Дизельді отынды беру жүйесін тексеру

26 ноября, 2017 15:31

Дизельді қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жанармай багынан, жанармай сүзгісінен, жоғарғы қысымды отын сорғысы мен бүріккіштерден тұрады.

 

Жоғарғы қысымды отын сорғысының жұмыс жарамдылығын анықтау үшін сорғы жалғастығынан құбырын ажыратып, стартермен иінді білікті айналдырады. Бұл шараны орындау кезінде сорғы секцияла- рынан отынның шығу дәрежесін байқайды. Байқау барысында отынның төменгі қысыммен шығуы немесе отын құрамында ауа көбіршектерінің шығуы жоғарғы қысымды отын сорғысында ақау бар екенін көрсетеді.

Жоғарғы қысымды отын сорғысы арнайы күтімді талап етпейді. Өйткені оның қозғалмалы бөлшектері дизельді отынмен майланады. Сорғы таратқыш білігі сияқты белдікпен қозғалысқа түседі. Ереже бо- йынша бұзылған отын сорғысын автомобильдерге техникалық қызмет көрсету орталықтарында ауыстырады немесе жөндейді.

Егер жанармай жүйесі бұзылып-жиналса немесе автомобиль бос бак- пен жүрген болса, жүйеден пайда болған ауаны шығару қажет. Бұл үшін бактағы жанармай деңгейін тексеру қажет; стартерді қосып, қозғалтқышты

 

іске косып көру кажет; егер ол іске косылса, оған жарты минут жоғарғы айналу жиілігінде жұмыс істету қажет. Бұның нәтижесінде ауа жанармай жүйесінен толық шығады.

 

Жогаргы қысымды отын соргысы

 

Егер жүйедегі ауаны шығару мүмкін болмаса жэне қол сорғысы жоқ болса, бүріккіш сорғысын жэне сүзгіні жанармаймен толықтырып, қозғалтқышты буксирмен іске қосып көру кажет. Бұл жағдайда жүйедегі ауа тез жойылады.

Қозғалтқыш іске косылмаған жағдайда, себеп жүйеде ауа кептелісі туғаннан болуы мүмкін. Бұны тексеру үшін бүріккіш клапандарының сомындарын ағытып жэне ол жерден отын пайда болғанша стартермен иінді білікті айналдыру керек. Содан кейін сомындарды қатайтып жэне козғалткышты іске қосады.

Қозғалтқышты іске қосқан кезде дизель отыны салқындату сұйық- тығының кұбыршектеріне жанаспауына көңіл бөлу керек. Егер жанар- майдың күбыршектерге жанасуы байқалса, оларды кұрғағанша сүртеді. Бүлінген кұбыршектерді ауыстырады.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля