4 января, 2018 14:35
В
Византиялық эстетика — ортағасырлық эстетиканың көп тараған бағыты. Ежелгі идеялар мен патристиканың алғашқы бірнеше сатысын арқау еткен. Патристикалық эстетика Византиялық эстетиканың негізгі бағыты бо- лып табылады, басы грек-рим және библиялық эстети- када (IV-VI ғғ.) қалыптасқан (Афанасий Александрия- лық, Үлы Василий, Нисский Григорий, Иоанн Златоуст). Қарастырған мәселесі: сұлулық, дүние, бейне, таңба, сөз өнері. Византиялық эстетика бойынша, құдай — жара- тушы ие, ең сұлу идеал
Материалдық өмірдегі адам қолынан шыққан нәрсенің барлығы ең соңында құдай жаратқан белгілер мен таңбалар болып табылған. Икона құдайдың көзге көрінетін ғажайып бейнесі деп айтыл- ған. Патристикалық бағыттың екі қарама-қарсы жағы болған: IX ғасырдың соңында дамыған, рим эстетика- сының дәстүрін сақтаған, байлықты көрсететін көркемдік артистизм және антикалық эстетика.
Витраж (лат. оіігит — шыны) — түрлі-түсті шыныдан жасалған (терезедегі немесе есіктегі) сурет немесе өрнек үйлесімі. |
Волюта (итч иоіиіа — шиыршық) — спираль сияқты майысқан сөулет өрнегі, ежелгі кезден біздің кезеңге шейін сақталып келген. |