Грамматикалық ұгымдар

10 марта, 2018 22:28

 

 

Грамматиканың басты объектісі тілдің грамматикалык кұрылысын танып, оның негізгі ерекшеліктерін аныктауда (сол аркылы ғана сөздің грамматикалык сипаты ашылмақ) оган (тілдің грамматикалық кұрылысына) тән басты-басты грамматикалық үгымдардьі ажыратып, олардың ерекшеліктерін, сипатын айкындагі алу кажет. Өйткені тілдің грамматикалық кұрылысы сала-сала жүйелерден кұралады да, олардың тұтастыгы сол жүйелерге тән белгілі заңдылыктардың негізінде болып отырады. Ол жүйені айкындап, заңдылыктарын алу үшін сала-салаларын сарапка салып, жекелеген ерекшеліктерін, ортақ грамматикалық сипаттарын, эр құбылыстың ішкі мэні мен сырткы тұрпатын жэне оның шекарасын айкындау үшін, ондагы грамматикалық әр түрлі амал-тәсілдерді, сөздердің белгілі бір ортак касиеттері арқылы топ-топка бөлінуін, олардың мағыналары мен сөйлеу процесіндегі кызметтерін білу кажет. Демек, сөздің сөйлеу процесіндегі басқа сөздермен әр түрлі катынастарының негізінде пайда болатын ішкі мәндері, оның көрінісі болатын сырткы түр-тұлғасы, солардың барлығы негізінде сөйлемде олардың белгілі қызмет атқаруы т.б. тілдің грамматикалық құрылысымен байланысты болса, оның өзіндік ерекшеліктері тагы да сол сөздің грамматикалык сипатымен анықталады. Сөйтіп, ең басты грамматикалық ұғымдарга грамматикалық магына, оның берілу тәсілінің бір түрі граиматикалық форма жэне осы екеуінің жүйелі жиынтыгын құрайтын грамматикапьщ категория дегендер енеді. Бұл үшеуі бір-бірімен диалектикалық бірлікте болып, тілдің грамматикалық кұбылысын кұрайды да, калған жекелеген граммагикалык единицалар мен құбылыстар, жүйелер осы ұгымдардан туындайды.

Грамматикалық магына және оның түрлері

Тілдегі эрбір сөздің (белгілі ұгымды білдіре алатын мәнді сөздің) нақты лексикалық мағынасымен бірге жалпы грамматикалық магынасы да болады. Сөздің лексикалык магынасы — нақты, ұгымдык мағына, ягни бір сөзден екінші созді айыратын реестрлік сөздің мағынасы болса, грамматикалық мағынасы — сөздің тым жалпы мағынасы, сол сөздің лексикалық мағынасының жалпылануы немесе оған эр түрлі тұлғалар үстелу аркылы түрленуінің нэтижесінде немесе баска сөздермен әр алуан карым-катынаска түсу салдарынан пайда болатын жэне сөздерді бір-бірінен бөлмей, керісінше белгілі бір грамматикалык топтарға ортак қасиеттер арқылы біріктіретін жалпы мағыналар болып табылады.

Грамматикалык мағына сайып келгенде, сөздің лексикалык мағынасымен тікелей байланысты болады. Бірак грамматикалык мағыналардың өзі біркелкі емес. Тікелей лексикалық мағынадан туатын да, сөздің түрлену жүйесі негізінде тұлғалауынан да пайда болатын грамматикалық мағыналар болады.

Сөзде лексикалық мағынаның жалпылануы негізінде пайда болатын жалпы грамматикалык мағына (жалпы заттың аты, жалпы кимыл т.б.) басқа да жалпы грамматикалык мағыналарды білдіруге негіз болады. Мысалы, ***

Жалпы грамматикалық мағынаның осы сияқты сипатына ерекше назар аударуға негіз болып отырған бұл мэселелердің бұрын бір жақты, кате түсіндіріліп келуінде болып отыр. Ен алдымен грамматикалық мағына лексикалык мағынамен жарыса отырып, айқындай, саралай түсетін мағына емес, сол лексикалық мағынаның жалпылануы аркылы туатын сөздің жалпы мағынасы. Лексикалық мағынага карағанда грамматикалык мағына одан кейін пайда болады. Атап айтқанда, грамматикалык мағына алдымен лексикалык магынаның жалпылануы аркылы пайда болып, содан кейін сөйлеу процесінде сөздің жұмсалу максатына қарай оған әртүрлі тұлғалардың косылуы аркылы немесе сөйлемде баска сөздермен эр килы қарым-катынаска түсуі арқылы үстеледі, демек, осының нэтижесінде екінші қатардағы мағына болып табылады. Сондай-ак лексикалык мағынаның мэні дара болса, сөйтіп, сөздерді бір-бірінен саралап, бөлуге негіз болса, грамматикалык мағына жалпы болады, жеке сөздерге (формаға) гана емес, солардың белгілі топтарына тэн болгандыктан, сөздерді грамматикалык сипаты жағынан, жоғарыда көрсетілгендей, топтауға негіз болады. Оның үстіне сөз бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, грамматикалық мағына сөйлемдегі сөзде, әдетте, бірнешеу болады. Екіншіден, грамматикалык мағына сөйлеу процесінде сөздің эр түрлі грамматикалык тұлғалар аркылы түрленуінен де туады. Үшіншіден, грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздердің баска сөздермен эр қилы карым-қатынасынан да пайда болады. Бұлардың барлығы да грамматикалық мағына деп танылғанымен, олардың әрқайсысының мэні, сипаты, грамматикалык категория ұғымына катысты, сөздің белгілі топтарға бөлініп, олардың грамматикалық сипатын айқындаудағы рөлі бірдей емес. Сондықтан да грамматикалық мағына атаулыны жасалу тәсіліне, сөздің грамматикалық сипатын айкындаудағы мэніне карай жалпы грамматикалық мағыпа, категориялық грамматикалық магына жэне қатыстық грамматикалық мағына деп үш түрге бөлуге болады.

Грамматикалык мағына, жоғарыда көрсетілгендей, ең алдымен, сөйлеу процесінде лексикалык мағынадан туындайтын, яғни лексикалык мағынаның жалпылануы аркылы, сөздік ұғымнын жалпылық абстрактылық сипатка ие болуы арқылы грамматикалық магына пайда болады. Жалпы сөйлеу процесінен (сөйлемнен яғни контекстен) тыс грамматикалық мағына болмайды.

Грамматикалык мағынаның түрлері оның берілу жолдарына байланысты жэне соған сай олардың (грамматикалык мағыналардың) грамматикальщ немесе лексика-грамматикалық (семантикалық), қызметтік (функциялык) т.б. сипаттары айқындалады.

Лексикалық мағынаның жалпылануы арқылы пайда болатын грамматикальщ мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп бөлуге болады. Жалпы грамматикалық мағына грамматикалык формасыз ішкі семантиканың абстракциялануы, жалпылана түсуі арқылы қалыптасады да, сол арқылы 1) сөздердің семантикалық жақындығы, 2) ортактығы пайда болып, 3) грамматикальщ топтар кұралады. Жалпы грамматикальщ мағынаның әрі қарай шектеле, ұсақтай түсуі нэтижесінде үлкен грамматикалык (шынында лексика- грамматикалық) топтарынан өз ішінде кіші топтар да бөлініп шығып отырады.

Жалпы грамматикалық магына сөз таптарының семантикалық сипаты болып табылады. Сөздерді топтастырудың семантикалық деп аталатын принципі сөздердің осы жалпы грамматикалық мағынасына негізделеді.

Қазак тілінде грамматикалық форма арқылы берілетін мағынаны категориялық грамматикалық мағына деп атау кажет. Жалпы грамматикалық мағына лексикалық мағынаның жалпылануы аркылы беріліп, сөздің сыртқы тұпғасына, түріне катысты болмай, таза грамматикалық семантика ретінде болса, грамматикальщ формалар арқылы беріледі де, екіншіден, сол арқылы белгілі грамматикальщ топтағы сөздердің (сөз таптарының) түрлену жүйесі болып табылады, үшіншіден, соның нэтижесінде сол топтағы сөздердің грамматикалық немесе лексика-грамматикалық категориясын кұрауға негіз болады.

Категорияльщ грамматикалық мағына белгілі грамматикалық сөздер тобының түрлену жүйесін, парадигмальщ сипатын, соның нәтижесінде ол топтардың грамматикальщ, лексика-грамматикальщ категориялар шеңберін, мәнін айқындайды да, сөздерді топтастырудың морфологиялык принципіне негіз болады.

Грамматикалық мағына сөйлеу процесінде сөздің баска сөздермен тіркесіп, байланысқа түсуі, негізгі сөзге көмекші сөздің тіркесуі аркылы, орын тэртібі, интонация т.б. аналитикалық, катыстьщ тэсілдер аркылы да беріле береді. Оны қатыстық грамматикалық мағына деп атау кажет.

Қатыстық грамматикалық магына сөздердін сөйлемде аткаратын қызметтерімен байланысты жэне көбіне контекстік болып келеді де, сөздерді топтастыруда сөздердің синтаксистік кызметі принципіне негіз болады. Сонымен бірге грамматикалык мағынаның бұл үш түрі, бір жағынан, грамматикалык мағынаның грамматикалык форма деген ұғыммен байланыстылығын жэне грамматикалык категория деген ұғымының мэнін, шеңберін айқындауға негіз болатынын категориялық мағына көрсетсе, екінші жағынан, кейде тек ол морфология саласымен шектеліп қоймай, синтаксиске де еніп кететінін катыстык грамматикалық мағына көрсетіп, морфология мен синтаксистің арасын жымдастыра түсуге себін тигізді. Үшінші жағынан, жалпы грамматикалық мағына жекелеген сөз топтарының семантикалық сипатын айқындайды.

^Грамматикалык магынаның берілу тәсілдері мен жолдары

Грамматикалык магынаның берілу тэсілдері деген ұғым белгілі бір мағына типтерінің (түрлерінің) не аркылы жэне қалай берілуінің тілдік қабат негізіндегі жиынтыгы, тобы болып табылады да, ол өз ішінде жекелеген түрлерден түрады. Міне, грамматикалық мағынаның белгілі бір берілу тәсілінің бірнеше түрлері болуы мүмкін. Сол түрлер ол тәсілдің немесе мағына берілудің жолдары деп аталады.

Грамматикалық мағынаны білдірудің ең бірінші тәсілі — семантикалық тәсіл. Ол сөздің лексикалық мағынасының абстракцияланып, жалпылану арқылы іске асады. Сөйтіп, жалпы грамматикалық магына пайда болады. Екінші — синтетикальіқ тәсіл. Грамматикалық мағынаның синтетикалық тэсіл арқылы берілуінің тіл білімінде бірнеше жолы бар. Олар қосымша қосылу жолы, яғни грамматикалық тұлгалардың (формалардың) үстелуі арқылы грамматикалық магынаның берілу, префикс қосылу жолы, яғни сөзге префикс (приставка) қосылу аркылы грамматикалық мағынаның берілуі: ішкі флексия жолы, яғни сөздің ішкі кейбір дыбыстарының өзгеруі, алмасуы, косылуы аркылы грамматикалық мағынаның берілуі немесе бір тұлға арқылы бірнеше грамматикалық магынаның берілуі: екпін арқылы, яғни екпіннің өзгеруі мен грамматикалык магынаның берілуі, супплетивті жол, яғни грамматикалық мағынаның жеке-жеке сөздер аркылы берілуі. Үшінші — аналитикалық тэсіл. Аналитикалык тэсілдің бірнеше түрі, жолы бар. Олар: негізгі сөздердің тіркесуі аркылы грамматикалык мағынаның берілуі, негізгі сөзбен көмекші сөздің тіркесуі аркылы грамматикалык мағынаның берілуі, сөздердің косарлануы аркылы грамматикалык мағынаның берілуі, сөздердің орын тәртібі арқылы грамматикалык мағынаның берілуі, дауыс ырғағы, интонация аркылы грамматикалык мағынаның берілуі. Аралас тәсілдер де болуы мүмкін, яғни грамматикалық магынаның берілуінде бір емес бірнеше тәсілдің элементі болуы мүмкін.

Грамматикалық мағынаның білдірудің бұл көрсетілген тэсілдері мен жолдары бэрі бірдей бір тілде толық кездесе беруі мүмкін. Бір тілде олардың кейбіреулері гана колданылуы мүмкін. Қазақ тілінде бұл тәсілдердің кездесетіндері мыналар:

  1. Семантикалық тәсіл. Лексикалық мағынаның жалпыланып, абстракциялануы аркылы жалпы грамматикалық мағынаның пайда болуы казак тілінде негізгі грамматикалық-семантикалык процесс болып табылады. Сөздер лексикалық мағынасы арқылы дараланып, сараланып, ерекшеленіп, тілдің жеке-жеке лексикалық единица ретіндегі көрінісі болып тұрса, ол енді лексикалык мағыналарының абстракцияланып, жалпылануы арқылы ортак грамматикалық касиеттерге ие болып, грамматикалық эр түрлі топ (сөз тотары) қүрауға мүмкіндік туады. Яғни, тілдегі бір топ сөздер зат атауы ұғымымен байланысты болып, заттык ұғымды білдіретін сөздер (зат есім), екінші тобы әртүрлі қимыл, іс-әрекетті білдіретін сөздер (етістік), үшінші тобы — заттың эр түрлі белгісін, сапасын, түсін, катысын т.б. мәнді білдіретін сөздер (сын есім), сандык ұғымды білдіретін сөздер (сан есім), қимыл іс-эрекеттің эр түрлі амал, сын-қимылын, мекен-мезгілін, себеп-мақсатын, т.б. білдіретін сөздер (үстеу), орынбасар сөздер, яғни осы көрсетілген сияқты сөздердің орнына жүретін сөздер (есімдік) деп саралауға болады. Осыдан анык көрінетіндей, сөздің жалпы грамматикалық мағынасы, яғни лексикалық мағынаның негізінде пайда болатын грамматикалық мағына (семантикалык тәсіл) сөздерді семантикалық сипаты жагынан грамматикалық топтарға бөлуге негіз де болып саналады.
  1. Синтетикалық тәсілдің қазақ тілінде ең жиі кездесетіні — косымша арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Әсіресе форма тудыратын сөзтүрленім қосымшалары арқылы неше алуан грамматикалық мағына беріледі: көптік жалғау арқылы көптік, тәуелдік жалғау аркылы тэуелдік, жактык мағыналар, жіктік жалғау арқылы жақтық, жекешелік-көптік мағыналар, септік жалғаулары арқылы қимыл, іс-әрекеттің иесі, меншіктілік, тура және жанама объектілік, мезгілдік, мекендік-бағыттык, кұралдык-амалдык сиякты мағыналар, шырай жұрнактары аркылы бір тектес сынның салыстырмалы я күшейтпелі сипаты, етіс жұрнақтары аркылы кимыл, іс-эрекеттің субъекті мен объекті арасындағы эр түрлі катынастарды білдіру, болымсыз етістің жұрнағы аркылы сол қимылдың болмауы, шақ жұрнактары аркылы сөйлеп тұрған сәтпен байланысты кимылдың болып кеткенін, я болып жатқанын, я әлі болмағанын (шақтық мағыналарды) білдіруі, рай тұлғалары арқылы кимылдың болу-болмау шартын, тілек-ниетін, біреуге бұйыруын т.б. білдіруін көрсетуге болады.
  2. Қазақ тілінде аналитикалық тәсілдің барлық түрлері дерлік, кездесіп отырады. Негізгі сөздердің тіркесуі арқылы грамматикалық мағынаның берілуі дегенде, эдетте, ол сөздердің өзгермеген сол тұлғаларында турып бір-бірімен тіркесуі арқылы жеке тұрғандағысынан өзгеше, жаңа грамматикалык мағынаны білдіруін айтамыз. Бұл — әсіресе түбір тұлғадағы зат есімдердің бір-бірімен тіркесіп қолданылуынан анық көрінеді. Әдетте, зат есім түбір тұлғасында заттың атын білдіру мағынасымен байланысты қолданылса, енді бір зат есім екінші зат есіммен түбір тұлғада тіркессе, зат атауын білдіруде жат мағынада қатыстық-сындық мағынада жұмсалады.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля