Грамматикалық категория

14 марта, 2018 22:31

 

Тілдегі негізгі грамматикалық ұғымның бірі — грамматикалык категория. Грамматикалық категория деген ұғым, бір жағынан, эрі грамматикалық мағынамен байланысты, эрі екінші жағынан, олардың жалпы жиынтығынан күрделі де жүйелі де болып келеді.

Грамматикалық категория деген ұғым барлық зерттеулерде біркелкі түсінік бермейді. Грамматикалық категорияның сан қырлы сипатын түбегейлі түсіндіруде пікір айырмашылықтары да байқалып отырады. Кейбір еңбектерде грамматикалык категория тек грамматикалык мағына деген ұғыммен катысты ғана беріліп, сөздердеті нақты лексикалық магынадан жалпыланған, жалпы сипаттағы мәнді білдіретін мағына деп анықталады. Сондай-ақ «тілдегі өзіне тэн грамматикалық формасы (тәсіл) бар жалпы грамматикалық мағына да грамматикалык категория деп аталады», немесе «тілдегі лингвистикалық единицалардың, яки оның бір тобының грамматикалық амал-тәсілдер арқылы берілетін жалңы сипаттарының бірі», немесе «морфологиялык категория деп ортак грамматикалық сипаттағьг мағынаны білдіретін сөз формаларының жүйесі», не «бірыңғай мағыналы грамматикалық формалар қатарының бір- біріне карама-кайшы жүйесі түсініледі»’ тәрізді анықтаудан грамматикалык категория деген ұғымның ішіне морфология саласына байланысты, бір жағынан, сөз таптары мен олардың түрлері деген кесек ұғымдар, екінші жағынан, жекелеген сөз таптдрының түрлену жүйесіне байланысты тұлғалық топтары (айталык, зат есімде .көптік, септік, тэуелдік, сын есімде шырай, шак, жак т.б. категориялар), үшінші жағынан, төменде көрсетілгендей, олардың жеке-жеке түрлері (айталык, жіктік я тәуелдіктің I я II жағы немесе «I я II жақ категориясы», «ілік септік категориясы», «өткен шақ категориясы», «ашық рай категориясы» тәрізді) еніп кетуі сөзсіз. Сондыктан грамматикальщ категориялардың шекарасын айқындаудың өзі киынға соғады. Кейбір еңбектерде грамматикалык категория катарына сөз таптарынан бастап қосымшаларға дейні тілдік кұбылыстар, тіпті олардың жеке түрлері де жатқызылып отырадыұГрамматикалык категория, ең алдымен, грамматикалық мағынамен жэне грамматикалык формамен тікелей байланысты. Грамматикалық мағына немесе грамматикалық форма болмаган жерде грамматикалық категорияның болуы мүмкін емес. Екіншіден, грамматикалық категорияның болуы грамматикалық мағына мен грамматикалық форманың өзара бірлігімен, тұтастығымен, сәйкестігімен, ягни олар арасындағы диалектикалық сәйкестікпен* ондағы жүйелілікпен байланысты. Яғни, кез келген грамматикалық мағЬіна немесе қайсыбір грамматикалық форма грамматикалық категория кұрай бермейді.Белгілі бір грамматикалық мағыналар бірлігі белгілі бір грамматикалық топ кұрайтын сөздерге тэн болып, солардың парадигмалық түрлену жүйесі болу арқылы грамматикалық категория кұрайды. Үшіншіден, грамматикалык категория сипатына жету үшін грамматикалық мағыналар жиынтығы, бір жағынан, өзара бір тектес бірыңғай сипаттағы, екінші жағынан, бір-біріне қарама-қайшы мағыналар болу керек. Яғни, грамматикалық категория — өз ішінде бір-біріне қарама-қайшы қасиетте боЛа алатын бірнеше (кем дегенде екі түрлі) тектес, мэндес грамматикалық мағынаның жиынтығы, бірлігі. Сол бірлік пен өз ішіндегі қарача-қайшылық арқылы жэне соның әрқайсысын білдіретін әр түрлі тәсілдер арқылы немесе соған тән арнайы грамматикалық формалар жүйесі я түрлену парадигмасы арқылы грамматикалық категорияның мэні, сипаты, шегі байқалып, айкындалады. Осыған байланысты бірден мынадай сұрақ туады: бір ғана грамматикалык мағына мен оның сыртқы көрінісі болып табылатын грамматикалық форманың бірлігі грамматикалық категория болып саналмай ма? Бұл сұрақтың жауабы біреу-ақ. Бір ғана грамматикалық мағына мен оны білдіретін грамматикалық форма грамматикалық категория кұрай алмайды. Мыеалы, септік категориясы, тэуелдік категориясы, жақ категориясы деген грамматикалық категориялар бар да, ілік немесе барыс т.б. септік категориясы, бірінші (немесе екінші) жақ тәуелдік категориясы, осы (немесе өткен) шак категориясы дегендер жок, ілік (немесе барыс) септіктің, бірінші (немесе екінші) жак тэуелдіктің, осы (немесе өткен) шактың әркайсысына тән грамматикалық мағынасы (грамматикалық меншіктілік немесе жанама объектілік-бағыттылық, 1-2-жақ тэуелдік, қимылдың сөйлеп тұрған сәтте болып жатканын немесе өтіп кеткенін), оны білдіретін грамматикалык формасы, тұлғасы бар болса да, бұлар жеке-жеке грамматикадык категория бола ламайды. Сондай-ақ қазак тіліндегі көптік категориясы негізінен заттың көптік ұғымымен байланысты да, морфологиялық жағынан көптік жалғау арқылы беріледі. Бірақ көптік категориясы сөз болғанда ол тек көптік жалғаумен ғана шектелмеу керек. Көптік мағына грамматикалык тұрғыдан жекелік мағынаға қарама-кайшы мағына ретінде заттың сандық ұғымының шеңберінде өмір сүреді. Сондыктан бұл категория көптеген тілдерде казақ тіліндегідей көптік категориясы деп емес, сан категориясы (мысалы, орыс тілінде категория числа, қазіргі қырғыз тілінде сан категориясы) деп аталынады.

Сөйтіп, грамматикалық категория деген ұғымға грамматикалық мағыналар жиынтығының (жекелеген мағына емес) белгілі грамматикалық формалар жүйесі сияқты арнайы грамматикалық тэсілдер аркылы берілуі жатады.

— Демек, бұл баяндаудан байкалатыны — грамматикалык категория ұғымы негізінен алғанда кез келген грамматикалык мағынамен емес, оның категориялық грамматикалық магына түрімен байланысты. Ал грамматикалык мағына деген ұғымның жалпы грамматикалық мағына, катыстык грамматикалық мағына деп аталатын түрлері грамматикалык категорияга катысты емес пе? Деген де сұрак туады.

Грамматикалык мағынаны жалаң түрде грамматикалык магынамен катысты ғана карау, сол шеңберде ғана аныктау жоғарыда көрсетілгендей дұрыс болмайды. Грамматикалык категория эрі өзара тектес, мэндес, ыңгайлас, эрі бір-біріне кайшы мәндегі бірнеше (кем дегенде екі түрлі) грамматикалык магынада немесе мағыналар жиынтығынан тұрып, ол грамматикалык магыналар белгілі парадигмалык тұлғалар жүйелері аркылы беріледі. Сол аркылы грамматикалық категория белгілі грамматикалық топтағы сөздердің (сөз таптарынан) түрлену жүйесі болып, сөз табы ретінде ерекшеленеді, әрі сол сөз табының грамматикалык белгісі болып табылады.

Грамматикалық категория болудың алғы шарты мынадай: 1) бірнеше, кемінде екі грамматикалык магына болу керек; 2) ол (кемі екі) мағыналар бір- бірімен тектес, мәндес, ыңғайлас болу керек, әр тектес магшналар грамматикалык мағына кұрай алмайды; 3) ол грамматикалык мағыналар қаншама тектес, ыңғайлас болса да, мысалы, тәуелділік мағына, екінші жағынан, бір-біріне карама-кайшы болып, мысалы, сол тәуелдіктегі жақ сияқты, яғни 1-жак 2-жакка, я 3-жакка кайшы, 2-жак 1-жакка, я 3-жакка кайшы келуі; 4) сөйтіп барып, эрі тектес, эрі ыңғайлас, әрі бір-біріне карама-қайшы магыналардың бірлігі, тұтастығы болуы; 5) сол тектес магына да, қайшы магына да бөлек-бөлек белгілі грамматикалық формалар аркылы берілуі және 6) олардың белгілі парадигмалық жүйе құрауы аркылы мағыналық-тұлгалық сэйкестік бір жиынтық болуы. Міне, осындай талаптар мен шарттарға сәйкес келетін тілдік құбылыс қана грамматикалық категория болып таныла алады.

Лексикалық магынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикалық (жалпы грамматикалық) мағыналар жүйесі (кем дегенде екі түрлі мэндес, тектес грамматикалык магына) ешбір грамматикалык тұлгасыз семантикалық тэсіл арқылы ғана берілетін болса, онда грамматикалық категориялар жасай алмайды, өйткені грамматикалық категория тек грамматикалық магыналар жиынтығы гана емес, сол тектес, мэндес эрі бір- біріне карама-кайшы грамматикалык мағыналарды білдіретін, парадигмалык сипаттағы грамматикалык тұлғалар жүйесі болып табылады. Сондыктан, мысалы, зат есімнің жалпы зат атауын білдіруін былай койғанда, мұнда тіпті бір-біріне карама-кайшы жэне тектес, мэндес мағыналық та қасиет жок, яғни бір ғана жалпы грамматикалық мағына (қайшы) оппозициялық жэне тектес мэнді және жалқы есім, деректі және дерексіз зат есім, кімдік (адамға байланысты) және нелік (адамнан басқа зат атауларына байланысты) зат есім, сапалык жэне катыстык сын есім т.б. сол сөз табының (зат есім я сын есімнің) грамматикалық категориялары бола алмайды, ол грамматикалық мағыналардың семантикалык тәсіл (лексикалык мағынаның жалпылануы) арқылы берілсе де, олардың (тектес грамматикалык мағыналардың бір-біріне айырмашылығы (карама-кайшылығы) кейде грамматикалық формалар аркылы берілетін болса, сөз жок, бұл магыналар мен формалар жиынтығы грамматикалық категориялар жасай алады. Мысалы, етістіктің салттылык-сабактылык магынасы түбірдің семантикасы аркылы көрінеді, яғни кез келген етістіктің түбір ешбір грамматикалык формасыз-ак я салттылык мағынаны, я сабақтылык мағынаны білдіреді. Салттылық-сабақтылык мэн етістік түбірдің семантикалық сипаты, касиеті болып табылатындықтан да, кейбір зерттеушілер бұл қасиетті етістік сөз табындагы омонимия мен полисемияның шегін ажырататын критерий ретінде де ұсынады. Соған қарамастан, етістіктің салттылық-сабақтылық және тура объектіні талап ету- етпеуіне қарай грамматикалық формага байланысты, өйткені тура объект табыс септік формасы (ашық я жасырын түрінде) арқылы беріледі. Сөйтіп етістік түбірдің таза семантикалық тэсіл арқылы байқалатын салттылық-сабақтылық мағынасы екінші жағынан табыс септік формасы арқылы берілетін тура объектімен тікелей байланысты я байланысты емес болуы арқасында грамматикалық категория қасиетіне ие болып отыр.

Грамматикалық категорияның түрлері

Жоғарыдағы талдаудан байқалатындай, грамматикалық категориялар грамматикалық сипаты жағынан, жасалу жолы мен тұлғалық жүйесі жағынан біркелкі емес. Қайткен грамматикалық категориялар белгілі грамматикалық топтағы сөздердің тұлғалану, түрлену жүйесімен, соған лайық олардың грамматикалық мәнімен, !сөйлеу процесінде ол сөздердің атқаратын қызметі мен, басқа сөздермен қарым-қатынасымен байланысты болғандыктан да, грамматикалык категориялардың тілдік деңгейге қатысты шартты түрде морфологиялық категория жэне синтаксистік категория деп бөлуге де болады. Сондай-ақ морфологиялық категорияларды сөз түрлендіру мзнді (словоизменительные) морфологиялық категориялар және топтау, я жіктеу мәнді іклассифицирующие морфологиялық категориялар деп те бөлу дәстүрі бар. Бірден көзге түсетін ерекшелік грамматикалык категорияның жэне олардың түрлерінің сөз таптарына қатысына байланысты.

!Трамматикалық немесе морфологиялық категориялар сөз таптарына қарай топталып жіктеледі. Бұның өзі грамматикалық (морфологиялық) сол сөз табының грамматикалық ерекшелігі, түрлену жүйесінің сипаты екндігін көрсетеді. Бірақ тіліміздегі сөз таптарының барлыгында бірдей грамматикалык (морфологиялық) категория бола бермейді. Кейбір сөз табында мысалы, сан есім, есімдік, үстеу т.б. грамматикалық категория атымен болуы мүмкін, өйткеңі бұлар (бұл сөз таптарына енетін сөздер) белгілі парадигмалық жүйемен өзгермейтін, грамматикалық, тұлғалық түрлері жок сөздер болып келеді. Ал грамматикалық категориялары бар сөз таптары — зат есім, сын есім (дұрысында сапалык сын есім) жэне етістік. Олар мыналар: зат есімнің сан молшер (көптік) категориясы, сапалық сын есімнің шьірай категориясы, етістіктің салт-сабақгы етістік (немесе салттылық-сабақтық) категориясы, етіс категориясы, болымсыз етістік (болымдылық-болымсыздық) категориясы, рай категориясы, шақ категориясы, жіктік (жақ) категориясы.}

Белгілі сөз табына қатысты грамматикалық (морфологиялык) категориялардың грамматикалық сипаттары сол сөз табының семантикалык, грамматикалық ерекшеліктерімен айқындалды. Сондықтан да грамматикалык (морфологиялық) категориялардың түрлену жүйесі мен семантикалық сипаты біркелкі емес. Олардың морфологиялық көрсеткіші болып табылатын ‘ 201 грамматикалық тұлғалары бірде таза грамматикалық қана мағына үстеп, сол сөз табының сөз түрлендіру жүйесінің формалары болса, бірде ондай формалар таза грамматикалық сипаттан гөрі түбірдің семантикасына аздап болса да өзгеріс, мағыналық реңк үстеп, лексика-семантикалық сипатқа да ие болады. Сын есімнің шырай категориясыңың, етістіктің етіс категориясының, салт- сабақты етістік категориясының, болымсыз етістік категориясының семантикалық мағыналық мэні жағынан, грамматикалық сипаты, парадигмалық жүйесі жағынан басқа грамматикалық категориялармен (зат есімнің көптік, септік, тәуелдік, етістіктің жақ, рай, шақ категорияларымен) салыстырғанда, ондай ерекшеліктері анық байқалады.

Осы түрғыдан келгенде, көптік, септік, тэуелдік жалғаулары түбір білдіретін грамматикалық заттық мағынаға ешбір нұқсан келтірмей, оған сан- мөлшерлік немесе тәуелділік, немесе меншіктілік-объективтілік сияқты мағыналар ғана үстеп, көбінесе оны сөйлемде басқа сөздермен байланыстыру, қарым-қатынаска түсіру қызметін атқарады. Етістіктің рай, шақ тұлғалары да түбір білдіретін грамматикалық кимыл, іс-әрекет мағынасына ешбір өзгеріс енгізбей, сол қимылдың орындалуының мезгілін (шағын), акиқатқа, шындыққа, болмыска катысын (модаьдылығын) білдіріп, түбірдің грамматикалық сипатын, тұлғасын (2-жак бұйрық рай тұлғасымен сәйкес келуін) өзгертіп, жіктеліп келіп, баска сөздермен қарым-қатынас жасаудың негізінде сөйлемде жұмсалуға негіз болады.

Морфологиялық сипаты жағынан грамматикалық категориялардың бір тобын түбір семантикасына қандай да болсын эсер ететін түрлерін лексика- грамматикалық категория деп атап, екінші тобын, яғни түбір семантикасына ешбір әсер етпей, өзгертпей, тек оған қосымша мэн үстейтгн түрлерін таза грамматикалық категория деп бөліп көрсетудің осындай негізі бар. Осы тұрғыдан келгенде, морфологиялық жағынан грамматикалық категориялардың күрделі екенін байкаймыз.

Сөздерді таптастыру ұстанымдары

Сөз таптары сөздердің белгілі жүйе негізінде қалыптасқан грамматикалық топтары болып табылады, сондықтан сөз таптары мен сөздерді олардың түрлеріне бөлуге ол сөздердің грамматикалық сипаттары мен белгілері негіз болады. Сөздерді сөз таптарына бөліп карау эр сөзге байланысты эр түрлі белгілер арқылы айқындалмай, сөз таптарына қатысты тұрақты белгілерінің негізінде жан-жақты жіктеу үшін жүйелі ұстанымдар негізге алынуы керек. Ол ұстанымдар сөздердің грамматикалық сипаттарына негізделуі тиіс.

Әрбір атаушы сөздің лексикалық мағынасы болатыны белгілі, сол лексикалык мағынасы арқылы эрбір сөз бір-бірінен ерекшеленеді, жеке-жеке единица ретінде түсініледі. Тіпті мағыналары бір-біріне жақын синоним сөздердің өзі синонимдік қатар кұрганмен, өзіндік ерекшеліктері бар бөлек- бөлек лексема ретінде өмір сүреді. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық емес, грамматикалық семантика болып табылады. Сондықтан сөздерді грамматикалық топтарга, яғни сөз топтарына жіктеуде, топтастыруда ұстанатын басты ұстаным семантикалық (яғни лексикалық емес, грамматикалык семантикалық) ұстаным екенін көреміз. Екіншіден, осындай грамматикалық топтарға белгілі-белгілі өзіндік түрлену жүйесі, өзгеру, түлғалық парадигмасы немесе бүған қарама-қайшы түрленбеу, түлғалық өзгеріске түспеу тэн болып келеді. Сондықтан түрлену жүйесіне (немесе оған і қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына | жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі ( морфологиялық) ұстанымы, яғни сөздердің түрлену жүйесі болып табылады. Мысалы, зат атауын, заттык үғымды білдіретін сөздерге көптелу (соған сәйкес сан-мөлшер категориясы), септелу (септік категориясы), тәуелдену (тәуелдік категориясы) тэн де, қимыл, іс- әрекетті, процесті т.б. білдіретін сөздерге жіктелу (жак категориясы), шакты білдіру (шақ категориясы), модальдылықты білдіру (рай категориясы), болымсыздық-болымдылыкты, сабақтылық-салттылыкты, субъект-объектімен әр түрлі қатынасты (етіс категориясы) білдіру т.б. тән болып келеді. Ал заттың эр түрлі сындык белгісін түр-түсін білдіретін, сондай-ақ заттың эр түрлі сандық Сипатын білдіретін жэне кимылдьщ, іс-эрекеттің алуан түрлі амалын, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөздер — арнайы грамматикалық / түлғалармен түрленбейтін сөздер. Сондықтан ол түрленбейтін сөз табына жатады. Ал басқа сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер, өздері кандай сөздердің орнына жүрсе, солар сияқты түрленеді, я солар сияқты түрленбейді. Сөздерді таптастырудың үшінші синтаксистік ұстанымы сөздердің сейлемде өзіне тэн белгілі қызмет атқаруымен жэне сол сөздердің тіркесу сипатымен, яғни кандай топтагы сөздермен қалай тіркесе алуымен байланысты. Мысалы, зат атауын білдіретін сөздер атау тұлғада тұрып, кимыл, іс-әрекеттің иесі (субъект), бастауыш, табыс септігінде келіп, тура толыктауыш, жіктеліп келіп, баяндауыш, ілік септікте жэне екінші затпен қатыстық катынаста келіп анықтауыш, көлемдік септіктерде келіп пысықтауыш, кейде жанама объект мэнінде толықтауыш кызметтерін атқарып, атау тұлғада кимыл, іс-эрекетті білдіретін предикатпен қиыса байланысады, ілік септікте екінші сөздің тәуелдік жалғауында тұруын талап етіп, онымен матаса байланысады, екінші сөзбен түбір күйінде тікелей орын тэртібі аркылы қабыса байланысады, табыс я көлемдік септіктерде екінші сөзге (көбіне етістікке) меңгеріле байланысады. Ал қимыл, іс-эрекетті білдіретін сөздер жіктеліп келіп, баяндауыш, көсемше тұлғасында пысықтауыш, белгілі түрлері атау тұлгада заттанып барып бастауыш, есімше тұлғасында анықтауыш, табыс жэне көлемдік септіктерде заттанып барып толықтауыш кызметтерін атқарып, грамматикалык субъектімен жіктеліп келіп киыса байланысады, етістікпен (көбіне көсемше тұлғасында) қабыса байланысады, есімше тұлғасында анықтауыштык катынаста да есім сөзбен кабыса -байланысады, септік жалғауындағы сөздерді меңгереді. Заттың сынын жэне санын білдіретін сөздер зат атауларын аныктап, затпен кабыса байланысып колданылады, заттанып барып бастауыш, толықтауыш, адамға байланысты жіктеліп барып баяндауыщ қызметін атқарады. Қимылдын әр түрлі сипатын білдіретін сөздер қимыл мэніндегі сөздермен қабыса байланысып, пысықтауыш қызметін атқарады. Ал басқа сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер өздері орнына жүретін сөздердің синтаксистік қызметін аткарап, солар байланыска түсетін сөздермен тіркеседі. Бұл сиякты касиеттер көмекші сөздерде, эсіресе лексикалык мағынасынан бүтіндей айырылып қалган көмекші сөздің ерекше түрі шылау мен одағай, модаль сөздерде болмайды. Шылаулардың сөз байланысындағы орны бүтіндей бөлек. Осы көрсетілген / үстанымдардың негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп карауға болады: зат атауын білдіретін — зат есім, заттың әр түрлі сынын, катыстык белгісін білдіретін — сын есім, заттың сандык мөлшерін білдіретін — сан есім, есім сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер — есімдік, кимыл, іс- әрекетті білдіретін — етістік, кимыл, іс-эрекеттің эр түрлі сипатын (амалын, мекенін, мезгілін, максатын, себебін, т.б.) білдіретін — үстеу, әртүрлі дыбыстарга, кимыл-қозғалыстарга еліктеп аталатын — еліктеу сөздер болып бөлінеді. Осы атаушы сөздерден басқа көмекші сөздердің бір түрі шылаулар жэне одагай сөздер мен модаль сөздер де жеке-жеке сөз табы болып қаралады, өйткені олардың жеке лексикалық мағыналары болмаса да, өзі катысты сөзге я сөйлемге косымша грамматикалық мән үстейді немесе ойга қатысты (кеңіл- күйін білдіру я модальдық) мәндер қосады.

Сөйтіп, казақ тілінде мынадай сөз таптарын көрсетуге болады.

  1. Зат есім
  2. Сын есім
  3. Сан есім
  4. Есімдік
  5. Үстеу
  6. Етістік
  7. Еліктеу сөздер
  8. Шылаулар
  9. Одағай

10.Модаль сөздер

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля