23 ноября, 2017 18:41
Берілісті қосу қиындаған.
Себебі:
• козғалтқыштың бос жүрісінде жоғарғы жиілік;
• берілісті қосу механизмі дұрыс жұмыс істемейді;
• бекітілуі босап, орнынан жылжыған немесе ашасы майысқан, бұл берілісті қосатын иінтірекке күш түсіруден пайда болады. • біліктердің бір өстігі бұзылған, тістегеріш қисайған; • синхронизатор дұрыс жұмыс істемейді. Беріліс өздігінен ағытылады — фиксатордың шаригі желінген, серіппенің серпімділігі босаған, біліктердің бірөстілігі бұзылған, серіппелердің ұясы ластанған. Жұмыс істеген кезде артық шудыц шығуы — тістегеріштердің ша- мадан тыс желінуінен, олардың тісінің сынуынан, май деңгейінің төмен болуынан, майдың сұйықтығының төмендеуінен болады. Майдың ағуы — төсемдердің тозуынан, тығыздағыштың бүлінуінен, май деңгейінің артық болуынан, майдың сұйылуынан болады. |