13 мая, 2018 11:34
Жоспары
- Девиантты және делинквентті мінез-құлыктар
- Мінез-құлықтын ауыткуын алдын-алудағы қылмыстық жауапкершілік
І.Девиантты және делинквентті мінез-құлықтар
Социологиялык зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құкыктык мінез құлығының себептері мен максаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың кұкыктык сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құкык бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(кылмыстык) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
Девиантты мінез құлықтың мәнін түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптаскан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұксат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі кұқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.
Заңды социологияда халықтың мінез-құлыққа жақын санатын, яғни қатерлі тобы бөліп көрсете алады. Оларға, мысалы қаңғыбастар, маргиналды топтасулар жатады.
Потология-элеуметтік ауытқулардың келеңсіз формалары болып саналады, оған: кылмыс, маскүнемдік,нашақорлық, жезөкшелік жатады. Бұл формалар дисфункционалды, оларға қоғамға бүтіндей жэне нақты жеке тұлғаға зиян әкеледі.
Құкык бұзу мен оның неғұрлым ауыр формасы-қылмыс өзінің әркелкілігімен, сондай-ак коғамдағы келеңсіз көрінісімен тіпті кауіптілімен ерекшеленеді. Бұл кұбылыстарға социологиялық тұрғыда қарау дегеніміз олардың табиғатын,себебің және қайта өндіру мен қызмет ету механизмін, тарихи шарттаскан қоғамдық кұбылыстармен байланысын, сондай-ак оларды жеңу жодарын айқындау.
Қазақстанның басқа мұндай айыпты Ауғанстан, Пәкістан, Колумбия, Венесуэла төлейді. ¥зак жылдар бойы нашақорлық біздің елемізде тек батыстық өмірге жататын құбылыс ретінде есептелді. Қазір нашақорлық құбылыс ретінде қалыптасқанын ешкім жоққа шығара алмайды жқне оның жеке адамдар мен бүтіндей қоғамға қаншалықты зардап әкелетінін түсінеді. Әлеуметтік зерттеулер нәтижелері нашақорлардың көп бөлігі белгілі бір дәрежеде өздеріне төнген қауіпті сезініп, өз құмарлығына сындарлы көзбен карайтындығын көрсетті: сұралғандардың 12 проценті оның өлтіретін күшін сезінсе, 66,5 проценті оған қарсы қарайды. Наша қолданғаннан ешқандай жамандық көрмеймін деп есептейтіндер,негізінен, гашишті жаңадан бастаушылар. Наша кабылдағаннан кейін болатын әозуды, көніл-күйдің көтерілуін тәжірибесіздіктен және надандықтан бұл зат өз денсаулығына игілікті әсер етті деп қабыдайды.Бірак белгілі бір кезеңде денсаулығы мен психикасы бұзыла бастағанда, көптеген нашақорлар оны алда не күтіп тұрғанын саналы түрде сезіне бастағанымен, бұл әдеттен бас тартуға күші жетпейді.
Нашақорлықпен күреске әлеуметтік, экономикалык, мәдени сипаттағы шаралар, соның ішінде маскүнемдікке карсы шаралар колданылады. Бірак нашақорлықтың даму ерекшелігін ескере отырып, бүл мінез-құлықтың ауытқуына байланысты әр түрлі шаралар колданылады: медициналық, құқықтық,т.б
- Мінез-құлықтың ауытқуын алдын-алудағы кылмыстык- құқықтық жауапкершілік
ҚР-да нашакорлықпен күресуге байланысты 2000 жылдың 17 ақпанында Президент жарлығымен «Нашақорлык пен наркобизнеске карсы курес агенттігі» құрылды.
ҚР Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірде қылмыс пен коррупцияға карсы күрес мәселелеріне арналған мәжілісінде сөйлеген сөзінде көрсетілгендей, елде қылмыстың өсуін токтатып, криминалды жағдайды тұрақтандыруға кол жеткізілді. «Ең бастысы,- деп атап көрсетті елбасы,-біздің еліміз діни негіздегі кикілжіндер мен ұлттық кактығыстарға жол бермеді»Елдегі жағдай кылмыстық әрекеттердің шиеленісуіне қарсы іс-қимыл белсенділігін арттырып,катал да тегеурінді шаралар кабылдау кажеттігін көрсетеді. Қылмыс деңгейі әлі де жоғары: Тәулік сайын республикада 400 шамалы кылмыс жасалады. 1999 жылы 497 кісі өлтіруші (20процент),873 қаракшылық шабуыл жасаушы, 4250 тонаушылар мен 22 мыңға жуық ұры жазалаусыз калды. Барлық жерде кылмыстық дәстүр мен салт қылмыс әлемінің шеберлігін арттыру мен мамандануы жандана түсті.
Қазақстанда «заңды ұрылар» деген ұғым пайда болды, олар кылмыстық топтар арасындағы қарым-қатынастарды реттейді, Наркобизнес, спирт контрабандасы, ұрланған машинаны сату өркендеп, жезөкшелік қалыпты кұбылысқа айналды.
Девиацияның барлык формаларының көрінуі экономикалык, демографиялық, мәдени және де басқа да көптеген факторларға да байланысты болады. Бүгінде бұл мәселе ТМД елдерінде аса шиеленісіп тұр, өйткені мұнда коғамдық өмірдің барлық салаларында айтарлыктай өзгерістер болып, бұрынғы мінез-құлық нормалары құнсызданып отыр. Әрекеттің бұрынғы тәсілдері тиісті нәтиже бермеуде. Күтілетің нәтиже мен шын нәтиженің арасындағы айырмашылык қоғамда шиеленіс туғызып, адамдардың өз мінез-құлқының моделін өзгертуге дайын болуын, сөйтіп калыптаскан нормадан шығуына иетрмелеп отыр.Әлеуметтік экономикалык шиеленіскен жағдайда нормалардың өзі де өзгеріске түсуде. Кейде мәдени шектеулер іске аспай, әлеуметтік бақылаудың жүйесі бәсеңдеуде.
Осылайша, кұкық бұзушылық-бұл коғамдық өмір туғызып отырған өмірлік кикілжіндер, сәтсіздіктер, әлеуметтік драмалар мен таргедиялардың бейнесі. Қылмыс- адам кеселінің бейнесі. Оны бүгінге дейін бір де бір коғам кұрта алмай келеді.
Жеке түлға аймағына жататын делинквентті мінез-кұлықтың себептеріне, оны калыптастырып, қылмысқа итермелейтін сыртқы жағдайлар сиякты. Аз көңіл бөлініп отырған жоқ.
Девианттық мінез-құлыктың пайда болуының бірнеше себептері бар:
- Әлеуметтік теңсіздік -жұмыссыздық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі, жемқорлық т.б.
- Моральдык этикалық фактор қоғамның моральдық -адамгершілік касиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның қоғамдық ортаны жатсынуы. Қоғам өмірін ақшаның билеуі, барлығы сатылады, барлығын сатып алуға болады. Деградация және әдет-ғұрыптың ықпалының төмендеуі. Бұкіл аралық кайырымшылық «сатылған махаббат», құқық бұзушылықтың күшеюі;
- Девианттық мінез-кұлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. әсіресе, отбасы тәрбиесінің нашарлауы денсаулықтағы психофизикалық ауытқулар т.б. Осының барлығы рухани дүниенің дағдарларысына әкеліп, өмір сүру мәнінің жоғалуына алып келеді.
Қылмыскердің ішкі әлемінде «кажеттілік кысым» сипатындағы өзіндік психологиялык жүйе іске асады. Осы кажеттілік қылмыскердің белгілі бір мақсатқа бағытталған мінезің қалыптастырады. Ғалымдар қажеттіліктердің түрткісі ретінде қажеттіліктердің тізімін анықтайды:
- Доминанттық(басқаларға бақылау жасауға және олардың мінез құлығын баскаруға ұмтылу);
- Агрессия (қарсыласты қорлау, төмендету құрту үрдісі);
- Баскаларды жоққа шығару, сыртқа тебу;
- Автономия(барлык шектеуден қашу);
- Бейімделу ырыққа көну;
- Ойын қажеттілігі(шындыктан бас тарту);
- Эгоизм,нарциссизм( өзін өзі жақсы көру,өз мүддесін басқалардан жоғары кою);
- Қамқоршы іздеу;
- Жазадан кашу( коғамды, үлкендерді айыптау).
Социологиялық аспектіде алғанда қылмыскерлердің негізгі 3 түрі бар:
1. жүйелі қылмыскер тип
2 кездейсоқ типтер
3 жағдайға байланысты қылмыскер(қылмысқа дейінгі адамгершілігінің бұзылуы)
4 Ал екі типтің біріншісіне есейген рецидивистер(75) ал екіншісіне -ұзак уакыт бойы оқымағандар мен жұмыс істемейтіндер, маскүнемдер жатады.
Ғалымдар қылмыстык-құкыктық жауапкершілік неғұрлым тиімді болып есептелетін жағдайларды көрсетеді:
- жазалауды қолдану сәті жақындаған сайын, оның мәні қарқындырақ
- субъект жазадан кұтылмайтындай болған сайын,жазалаудың ескерту ролі күштірек
- жазалаудың ынталандыру күші, қылмыскерлерге оны қолданғанда, көп нәрседен айырылса, жоғарырақ болады
- Жазалаудың превентивті себебінің табысты болуы мінез-құлықтың жасырын формаларының таралу дәрежесі мен тұрақтылығына байланыста болады.
- превентивті себептердің бабыстылығы тыйым салынған жазалау санкциясының сыйымдылығына байланысты болады
- жазалаудың себепті әсерінің дәрежесі субъектінің тиым салынған, әрекеті мен қаншалықты өзіне сай, қапаулы және қажетті деп есептеуіне байланысты болады.
Соңында, мінез-құлыққа кұкықтык бакылау жасау жүйесінің мәні элеуметтік ауытқуды бейтараптауға не жоюға байланысты. Бірак әлеуметтік ауытқулардың алдын алудың элеуметтік мүмкіндігі көп жағдайларға байланысты. Жекелей алғанда, девиантты мінез-кұлыкка не жататыны, не жатпайтындығы сан рет өзгеріске түсіп, азамзат тарихында әр түрлі бағаланып келеді.