17 ноября, 2017 11:31
Мен Қенен Әзірбаевтың даңқы жер жарған, абыро- йы асқан, аты аңызға айналған кезінде он жыл бойы жанында болғанымды, өз аузынан Отан, халық, ынты- мақ, адамгершілік туралы баталы сөздерін құлағыммен естіп, көзінің тірісінде ол кісі туралы біраз мақала- зерттеулер жазып, телехабарлар өткізгенімді, сөйтіп, ризашылығын, батасын алғанымды өзіме үлкен бақыт санаймын.
Баласындай әлпештеп, інісіндей қастерлеп, кейде, тіпті, құрдастарындай1 әзілдесіп отыратын. Араға аз күн түссе, айлар араласпағандай, көптен көріспегендей, жыл- дар жолығыспағандай, сағынысып ұшырасатын. Мұн- дайда Қенекең мейірбан, кең кұшағына алып, маңдай- дан иіскеп қана қоятын. Сонда аппақ сақалы желбіреген тірі әруактың құшағында тұрғандай сезінетінсің. Жал- пы, үлкен болсын, кіші болсын, ол кісінің біреумен әдет- |
тегідей сілкілесіп қол алысып жатқанын; шылпі/лдатып иә ауыздан, иә беттен сүйіп жатқанын тіпті көрген емес- пін. Сәлемдесуінде үлкен парасат, салмақ, савырлылық, өзіне ғана тән бір салтанат болатын.
— Бас салып сүю әбестік. Адамның /ләбі болады; жақсы көрсең, сағынсаң кұшағыңа ал, ^қасынан қақ, маңдайынан иіске,— деп отырушы еді жарықтық. Осы- нысы маған әдептіліктің, мәдениеттдіііктің ғасырлар бойы қырда қалыптасқан дала мектебі тәрізді көрінетін. — Өнерпаздың еншісі ел ішінде /еген емес пе, зама- нында алып та, беріп те жүрдім, оң қолыммен алып, сол қолыммен бердім. Екі жүзді алаяқты, жан аяр жалқау- ды, жағымпаз жылпосты жек көрдім. Өсек-өтірік айтқа- ным жоқ, қулық-қиянат жасағаным жоқ, ораза-намаз ұстағаным жоқ, онан өңгенің бәрін істедім,— деген еді ақын бір сөзінде- Шынында да Кенекең аз сөйлеп, көп тыңдайтын са- бырлы, ұстамды; адамды ұлтына, руына, жасына бөл- мейтін көпшіл, аңқылдаған ақкөңіл, сауықшыл, қонақ- жай, адал, таза, әділ кісі еді ғой. Көңілі түссе қатты құлайтын да, көңілі бір қалса, көндей қатып, сілтідей тынып, сараңнан да сараң боп тамбай қалатын. Ақын- ның бұл қасиеттері өлеңдерінен айқын көрінеді. Өте- мөте көңіл күйін білдіретін лирикаларынан анығырақ сеземіз: «Жауызға зорлық пенен ұрлық оңай, Өтірік, өсек-аяң, қулық оңай. Әділет, адалдықпен жұмысы жоқ, Шындықтан тез үйренер сұмдық оңай. Баз адам қара жүрек, қара ниет, Қайдағы шаргейдікті көңілі сүйед. Басының бадырайған мінін білмей, Біреудің кемшілігін қайдан білед. Кей адам ешбір тоймас, құйсаң толмас, Қақпанға ондай адам түспей қоймас. Әділ жұрт ғасыр бойы сынап келген, Жақсының ел сыйлаған атын жоймас». Кенекеңнің өнерпаздық өмір жолы — өнеге мектебі туралы біз алдыңғы очеркте біраз әңгіме еттік. Бұл ма- қалада онда айтылмаған бірқатар жайларды — ақын- ның тоқсан, жүз жылдық тойларынан ойда қалғандар- ды; Жетісу жерінің сөз жүйріктері, жыр жампоздары туралы айтқан қайсыбір әңгіме-аманатын еске түсіріп, шама келгенше оқушыға жеткізуді жөн көрдік. |
Кенен 1911 жылы «Әңгіме туралы» дейтін өлең шы-
ғарған: |
«Кейбіреу әңгіме айтса, көп айтады,
Аузыма ел карасын деп айтады. Біреуге біреудікін ауыстырып, Дәлелсіз білмеген соң неге айтады. Кейбіреу дәмді-тәтті сөз айтады, Кейбіреу құрт-малтасын езе айтады. Қызықсыз күнде айтылған бір әңгіме Құлакйа мазасыз боп тез қайтады». Кенекең біреудің сөзін біреуге ауыстырмай, әңгімені баппен, нақты, дәл, дәмді, тартымды етіп айтушы еді. Әңгіме арасында домбыраға Қордайдың жайлап ескен самалындай өзінің әдемі құлақ күйін шертіп қосып оты- рушы еді. Задында Кенекең тарихты, аңыз-әңгімені, шел<ірені жетік білетін және тамсандырып, қызықтырып дәлелімен айтатын аса әңгімешіл кісі еді. Алпысыншы жылдардың аяғында Кенекең қатты сырқаттанады. Сонда білімсіз бір дәрігер: «Ақсақал, аз қимылдаңыз, көп жасайсыз» деп ақыл айтыпты. Сексен- нен асқанша жайдақ атқа секіріп мініп жүре беретін ақ- көңіл қайран ақын әлгі «емшінің» сөзіне иланып, қимыл- ды азайтып, тез толысты да, денесі ауырлап, ауылдан ұзап, ешқайда шықпайтын болды. Сондықтан біз — қызы Төрткен, күйеу баласы Тасыған, келіні Мария төртеу- міз — ақынға Алматыдан ат ізін суытпай жиі барып тұрдық. Қенекең сонда көңілі түссе, заты қазақ, қырғыз өнер- паздары, көбіне Жетісу өңірінің бұрын-соңғы жыраула- ры, ақьіндары, жыршылары, шешендері, әншілері, күйші- лері жөнінде, аңыздай ғып байтақ ғажап әңгімелер ай- тушы еді. Соның бірқатарын мен қағазға түсіріп отыр- дым. Сонда көбірек әңгімелейтіндері Кебекбай, Берді- бек, Ноғайбай, Бөлтірік шешендер, Сыпатай батыр, Дәуренсал, Тілеміс, Сарбас ақын, Байсерке күйші бола- тын. Балуан Шолақтың Жетісуға келгенін, ілесіп жүріп серінің өнерін үйренгенін де жырдай қылып айтушы еді. Ертеректе сол әңгімелердің біразын жинастырып «Аңыз- дар сыры» деген атпен әдебиетші Нысанбек Төреқұлов жеке кітапша етіп бастырып шығарды, бір қатарын біз де кезінде жариялаған болатынбыз. Неге екені белгісіз, сол өнерпаздардың көбі әлі жиналмай, зерттелмей жа- тыр, бүгінде оларды іздестіріп жүрген де ешкім көрін- бейді. |
Кенен Әзірбаев солардың бірінен жыраулықтң, акын- дықты; бірінен салдықты, әншілікті; бірінен шешендікті; енді бірінен күйшілікті үйренген.
Мәселен, Кененнің Жамбыл сияқты күйцй екендігін, оның өзі шығарған оннан астам күйлері болгандығын жалпы жұрт біле бермейді. Сонда Қене;н бұл өнерді кімнен үйренген? Бұл ретте Кенекең ең алдымен Жетісу өңірінің атақты күйшісі Байсеркені атаушы еді. Кенекеңнің айтуынша, жолаушылап келе жатқан Бер- дібек шешеннің құлағына күй естіледі. Тұра қалып тың- даса, атақты күйші Байсерке Майбұлақты өрлеп күй тартып барады екен. Бердібектің жасы кіші. — Ассалаумағалайкум, аға,— деп Байсеркеге сәлем беріпті, бірақ сәлемін алмапты. Соңынан ілесе берсе керек. Ұзақ жүріп, Майбұлақтың басына жеткенде ғана: —• Қарағым, қай баласың, «Ұран» күйдің басында кез боп ең, міне, жаңа аяқтадым,— деген екен. Не деген ғажап! Сонда қанша жер жүріп арада қаншалықты мез- гіл өтті екен,— деп ойлайсың. Әзірге тарихта аты сақталып жеткен Жетісу күйші- лерінің ең ұлысы да — осы Байсерке. Ол күй шалғанда, тау теңселіп, бұлт көшіп, қанатты, тұяқты біткен тұра қалып тыңдайды екен. Көбіне аңыз-күйлер шығарып, олардың әрқайсысын сала-салаға бөліп тартады екен. Бізге жеткен күйлерінен «Ұран», «Ат ойын», «Қалипа Қалыш», «Қоңыр», «Жек- пе-жек», «Төрт қарға», «Тұл қатын», «Жетпіс бұтақ» аталады. «Жетпіс бұтақ» күйін, жыраулардың дастан- жыр айтқанындай, кешке бастап, ертеңіне аяқтайды екен. Кененнің күйшілік өнерінде осы Байсеркенің әсер- ықпалы анық сезіледі. Кенен де көбіне аңыз-күйлер шы- ғарған. Олар: «Сары Барпы», «Алып қара құс», «Ботаң қалды, Қарқарау», «Сары шымшық», «Жаудан қашқан өгіз», «Қызыл әскерге». Солардың ішінде көбірек әрі жалықпай тартатыны «Құлақ күйі» еді. Кенекең ән, өлең шығарарда, жыр кернеген абыздай, өзімен-езі болып, оңаша толғанып, осы «Құлақ күйін» жалықпай ұзақ шертетін; қиялымен шарлап ой кезіп, өлең іздеп отыр- ған Кенекең бір кезде қолын аспанға бұлғап шырқап ала жөнелетін. Сонда бізге осы «Құлақ, күйі» ән, өлең, жыр тудыратын құдірет тәрізді көрінетін. Жоғарыда аталған күйлерді белгілі композитор Борис Григорьевич Ерзако- вич пен оның көмекшісі Асқан Серікбаева екеуі жазьт алып, өнеріміздің қымбат қазынасына айналдырды. |
Қазақ халқының бағзы замандардан келе жатқан сан-салалы байтақ өнерінде ешбір елге ұқсамайтын ерекшеліктер, қасиеттер көп-ақ. Сол өнердің өзгеше бір қызықты саласын сал-серілер құрайды. Олардың ең соң- ғы үздігі — Қенен Әзірбаев. Кенекең бұл ретте өзіне Дәурен салды ұстаз тұтатын. «Іленің арғы жағасына өткенде, Дәурен салдың белбеуінің бір ұшы Іленің бер- гі бетінде қалады екен» дейтін сөз ел ішінде әлі бар. Ол жайындағы бірқатар әңгімелерді белгілі жазушы, көр- некті журналист Балғабек Қыдырбекұлы айтады; көбі- рек, кеңірек әңгімелейтін де Қенекеңнің өзі еді:
Дәурен сал Жетісу, Әулиеата өңіріне, оңтүстік өлке- сіне даңқы тегіс жайылған белгілі батыр, айтулы әнші, ит жүгіртіп, құс салған көпшіліктің сәні, салтанатты сері болса керек. Дәурен салдың даңқын естіп, салдық салыстырамыз деп, бірдей киінген, бірдей ат мінген, әбден жасанған күрең төбел, қамыс құлақ, қаз мойын аргымақ мінген жас алты сері іздеп келіпті. Дәурен сал алыстан келген алты салды ту бие сойып, қазы-қарта, құймақ-қымыз беріп сыйлайды, құрметтеп қонақ етеді. Олар да бар өнерін аямайды. Еліне қайтатын мезгіл жеткенде, ал- тауына ер-тұрманымен құлағын шашақтаган құйрығы- на үкі таққан жез қоңыраулы алты арғымақ мінгізіп тұ- рып Дәурен сал: — Қезінде, азды-көпті салдық құрдық- Алыстан із- деп, ат арытып, тон тоздырып келіпсіңдер, бар-мәзір осы, барға разы боласыңдар,— депті. — Біріміз ойдан, біріміз қырдан, сізден салдыгымыз- ды асырамыз деп келіп едік; кісілігіңізде, жомартты- гыңызда шек жоқ екен, ризамыз. Сізден үлгі алайық, біз- дің елді аралап қайтыңыз,— депті әлгілер. Сонда Дәурен сал: — Сендер мен салдықты тастаганда кез болдыңдар. Салдықты он сегізімде бастадым, отыз жетімде таста- дым,—■ дейді. Сонда алты сал бірдей шулап: — Себебі не?—деп сұрайды. — Айтқан серт, алысқан қол бар еді. Салдықтан же- ңілгенім жоқ, бір қыздан жеңіліп, тастап едім,— деген екен Дәурен сал. Алты сал мұның мәнісін сұрайды, сал түсіндіреді: Қыргыздың екі ауылы ай жоқ, шай жоқ көшіп келіп, дулаттың Сусамыр, Меркі, Аспара жайлауына шаңырақ көтеріп, үйлерін тіге бастайды. Мұны естіп, оларды кө- шіргелі жолдастарын ертіп, салдық бұрмасын киіп, қыр- |
ғи қара атқа мініп Дәурен сал келеді. Екі жігіт шаңырақ көтеріп жатыр екен, тігіліп жатқан үйдің жанындағы көк шатырдан құндыз бөркін шекесіне кисайта киген күміс дауысты әсем кыз шығып, қонақтардың атын байлатып ішке кіргізеді. Келген қонақтарды төрге отыргызып, дас- тархан жайып, сырлы тегенеден алтын ожаумен сапырып бал қымыз құяды.
Бұлар Дәуреннің салдық салтын, ел-жұртын сына- галы көшіп келген қыргыздың Қырмызы сал деген ерке қызының ауылы болса керек. Он саусагынан өнері там- ған айтулы өнерпаз, байсалды, сабырлы сал Қырмызы салдықтың белгісі ретінде алтын алқа тагып басына зер тақия киеді екен. Қомузын кер жорганың әсем шалысын- дай, сүйріктей әдемі ақ саусагымен қагып тартады. Бір ауыз әзіл-қалжың айтыспай, жөн де сұраспай, сойган малына қарамай, қонақтар атқа қоныпты. Қыздар да үн-түнсіз қала береді- Қеле жатып ылги біркелкі ақтан түйе, боздан жыл- қы айдаган, ақ шатырдай киінген бақташы қартқа жо- лыгады. Ол Қырмызының қойшысы екен, жөн сұрасады. — Бұл алты қабат Алатаудан асып қазақтың Дәу- рен салымен салдық салыстыргалы көшіп келген қыр- гыздан асқан Қырмызы салдың малы. Жасы он алтыда. Өзі ақын, өзі әнші. Сұлулыгына — мінезі, ақылына —-. адамгершілігі сай, қолы ашық, жомарт, бір байдың ұлы да, қызы да — өзі. Ерке, еркін өсіп келеді, еркі өзінде. Жалгыз болган соң әке-шешесі еркекше киіндіріп, ұл баладай етіп өсірді. Асық атып, көкпар тартты, ит жүгір- тіп, құс салды, жиын-тойда өлең-жыр айтып, салдық құрып, серілікпен келеді. Он үш жасқа келгенде ата-ана- сына боз бие шалдыртып, той істетіп, шүлен тараттырып, ел-жұртқа қыз екенін әйгілетті. «Мені малга сатпаңдар, Өз еркіме жіберіңдер. Еркек болып көпке атым қалмады, салдық құрамын, серілік жолына түсемін, тым болмаса қыз атагым қалсын» деп, әкесі мен шешесінің уәдесін алып, дегенін істетті. Міне, қыз осылай, он үшінен бастап салдық құрды. Мына жагы — Талас, мына жа- ғы — Ыстықкөл, Жаркент, Қарқара, Шу елдерін тегіс аралап келген беті бұл. Қөшті бастайтын да, сұраганга жөн айтатын да — өзі. Мен қыздың өкіл әкесі едім, Қыр- мызы болсын деп атын қойган мен едім. Жасымнан әке- сімен дос едік. Әкесі Исақ — Дулан батырдың тұқымы, атақты батыр; шешесі Айша сұлу — атақты Төрегелді батырдың қызы. Міне, Дәурен сал шырақ, Қырмызы сенің атақ-даңқыңды, дақпыртыңды есітіп, жүзіңді көр- |
гелі, салдығыңды сынағалы келді, әңгіме осы,— дейді дейді ақсақал.
Дәурен сал ел-жұртын жинап: «Ер намысы — ел на- мысы» деген, елімен ақылдасып, бір сазға ақ үй тікгіріп, мама ағаштарын күмістетіп, керме арқанын жібектен тарттырады. Үйге түрікпен кілем төсетіп, есіктен төрге дейін кестелі атлас көрпе жайдырып, үйдің бау-басқұр- ларын зерлетіп, уық-керегенің басын күмістетіп саба сайын қос күміс піспек салып, түйемойнақ он шақты са- баны оң босағаға қойдырады. Сөйтіп . Әулиеатадан бергі жердегі сері жігіттерді; Майкөт, Майлықожа, Сарбас, Тоқтағұл ақындарды; Балқыбек, Сауытбек, Жиенбай секілді шешен, жырау құрбыларын шақыртып, Қырмызы салды ауылымен кү- теді. Қырғыз — қазақтың ортақ жайлауы Сусамыр тө- рінде жұрт түрлі сауық-салтанат құрып, тамашалап жа- тады. Қүйші күйін тартып, сал-серілер салдығын құрып, ақын-жыраулар төгілтіп жыр айтады. Әсіресе: «Қолға алсын домбырасын Майлықожа, Өнерге неше алуан сайлы қожа. Дәурен сал, туысыңа ризамын, Қазақтан шыққан едің жампоз таза»,— деген Майлықожаның; «Атамыз Ботпай, Шымыр, Сиқым, Жаныс, Төрт дулат атпен жүрсе алты ай алыс. Төбемді көкке елі жеткізбедің. Маңдайым сені берген кере карыс»,— деген Сарбастың; «Асыл туған Дәурен сал, Жегіздің шекер, бал мен жал. Алты қабат Алатау, Қазықұрт пен Қаратау, Қөрмедім сіздей жомарт, дәу»,— деген Тоқтағұлдың сөздері жиылган жұрттың көкейінен шығады. Қырмызы қыз сүйріктей нәзік ақ саусағымен шаң қо- бызын шалып, қомузын тартады. Той тарқап, еліне ат- танар алдында: «Аспара, Меркі жеріңіз, Дулат — Ботпай еліңіз. Дәурен даңқың жер жарып, Қөкейден кетпеп едіңіз. Қеліп едім даңқыңа, |
Ризамын халқыңа.
Жыр шығарып, күй төккен. Өнерші қауым жалпыңа. Мейманды жақсы күткендей Еліңнін жақсы салтына. Қырмызыдай құрбыңның Жеткен де баға-парқына. Қөздерің жетсе деп едім. Қырмызының нарқына. Тілегімді айтайын, Тоқтасаң қыздың шартына: Іздеп кеп ем айылдан Атағыңа жайылған Жігіт қызды іздейтін Ата салты байырдан. Ағалықтың жолын бер Аман болғын, асыл ер, Ата-анамды барып көр, Мен бір сұңқар тұғырда Томағамды алып бер»,— деп ризашылығын білдіріп, тілегін айтады. Қыздың сән-салтанатына, ақыл-парасатына әбден риза болған Дәурен сал жауап қайтарады: «Қош, сау бол, сал қарындас, Қырмызым-ай, Аспанның таң шолпаны, жұлдызым-ай. Сәлем де ата-анаңа сені туған, Ұжымақтың райхан гүл үр қызындай. Барамын тірі болсам ат арытып. Атақты ақ қалпақты қырғызыңа-ай, Қазақтың ортасында Дәурен салмын, Өнердің арқасында жүрген жанмын. Беріп кет бір белгіні ұмытпасқа, Шырағым, сендей қызға мен де зармын». Қырмызы: «Туған жерім Атбашы, Жүрегім дейді айтпашы. Ертең елге көшеміз, Дәурен сал, қош бол, топ башы. Мен — тұлпардың құлыны, Түседі кімнің ноқтасы. Мінеки, алтын жүзігім, Қөзімдей көріп сақташы»,— деп, сақинасын Дәурен салға беріп, қимастықпен еліне қайтады. Дәурен сал кейін Қырмызыны іздеп барып, қырғыз- дардың арасында бір жыл тұрып, отыз күн той жасап, қызды еліне алып қайтады. Жүрерінде ата-енесі: — «Шаруа түбі — кеніш, саудагер түбі — борыш, таз- дың шашы сұйық, салдың аты сұйық» деген қазақ-қыр- |
ғыздың мақалы бар, енді екеуің де салдықты тастаң- дар,— деп өтінеді. Еліне келген соң, Сыпатай батырды шақырып батасын алып, екеуі де салдықты біржолата қояды.
Дәуреннің салдықты тастаған себебі осы екен. Бұл әңгімені тыңдаған алты сал таң-тамаша қалып, еліне қайтыпты. Кенен Әзірбаев, дәл осылай, Сарбас, Әлмен, Әмір ақындар туралы да құлақ құрышын қандырғандай кере- мет қызық әңгімелер айтушы еді, амал не, солардың көбі хатқа түспей қалды. |
2
1972 жылы Жамбылдың 125 жылдығы тойланды. Осы тойға Кененді алып келуге мен арнайы тапсырма алдым да, Төрткен, Тасыған Бәйденов, милиция полковнигі Ма- нан Иманбаев төртеуміз Жамбыл облысы, Қордай ауда- ны, Қиров колхозындағы ақынның үйіне келіп жеттік. Ақын киіз үйдің оң жақ төрінде қалың төсектің үстін- де көпшікке шынтақтап отыр екен, кіріп сәлем бердік. Сәлемімізді салқындау қабылдады. Әдеттегідей аман- саулықты, жай-жапсарды қазбалап сұраған жоқ. Сәл кідірістен кейін Насиқа шешейге қарап: — Неғып отырсыңдар, мына баладар (балалар де- генді осылай айтушы еді — М. Ж-) жолдан шөлдеп кел- ген шығар, сусын бермейсіңдер ме,— деді. Қымыз келді, шөл басылған соң: — Ата,— деп мен сөз бастадым,— естіп жатқан шы- ғарсыз, ертең емес, арғы күні Алматыда Жамбылдың 125 жылдық тойы өтеді, осыған шақырушы болып келіп отырмыз, бүгін салқын түсе жүруіміз керек, ертең ты- нығасыз, арғы күні жиынға қатысасыз, тапсырма осы- лай,— дедім. Киіз үйдің керегесінен алысқа көз тастап Кенекең біраз үнсіз отырды да: — Тойларың құтты болсын, қарақтарым, Алматыда- ғылар Кененді баяғыдай, айтса шауып жетіп келеді деп ойлайды-ау, сірә, бүгінде қарға адым жер мұң болып отырған жоқ па, жолға жүрегім шыдамайды; өзім оңып отырғандай, оның үстіне мына дәрігерлер де жарты күн жұлмалап көкпар қып тастапты, бара алмаймын,— деді. Бәріміз де дағдырып қалдық. Сәлден соң Насиқа шешей: — Әй, Кенен, ауылға жете алмай, жолда өліп қала- |
мын деп қорқып отырсың ба, өлмейтін пенде жоқ, өл^ месе ата-бабаң қайда кетті, Қебекбай қайда, Ноғайбай қайда, Сүйінбай қайда, Жамбыл қайда? Өлсең балала- рың «Атамай, атамай-лап» жылап, алып келіп көмеді, шақырып отырған ел-жұрттан ұят емес пе, шакырушы- лардың Сағын сындырма, жолға дайындал,— деді.
Бір жағынан күліп айтқанмен, шешеміздің даусы әжептеуір салмақтылау шықты. Ақын не айтар екен деп біз тағы дағдардық. Біраз үнсіз отырдық. Жарайды дей қоймаған соң, мен сөзге тағы да араластым: — Кенеке, есіңізде ме, 1937 жылы Жамбыл тоқсан екі жасында жердің түбіне — Тбилисиге, Шота Руставилидің өз тойы да емес, оның «Жолбарыс терісін жамылған батыр» деген поэмасының 750 жылдығына барды. Сонда қолтығынан демеп сіз жүрдіңіз қасында. Үй- дің іргесінде — Алматыда өтіп жатқан бабаңыздың тойы- на бармаймын дейсіз. Қордай түгіл, бұл тойға жер-жер- ден, тіпті ит арқасы қияннан — Бангладештен де кісілер қатысқалы жатыр, сіз тірі Жамбыл емессіз бе, не ойлай- ды, халық не дейді, мұныңызды партия қалай түсінеді,— дедім. — Бармаймын деп отырмын ба, қу кәрілік кімді оң- дырған, шідерлеп, матап, шемендеп отырған жоқ па түге, дегенмен болмас, әй Насиқа, тәуекел, киімді әзірле, өзің де жолға қам қыл,— деді. Бәріміз мәз-мәйрам болдық, киімдерін әкелді. Кене- кең кейінгі кезде әбден толып кеткен, киімдерінің бірі дәл келмей әлек болдық. Ордендерін тағып, әйтеуір са- ғат төрттерде жолға шықтық. Кенекең өз «Волгасына» мінді, машинаны Тасығанға айдатты, қасына Насиқа шешейді және мені отырғызды. Үйден шығарда:—Осы ауыл Кенен қашан тәуір бо- лады деп отырған жоқ, қашан өледі деп отыр, бой жа- зып барады дейтін шығар, ауылдың ішінен тезірек өт; ағайын-туғанның көбі бүгінде Тарғапта, көрмегелі көп болды, аңсаған ел білсе жүргізбейді, Тарғапқа тоқта- ма,— деп Тасығанды пысықтап жатты. Машинаға мініп, үлкен жолға түскен соң, көптен көрмеген Шұбарбайтал, Қопа, Ойжайлау, Отар өңірі көзіне оттай басылып, ақынның көңілі көтерілді. Маши- на бір жүріп кетсе қоя ма, жердің апшысын қуырып, әне-міне дегенше Тарғапқа да кеп қалдық. — Шіркін, зулаған заман-ай, бұл ара Жамбылмен талай жүрген жолым еді, біздің ауылдан Қастекке екі қонып жетуші ек, енді, міне, көзді ашып-жұмғанша |
Тарғапты да басып өттік,—деп, бір күрсініп алды да, Жамбыл жайында, бірде өлең, бірде қара сөз араласқан үзік-үзік байтақ әңгімені бастап кетті:
— Мен Жәкеңді ең алғаш қырғыздың манабы Шаб- данның асында көрдім: «Кісі екен алпыс жасты алкымдаған, Салдықтын. самалымен салқындаған. Домбыра ап төңірекке карағанда, От болып екі көзі жарқылдаған. Ауызда айтар сөзі іркілмеген, Қызынса қияғынан мұртын жеген. Акырып домбыраны сабағанда, Шіркіннің екі иығы бүлкілдеген. Сөйлесе досын мактап, қасын даттап, Нөсердей дүркін-дүркін дүркіндеген». Сол асқа не бір ақын, айтулы әнші-күйші келді, дом- быраға, қияққа, сырнайға, сыбызғыға қосып айтады; таңның атысы, күннің батысы ақынға да, әншіге де, күйшіге де дамыл болған жоқ. Солардың ішінде ең даңқы асқандары: Жамбыл, Қалмырза, Тоқтағұл, Өмір- зақ, Қенжеқара, Арқабай еді. Арқабай Майкөттің ба- ласы, мен сол жолы «Қөпшілік көрсін әнімді» деген өлең айтып, әншілігім мен ақындығым қырғыз, қазаққа бірдей тарады. Тоқтағұл, Қалмырзадай қырғыздың әй- гілі ақындары, Сағымбайдай әруақты манасшы арнайы шақырып, жас бұлбұл деп қолпаштап, үнімді тыңда- ды, Жамбылдың оң батасын алып, тұсауым кесіліп, жо- лым да, бағым да ашылды. Содан бастап өле-өлгенше Жамбылдың соңына еріп, қолтығынан демеп жүрдім, жақын шәкірті, үзеңгілес серігі болдым. «Жамбылдың бірге жүріп сырын алдым, Үлгісін, өнегесін жиып алдым. Болсақ та шапырашты, дулат — екеу, Ат қинап ауылымнан жиі бардым. Сөзіме айтсам менің сенесіңіз, Екеуміз ескі жырға төрешіміз. Өнердің тұнығынан қалқып алып, Екеуміз келешекке бересіміз. Жамбылдың бір мінезі — мақтанбайтын, Бой тартып, сайысудан сақтанбайтын. Қажырлы қайратынан кайрак істеп, Үскірік борандатып ақпандайтын. Әжуа, калжыңға да қапелімде Шап етіп шауып қалар қакпандайтын. |
Біз сөзден әділ айтқан танбайтұғын,
Өмірде адалдықты таңдайтұғын. Жақпаған, жақтырмаған адамына Сараңнан да сараң боп тамбайтұғын. Адамды алғаш сөзден танитұғын, Қанжардан өткір тілді жанитұғын. Қатты кұрт, қара бидай ниет қылса, Қарық боп соған түгел жаритұғын. Сенгіш еді досына ауырғанда Ем болып айтқан сөзің даритұғын. Өмірден жазатайым опық жесе Бір күнде бір жылғыдай аритұғын». Кенекең тұсауын алған жорғадай дамылсыз жырлап келеді, біз ұйып тыңдап келеміз, бір сөзі бір сөзінен асып жатқан, таусылмайтын ұзақ дастандай көрінді біз- ге, сөйтсек бұл Қенекеңнің ұстазына арнаған ескерткі- ші — парыз жыры, «Жамбыл жыры» екен. Самсыға да келіп қалған екенбіз. —- Жәкең күлкішіл еді ғой,— деп Кенекең тағы бір әңгімені бастап кетті,— бір күні екеуміз осы Самсыда Шынжырбай деген мұғалімнің үйіне қондық. Түнімен өлең айттық. Ертеңіне аттанғалы жатқанымызда жұ- мысқа кетіп бара жатқан бір топ колхозшы әйелдер бұрылып келіп, Жамбылға өлең айтыңыз деп жалынып қоймаған соң, Жәкең домбыра алып былай деді: «Өлең айтып бер дейді келіндерім, Қелген екен шырағым келімдерің. Өлең айтып келінге бермей койсам Сыртқа шығып бұлтитар еріндерін. Өксегенмен келмейді баяғымды, Қымтап салар кемпір жок аяғымды. Балалар кемпір алып бермей қойды, Босаңсыды деді ме таяғымды. Жасымда жорға мініп, сұлу құштым, Несін мақтан қылайын өткен істің. Ұзынынан қысқасы озып кетіп, Мәнісі де болмады-ау бұл байғұстың». Мұны естіген әйелдер тұра қашты. Жамбыл бір күні Түрген жақтағы жекжаттарын аралап қайтып келе жатып шөлдейді. Жол шетінде тұрған бір ақ отауға келсе, үйдің көлеңкесінде толық келген бір жас әйел теңкиіп жатқан көрінеді. Жамбыл: — Қарағым, жолаушы едім, шөлдеп келемін, сусы- |
ның бар ма?—депті. Әйел теріс қарай бір аунап түсіп, үндемей жата беріпті. Жауап қатпаған соң Жамбыл әріректегі тұрған үлкен ақ үйге келеді. Іргені түріп қойып бірталай адам шай ішіп отырады. Бұл белгілі Саймасай болыстың үйі екен.
— Жамбылдың атын ұстаңдар, аттан түсіріңдер,—■ дейді Саймасай. — Анау үй кімдікі?—деп сұрайды Жамбыл. — Ол біздің ініміз Алмасайдың үйі,— дейді. Ішке кіріп Жамбыл жайғасады. — Шәй қайнағанша сөйлей отырыңыз,— депті Сай- масай. Сонда Жамбыл: «Жолаушылап алыстан шөлдеп келдім, Бір жұтым сусыны бар ел деп келдім. Ақ отауда теңкиген біреу жатыр, Тілі жоқ, жөн білмейтін көр деп келдім. Жиреншедей сөзі бар ер Қосайдьщ, Қызғалдақтай жүзі бар’ Саймасайдың. Үйіне кісі келсе жақтырмайтын Қесірлі катыны бар Алмасайдың. Қайран ерлер сондайға қор боп жүр-ау, Ышқысы жоқ дәміндей ішкен шәйдің, Қызыр шалған ерлерге қырсық болып Қесірі тиер ме екен осындайдың»,— депті. Саймасай ұялғаннан жер болып, ат-шапан айы- бын тартып, елге жая көрмеңіз деп, жалынып, жалбары- нып қалыпты. Айтпа, айта көрме деген сөздің әдеті емес пе, бұл әңгіме ертеңіне-ақ төңірекке түгел тарап кетіпті. Ұзынағаштың тұсына келгенімізде Кенекең: — Мына оңға бұрылған жол Жәкеңнің мавзолейіне барады-ау, тап осы жерде баяғыда базар болушы еді. Базар, Назар екі балам қатар өліп, жылап-еңіреп жүр- ген кезім еді, бір күні осы Ұзынағаштың базарына кел- дім. Ойда жоқта Жәкең жолыға кетті: — Кененжанбысың-ей, Атыңның бұты тыртиып, Өзіңнің мойның қылқиып, не боп кеткенсің, ер-азамат болған іске берік болу керек, құдайдың өзі берді, өзі алды, әлі жассың, бүйтіп жасық болма,— деп қайғымды бөліп, көңілімді көтерді. Көркемжан туғанда арнайы құтты болсын айтып келіп, екі-үш күн өлең-жырға ке- нелтіп кетіп еді жарықтық,— деп бұрынырақ өткен Жамбыл тойын еске түсірді. — Осыдан тура отыз төрт жыл бұрын 1938 жылы Жамбыл ақындығының 75 жылдығы болды. Көршілес |
қырғыздан бұ тойға апрельдің он бірі күні кешкісін Қуанышбек Маликов, Халық Әкиев бастаған он екі адам Жәкеңнің үйіне келіп түсті, оларды Диқан Әбілев, Қалмақан Әбдіқадыров үшеуіміз қарсы алдық. Елдің ежелгі салтымен Халық пен Алымқұл қайымдасып, Жамбылға қырғыз халқынан құтты болсын айтып, сәле- мін жеткізді:
Халық: «Ақ қалпақты қырғыздан Құтты айтып келген шак. Аман-есен жүрмісің, Қария Жамбыл, денің сақ. Әтір ауа, тұнық су, Төрден сәлем береміз. Ай жүзіндей жайқалған. Көлден сәлем береміз». Алымқұл: «Бұлбұлдай үні сайраған Жерден сәлем береміз. Ақ қалпақты қырғызың — Елден сәлем береміз». Халық: «Алтын жазу Одақтық Тудан сәлем береміз. Астанамыз Фрунзе Шудан сәлем береміз. Бауырластық, туғандық Сүйген сәлем береміз». Алымқұл: «Қазақта Жамбыл ақсақал, Жырдың кенін ашқансың. Бүгінде қайта жасырып, Қайғы-шерің басқансың. Заманында Лениннің Балқып нүрға батқансың». Халық: «Құрметтеп еліңіз Ленин орден тақтырған. Парқыңа жетіп партия Балапандай бақтырған». Алымқұл: «Бұлбұл еді Токтағұл Өзіңіздей сайраған. Айыпты: қылып бай-манап Алты айлық жерге айдаған». Халық: |
«Алдында Жамбыл кәрия Сайрап тұрған шағымыз. Сізге бала болсақ та. Кейінгі ліасқа кәріміз».
Алымқұл: |
«Лениндік дәуірде |
Халық: | Бақыттымыз бәріміз.
Халық ақыны байқасақ, Ашьілған екен бағымыз». «Қазақтың сізсіз Жамбылы Қырғыздың Тоқом даңғылы. Жырларыңды жаттаған |
Еліміздің барлығы». |
Алымқұл: |
«Міне келіп сізбенен |
Халық: | Сәлемдескен шағымыз.
Ұзақ өмір тілейміз Ардақты Жамбыл қарымыз». «Ильичтің салған жолында Жасардық қайта бәріміз. Жарқырай берсін қарт Жамбыл, Әлемге жаққан шамыңыз». |
Тоқсан үш жастағы Жәкең сағынысқан қонақтармен құшақтасып көрісіп, сөздеріне әбден риза болды, қанат- танып, қуанып, жиналғандарды күлдіріп отырды. Бие сойылды, ел жиналды, кешке қарай: |
«Айқай салсам алысқа үнім барар,
Күйге салсам1 құйқылжып күйім барар. Жиылған жұрт, сөзімде жалған бар ма, Тоқсандағы Жамбылда арман бар ма, Мендей қылып асқақ ән салған бар ма?»— |
деп, Алатаудан асырып мен ән салдым, ел риза болысты. Менен кейін кезекті Халық Әкиев алды: |
9—5076 | «Ежелден қырғыз-қазақ табысқан ел,
Көп ықылым ескілікте барысқан ел. Жазыгын жарлы, жалшы, дихан тартып, Ер өлсе құн үшін қыз алысқан ел. Бүгінде қыргыз-қазақ қандай елміз, Өшпейтін асыл гәуһар шамдай елміз. Ильичтің, партияның нұры ішінде Ай батпай, ашық атқан таңдай елміз. 257 |
Тоқсаннан Жамбыл, міне жасың өтті,
СССР өлкесіне даңқың кетті. Бақытты қарияның бірі екенсің Аңсаған арманыңа келіп жеттің». Одан соң Алымқұл жырлады. Халық, Алымқұл, Қуа- нышбек: «Жалы болса ат болады, Жағасы болса тон болады. Қызыл өрік бул комуз Қолға тисе сөз болады»,— деп, Жәкеңе қырғыздың қомузын ұсынып, ақ қалпағын кигізіп, шапанын жапты. Сонда Жамбыл: «Басымда ақ қалпағым қызылдан шок, Бұл сияқты қалпақты кигенім жоқ. Қигенім үстімдегі алтын тоным, Тоқсан жасқа келгенде болды жолым»,— деп, меймандарды айналып-толғанып, оларға жолын берді. Сөйтіп, таңның атысы, күннің батысы екі күн жыр төгілді. Әңгімеге де аяқталды, біз де Алматыға келіп жеттік. Қенекең сәл шаршағаны болмаса, қиналған жоқ, ертеңі- не, июньнің тоғызы күні астананың Ленин атындағы Мәдениет сарайында ұлы ұстазы Жамбылдың 125 жылдық тойының салтанатты мәжілісіне қатысты, құр келген жоқ, әлгінде біз тыңдаған, аса бір махаббатпен өрнектеген «Жамбыл — жыр» атты дастанын тарту етті. Тойға талай елден өкіл қатысты. Жамбыл туралы баян- даманы Әбділдә Тәжібаев жасады. Қелесі күні, июннің оны күні, тойдың жалғасы Жам- былдың аулында, алма бағының ішінде өтті. Баққа көп үй тігілген екен, Қененді біреуіне түсірді, біз қасында болдық. Денсаулығының нашарлығына әрі шаршағаны- на қарамастан Жәкеңнің әруағы үшін келген Кенекең, Жамбылдың баласы Тезекбайға әкесінің тойына құтты болсың айтты. Дәм ауыз тиген соң кешікпей «Көк дөне- нін» оталдыртып, Қордайға тартты да кетті. Бұл Кенен Әзірбаевтың аяулы Алматыға, ұлы ұстазының аулына соңғы рет келуі еді… |
3
Жамбыл тойын өткізе салысымен, іле-шала респуб- лика жұртшылығы тағы бір жыр мейрамының — Кенен Әзірбаевтың 90 жылдығының қамына кірісті. Той қар- |
саңында екі жыл бойы көптеген теле-радио хабарлар беріліп, оқу орындарында аудан, облыс орталықтарында ақынға арналған әдеби кештер, жиындар, айтыстар, өткізілді, газет-журналдарға естелік мақалалар жария- ланды, ақындар жарыса өлең арнады.
Осы оқиғаға арнап «Жазушы» баспасы Кененнің бір томдық таңдамалы жинағын шығарды. Әбділдә Тәжі- баев, Шерияздан Елеукенов, Әбілмәжін Жұмабаев және осы жолдардың авторы (кітап менің құрастыруыммен және алғы сөзіммен шыққан еді. М. Ж.) төртеуіміз той- дың алдында сыры кеппеген жыр жинағын әкеліп ақын- ға табыс еттік. Қітапты қолына алып, кеудесіне қысып, сүйді де: — Өлмеді деген осы да, көсегелерің көгерсін қарақ- тарым, көп рахмет. Көрмесеңдер де естігендерің бар шығар, қазақта ілгеріде не бір айтулы ас берілген, жиын өткізілген ғой, бірақ ешбір ақынға мұндай той жасады дегенді естіген де, көрген де емеспін; осының бәрін жасап отырған халқыма мың алғыс, партияма шексіз алғыс. Армансыз адам жоқ дейді, мына мен армансыз- бын, армансыз адам алдарыңда отыр. Сіңірі шыққан, діңкесі құрыған кедей едім, өнердің, жаңа заманның арқасында осынша жасқа, осынша бақытқа жеттім, бә- рін де көрдім, енді менің ешқандай арманым жоқ,— деп, аса бір сезіммен, даналықпен тебіренген еді. Ақынның өзі айтқандай: «Көкшолағы Кененнің дүлдүл болған». Өзі совет халқына бұлбұл болған, аталы жасқа жет- кен, даңқы асқан, аты аңызға айналған заманы еді бұл шынында. Қазақ жері импровизацияның туын тігіп, қанатын жайған жер. Сондықтан да жырдың тойы — елдің, ту- ған жердің тойы. Дүниежүзі мәдениеті тарихында бұ- рын-соңды болып көрмеген бір тойды — Жамбыл ақын- дығының 75 жылдығын — қазақ халқы бұрын да дүріл- детіп, дуылдатып өткізген. Сондай жарқын өнердің мейрамы — Кенен Әзірбаевтың 90 жылдығы, өнер жолы- ның 75 жылдығы — ақынның туып-өскен жерінде, Жам- был обылысы, Красногор ауданы, Киров атындағы кол- хозда, Бөлдек тауының етегінде 1974 жылы 22-23 июнь күндері өткізілді. Той халық мерекесіне айналды. 217 үй тігілді. «Мә- тібұлақ», «Бозторғай» аталатый дала ресторандары салынып, дүкендер орналастырып, кең алқап жәрмеңке- |
ге айналды. Табаны қызған не бір сәйгүліктердің жорға жарысында, тай, құнан, дөнен, бесті, ат бәйгесінде бағы сынға түсті (бәйгеге бас-аяғы 172 ат қосылды). Палуан- дар белдесіп, ұлттық ойындар өткізілді. Үш күн бойы әншілер тамылжытып ән салып, күйшілер күйін төгіп, ақындар жырын ақтарып, суырылып айтысқа шықты. Әбден делебесі қозған ақындар қиқу салса ауыздықпен алысқан, табаны қызған тұлпардай, өлеңнің селін ағы- зып, жырдың топанын қаптатқандай болды. Бибігүл Төлегенова, Ғарифолла Құрманғалиев, Серке Қожамқұ- лов қатысқан Қазақстан өнер шеберлерінің мерекелік концерті болды. Айтысқа түскен ақындардан Әсімхан Қосбасаров пен Мұқаш Байбатыровтың, Өмірбек Қабы- лов пен Әбдәкім Жәлімбетовтің, Қазыбай Бижанов пен Сағатай Оңғарбаевтың, Асылқұл Бүрбаев пен Манап Қөкеновтің сөздері көңілден шықты. Жамбылдың неме- ресі Әзімқұл мен Қененнің шәкірттері Қазыбай Бил<анов, Әсімхан Қосбасаров, Асылқұл Бүрбаев, қарт ақын Мұқаш Байбатыров арнау өлеңдер айтып, елді де, Қене- кемнің өзін де риза етті.
Жиырма үшінші июнь күні таңертеңгі сағат онда салтанатты жиналыс басталды. Үш күн бойына жан- жақтан мұнда ағылып келіп жатқан машина мен адам- да есеп болған жоқ, халық өте көп жиналды. Совет әдебиетін дамытуға сіңіргек зор еңбегі үшін Қенекең Ленин орденімен наградталды. Қазақстан Қоммунистік партиясы Орталық Қомитетінің, қарт ақынға жолдаған құттықтау хаты жарияланды. Онда: «Құрметті Қенеке, Сіздің дарқан дарыныңыз, творчестволық жолыңыз жә- не қоғамдық жемісті еңбегіңіз партия мен халыққа адал қызмет етудің, жарқын болашағымыз коммунизм орнату күресіне азаматтық, ақындық тұрғыдан белсене ат салы- судың өнегелі үлгісі боп саналады. Сіздің асқақ шабы- тыңыздың шалқар көзі — жаңарған Қазақстан, Қомму- нистік партия мен совет халқының ерлік жеңістері. Сізді халықтың зор сүйіспеншілігіне бөлеп, жұртшылыққа әйгілі еткен тамаша өнеріңіз бен жырларыңыз бұл күнде социалистік мәдениетіміздің алтын қорына еніп, оның рухани қазынасына, мақтанышына айналып отыр. Тор- қалы тойыңыз үстінде, Сізге берік денсаулық, ұзақ өмір тілеп, туысқан совет әдебиеті мен өнерінің игілігіне әлі де жемісті еңбек ете беруіңізге тілектестік білдіреміз»— делінген еді. Жиналыста ақынның өмірі жөнінде Әбділдә Тәжі- баев баяндама жасап, СССР Жазушылар Одағы Басқар- |
масының бірінші секретары Георгий Марков, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, әйгілі совет жазушысы Шыңғыс Айтматов, Асқар Тоқмағамбетов, Сапарғали Бегалин, Еркеғали Рахмадиез тағы басқа да көптеген жолдастар тебірене сөз сөйледі. Соның бәрін қарт ақын зор ризашылықпен ұйып тыңдады. Георгий Марковтың: «Совет оқушылары Қенен Әзірбаевтың есі- мін халық әдебиетінің аса ұлы алыптары Сүлеймен Стальскиймен, Жамбыл Жабаевпен қатар атайды. Кененді бүгінгі Жамбыл, екінші Жамбыл деп біледі» дегені; Шыңғыс Айтматовтың: «Кенен ата, осы ұлы той- ға жиналған қалың көпшілік! Бүгінгі күн Қазақстан та- рихында, оның мәдениеті тарихында мәңгі қалатын ғажап күн болды. Қоммунистік партияның рухани мұраға, ұлттық мәдениетке жасап отырған қамқорлығы- ның жарқын куәсіне, тамаша көрінісіне айналды. Мен Сізге Алатауда қанаттас жатқан, бір туған қырғыз елі- нің шын жүректен қайнап шыққан жалынды сәлемін жеткізу үшін, ұлы талантыңызға бас иіп, тәжім ету үшін әдейі келдім. Сіз, Кенен ата, қазақ-қырғызға тең ортақ ұлы адамсыз. Сіздің тойыңыз ■— біздің тойымыз, Сіздің мерекеңіз — біздің мерекеміз. Бүгінгі ұлан-асыр той ұрпақтарымыздың ұрпақтары аңыз етіп айтып жүретін ғажап той болды. Қырғыз елі Сіздің өзінің ең таңдаулы ұлдары өзіңізбен замандас, үзеңгілес, дәмдес болған, Жетісудағы қырғыз-қазақ жерін бірге араласқан, атағы жер жарған Османқұл, Алымқұл, Атай, Халық және бас- қа да бұлбұлдай сайраған ақындарындай көреді, солар- дай ардақ тұтып, Сізді ез атамыз, өз ақьінымыз, өзіміздің өнердегі асқар Алатауымыз деп есептейді. Ел бақы- тына туған қадірменді ата, тоқсан жылдық торқалы тойыңыз құтты болсын. Өміріңіз ұзақ болып, қазақ-қыр- ғыз халқының ақжолтай ақыны ретінде Жамбылдай жүз жасап, жарқылдап жырлай беріңіз» деген сөздері Қенен Әзірбаевқа, оның өлмес мұрасына берілген дәл, биік баға еді.
Сөйтіп, Шыңғыс Айтматов айтқандай, Кененнің тоқ- сан жылдық тойы жырдың жарқын мейрамына, халық- тар достығының айқын салтанатына, совет заманындағы рухани мұраға, өнер қайраткеріне жасалып отырған қамқорлықтың. тамаша куәсіне айналды. Тойға қатысу- шылар кешкісін Кенекеңнің өз үйінде болып, қарт жы- раудың қолынан дәм татысып аттанысты. Халқымыздың пейіліндей кең, жеріндей байтақ, теңізіндей терең, тауларындай биік, ән-жырдан туған |
данадай ақын атамыз Кенен Әзірбаев бәрімізді өзінің саф алтындай таза өнеріне, сұлу келбетіне мәңгі ғашық етіп, ежелгі аңыздар адамындай, 1976 жылдың көктемін- де тоқсан екі жасында Сұлутөрдің етегінде, Қордайдың баурайында, дүние салды. Кенекең болмыс-бітімі де, жүріс-тұрысы да бөлек, табиғи дарын-таланты да еш- кімге ұқсамайтын, Алатаудың шыңындай ойы да биік, бойы да биік, әсем үнді, ділмәр тілді, мінезге бай, көп- шіл, қонақжай ерекше жан еді. Кенекең ғасыр бойы жасаған байтақ мұрасымен, армандай әншілігімен аққу- дың қанатындай әдемі, әппақ жібектей сақалымен, бәй- теректей бойымен көзге де, көңілге де өзгеше бір жұмбақ жандай, данышан абыздай болып көрінетін.
Қайран ақын мәңгілікке көз жұмды, артына өлмей- тін, елімен бірге мәңгі жасайтын жарқын із, байтақ мұра қалдырды. Қененді ақындар — жырында, әншілер — әнінде, күйшілер — күйінде жоқтады. Үкімет пен партия Кененнің есімін мәңгі сақтап қалдыратын шаралар белгіледі: Жамбыл облысы, Красногор совхоз-техникумына, Қордай ауданындағы қазақ орта мектебіне, Жамбыл қаласындағы жаңа кино- театрға, Алматы көшелерінің біріне ақынның есімі беріл- ді; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консер- ваториясы мен Әл-Фараби атындағы Шымкент педагоги- калық мәдениет институтының студенттеріне Кенен Әзірбаев атындағы стипендия тағайындалды; тұрған үйінде мемориалдық тақта орнатылды. Туған Отаны, халқы 1984 жылы сүйікті ақынының жүз жылдығына арнап тағы да ұлан-асыр той жасады. Июнь айының 16-18-і арасында қазақ мәдениетінің қара шаңырағы М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында ақындар айтысы өткізілді. Халқымыздың сүйегіне біткен, ежелден бірге жасасып келе жатқан осы бір ғажайып өнердің қайта өрлеп, қайта дәуірлеп келе жатқандығының куәсі болдық. Жер-жерден, республи- камыздың түкпір-түкпірінен әрқилы ақын-жыраулар, көптеген жыршылар, әншілер, бишілер қатысты, жас таланттар бой көрсетті, сөйтіп халық өнерінің үнемі дами беретіндігін дәлелдеп берді — біз осыған қуандық. Салтанатты жиналыс астанадағы В. И. Ленин атын- дағы Мәдениет сарайында июннің 26 күні өтті. Жиналыс- ты Қазақ ССР Министрлер Советінің председателі Н. Ә. Назарбаев жолдас ашты. Академик Зәки Ахметов Кенен Әзірбаевтың өмірі мен творчествосы туралы ба- |
яндама жасады. Июннің 29-30 күндері той ақынның ту- ған аулында өтті.
Коммунистік партия, совет үкіметі Қенен Әзірбаев- тың еңбегі мен өнерін жоғары бағалады: Ленин, Еңбек Қызыл Ту, екі рет Құрмет Белгісі ордендерімен, көп- теген медальдармен, жеті рет Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен наградталды; Қазақ ССР-ның Халық ақыны, Қазақ ССР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері атағы берілді; СССР Жазушылар Одағының, СССР Қомпозиторлар Одағының мүшесі еді. Өзі айтқандай, партияның қамқорлығы арқасында, кедей Қенен өнердің, дәл осылай, атақты перзенті болды. Ақыннан он жеті дастан, жүз елудей ән, оннан астам айтыс, мыңға тарта өлең, халық қазынасын жинаған том-том қолжазбалар қалды. Ән, жыр жинақтары бас- падан үздіксіз шығып тұрды: «Өлеңдер жинағы» (1947), «Әли батыр» (1951), «Өлеңдері мен дастандары» (1952), «Әндері» (1955), «Өлеңдері мен дастандары және ән текстері» (1961), «Өмірімнің әндері» (1961), «Шығарма- лар жинағы» (1967), «Аңыздар сыры» (1969), «Алатау шыңы» (таңдамалы шығармалары, 1974), «Қенен Әзір- баев» (таңдамалы шығармаларының екі томдығы, 1984), «Шырқа даусым» (әндер жинағы, 1984), «Тау мен дала жырлары» (орыс тілінде, 1984). Екі бірдей ғасырды басынан кешкен Қененнің өмі- рі — өз халқының өмірі, оның тағдыры — өз елінің тағдыры еді. Ол ескінің соңы, жаңаның басы болған ежелгі замандардан келе жатқан баба жыраулар дәстү- рін жаңғыртып, оған жаңа мазмұн, жаңа сыпат берген, жаңа дәстүрге айналдырған ұлы Жамбылдың ең үздік шәкірті болды, сөйтіп, ұстазының жыраулық, жыршыл- дық, ақындық мектебінен өтті. Өмір бойы совет халқы- ның ізгі арманын жырлады. Отанды, социалистік дәуірді эпикалық көлемде жырлайтын Жамбыл дәстүрін түгел қабылдады; ескі аңыздарды жырлағанда Жамбыл сияқ- ты эпостық дәстүрді ұстанды. Сүйімбай, Майкөт, Бақты- бай, Құлмамбет, Сарбас, Жамбыл, Өмірзақ, Қалмырза, Тоғалақ, Тоқтағұл, Төкпе, Халық, Алымқұл, Османқұл секілді қырғыз-қазақ тілінде бірдей жырлады. Қенен Әзірбаев — сан өнерді жарастырып тең ұста- ған ұлы өнерпаз: жырау әрі ақын, жыршы әрі күйші, әнші әрі композитор, шежіреші әрі ел мұрасын сақтаушы үлкен қайраткер. Оның байтақ мұрасы халқымыздың биік эстетикалық мұраты есебінде ұрпаққа үздіксіз қыз- мет ете береді, ғалымдар тарапынан зерттеле береді. |
Қашанда оның аты ұлы Жамбылдың есімімен егіздің сыңарындай бірге аталатын болады. Жамбыл мен Қенен маңдайындағы қос шырақтай, халық поэзиясының айы мен жұлдызындай, мәңгі бірге жасайды, домбыраның қос ішегіндей бірге күй шертеді, жыл асқан сайын ар- ман, кұдырет, аңыз адамдарына айнала береді, алыста- ған сайын Алатаудай сұлуланып, биіктей береді. Өйтке- ні, ол «елді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмейтұгын артына сөз қалдырған» деп, данышпан Абай айтқандай, артына өлмейтұғын сөз, өшпейтұғын өнеге қалдырған ақын.
1984 |