11 сентября, 2018 11:22
Диалектизмдер — жергілікті жерде, белгілі бір аймакта колданылатын, яғни жұмсалу сферасы шектеулі тілдік бірліктер. Бұлардың әдетте эдеби тілде баламасы болады, сондықтан эдеби тіл нормасынан тыс тұратын элементтер: таңлай (жергілікті) — таңдай (эдеби), эпше (жергілікті) — эпке (әдеби), челек (жергілікті) — шелек (әдеби); үлкен, зор (әдеби) — нән (жергілікті), шекер (эдеби) — секер (жергілікті) т.б.
Қазақ тілтанымында диалектизмдер табиғаты әр кезеңдерде талай зерттеулердің нысаны болып келді. 1930-жылдары Ж.Доскараев, С.Аманжоловтар бастаған бұл ізденістер кейінгі жылдары жүйеленген арналы салаға айналды. Ш.Сарыбаев, С.Омарбеков, О.Нақысбеков, Ж.Болатов, Ә.Нұрмағамбетов, Ғ.Қалиев, Н.Жүнісов, Т.Айдаров, Ш.Бектұров, Ә.Бөрібаев, Қ.Айтазиндардың зерттеу-еңбектерінің нэтижесінде казак тіліндегі басты-басты диалектілік ерекшеліктер жан-жакты сипатталады.
Түбегейлі зерттеулер нэтижесінде жергілікті ерекшеліктер жиналып, сипатталып, фонетикалык, грамматикалық ерекшеліктеріне қарағанда, лексикалык ерекшеліктері мол екендігі анык белгілі болып отыр. Лексикалык ерекшеліктердің көлем жағынан аумақты келуі халықтың этностық кұрамымен, географиялық жағдайымен, кәсіби, тұрмыс-тіршілігімен, әдет-ғұрып, салтымен тікелей байланысты. Тілде кездесіп отыратын диалектілік ерекшеліктер кездейсоқ кұбылыс емес. Халықтың бэріне бірдей түсінікті әдеби тілде Колданылмайтын, тек белгілі бір территориядагы аймакта ғана пайдаланылатын ерекше сөздер тобын «диалект» дейді.
Соңғы жылдарга дейін қазак қоғамында, әсіресе жалпыхалықтык тілдің әдеби формасын, оның нормаларын насихаттау, жоғары қою үрдісі күшейді де, диалектизмдер, қарапайым сөйлеу элементтері жұртшылыққа көбіне «құбыжық» ретінде көрсетілді.
Шындығында, әдеби тілдің нормасын насихаттау, оның дәстүрлі нормаларын катаң ұстану принципін эрқашанда берік ұстануымыз қажет. Бірак бейәдеби элементтері мүлде мансұқ етпей, тарихи құндылықтардың бірі ертінде оқып, танып білуіміз аса қажет.
Окулыктарда, жекелеген зерттеулерде диалектілік құбылыстарды не үшін зеттейтініміз, танып білетіндігіміз жөнінде азды-көпті айтылған. Олардың негізі, сайып келгенде, әдеби тілді байытудың көзі, тілдің тарихын білу, көркем әдебиетте эстетикалык мақсатта жұмсалатыны т.б. дегендерге саяды. Мәселе тек осыларға тірелсе, онда жалпыхалықтық тілдің бейэдеби формаларын рухани кұндылық деп жете тани алмаймыз. Оларды рухани кұндылық деп тану үшін жоғарыда айтылғандар жеткіліксіз. Өйткені жалпыхалықтық тілдің бейэдеби элементтері ұлт, халық, тайпалық тэрізді тілдік ұжымның өмір эстетикалык мұрат-мақсатын білдіретін куммулятивтік қызмет атқарады. «Қазактың эдеби тілінің сөздік кұрамын толыктыра түсу — элі де жүріп жаткан процесс, сондықтан ауызекі сөйлеу бірліктерін, эсіресе диалектизмдерден мүлде бас тарту элі ерте. Олардан тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте гана колданып қана коймай, жаңа ұгымдарды атаудың бір көзі ретінде карау керек». [68; 156]
Әдеби тілді диалектілер аркылы байыту мәселесі қазіргі кезде ғалымдар назарына жиі ілініп жүр. «Кемеңгер жазушы М.Әуезов шығармаларындағы ондаған диалектілерді ғалым Р.Сыздық әдеби тілдің сөздік құрамын толыктыруга әлеуеті жететін сөздер ретінде бағалайды. Себебі олар М.Әуезов пен одан кейінгі жазушылардың шығармаларынан орын алып, контекст арқылы мағыналары түсінікті болып, кос тілді және Абай тілінің сөздіктерінде тіркелген»
Диалектизмдерді тек стильдік мақсатпен көбінесе көркем әдебиетте гана колданып коймай, жаңа ұғымдарды атаудың бір көзі ретінде кажеттілік туған сәтте, эдеби тілде баламасы болмаса, әдеби тілді байытуға әлеуетті болса, батыл колдану керек.
Материалдық жэне рухани мэдениетке байланысты атаулардың едәуір бөлігі аумактык (территорияльщ) диалектілерге катысты болып келеді. Ақикат өмірдің, қоршаған ортаның түрлі заттар мен құбылыстардың, әсіресе өсімдіктер мен жануарлар әлемінің толып жатқан атаулары диалектілік лексика жүйесінде бейнеленген. Олардың кайсыбірінің әдеби тілде баламасы жок деуге болады. Мысалы, диалектілік лексика жүйесіндегі үлек, көрпеш, суын, ортеке, әндемі, айлак универбтерін алсақ үлек — «нардың баласы», көршеп — «кенже туган козы», суын — «таза арғымактан туған жылкы», ортеке — «бөкеннің еркегі», әндемі — «үй сылайтын темір қалакша», айлак — «кеме тоқтайтын жер қойнауы» делініп, сипаттама немесе перефраз түрінде беріледі.
Бұларды когнитивтік деңгейдегі тілдік ұжымның өмір тәжірибесі, ой-санасы, дүниетанымымен байланысты карау диалектикалык лексика жүйесінің семантикалық кұрылымын тереңірек тануға мүмкіндік беріп кана коймайды, сонымен катар акикатты ойлаумен байланысты күрделі құбылыстарды бірте- бірте тануга септігін тигізеді.
Диалектілік материалдарды этнолингвистикалық аспектіде танытудың әдістемелік мәні айрыкша.
Мысалы, профессор С.Аманжолов көрсеткен батыс өлкеге тэн лексикалық ерекшеліктердің ішінде кейбір атауларды академик Ә.Т.Қайдаровтың, Ж.Манкееваның, Н.Уэлидің т.б. зерттеулеріндегі кейбір тұжырымдарды негізге ала отырып этномәдени аспектіде былайша талдап көрейік.
Қазак тілінде жер бедеріне байланысты колданылатын атаулар жүйесінде тұран, тепсен деген сөздер жатады. Бұп атаулар қыратты, таулы өлкеде жиі қолданылады. Тепсен — биік таудың басындағы тегіс жер, мал жайылымына ойыс, шұнкырлы жер. Жер бедерін бұлай арнайы атау себебі олардын эркелкі болады. Ойыс, шұңқырлау жердің оты көбіне тұщылау болып келеді. Диалектілік лексика жүйесінде бес ешкі, бес қонак, құралайдың самалы тәрізді метеорологиялық терминдер жиі ұшырайды. Бұлар тек атаулар гана емес, малшы қауымның, есепшілердің (халық астрономдарының) табиғат кұбылысын жіті бақылап, соның нэтижесінде белгілі бір кұбылысты танып біліп, ат қоюы. Мысалы, сәуір (апрель) айының басында бес күндей күн салқындап, жауын- шашын болады. Осы мезгілде далалы аймақтарда карақұйрық, бөкен тэрізді түз жануарлары лақгап, лағын өргізеді.
Мамыр — үйректің ұя басып, балапан шығаратын, балапан ертетін кезі, жолбас жусан — «жусанның айрықша түрі», «боз жусан», желғұз — «жылдың дауылды, желді күні». Алсын — «кар астында көгеріп жаңа шығып келе жаткан шөп». Міне, бұлар тек қана верталдық элементтер ғана емес материалдык әрі рухани мәдениеггің жалпыхалықтық лексикадагы көрінісі.
соөж
- Диалектизмдердің бүгінгі лексикалык, стилистикалық статустары.
- Диалектизмдердің көркем әдебиеттегі қолданысы мен өзге функционалдық стильдердегі кездесуі.
- Диалектизмдер мен әдеби норма.
- Қазіргі қазақ әдеби тілінің тірек диалектісі болды ма, болса қай диалект негіз болып танылады?
сөж
- Диалектизмдердің тілдік табиғаты.
- Диалектизмдер мен карапайым сөздердің ұксастыгы мен айырмашылығы.
- Жалпыхалықтық тілдің бейэдеби формаларын рухани кұндылык ретінде қарау.
- Қарапайым сойлеу тілі — әдеби тіл нормасынан тыс тұратын тілдік бірліктер, негізінен ауызекі сөйлеу тілінің элементтері карапайым сөздердің эдетте әдеби тілдік эквивалентті болады. Олардың мағыналары көпшілікке таныс болып келеді, эрі таралу изоглосы болмайды, яғни еліміздің барлық аймактарында ұшырасады. Басым көпшілік тұрпайы мағынада келетін, экспрессивті-эмоциональды реңкі бар тұлгалар. Сондықтан ресми жагдайдағы Қарым-қатынаста карапайым сөздерді косып сөйлеу эдеби тілдің нормасына жат болып саналады. Мысалы, оттама, былшылдама, сандалма, казакша ызгытып тұр, қағып жібер, пысықай т.б. дегендердің мазмұны төмен болса, мисәлі (мысалы), сәбеп (себеп), әгер (егер), киттай (кұрттай) т.б. дыбыстык құрамы жағынан «жарым-жан» сөздер.
- Жаргон, аргон сөздер. Бұл топқа жататын сөздер негізінен жалпы халыққа түсініксіз, белгілі бір шағын элеуметтік топтардың лексикасындағы жасырын, кұпия мағынадағы сөйлеу тілінің элементтері. Олар тіліміздегі жалпыхалыктык лексика негізінде белгілі бір топтардың мұктаждықтарын өтеу үшін пайда болған жасанды (искусственный) тілге жатады. «Байыргы кездегі казак когамында барымташылардың өздері ғана колданатын жасырын сөздері болған. Мысалы, салык «зат мүліктерін қоятын жасырын жер» дегенді білдірсе, мас — етістігі» тұтқиылдан, көзіне көрінбей бас сал» дегенді білдірген.
Қазіргі кезде жастар арасында сөзді «кұпиялап» сөйлеу дагдығы байқалмайды. Алайда соңғы жылдары, әсіресе 1990-жылдардан бері, өздерін элеуметтік жік ретінде сезіну күшейте түскендіктен болар, казақ жастары арасында жаргон элементтерін қолдану үрдісі байкала бастады. Мысалы: көпелек, қума «акымақ», базар жок «иә, мақұл», қораға кіру «қиын жағдайда қалу», кж болып тұр «колайсыз жагдай болып түр» т.б. [45;8].
- Ескі жазба тіл элементтері қазіргі әдеби тіл нормасынан тыскары тұрады. Фаһим — «пайым», уәһим — «уайым», жазғыл «жаз», айла — «ет», «кыл», тоғра — «тура», екісі — «екеуі», өле жазып — «өле жаздап», жібергін — «жібер», бірін-бірін — «біртін-біртін», ашық, мағшуқ — «ғашық», намы — «заты», «аты, нәрсесі», жүрің — «жүр», дэру — «дэрі», зінжір — «шынжыр». Бұлардың ескі жазба тілге тән дүниеліктер екенін елеп-ескермей, паркын ажыратпай, оңды- солды жұмсау, әдеби тілдің мүддесімен үйлеспейді. [45:9]
- Варваризмдер. Бұл топка эдеби тіл нормасында жоқ шет тілдік сөздер жатады. Кейбіреулер звонда, конечно, почти, так что, если, и т.б. сөздерге үйреніп алады да, сөз арасында тықпалай береді. Мұндай сөздерді орынсыз колдана беру тыңдаушысын мезі етіп, жағымсыз әсер калдырады. Варваризмдерді уәжсіз, мақсатсыз колдану тілдік түйсіктің, тілдік сананың төмен екенін көрсетеді. Ал номинациялық мұктажды өтеу максатында қолданылатын шеттілдік атаулар мен терминдердің варваризмдерден кызметі өзгеше.
Варваризмдердің көркем мэтінде, кейіпкер тілінде ұшырасатындыгы белгілі. Жазушы кейіпкерлерінің портретін жасап, даралау үшін варваризмдерді эстетикалық кызметке жегеді. Мысалы:
- Жарайды, болыс аккуратный кісі екен… Бұрын болыс болып па едіңіз? Еліңіз неше ауылнай? деді біреу.
- Е, енді казынаның жұмысы болғасын… Куратный болмаса кызмет болама… Куратный болмаса… Әркім обезін жұмысына эзір тұрмаса, гатовай тұрмаса… — деп, Оспан тағы қабаттасты да, соңғы сұрауларды ұмытып кетті… Оның орнына:
- Біздің болыс жеті ауылнай; бұл кісі болыс болғалы екінші жыл, — деді, атқамінерлердің бірі (Ғ.Мүсірепов, «Тулаган толқында» 22 б.).
«Орыс тіл білімінде «төменгі стиль» саналатын, ортақ атаумен «қала тілі» аталатын кұбылыстар жиынтығы казак тіл білімінде бұрын баска бір кырынан сөз болган. К.Аханов, Ә.Хасенов, Т.Қордабаев сынды ғалымдар өз еңбектерінде, сондай-ақ түрлі окулықтар авторлары варваризм, арго, жаргон жүріндегі стильді бұзатын, тіл мәдениетіне зияны тиетін құбылыс ретінде қарастырылып келеді. Әйтсе де бұл проблеманы тілші-ғалымдарымыз жалпы тіл атаулы бар жерде міндетті түрде болатын, белгілі дәрежеде тілдің дамуын көрсететін универсалды құбылыс деп қарастырған жоқ әрі олардың тілімізде пайда болуының әлеуметтік себептері де жан-жақты ашылып, талданған емес. Бұл, бір жағынан, әлеуметтік лингвистиканың казақ тіл білімінде жетіле түскендігін танытады. «Қала тілі» проблемасы уакытка карамай тілімізде эркашан болатын универсалды кұбылыс екендігі анық, өйткені ол қоғаммен, әлеуметтік өмірмен тығыз байланысып жатыр. «Тіл мен қоғам» арасалмағы айкындалған кезде бұл құбылыстың тіл мәдениетіне әсері терең зерттелетініне күмән жоқ». [54; 197]