Девиантты мінез-құлықтың классификациясы

13 мая, 2018 11:59

 

Жоспары

  1. Девиантты мінез-кұлқы бар балалардың мінез акцентуациясы немесе мінез екпіні
  2. Девиантты мінез-кұлқы бар балалардын мінез акцентуациясының түрлері

І.Девиантты мінез-кұлкы бар балалардыц мінез акцентуацпясы немесе мінез екпіні

Мінездің акцентуациясы — мінездің шектен тыс күшеюі. Олар норманың шекті нұсқаларын көрсетеді. Оларға ортаның және тәрбиенің әсеріне байланысты элеуметтік оң және әлеуметтік теріс тенденциялары тэн. Термин авторы — неміс психологі және психиатрі К.Леонгард. Мұғалімге мінездің акцентуациясын білу тәрбиеленушілерді түсіну және олармен индивидуалды айналысуға кажет.

Мінез акцентуациясы (лат. ассепіиз- лептену, ұру — психиатриялык норманың шеткі нұскалары. Мұнда мінездің әр түрлі тұрпаттары, белгілері біртегіс дамымаған және тұлға құрылымында оларға психожарақаттаушы факторлар әсер еткенде тұлғаны дезбейімделуі (дезадаптациясы) болуы мүмкін «осал тұстары» болады. Психпатиямен кейбір ұксастығында (ұксас мінездік радикалдар болады, ғұмыр бойына байқалады) парциалдығымен (даму дисүйлесімділігі барлық мінезді камтымайды, тек оны кейбір белгілерін камтиды), дезбейімделудің аздаған тереңдігімен ерекшеленеді.

Жасөспірім кезінде баланың организмі әсіресе жыныстық жетілу кезеңінде биологиялық жағынан болсын, әлеуметтік жағынан болсын өте әлсіз болып келеді. Бұл кезеңге әртүрлі сыртқы әсерге жауап беру өзіндік ерекшеіктері мен тәртіп бұзылулары тән. Мұндай реакциясы орын алған психикалық аурудың көрінісі деп білуге болады, сонымен қатар аталмыш психикалық аурумен ауырмайтын балаларда да кездеседі. Мұндай жасөспірімдерге тән бүзылуларды мінез акцентуациясы немесе екпін деп атайды. Ол патологияға жатпайды, мінездің басым болған кейбір жекелеген ерекшеліктері.

Жасөспірім кезеңі — балалык шақтан ересектікке өткір өтетін, үнемі қиын, критикалық кақтығыстық деп сипатталатын адам онтогенезінің күрделі периоды.

Л. Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа кұрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста калыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген кызығушылыктың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі — бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Н. Кречмер мен Конорадта осыған байланысты жеткіншектерді циклоидка, ал жасөспірімдерді шизоидка жатқызады. Жасөспірімнің мінез-құлқы ең алдымен жағдайды моральдылык карастырумен. Баланың әлемінің ересекке ауысуында. Жасөспірім толығымен алдыңғысына да соңғысына да жатпайды. Бүл ең негізгі қоғам жағдайы мен психикасынан көрінеді. Ашушаң, ұялшак, ішкі карама- кайшылыктар. Бүл кысым мен қақтығыс көп болған сайын балалык пен ересектік шекарасының әртүрлі айырмашылықтарына байланысты ойыстай бастайды.

Қазіргі заманда жасөспірім психодинамикалык теорияның басталуы өкілі танымал американ психологы Э. Эриксон философия-методологиялық ұстамын Фрейдтік психоанализ дамуының жалғасын жасаған. 3. Фрейд ойынша дамудың ең негізгі қозғалыс күші тұлғаның биологиялық жыныстың қызығушылығы (либидо) дәлірек айтканда психосексуалды қақтығыстың тууы. Нақты шарттарда жеткіншектің іс-әрекеті үлкендермен ұйымдасады. Олар жасөспірімдердің міндеттері мен құкықтарының шеңберін қалыптастырады, қатынастарын қалыптастырады, яғни психологтар жасөспірімдердің дамуында оның тұлғалык калыптасуын анықтайтын әлеуметтік ситуациясы деп атайтын қатынастарды тудырады

Өтпелі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері мінез-құлық модельдерін анықтайды. Кіші жасөспірімдік кезенде балаларға тән мінез-құлыктың жағдайлык бұзылуы кездеседі. Ол психикалық инфантилизм кұбылысы және мидың резидуалды-органикалык бұзылуы тән жасөспірімдерге де катысты. Мінез-құлыктың арнайы және жасөспірімдік формалары бөлінеді.

Балаларға тән мінез-құлық формаларына гиперкомпенсация, компенсация, имитация, протест, кайтару реакциялары жатады. жасөспірімдік мінез-құлық формалары: қызығу, топтасу, эмансипация реакциялары, сонымен қатар суицидті мінез-құлық, транзиторлы сексуалды девиация, қаңғыбастык. Реакцияны мінез-құлықтың тепе-тең типі деп атау бізге ыңғайсыз, сондықтан «реакция» терминін қолданамыз

Адам өмірінде өзгермелі кезеңдері болады. Соның бірі,ең бастысы мен ауыр болып келетіні — ересектік кезеңі. Бұл уақытта адам 13-17 жаста аралығында болады, бала емес, бірак әлі ересек адам болмайды. Бұп жас- “қоғамдық импритинг” кезеңі — барлык нәрселер адамдарға ерекше әсерлі болып келеді. Бұл адамға есеюге мүмкіндік береді. Жасөспірімдердің қылмысы деген термин, жасөспірімдердің заңды бұзуына қатысты іс-әрекеттер жасауы дегенді білдіреді. Бұл терминді, ересек адамдар жасаған қылмыстан бөліп алып қарастыру, олармен салыстыру үшін енгізген. Қылмыс жасаған жасөспірімдерді, арнайы сотта, арнайы судья соттап, әркашан жеңілірек үкім шығаруға тырысады.

М. И. Еникеев сипаттамасы бойынша жасөпірімге заңды бұзған көптеген қылмысты артуға болады. Олар, сабақтан кашу, бармаудан бастап — адам өліміне дейінгі кылмыстар.

2.Девиантты мінез-құлқы бар балалардың мінез акцентуациясының түрлері

Жасөспірімдердің бойында кездестін мінез акцентуациялары:

  1. Қарсыластық реакциясы;
  2. Имитация реакциясы;
  3. Компенсация реакциясы;
  4. Гиперкомпенсация реакциясы;
  5. Топтасу реакциясы;
  6. Эмансипация реакциясы;
  7. Компенсация жэне гипперкомпенсация реакциясы;
  8. Нәсіпқұмарлыққа касіретті реакция;
  9. Дромомания.
  10. Қарсыластық реакциясы — жасөспірімнің іс-әрекетіне, тәртібіне үлкендер тарапынан шек коюына карсылықты білдіреді. Бұл іс-әрекеттер — үйден кашумен, шулы серуендермен сипатталады.
  11. Имитацин реакциясы — нақты образға, жеке дамға еліктеу. Кейде бұл белгілі “кейіпкер” болуы мүмкін. Мысалы, жасөспірімдерге “қылмыскер- суперменнің ”үлкен ықпалды екені белгілі. Соңғы кездегі детективті  әдебиеттер кейіпкерлерге еліктеу жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді.
  12. Компенсация реакциясы — бір саладағы сәтсіздік енді бір салада дұрыс берілуі. (Мысалы,мектепте сәтсіздік болса, ”батыл” іс-әректтермен орын толтыру)
  13. Гиперкомпенсация реакциясы — жасөспірімге қиын түсетін салада табандылықпен талпынып, жетістіктерге жетуге тырысу. Көбінде өз-өзіне сенімсіз, ұялшак жасөспірім, ерекше спорт түрлерін таңдайды (Мысалы, бокс, карате, т. б.).
  14. Топтасу реакциясы — бірдей жастағы жасөспірімдердің топтасауы. Жасөспірімдік топтар, ортақ мақсаттылығымен, жинақылыктармен, ортак бағыттылыктармен ерекшеленеді.
  15. Эмансипация реакциясы — жасөспірімдердің өз дербестігіне, тәуелсіздігіне талас, күрес. Қалай болса да ол ересек адамдардың бакылануынан шығуды кажет етеді. Аталмыш реакцияның аскынған түрі ата- аналар балаға дұрыс тәрбие бермейді: тым еркелетеді немесе катал тәрбиелейді.
  16. Компенсация және гипперкомпенсация реакциясы — компенсация және гипперкомпенсация реакциясы жасөспірімнің кейбір өзіндік тәртіп көріністерімен өзінің нашар, әлсіз мінездерін немесе қасиеттерін жасыру. Жасөспірімдерге аталмыш реакция ата-ананың өз көңілі мен назарының аздығынан психологиялық корғаныс ретінде тән. Мұндай реакция толық емес отбасында өсетін немесе физикалык, психикалық, сөйлеу кемісітігі бар, сол сияқты басқа да кемтар немесе неврозы сыркаттанған балаларда жиі кездеседі.
  17. Нәсіпқұмарлыкка касіретті реакция — жасөспірімдер организмінің (мастурбацияның) түрлі көріністерін, сонымен катар топтық және жеке мастурбацияны, ретсіз тәртіпсіз жыныстык катынасты жаткызуға болады.
  18. Дромомания — кезбелікке бейімділік. Психиатрлар бұл реакцияны импульсивті ниеттерді бақылау бұзылуларының бір түрі деп есептейді. Қалыпты жағдайда аталмыш реакция алыс саяхаттарға деген өте қатты кұштарлық деп санауға болады.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля