Генератордың ақаулары және оның себептері

3 декабря, 2017 15:53

Генераторда ақау пайда болғанын бақылау шамы, вольтметр және ам- перметр арқылы байқауга болады. Көптеген автомобильдер генераторының негізгі кемістіктері: оталдыруды қосқанда бақылау шамының жанбауы, бірақ қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда вольтметр қалыпты шаманы көрсетеді.

 

Ақаулардың себебі:

•       бақылау шамын қоректендіру тізбегінің үзілуі;

•       бақылау шамының күйіп кетуі.

Оталдыруды қосқанда бақылау шамы жанбайды және бақылау аспап- тары жүмыс істемейді. Негізгі себептері:

•       сақтандырғыштар жиынтығындағы сақтандырғыштың жанып кетуі;

•       аспаптар комбинациясын қоректендіру тізбегенің үзілуі;

•       ажыратқыш немесе оталдыру релесі істен шыққан.

Қозгалтқышты іске қосқаннан кейін бақылау шамы жанып тұрады

және вольтметр нұсқары қызыл аумагында тұр, бірақ дроссельді қақпақша педалін басып, содан кейін босатқанда, шам сөнеді және вольтметр қалыпты кернеуді көрсетеді. Ақаудың себебі қозғалтқыштың

 

төменгі айналу жиілігінде кұрастырылған жиынтықтағы косымша резисторлардың істен шығуынан генератордың қозбауы болуы мүмкін.

Қозгалтңышты іске қосқаннан кеііін бақылау шамы жанып тұрады, волътметр нұсқары қызыл аумақта тұрады немесе бірте-бірте шәкіл ба- сына қарай шалқаяды. Ақаудың себебі төмендегілер болуы мүмкін:

•       қоздыру орамын қоректендіру диодтарының үзілуі немесе қысқа тұйықталуы;

•       кернеу реттеуішінің бұзылуы — «В» жэне «Ш» шығындары арасының қысқа тұйықталуы;

•       статор орамының үзілуі немесе орамаралық тұйықталуы, оның «массаға» тұйықталуы;

•       генератор қоздыру орамы шығыстарының «массаға» қысқа тұйықталуы.

Қозгалтқыш жұмыс істеп тұрганда бақылау шамы жанбайды, волът- метр нұсқары шәкіл басының қызыл аумагында тұрады немесе бірте- бірте шэкіл басына қарай шалқаяды. Ақаудың себептері:

•       «В» жэне кернеу реттеуішінің «Ш» шықпасы арасындағы жэне щетка шықпасындағы түйіспенің жоқ болуы;

•       щеткалардың тозуы немесе қыстырылып қалуы;

•       түйіспе сақиналарының тотығуы;

•       кернеу реттеуішінің бұзылуы — «Ш» шықпасы мен «масса» арасындағы тізбектің үзілуі;

•       щетка ұстағыш «В» шықпасынан сымның ажырауы;

•       оң вентильдердің қысқа тұйықталуы;

•       түйіспе сақиналарынан қоздыру орамы шықпаларының ажырауы.

Генератор жұмысында қатты шу байқалады. Негізгі себептері:

•       генератор тегергіші сомынының босап кетуі;

•       генератор мойынтірегінің бұзылуы;

•       генератор вентильдерінің бірінің қысқа тұйықталуы;

•       статор орамының «массаға» немесе орамаралық тұйықталуы.

Егер қозғалтқыштың барлық режимінде қызыл бақылау шамы жанса,

ал вольтметр 13,5 вольттен төмен көрсетсе жэне амперметр қуатсыздануды көрсетсе, онда не генератордың не кернеу реттеуішінің жұмысында ақау болғаны. Алдымен аккумулятор батареясының ақаусыздығын, со- дан кейін генератор жетегі белдігінің тартылысын, қысқыштарындағы сымдардың бекітілісі сенімділігін жэне де түйіспелі щеткаларының тозу- ын тексереді. Егер тексеруден жэне қозғалтқышты іске қосқаннан кейін ақау жойылмаған болса, онда генераторды шешіп тексеру қажет. Егер генератор кернеуі қалыптыдан жоғары болса (аккумулятор қайнауы), ақаудың себепкері кернеу реттеуіш болуы мүмкен. Ол ротор айналу

 

жиілігіне жэне генераторға түсетін жүктемеге байланысты генератордың коздыру тогының күшін автоматты түрде өзгертіп, белгілі жағдайда сактауға арналған.

Кернеу реттеуішінің жұмысын автомобильдің өзінде жэне реттеуішті шешіп алғаннан кейінде тексеруге болады. Автомобильде тексеру үшін 20 вольтке дейінгі шэкілі бар тұрақты ток вольтметрі колданылады. Қозғалтқышты іске қосып, оған 20 минут орта айналу жиілігінде жұмыс істетеді. Содан кейін фарларын қосып жэне генератор тұрқысы мен шықпасы арасындағы кернеуді өлшейді. Кернеу 13,6-14,6 вольт арасында болуы керек.

Егер керекті кернеудің жоқтығы немесе кернеудің жогары болуы байқалса, онда кернеу реттеуіші ауыстырылады.

Автомобильден шешіп алынған кернеу реттеуіші келесі суретте көрсетілген сұлба бойынша тексеріледі.

 

 

 Кернеу реттеуішін тексеру тәсілі:
а — генератордан жеке орналасңан реттеуіш үшін; б — генераторда орналасқан
реттеуіш үшін; 1 — аккумулятор батареясы; 2 — кернеу реттеуіш;3 — бақылау шамы

 

Генераторда бірігіп орналасқан реттеуіштерді щетка ұстағышымен біріккен күйінде тексерген жөн болады, өйткені ол щеткалардың шыкпасының үзілуін жэне кернеу реттеуіші мен щетка ұстағышы арасындагы шықпасындығы түйіспелердің дұрыс болмауын анықтауға мүмкіндік береді. Реттеуіш «В» жэне «Ш» шықпасы арасына неме- се генератор шеткалары арасына 1-3 ватты шамды қосады. «Б» мен «В» шықпасы жэне реттеуіш тұрқысы арасына бірінші 12 В, содан кейін 15 В ток көзін береді. Егер реттеуіш ақаусыз болса, онда бірінші жағдайда бақылау шамы жанады, ал екіншісінде — жоқ. Егер шам екі жағдайда да жанса, онда реттеуіш бұзылған. Егер екі жағдайда да шам жанбаса, онда реттеуіштің ішінде үзік пайда болған немесе кернеу щеткалары арасында түйіспе жоқ. Түйіспелерді қарап, тексеріп жэне түзетіп көру керек.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля