Аукцион-сабақ

3 января, 2018 17:46

 

Бүл сабақ қайталап-қорытындылауға негізделген жөне са- бақ барысында талқыланатын сүрақтардың маңызына ерекше мән беріліп отыратындықтан аукцион-сабақтың мақсаты да осы аталғандар болып табылады.

к Сабақты дайындайтын да, оны жүргізетін де пөн бойынша ұйымдастырылған үйірменің мүшелері. Олар сабақты экүргізушілердің қандай киім киетіндігін ойластырады, музы- қаны, қажетті реквизитті: балғаны, гонгті, сыйлықтарды және т.б. таңдайды.

Сабақтың өткізілу өдістемесін “Молекулярлық физика” бөліміне арналған сабақтың өткізілу мысалымен қарастырып көрелік.

! Қолданылатын қүралдар: магнитофон, Р.Паулстің “Делу време- ни”, “Гиподинамия” атты музыкалық шыгармаларының таспаға нсазып алынған нүсқасы, металл диск пен ағаш балға, балалардың ойыншығы зырылдауық, қатты деформациялардың үлгілері.

Ойналатын заттар: сабын, тіс пастасы мен щеткасы, пласти- лин, мүз-конфеттер, дәптер, қарапайым карындаш жөне т.б.

Демонстрациялық үстел басына сабақтың мақсатына сай тігілген киімдерін киіп екі жүргізуші орналасады. Екінші үстелдегі зырылдауықтың айналасына барлық сатылатын зат- тар қойылады. Дәл осы кездегі олардың қожайыны жүргізуші болып саналады.

Сабақ басталар уақытта жеңіл музыка ойналып түрады. Осыдан кейін оқытушы оқу материалдарын сүрақтар қою арқ- ылы қайталауға кіріседі. Оқушыларға қойылатын сүрақтардың мазмүны төмендегідей болып келеді: “Заттар неден қүрала- ды”?, Заттардың молекулярлық-кинетикалық теориясының ба- сты кағидалары қандай?, “Қатты, сүйық жөне газ төріздес заттар қүрылымының айырмашылықтары неде”? және т.б.

Осыдан кейін барып қана аукционның ережелері түсіндіріледі: Затты сатып алу үшін аукционға қатысушы оқушылар зат пен физиканың арасындағы байланыстарды табулары және кезек- пен заттардың физикалық қасиеттерін, олардың күйлерін, өздеріне төн ерекшеліктерін атап берулері керек, ал жүргізуші болса алынған өрбір жауаптан соң үшке дейін санап отырады. “Үш” деп саналғаннан және оған қоса гонг соғылғаннан кейін сүрақ- ка жауап болмаса, зат сатылған болып есептелінеді жөне оны заттың ең соңғы қасиетін немесе ерекшелігін айтқан оқушы алады. Ал егер заттың физикамен байланысына байланысты дүрыс жауаптар берілмесе сыйлық жүргізушіде қалады. Зат- тардың сатылу реті зырылдауықтың көмегімен анықталады. Сабақ барысында жүргізуші заттың оқушылар атап көрсетпе- ген қасиеттерін айтып, толықтырулар жасап отырады.

Сабақты дамытудың екінші тенденциясы, ол — сабақтардың интеграциясы болып табылады. Егер 80-жылдардың басында түрлі формалардың бір жүйеге біріктірілуінің жекелеген фактілері гана тіркелсе (мысалы, Н.П.Гузиктің жүйесі), ал 80-жылдар- Дьің ортасынан бастап ғылыми ізденіс үстіндегі алдыңғы қатар- лы педагогтер бүл процеске қүлшына араласа бастады, сөйтіп ^үндай төжірибелер көп жерлерде кеңінен қолданыла бастады, сабақты үйымдастыру формаларының өрісі де кеңейе түсті.

Мысалы, Глазов қаласындағы N 21 көсіптік білім беру лицейінің физика пәнінің белгілі мұғалімі өз жүмысында са- бақтардың төмендегідей интегративтік жүйесін қолданады: мо- тивациялық сабақтар — түтас тақырыптың жаңа материалда- рын талдау сабақтары — тақырып материалдарын фронтальдық (жан-жақты) түргыдан қарастыру сабақтары — тақырып мате- риалдарын жеке қарастыратын сабақтар — тақырыптарды жүйелеу жөне қорытындылау сабақтары — бақылаулар мен түзетулер сабақтары. Аталған жүйеге кіретін сабақтардың көпшілігі стан- дарттық емес сабақтар болып саналады. Мысалы, мотивация- лық сабақтардың бір түріне сабақ-көрме жатады. Оны үйымда- стырудағы басты мақсат — тақырыпты оқып-білудің жан-жақ- ты мотивациясын жасау болып табылады. Мүндай сабақтың үйымдастырылуын былайша сипаттауға болады: сабақ өткізілуге бір апта уақыт қалғанда оның өткізілетіндігі жайында хабарла- ма жасалады, ал сабақты өткізу үшін дайындығы жоғары оқушы- лардың ішінен 5-6 экскурсовод тағайындалады. Оқытушы өрбір экскурсоводты тақырыпқа байланысты сүрақтармен алдын ала таныстырады жөне оларды қалай жеткізуді үйретеді. Оқу тобы бригадалардың санына байланысты бөлінеді, ал өрбір бригада өр экскурсоводқа барып, бағдарлама бойынша оқылатын тақы- рыптарға байланысты қысқаша мөліметтер алуға толық мүмкіндік алады. Бүл жүмысқа 30 минут уақыт бөлінеді. Қалған уақытта мүғалім оқушылардың енді ғана танысқан тақырыптарына қысқаша шолу жасайды. Осыдан кейін оқушыларға үй тапсыр- малары беріледі. Онда олар көргендері жайында жөне тағы да қандай тақырыптар қызықтыратындығын қысқаша жазып келулері керек болады. Сабақтың мүндай формасы оқушылар- ды өз ойларын жеткізе білуге, адамдардың ортасында өздерін емін-еркін үстай білуге үйретеді және топтың психологиялык хал-ахуалына жағымды өсерін тигізіп, шығармашылық көңіл- күй туғызады.

Теориялық оқуды үйымдастыру формаларының тобына са- бақтан басқа лекцияларды (дөрістерді), семинар сабақтарын. лабораториялық, зертханалық-тәжірибелік сабақтарды, экскур- сияларды, консультацияларды, сынақтарды, оқушылардың өзіндік жүмыстарын және т.б. жатқызуға болады. Олар үш шағын топтарға бөлінетіндіктен біздер сол топтардағы ең басты бір- екеуіне ғана сипаттама беруге тырысамыз. Біздің ойымызша, жаңа материалдьі игеру формаларының ішінде дөрістер ерекше орын алса, ал білімді, төжірибе мен қабілеттілікті жетілдіруде — семинарлар, зертханалық-төжірибелік жүмыстар үлкен рөл атқарады. Ал үшінші топқа, сөзсіз, сынақтар мен консультаци- яларды жатқызуга болады.

Дөрістер — оқуды үйымдастыру формасы ретінде. Дөрістер деп — үстаздың пөнге байланысты білімін қатынастың монологтік формасы арқылы оқушыларға берілуі жүзеге асырылатын са- бақты айтамыз. Дәрістер оқу материалдарын оқушыларға жеткізу-

оларды ойдағыдай игере білудің ең тиімді түріне жатады. уаңыт мерзімі жағынан алғанда дәрістер бір немесе екі акаде- миялық сағатқа созылады (оқушылардың жас мөлшері мен сабақ мазмүнының өзіндік ерекшелігіне байланысты).

Дөрістердің басты дидактикалық маңыздылығына нені жат- кызуға болады? Дәрістер ойлау логикасына үйретеді, ғылым- нЫҢ өдістерін игере білуге көмектеседі, оқушылардың өзіндік лсүмыстарына негіз бола алады, олардың интеллектуалдық, сезімдік (эмоционалдық), жігерлілік, мотивациялық қабілеттерін одан әрі дамытады.

Оқу процесінде дөрістерді қолданудың ерекшелігіне оның кері байланыстарының әлсіздігін жатқызу дөстүрге айналган десек қателеспеген болар едік. Сондықтан да оқытушы бүл кемшіліктің орнын толтыра алатындай оқу әдістерін кеңінен қолдана білуі керек. Ол тәсілдерді атап өтсек: дауыстың ыргағы және оның шыгуын езгертіп отыру; бет қимылдары, дене қимыл- дары, күлімсіреу: колдау; көсіптік-бағдарламалық тапсырма- ларды (есептерді) орындау; тақырыпты түсіндіру кезінде үзілістер (пауза) жасау; оқудың аудиовизуальдық қүралдарын қолдану және т.б. Мысалы, дөріс беру кезіндегі тез арада жүзеге асыры- латын “бағдаршам” деп аталатын кері байланыстар төсілі назар аударуға түрарлықтай. Оның мән-магынасы мынадай: өрбір оқушының үстелінде бір жағынан қызыл түске, ал екінші жағынан жасыл түске боялған картоннан (қатты қағаздан) жасалған тік бүрыш жатады. Оқытушы өз ойын айтып болған- нан кейін оқушылардан түсіндірілген материалды қалай үғын- ғандарын хабарлауды өтінеді. Егер оқушылар берілген оқу материалын толық игеріп, дөрісті одан өрі жалғастырғылары келсе жасыл белгі, ал керісінше болса — қызыл белгі беріледі. Оқушылар мүндай тәртіпке тез арада үйреніп алады, сөйтіп мүғалім тарапынан бүйрықты күтпей-ақ “тоқтаңыз, түсініксіз” деген белгі береді, ал бүл белгі “оқу материалын қайталап түсіндіріңіз” дегенді білдіреді. Мүндай өдіс оқушыларды тақы- рьшта қамтылған мәселелерді өз беттерімен талдай білуге үйретеді, зл оқытушының еңбегінің тиімділігі қас-қағым сәтте белгілі болып қалады.

Лекцияның (дөрістің) бірнеше түрлері бар: кіріспе дөрістер, Қорытынды, жалпылама дөрістер, эпизодтық дәрістер. Ал қыз- м®т сипатына байланысты дөрістерді информациялық жөне проблемалық деп екіге бөледі.

Кіріспе дөрістердің мақсаты: оқушыларды тақырып аясына енгізе білу, оларды оқу курсының немесе жеке ірі тақырыптың Мазмүнымен қысқаша таныстыру.

Қорытынды дөрістер пәннің курсы толық аяқталғаннан кейін барып қана оқылады. Ондағы басты мақсат: оқушылардың ал- Ғаа білімдерінің өрісін кеңейту мен қорытындылау және олар- Дьі бір жүйеге келтіру.

Эпизодтық (ара-тұра оқылатын дәрістер) дөрістер — белгіді бір пөнді оқу барысында туындаған қажеттілікке байланысты алдын ала жоспарланбай-ақ оқылатын дөрістер.

Информациялық дәрістер кезінде мұғалім оқу материалда- рын монологтік тұрғыдан баяндайды да, ал оқушылар өздерінің орындаушылық қабілеттерімен көзге түсіп отырады. Бүл — көпшілікке бұрыннан белгілі классикалық дәрістердің қатары. на жатады.

Проблемалық дөрістердің информациялық дөрістерден айырмашылығы сол, мүнда оқушыларға түрлі хабарлар беру. ден гөрі ол хабарларды ғылыми білімдердің дамуының объективті қарама-қайшылықтарын түсіне білу мен оларды шешудің жол- дарын қарастыруға ерекше мөн беріледі.

Дәрістердің белгілі бір түрін таңдау білім берудің мақсаты- на, оқу процесінде қолданылатын оқу материалдарының мазм- үнына, оқушылардың өзіндік ерекшеліктеріне және т.б. тығыз байланысты болып келеді.

Әдетте, дөрістер оқушыларға сүрақтар, өзіндік жүмыстарға арналған тапсырмалар берумен және қажетті әдебиеттер тізімін үсынумен аяқталады. Бүл тапсырмалардың мақсаты: оқушы- лардың алған білімдерін баянды ету, өрі өтетін семинарларға дайындықтың толыққанды өтуін қамтамасыз ету.

Семинар — оқушылардың өзіндік ізденістері мен шығарма- шылық еңбегіне дәнекер бола алатын оқу процесінің өзіндік үйымдастырушылық формасы болып табылады. Семинар сабак- тары оқушылардың өз беттерімен жүмыс істей білу дағдыла- рын қалыптастырады, ал ондағы талқыланатын мөселелер оқушы- лардың танымдық қабілеттерін арттыруға, шығармашылық төжірибелер жинақтай білулеріне, ең бастысы — алған білімдерін одан өрі тереңдете түсулеріне даңғыл жол ашып береді.

Ендігі жерде “семинар мен сабақтың үқсастығы мен айыр- машылығы қандай?” деген сүраққа жауап беріп көрелік. Білім берудің бүл екі формасы да оқушылар қүрамының түрақтылы- ғымен, өткізілетін сабақ уақытының белгілі бір түрақталған мерзімімен, оқу бағдарламасына сәйкестігімен, оқушының бас- шылық рөлімен ерекшеленеді. Бүлардың өзара үқсастығы осы атап өтілген жағдайларға тығыз байланысты болып келеді.

Ал семинардың сабақпен салыстырғандағы басты ерекшелігіне оқушылардың өз беттерімен жүмыс істеу дәрежесінің өте жоға- ры болуын жатқызуға болады. Мүндай кезде педагог пен оқушы- лардың өзіндік қызметтері (функциялары) өзгерістерге үшы- райды: семинарларды өткізу барысында регулятивтік жөне үйым- дастырушылық функциялар өте айқын көрініс табатын болса, сабақ уақытында — информациялық сарын басым болады; ал оқушылардың қызметінде, керісінше, сабақпен салыстырғанда информациялық функция күшейе түседі; семинардың қүрылы- мында міндетті түрде орындалатын кезең болады, ол — окУ материалын оқушылардың өз беттерімен игеру нәтижелерін үясьімдық талқылау болып табылады. Толықтырып айтсақ, се- л,іинарда дөл осындай кезеңнің көрініс табуының арқасында 0қушылар өз пікірлерін емін-еркін ортаға салып, айтыс-талас- тарға белсене араласады. Семинар сонымен бірге оқушылардың адеуметтік тәжірибенің белгілі бір жағын игерулеріне ықпал асасайды, ал бүл жағдай сабақпен салыстырғанда семинардың тәрбиелік қызметін одан әрі күшейте түседі. Ең соңында айта- рымыз, семинар оқудың екінші бір ерекше түрімен — консуль- тациямен тығыз байланысты болып келеді. Олар, әдетте, оқушы- лардың өзіндік жүмыстарға дайындықтары барысында өткізіледі.

Семинардың өзіндік қүрылымы үш кезеңді қамтиды: дай- ыкдық кезеңі, басты кезең жөне қорытынды кезең.

  • Дайындық кезеңінде семинарға қатысушы оқушылардың барлығы да алдын ала дайындықтан өтеді. Ал оқытушы болса семинардың тақырыбын таңдайды, негізгі пөнмен қатар семи- нарда талқыға түсетін тақырыпқа байланысы бар басқа да пәндер бойынша да пайдаланылатын өдебиеттердің тізімін жа- сайды, семинар сабағының жоспарын жасайды, бүкіл топ мүшелері үшін міндетті түрде оқылуға тиіс немесе баяндамалар мен хабарламалар жасауда пайдаланылатын өдебиеттерді таң- дап алады, оқушыларға берілетін сүрақтарды, тапсырмаларды жөне т. б сүрыптаудан өткізеді. Осы орайда көсіптік-қолданба- лы мазмүндағы баяндамаларды дайындауға ерекше назар ауда- ру керек екендігін ескертіп өткен жөн болар. Семинар кезінде қойылатын сүрақтар мен берілетін тапсырмалар жүйесі төмендегідей талаптарға сөйкес болулары керек: өрі маңызды, әрі қажетті оқу материалдарын таңдай білу; оқу материалының кәсіптік бағыт-бағдарға сай болуы; берілетін тапсырмалардың мазмүндылығы, оларды орындау тәсілдері, қиындықтары жа- ғынан өр-түрлі болып келуі; тапсырмалар мен есептердің пөна- ралық және комплекстік сипатта болуы.

Семинарларға дайындық барысындағы оқушылардың қызметі ~ сүрақтарға берілетін дұрыс жауаптарды ойластырудан, тап- сырмаларды тыңғылықты орындауға деген талпыныстан жөне өдебиеттермен танысудан түрады. Алынған тапсырмаларды оқушылар баяндамалар, тезистер, рецензиялар, рефераттар, конспектілер, графикалық жүмыстар, мерзімді басылымдардың материалдарын сүрыптау түрінде орындап отырады. Оқушы- лардың түсінбеген сүрақтары консультациялар кезінде талқы- ланып, оған тиісті жауаптар беріледі.

Екінші, басты кезең семинар сабақтарының өткізілу бары- сьімен тығыз байланысты болып келеді. Семинардың басында оқытушы кіріспе сөз сөйлейді, одан өрі оқушылардың берген ^кауаптарын тыңдап, тақырып бойынша үжымдық талқылауды Үиымдастырады, тиісті сұрақтарды беріп отырады, қажет бол- ран жағдайда оқушылардың дүрыс емес жауаптарын түзетеді ^көне т.б. Оқушылар семинар кезінде баяндамалар жасайды, өз ^Колдастарының шығып сөйлеген сөздеріне толықтырулар мен түзетулер енгізеді, пікірталасына белсене араласады, берілгең жауаптарға өз бағаларын береді және семинардың қорытынды. ларын шығаруға белсене қатысады.

Семинардың ең соңында оқытушы жүмыстың қорытынды- сын шығарьш, оқушыларға тиісті бағаларын қояды жөне семи- нар барысында туындаған кейбір түсініксіз сүрақтарға жауап береді.

Зертханалық-төжірибелік сабақ — сабақтарды үйымдастыру. дың формасы ретінде. Зертханалық-тәжірибелік сабақтарды оқытушылардың оқу процесі барысында кеңінен қолданатың басты формаларының біріне жатқызуға болады. Онда зертхана- лар жағдайында (арнайы жабдықталған бөлмелерде) арнайы жасалған тапсырмалардың негізінде жүзеге асырылатын тәжірибелік жүмыстарға баса назар аударылады.

Зертханалық-төжірибелік сабақтың тек өзіне ғана тән си- паттарының бірі — оқытушының басшылығымен өткізілетін оқушылардың өзіндік жүмыстарын үйымдастыру болып сана- лады. Мүндай сабақтар кезінде түрлі қүрал-жабдықтар, техни- калық қүралдар, материалдар және т.б. қолданылады. Зертха- налық жүмыстарды орындау барысында оқушыларға ғылыми хабарлар қозғалғыш мүшенің қабылдағыштары арқылы келіп түседі. Зертханалық сабақтарды өдістемелік жағынан дүрыс үйымдастыра білу — оқушылардың ой-өрісінің дамуына, бола- шақ жүмысшылардың практикалық және ойлау қызметтерінің интеграциясына, оқушылардың зерттеу жүмыстарының экспе- рименталдық әдістерін (бақылау, өлшеу және нөтижелерді қоры- тындылау, жоспарлау, топ мүшелерінің өрқайсысының міндеттерін белгілеу, өзара көмек пен өзара бақылауды жүзеге асыру қабілеттері) игеруіне өсер етеді.

Зертханалық-тәжірибелік сабақтар төмендегідей бөлімдерден түрады: кіріспе бөлім (мүнда оқытушы сабақтың мақсатын айқындайды, оқушыларға тапсырмалар береді, қойылатын сүрақ- тарды белгілейді, оқушылармен бірлесе отырып іске асырыла- тын жүмыстардың кестесін жасайды); оқушылардың өзіндік жүмыстарыпың бөлімі (оқушылар алға қойылған мақсатты орындаудың жолдарын қарастырады, белгіленген міндеттерді шешеді, атқарылған жүмыстарының есебін жасайды); қоры- тынды бөлім (оқытушы оқушылардың жүмыстарының барысы мен нәтижелерін талдайды, жіберілген қателіктерді табады жөне олардың орын алу себептерін анықтайды).

Зертханалық сабақтарда инструкциялық (нүсқаулық) карта- лар да қолданылады, алайда олардың қолданылуы оқушылар- дың өзіндік бастамаларына кедергі болмауы керек. Осы мақсатқа сай оқушыларға тәжірибелер жүргізу жоспарын жасау, жүмы- сқа қажетті қүрал-жабдықтарды таңдап алу, жүмыстың орын- далу ретін айқындау сияқты өзіндік тапсырмалар беріліп оты- рады.

ь Соңғы кездерде интегративтік зертханалық-төжірибелік са- бақтарды өткізуге көп көңіл бөліне бастады. Оны дайындап, өткізуге бірнеше мұғалім қатыстырылады. Осы орайда көсіптік мектепте геометрия пәні бойынша “Көп қырлы денелер мен олардың айналысының көлемі мен жоғарғы жақ бетін есептеп хяьхгару” тақырыбына арналган сабақты қарастырып көрелік. Сабақ математика, информатика жөне есептеу техникасы пәндерінің мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберінің қатысумен өткізіледі. Әрбір оқушыға нөмірленген үлгі беріледі, ал өндірістік оқу шебері штангенциркульді қалай қолдану керектігін оқушы- лардың есіне салады (олар өндірістік оқу сабақтарында бұл құралды қалай қолданғандарын естеріне түсіреді), осыдан кейін оқушылар қажетті өлшемдер жасап, керекті формулаларды жазып алады, микрокалькулятор үшін бағдарламалар дайындайды, өз кезегінде информатика жөне есептеу техникасы пөнінің мұгалімі багдарламаларды қалай жасау керектігінен оқушыларды тагы да хабардар етеді. Оқушылар микрокалькуляторлардың көмегімен қажетті нөтижелерді алады, берілген жоспарга сүйене отырып атқарылган жұмыстың қорытындыларын дайындайды. Атқарыл- ған жұмыс геометрия және информатика пөндері бойынша да бағаланады.

Кәсіптік мектептердегі зертханалық жүмыстар бірнеше түрге бөлінеді: фронтальдық-зертханалық жұмыстар (физика және химия пәндері бойынша) және (практикумдер) практикалық жұмыстар (физика, биологая, география жөне кейбір жалпы техникалық пөндер бойынша). Фронтальдық-зертханалық жұмы- стар кезінде барлық оқушылар мазмұны бірдей тапсырмаларды орындайды, ал олардың тақырыптары белгілі бір тақырып бой- ынша таңдап алынган оқу материалының мазмұнына сәйкес болуы керек. Практикумдер мен тәжірибелік сабақтар ауқым- ды тақырыпты, багдарламаның бөлімін оқып бітіргеннен кейін оқу жылының аяғында немесе жарты жылдан кейін өткізіледі. Олар, әдетте, қайталаулар мен қорытындыларға сүйенеді және онда оқушыларга барынша еркіндіктер беру көзделеді. Ең бас- тысы, жалпы жөне көсіптік білім берудің өзара қарым-қатына- старын тереңдете түсуге қолайлы жагдайлар тугызып отырады.

Консультация — белгілі бір пөнді оқу барысында кездескен түсініксіз немесе күрделі сүрақтарды, тақырыптарды жөне т.б. оқушыларға түсіндіріп беру мақсатында сабақтан тыс ұйымда- стырылатын оқу процесінің кеңінен тараған формасы болып табылады. Латын тілінен аударганда “консультация” деген сөз маманның берген кеңесі” деген магынаны білдіреді.

Оқу процесіндегі консультацияның алатын орны оқушылар- Дың оқу бағдарламасын қандай дөрежеде игергендіктеріне қарап оағаланады. Алайда консультацияны оқытушының сабақ кезіндегі ^іберіп алған мүмкіндігінің орнын толтырудың ғана құралы Деп қана қарастырмау керек сияқты. Өйткені, оны жаңа мате- риалды игерумен, оны үғынумен жөне іс жүзінде қолдана білумӨң органикалық тығыз байланыста болып келетін оқу процесінің ажырамас бөлігі ретінде қабылдауымыз керек. Соңғы жылдары консультацияның оқу процесіндегі рөлінің арта түсуіне үстаз- дар қауымының білім берудің дәстүрлі емес формаларын кеңіңең қолдана бастауы себепкер болып отыр. Оларды атап айтсақ; дөрістер, семинарлар, конференциялар, ойындар жөне т.б. Со- нымен қатар түрлі формалар жүйелері (мысалы: дөрістер — төжірибелік сабақтар — семинар — сынақ).

Консультацияның төмендегідей түрлерін атап өтуге болады.

Кіріспе немесе алдын ала өткізілетін консультациялар — сабақ барысында қамтылатын материалдарды игеруге көмектеседі. Ал күнделікті консультациялар болса оқылатын материалдың ең басты жөне күрделі сүрақтарын тереңірек қарастыру және оқушылардың оқуға деген қабілеттерін саралау мақсатында оқу бағдарламасындагы материалдарды сабақ кезіндегі оқумен қат- қабат түсіндіреді. Қорытынды консультациялар жеке тақырып- ты немесе бағдарламаның белгілі бір бөлімін оқып біткеннен кейін жүргізіледі. Консультациялар сонымен қатар жалпылама және тематикалық болып та келеді. Қорытынды консультация- лар жалпылама сипатта, ал күнделікті консультациялар, әдет- те, тематикалық сипатта болып келеді.

Кәсіптік мектептерде пәнаралық жөне цикларалық консуль- тациялар өткізу дөстүрге айналған. Мүндай консультациялар барысында жалпы жөне кәсіптік білім берудің өзара байланы- стары жүзеге асырылып отырады. Арнайы пөннің мүғалімі аралас пәндердің мамандарымен байланыстар орнатады, олар- мен бірлесе отырып маңызды сүрақтарды талқылайды.

Консультацияларды өткізудің дөстүрлі формалары (оқушы- лар сүрақтар береді де, ал мүғалім оларға жауап береді) бар- лық кездерде тиімді бола бермейді. Сондықтан да оқушыларды ынталандыру үшін былай істеуге болады: оқушылар өздерін толғандырған сүрақтарын алдын ала арнайы жөшікке салады жөне осыдан кейін ең қызықты, өрі қиын сүрақтарды таңдап алып, сол оқушылардың арасынан консультанттарды дайын- дайды. Жүргізілген тәжірибелер мүндай жағдайда өткізілген консультациялардың өте тиімді болатындығын көрсетіп отыр-

Оқушылардың өзіндік жүмыстары. Оқушылардың өзіндік жүмыстарының мөні — оқушылардың танымдық қызметін өз күштерімен үйымдастыра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады.

Ол — оқушылардың білім деңгейінің өз беттерімен арттыру- ына барынша ықпал ететін, оларды өзіндік жүмысқа тартудын басты қүралдарының бірі болып табылады жөне оның дидакти- калық мақсаты да дөл осы сарындас болып келеді.

Өзіндік жүмыстар сабақ барысында да, сабақтан тыс уақыт- тарда да жүзеге асырыла береді (20-кестені қараңыз)

: Өзіндік жүмыстар өзінің үйымдык, қүрылымы мен өткізілетін сабақтардың мазмүндылығының арқасында оқушыларды ынта- ландыруға ерекше ықпал жасайды, өйткені білім берудің бүл өдісі олардың өзіндік стиль мен қарқында жүмыс істеулеріне мүмкіншілік туғызып береді.

Кәсіптік мектептерде сабақтан тыс өткізілетін өзіндік жүмы- стардың төмендегідей формалары кеңінен таралған: оқу және анықтама әдебиеттерімен жүмыс істеу (мұндағы мақсаттар: ең басты мәселелерді бөліп алып қарастыру, материалдарды бір жүйеге келтіру, оларды талдау, қорытындылау, блок-схемалар, кестелер, алгоритмдер жөне т.б. жасау); түрлі пәндердің цикл- дары бойынша нақты жөне жеке тапсырмаларды орындау; та- қырыптарды оқушылардың шағын топтарымен талқылау, ал осыдан кейін олардың әрқайсысы бірнеше оқушының оқуымен айналысады (олар бүл жүмыстары жайында оқытушының ал- дында есеп береді); оқушылардың пән бойынша өдістемелік материалдар дайындауы (схемалар, кестелер, конспектілер, ЭВМ- га арналған бағдарламалар, түрлі есептер және т.б.); оқушы- ларды неғүрлым жауапты немесе интегративті зертханалық жүмыстарға дайындау; түрлі тапсырмаларды конкурс арқылы орындау; базалық кәсіпорындардағы, зертханалардағы жаңа технология мен техниканы зерттеп-білу; оқытушының көмегімен оқушылардың пөндерді өз беттерімен оқуға дағдылануы; даму үстіндегі арнайы дайындалған материалдарды орындау (мүндағы басты мақсат: пәннің негізгі қағидаларын нақты да, терең игере білу).

Білім берудің белгілі бір формасының тиімділігі көптеген факторларға тығыз байланысты болып келеді. Біздің ойымыз- ша, олардың ішіндегі ең бастыларының бірі — оқушылар мен оқытушылардың алға қойылған басты мақсатты жүзеге асы- РУға педагогикалық, психологиялық жөне өдістемелік жағынан Дайын болуы.

‘ Оқушылардың үй жүмыстары — өзіндік жүмыс формалары- Ньің бірі болып саналады. Оқушылардың үй жүмыстары, әдет- те, оқытушының, шебердің қатысуынсыз-ақ орындала береді (алайда, үй тапсырмаларын солар береді). Үй тапсырмаларын °Рындау барысында оқушылар тапсырманы орындауға кететін Уақытты да, жүмыстың ретін де өздері белгілейді, орындалған тапсырмалардың нөтижелерін тексереді, жіберілген қателіктерді тауып, оларды жояды және т.б.

Оқушылардың үй жүмыстарының нөтижелілігі көп жағдай- ларда сабақтың қалай өткендігі мен оқушылардың үй жүмьіс. тарын орындауға қалай дайындалғандығына тығыз байланысты болып келеді.

Үй жағдайында және сыныпта орындалатын жүмыстардьің өзара байланыстары түрлі формаларда көрініс тауып отырады. Көп жағдайларда үй жүмыстарын орындау кезінде сабақта игерілген материалдар одан өрі пысықталады. Оқушылар оқыту- шының сабақ уақытындағы айтып берген оқу материалдарын оқулық, конспект жөне басқа да деректер арқылы қайталайды, сабақтың мазмүнына сөйкес келетін есептерді шешеді, тапсыр- маларды орындайды. Кейде үй жүмыстарын сыныптағы оқудың жалғасы ретінде де қабылдауға болады. Мысалы, сабақта есепті шешудің жолдары ғана қарастырылады да, ал оның нақты шешімін оқушы үй жүмысы кезінде табады.

Оқушылар өзіндік жүмыстың төжірибесін игере бастаған кездегі, яғни білім берудің соңғы кезеңдеріндегі үй жүмыста- рының мазмүны — оқытушының сабақ уақытында қысқаша таныстырған оқу материалдарын үй жүмысы жағдайында кітап бойынша оқып-білумен толықтырылады. Кейбір уақытта үй тапсырмалары оқушыларды келесі сабақта қарастырылатын материалдарды ойдағыдай игере білуге дайындау мақсатында беріледі.

Сонымен, қорытындылап айтқанда оқушылардың үй жүмы- стары — оқу процесінің қүрамдас бір бөлігі болып саналады жөне ол сыныптағы жүмыстың заводы жалғасы ретінде кеңінен қолданыс тауып отырады. Үй жүмыстары мен сыныптағы жүмы- стар мазмүны жағынан да, көлемі жағынан да бір-бірлерімен байланысты болулары керек.

Үй жүмыстарының көлемін белгілеуде төмендегі жағдай- ларды ескеру керек болады:

  • күндік жөне апталық оқу режимі (теориялық жөне өндірістік оқу күндерінің өзара сөйкестігі, өр күнде өткізілетін сабақтар саны жөне олардың қиындық деңгейлері);
  • апта ішіндегі оқуға деген оқушы қабілетінің даму дина- микасы (бейсенбіден бастап, яғни аптаның аяғына қарай оқушы- лардың оқуға деген ынталарының төмендей бастауы);
  • үй тапсырмаларын орындауға жүмсалатын уақыт, өдетте, күніне 2.5-3,0 сағаттан аспауы керек.

Үй тапсырмаларының мазмүны мен көлемін анықтаған кез- де жекелеген окушылардың өзіндік кабілеттері мен мүдделерінін даму дөрежелерін нақты ескеріп отырған дүрыс болады. Сөйтіп, бүл мәселені дифференциялық түрғыдан тиімді шеше білуге мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар күнделікті сабақты жіберіп алудың салдарынан оқудан артта қалып қойған оқушылар үшін үй жүмыстарының жекеше сипатқа ие болуының маңыздЫ- дығы да айтарлықтай болып келеді. Мұндай оқушыларға оқыту- ЮЫ фронтальдық тапсырмалармен қатар жіберілген кемшілік- терДІҢ орнын толтыруға бағытталған кейбір қосымша тапсыр- малар да ұсынып отырады.

Бағдарламаны ойдағыдай игере алмаған дайындығы нашар оқушыларды топтың дәрежесіне біртіндеп көтеру үшін кейбір кездерде жеңілдетілген үй тапсырмалары беріледі. Ал пөнге ерекше қызығушылықпен қарайтын оқушылар үшін, олардың білімдерін одан әрі тереңдете түсу мақсатында арнайы жеке тапсырмалар дайындалады. Өз кезегінде пөннің барлық матери- алдарын ешбір қиындықсыз-ақ меңгере алатын қабілеті жоға- ры оқушыларға өте қиын үй тапсырмалары беріледі.

Кәсіптік оқу орындарына тән болып келетін үй тапсырмала- рының барлығы да, негізінен төрт топқа бөлінеді: ауызша, жазбаша, графикалық жөне тәжірибелік-оқу топтары және бүлар- дың әрқайсысының оқу процесінде атқаратын өзіндік рөлі бар.

Ауызша үй тапсырмаларына оқулық бойынша берілген оқу материалдарын оқып-қайталау, сызбалар мен кестелерді сызу, түрлі техникалық өдебиеттерді, қүжаттарды және анықтама материалдарды оқудың негізінде берілген сүрақтарға жауаптар дайындау, өндірістік қызметті талдау және т.б жатады. Ауыз- ша үй тапсырмаларының қатарына сонымен қатар сапалы есептерді шешуді де жатқызуға болады.

Жазбаша үй тапсырмалары экскурсия кездеріндегі оқушы- лардың өзіндік бақылауларын сипаттауды, түрлі есеп айыры- лысуларды орындауға арналған есептер мен тапсырмаларды, технологиялық карталар жасауды, зертханалық-тәжірибелік жүмыстар жайында есептер дайындауды жөне т.б. қамтиды.

Графикалық үй жүмыстарына түрлі сызбалық жүмыстар (бір нөрсенің эскизін жасау, тіліктер мен қимылардың бейнесін жасау, тетіктер мен түйіндердің жөне т.б. суретін салау), бақы- лаулардың нөтижелері бойынша схемалар, графикалар, диаг- раммалар, суреттер салу және т.б. жатады.

Арнайы пөндерді оқу тәжірибесінде практикалық сипаттағы үй тапсырмалары кеңінен қолданылады. Оқушылар өндірістік оқу шеберімен келісілген оқытушының берген тапсырмасы бой- ьінша үйдегі оқу жағдайында нақты бөлшектерді дайындаудың технологиялық процестерінің, тетіктер мен механизмдерді өздеріне сөйкес келетін қүралдарды таңдай отырып жинастырудың кар- таларын жасайды, режимдерді есептеп анықтайды, бақылау- Дың төсілдерін негіздейді, қосымша қүралдардың жобасын Жасайды, қүрал-жабдықтардың конструкциясын жетілдіреді жөне т.б. Орындалған жүмыстар мүғалім тарапынан тексеріліп, қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін ғана оқушылар өздерінің бүл туыңдыларын өндірістік оқу сабақтарында қолдана алады.

Үй тапсырмаларының өзіндік түрлерінің бірі — пөнаралық, комплекстік тапсырмалар болып есептелінеді. Оның ойдағыдай орындалуы — арнайы, жалпы техникалық және жалпы білім беретін пәндер бойынша білімдерді жан-жақты қолдана білумең қатар, үлкен практикалық төжірибе мен шеберлікті игеруді де қажет етеді.

Қосымша сабақтар. Қосымша сабақтарға, өдетте, оқушылар- дың үй жүмыстарынан басқа, оқу жоспары бойынша белгіленген оқу уақыт кестесінен тыс кездерде жүргізілетін оқудың түрлерің жатқызамыз.

Қосымша сабақтарды өткізу қажеттігі білім берудің сыньщ- тық-оқу жүйесінен келіп туындайды. Оның басты сипаттамала- рының біріне белгілі бір топ оқушыларының сабаққа біркелкі дайындалуын қамтамасыз етуге бағытталган белгілі бір пәннің материалдарын ойдағыдай игеруге деген бүкіл топтың жаппай қүлшынысын жатқызуға болатын болар. Оқушылардың дәл осындай біркелкі дөрежесін қамтамасыз ету үшін қосымша сабақтар өткізіліп отырады. Қосымша сабақтарды, әдетте, пөн мұғалімдерінің өздері жүргізеді. Ал өндірістік оқу саласында қосымша сабақтар қолданыла бермейді.

Қосымша сабақтар өздерінің өткізілу мазмүны мен сипаты бойынша екіге бөлінеді: оқу үлгерімі нашар оқушылармен өткізілетін қосымша сабақтар және белгілі бір себептерге бай- ланысты сабаққа үзақ уақыт қатыспаған оқушылармен жүргізілетін қосымша сабақтар. Үлгермейтін оқушылармен жүргізілетін қосымша сабақтар үжымдық сипатта болады, өйткені оған дәл осындай сабақтарды өткізуге байланысты уақытша біріккен басқа да топтар оқушылары түгелдей қатыстырылады. Мүндай қосымша сабақтардың мақсаты — оқушылардың жал- пы оқу үлгерімдерін арттыру болып табылады. Оқудан артта қалған оқушылармен жүргізілетін жүмыстар, негізінен кон- сультациялар, оқушылардың орындаған қосымша үй тапсырма- ларын бірлесе отырып талдау жөне т.б. арқылы жүзеге асыры- лады. Дәл осы сипаттағы қосымша сабақтар жіберілген сабак- тардың материалдары бойынша артта қалушылықты жоюды мақсат етеді. Кейбір тәжірибелі үстаздар қосымша сабақтарды өткізу ісіне өз жолдастарына көмек жасауға ынта білдірген жақсы оқитын оқушыларды консультанттар ретінде тартуды дәстүрге айналдырған.

Қосымша сабақтардың қатарына оқушылардың сынақтар мен емтихандарға дайындықтары кезінде жоспарлы түрде өткізілетін консультацияларды да (міндетті түрде өткізілетін консультациялар, топтық жөне оқушылардың қалаулары бой- ынша өткізілетін консультациялар), сонымен қатар оқу орнын бітіру кезінде тапсырылатын емтихандар кезінде өткізілетін консультацияларды да (жазбаша және ауызша емтихан жүмы- старын орындауға байланысты) жатқызуға болады. Оларды ар- найы пәндердің мүғалімдері ғана емес, сонымен қатар жалпы техникалық пөндердің мүғалімдері де жүргізе береді. Кейбір жағдайларда қосымша сабақтарға окушылардың таңдауы бой- ынша өткізілетін факультативтік сабақтармен қатар техника- льіК және пөн үйірмелерінде өткізілетін сабақтарды да жатқы- за беруге болады.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля