнің, өзіме.

Өздік есімдіктері сөйлемде пысықтауыштан басқа мүшелердің бэрінің кызметін аткара алады.

Жалпылау есімдіктері

Жалпылау есімдіктері деп белгілі бір заттар мен күбылыстардың жиынтыгына немесе толық қамтылуына нұскай айтылатын жинакты -жалпылау магынадағы сөздерді айтамыз. Олар кем дегенде екі заттың немесе толып жаткан біркелкі не эркилы заттар мен күбылыстардың жиынтыгын жалпылай көрсете алатын сөздер болып келеді.

Қазац пайдаланып отырган шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соца -сайман, арба — шана, киім — кешек, ыдыс — аяқ бәрі де завод, фабрикаларда істеліп шыццан. Уацыт ханныц да, цайыршыныц да, баршаныц әміршісі гой.

Жалпылау есімдіктерінің ішінен «бэрі» сөзі атау формада субстанциялык үгымды білдіреді де, басқалары өзінің негізгі формасында колданылғанда атрибуттық ұғымды білдіреді.

Қазацтың бар мұцы сиязда түрган жоц. Бүл кеше жалгыз цазацтарга гана емес, барша келген адамдарга, бір түрлт көцілді көрінген.

Тэуелдік жалғауларының үстемеленуі аркылы жасалынған кейбір жалпылау есімдіктері субстантивтік мэнде колданылады.

Бір пулемет, цанша ат-арба, цанша киім.цанша ацша — баршаларын олжа цылган.

Ал.бүкіл, бүтін, күллідамам жалпылау есімдіктері тек атрибутивтік калыпта колданылады.

Бүкіл жұрттың істеп жүрген істерініц бәрі дұрыс бола бермейді. Тамам қазақ малын есеп қылса, бір шацыраққа 20 ат есебімал қазынасы келеді.

Жалпылау есімдіктері сөйлемде қолданылу ретіне карай сөз түрлендіруші грамматикалык формаларды кабылдайды. Бірак ол зандылыктар жалпылау есімдіктерінің барлығына тэн касиет емес. Мәселен : жалпылау есімдіктерінің бар, барлык, барша, бэрі түрлеріне ортак тэуелдеу түрінде болмаса, жекеше түрінде жалғанбайды.

Мынау қымбатшылық баршамызга маглүм. Бәріц де ойнауга келдіцдер гой! Қыздыц әке-шешесі, туысқандары, бәрі шүбырып келді.

Ал атрибутивтік мэндегі бүкіл, күллі, тамам есімдіктері тәуелденбейді. Жіктік жалғаулары жалпылау есімдіктеріне мүлде жалғанбайды. Жалпылау есімдіктерінін ішінде тек субстантивтенген түрлері ғана тәуелденіп барып септеледі. Ол септелудін жүйесі тэуелдеулі зат есім сөздер жүйесімен бірдей боп келеді.

Жалпылау есімдіктерінің сөйлемде негізінен анықтауыш қызметінде жүмсалады. Ал субстантивтік мэнде колданғанда бастауыш, толықтауыш кызметтерін аткарады. Бірақ жалпылау есімдіктері ешкашан пысықтауыш кызметін атқармайды.

Белгісіздік е с і м д і к те р і

Заттар мен құбылыстарды жэне олардың сан, сапа белгілерін, мекен, амал тағы баскаларын аиык етіп ашып айтпай, түспалдап кана көрсететін, ягни магыналарды нактылы түрде берілмей, белгісіз мэнде айтылатын есімдіктің түрі — белгісіздік есімдіктері деп аталады.

Біреу желіп, біреу шоқытып келеді. Ол бірдеце десе, Шолпан айтар еді. Кейбір қомагайлар шаиіалып қалса керек.

Белгісіздік есімдіктері шыгу төркіні, жасалу жолы жағынан күрделі екі салаға бөлінеді.

  • Кейбір сөздердің негізгі лексикалык магынасынан алшактай келе белгісіз

мағыналарга ие болып, сол негізде белгісіз есімдіктері катарына ауысуы жолымен пайда болган сөздер, ягни лексикалык тэсіл аркылы жасалган сөздер. Бүган сан есімдерден ауыскан бір, біреу сөздері жэне кей сөзі, сонымен катар араб тілінен ауыскан эр, элде, пәлен сөздері жатады.

  • Белгілі бір сөздердің өзара бірігіп қолданылуы аркылы жасалган, яғни синтаксистік

тэсіл аркылы жасалған сөздер.

Бүган негізінде лексикалык жолмен жасалган бір, біреу, кей, эр, элде есімдіктеріне сүрау есімдіктері мен кейбір белгісіздік есімдіктерінін өзара бірігіп айтылуы аркылы жасалынған бірдеңе, бірнеше, бірнэрсе, кейбір, кейбіреу, әлдекім, элдене, элденеше, элденеме, элдекайда, әлдекашан, элдекалай, элдебір, элдебіреу, эркім, әрне, эрнэрсе, эркайсы, эрбір сөздері жатады. Белгісіздік есімдіктерінің бэріне бірдей тэн өзіндік ерекшелік деп айтарлыктай морфологиялык түрлену формасы не синтаксистік кызметтері де жоқ. Олар эркайсы мағыналык тегі жагынан кандай сөздер екеніне жэне кай сөзбен біріге колданылуына байланысты эр түрлі сөз таптарына бейім келеді. Сол себепті олардың грамматикалык өзгеру формалары мен синтаксистік кызметтері соларға үйлес кеп отырады.

  • 1-ден : бір,кей, эр, пэлен, элдеқайда есімдіктері сын есімше кызмет атқарады.

Әр ауылдыц, әр күйдіц бір қазан бүзары, бір биі болады гой. Кей сөздерін оиланып, дагдыланган адам болмаса, мыц қайтара оқыса да түсіне алмады.

Бүл сөйлемдерде белгісіздік есімдіктері кай? -сұрағына жауап беріп, аныктауыш қызметін аткарган.

  • 2-ден : біреу, әлдене, элдекім, кейбіреу,әркім, эрнэрсе, эрнеңе есімдіктері зат есімше түрленеді. Сөйлемде бастауыш, толыктауыш, анықтауыш кызметтерін атқарады.

Біреу есікті қақты. Әркімніц бетіне қарай қүбылып, өз пікірін әсте сездірмеуші еді.

  • 3-ден: бірнеше, элденеше есімдіктері сан есімдердің орнына жұмсалып, аныктауыш кызметінде колданылады.

Бірнеше жоба көрсетілді. Әлденеше әндер орындалды.

> 4-ден : элдекайда, элдеқашан, элдекалай есімдіктері үстеу создерге бейім болып келеді.

Ойы бөлініп, қиялы әлдеқайда отыр еді. Қазақ элдеқашан тілінде қандай дыбыстар барын айырган.әр дыбысқа белгілеп таңба айырган. Әлдеқайда алыста бұлдырлап келе жатқан кэрілік.

Бүл сөйлемдерде белгісіздік есімдіктері пысыетауыш кызметін аткарган

Бүган караганда, белгісіздік есімдіктерінің басын косып, оларды біріктіріп топтай апатын

негізгі белгі — олардың эркашан белгісіз магынада колданылуы боп саналады.

Белгісіздік есімдіктері қолданылу мақсатына қарай эр түрлі сөз түрлендіруші грамматикалық формаларды қабылдайды. Бірак олар белгісіздік есімдіктерінің бэріне біркелкі жалғана бермей, олардың атрибутивтік не субстантивтік калыпта колдануына байланысты жалғанады.

  • Тэуелдік жалгаулары белгісіздік есімдіктерінің элде, эр, пэлен, элдекім, элдеқашан.элдеқалай, эркім сиякты түрлеріне жалғанбайды. Бірнеше, бір, біреу, кей, кейбір сиякты түрлері тек ортақ тэуелдеу түрінде гана тэуелдік жалгауларын кабылдайды. Белгісіздік есімдіктерінің өзге түрлері жеке жэне ортак тэуелдік жалғауларын қабылдай алады.

Алдагылардың бірі омақаса жер қауіп еді. Жігіттердің бірсыпырасы жалт берді, кейбірі аттың жалын қүшты, кейбірі түсе қалды. Машинаның бірдеңесі сынды да қалды

  • Белгісіздік есімдіктері жіктік жалгауларын кабылдамайды.
  • Коптік жалгаулары тек бірдеңе, бірнэрсе, біреу, элдекім , элдене, эркім, эрнеңе, кейбіреу сияқты түрлеріне жалғанады.

Қараңғыда бірдеңелер елестейді. Біреулер хат жазып, біреулер дойбы ойнап отыр. Қартқожаның ойына элденелер келді.

  • Септік жалғаулары белгісіздік есімдіктеріне біркелкі жалганбайды. Атрибутивтік калыпта колданылатын элде, эр, пәлен, элдеқалай есімдіктері ешкашан септік жалгауларын кабылдамаса, элдеқашан, элдеқай есімдіктері элдекашаннан, элдеқайдан, элдеқайда түрлерінде колданылады.

Аққу әлдеқайда алыста алтын сәуле көреді. Оның өлетінін мен әлдеқашаннан білетін едім. Бір кезде маган әлдеқайдан жаңа ой сап ете түсті.

Ал бір, бірнеше, кей, кейбір, кейбіреу, элденеше, эрбір есімдіктері тэуелденіп барып, септік жалгауын қабылдайды.

Кейбірінің ерні қыбырлады, кейбірі иек көтерді. Сендердің біріңді ала, біріңді қүла көреді дейсің бе? Бірінің астында семізден қатқан қара аты бар, бірінікі — тор байтал. Кейбірінде бытыра, шиті.

Белгісіздік есімдіктері сөйлемнің барлык мүшелерінің кызметін атқарады. Бірак соның өзінде олардың іштей субстантивтік жэне атрибутивтік сөздер болып келуіне байланысты кейбір сөздердің кызметтерінде ерекшеліктер кездеседі.

Болымсыздық есімдіктері

Болымсыздық есімдіктері жалы болымды магыналарга қарама-карсы болымсыздык магыналарда колданылады. Есімдіктердің бүл түріне еш, ешкім, ештене, ешнэрсе, ешбір, ешқайсы, ешкандай, ешқашан, бір де, бірде бір, дэнеңе, түк, дым деген сөздер жатады. Болымсыздык есімдіктері үш түрлі тэсілмен жасалады:

  • С лексикалык ^ морфологиялык ^ синтаксистік

Лексикалык тэсіл өзінің негізгі лексикалық магыналарынан алшакгау нэтижесінде болымсыздык есімдіктер катарына ауысқан сөздерді камтиды. Бүл тэсілмен жасалган болымсыздык есімдіктер — түркі тілдерінің төл сөзі түк, дым есімдіктері жэне парсы тілінің еш сөзі.

Түк білмеііміз, соқырмыз. Ацсақалдар дым бітіре алмады. Жол іздеген адам еш орнынан таба алмайды.

Синтакистік тәсіл есімдіктердің басқа түрлеріне болымсыз мағынадағы еш сөзінің бірігуі аркылы жасалады. Бұган ешкім, ештене, ешнәрсе, ешқашан, дэнене болымсыздық есімдіктері жатады.

Бүл әнді Әмірцандай ешкім сала алмайды. Үялсам да ештеңе дей алмадым. Ыстык, сорпадан басца ештеңе татып алмайды.

Болымсыздык есімдіктерінін түрлену жүйесі эрқилы. Болымсыздык есімдіктері жіктік жалғауларын жэне көптік жалгауларын тікелей қабылдамайды. Көптік жалғаулары тек тэуелдік жалгаулармен бірге жүріп кана косылады. Онда да ештеме, ешнэрсе, ешкайсысы, дәнеңе, түк есімдіктеріне жалғанады. Бүның өзінде де болымсыздық есімдіктерінін жекеше түріне түгел жалғана бермейді.

Оның дәнемесі жоц. Менен басқа ешкімі жоқ.

Субстантивтік ешкім, ештене, ешнэрсе, дәнеңе, түк есімдіктері септеледі. Атривутивтік ешбір.ешкандай, бір де бір есімдіктері жай түрінде жекеше, көпше болып та септелмейді. Ал тэуелденген кезде жекеше түрінде ғана 2-3 жактарда септеледі.

Болымсыздык есімдіктері эр уакытта болымсыз сөйлемдерде колданылады.

  • Сөйлемнің баяндауыштары -ма,-ме болымсыз жұрнақтармен камтамасыз етіледі. Күнекей күйеуінің келуіне түк айтпады.Өзіңізден басқа ешкім болмады ма?
  • Болымсыздык есімдіктері сөйлемнің баяндауышы «жок» сөзімен камтамасыз етілуін кажететеді.

Дзнеңе жоқ. Ешқандай үн жоқ. Осы үйде дым жоқ.

  • Болымсыздык есімдіктері сөйлемнің баяндауыштары «емес» кұрамды болуын қажет] етеді.

Ол ештеңе емес.Бірақ ойымда ешқашан арамдық болып көрген емес.

Болымсыздык есімдіктері сөйлемде барлык сөйлем мүшелерінің кызметін аткарады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля