ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА (Г)

5 января, 2018 14:37

г

Газон (фр. §агоп) — кілем түріндегі жасанды шөбі бар жер бөлімі.

Гармония (грек. һагтопіа — келісім, реттеу, үйлесу) — философиялың-эстетикалың категория, реттеудің жоға- ры деңгейін білдіретін әр түрлі заттардың бір бүтін үйлесімді ңұрауы. Гармония дегеніміз — адамның қор- шаған ортаны рухани жағынан меңгеру деңгейінің көрсеткіші. Сонымен қатар, кездесетін дисгармонияны немесе ретсіз нәрсені, жағдайды қалыпқа келтіру қозғалысы болып табылады.

 

Қоғамның тарихи даму деңгейіне байланысты үйлесудің немесе гармонияның эстетикалық теориясы неше түрлі, бірақ бір-бірін толық- тыратын ой-қорытындылары орын алған. Қазіргі гармо- ния былай деп түсіндіріледі: адам мен қоршаған орта- ның қарым-қатынасы, елес сияқты қол жетпейтін нәрсе, тек өнерде ғана болуы мүмкін сұлулық идеалы, т.с.с.

Генеративтік эстетика (лат. §епегаге — туындау, құру, жасау) — қолөнер теориясы, «машина өнерінің» тәжірибелеріне қызмет етеді. Генеративтік эстетика ақпа- рат эстетикасына жатады. Ақпарат эстетикасының ерек- ше бөлімі ретінде М. Бензе, 3. Мазера, т.б. еңбектерінде көрсетілген генеративтік эстетика эстетикалық бейнелердің құрылуының (артефактінің) алгоритмін және жобасын жасауды мақсат етті, сонымен қатар сол жобалардың ЭЕМ-ның көмегімен орындалуын жөн көрді.

Глиптика ( фр. цііріідие — ойып қашау) — тасты ою өнері.

Глиптотека — мүсін шығармаларының жинағы.

Гобелен (фр. доЬеІіп) — жоғары көркем құндылығы бар әсем мата (тоқылған сурет).

 

Горельеф (фр. һаиі-геііе/ — жоғарғы рельеф) — өз көлемінің жартысына жуың көлемі жазықтың бетінен шығып тұратын мүсін немесе өрнек.

Готика (ит. §оіісо — готтық, қарақшылың) — Батыс Еуропа елдерінің сәулет өнерінде кең өріс алған көркем стиль. ХІІ-ХУ ғасырларда орта ғасырда өзінің дамуын тоқтатқан роман стилінің орнын басқан бұл өнер фео- далдық-діни идеологияны насихаттаумен дамыған. Жоғары деңгейдегі көркемдік стиль бірлестігімен көзге түскен. Ол: вертикальды үйлесім, бүтін сызықтар тұжы- рымына бағыну, сәулет пен мүсіннің ажырамас байла- нысы, майда заттарға көп көңіл бөлу. Шіркеу сәулетін- де қолданылған ол ғимараттың конструкциясына көңіл бөлуге ықпал етті. Бұл сөулетшіден математикалық жо- ғары қабілеттілікті талап етті: үшкір аркалар, ішкі құры- лысы кең биік шіркеулер, үлкен терезелер, көп түсті вит- раж, гобелен, т.б. Стиль бүтіндігі оның ұлттық және ай- мақтық түрлерінің пайда болуына кедергі болмады. Бірақ XVIII ғасырдың ортасында готикаға эстетикалық ұғым бойынша «қарақшы» деген түсініктеме берілді. Көркемдікке сүйіспеншілікті бүзу деген айып тағылған. Готиканың «ашылуы» роман эстетикасы мен неогативтік көзқарастың (XIX ғ.) пайда болуына ықпал етті.

 

Гравюра (фр. ёгаоиге) — графика өнерінің бір түрі. Қол- мен салынған суретті ағаш немесе басқа да қатты затқа бедерлеп, ойып көшіріп алып, сол үлгі бойынша оны қағазға көбейтіп бастырыгі шығарады. Гравюра бедер- леніп және ойып жасалатын екі үлгіге бөлінеді. Бедерлі гравюра үшін бұрын көбінесе ағаш пайдаланылып кел- се, қазір негізінен пластмасса қолданылады. Гравюра- ның ойып жасалатын түрі үшін әдетте мыс, қалайы не- месе болат пластинкалар пайдаланылады.
Графика (грек. дгарһіке — сурет салу) — бейнелеу өнерінің бір түрі. Графика көркем түлғаны, шығарма- ны, өр түрлі түсті (көбіне қара-ақ) сызықтарды, дақ-таң- баларды қолдану мүмкіншілігіне негізделген. Таңдап алынған әдісіне байланысты графика кескіндемеге жа- қын болуы мүмкін. Графиканың жанры және атқаратын қызметі мол, олар: этюд, эскиз (сәулеттік жобаның не- месе басқа да көркем туындыларының), сайқымазақ су- рет, кітаптағы сурет көріністері, эстамп, плакат, т.б. Құрал-жабдықтары: қарындаш, сангина, қылқалам, тушь, акварель. Графиканың «гравюра» деген түрі ағаш пен темірде салынып, кейін қағаз бетіне бастырылады.

 

Суреттеу ерекшелігі — оюды бірнеше рет қайта басып көбейте алатындығында. Графиканың XIX ғасырда ли- тография және XX ғасырда шелкография деген жаңа түрлері пайда болды. Қазіргі кезеңде мүмкіншіліктің, жағдайдың жақсаруына байланысты графика кең өрісті қолданыс тапты.

 

Граффито (ит. дгаНііо — тырнап жазу) — ғимараттар- дың қабырғасын әсемдеу тәсілі, сылақты тырнау әдісімен немесе қазіргі кезде түрлі түсті бояуларды қол- дану арқылы жүргізіледі. .

Гризайль (фр. ёгізаіііе — сүр) — бір түстің түрлі реңк- терімен орындалған кескіндеме. Сұр түс жиі қолданы- лады.

Грифон (фр. £гі{{оп) — денесі арыстандікі, басы мен қанаты бүркіттікі болып келетін ертегі кейіпкері. Ре- нессанс арабескасында қолданылған.

Гропиус (Сгоріиа) Вальтер (1883-1969) — неміс сәулетшісі, өнертану теоретигі, функционализм эстети- касының өкілі. Берлин мен Мюнхендегі жоғары техни- калық мектептерде оқыған (1903-1907). Гропиус — Еуро- па конструктивизмі орталықтарының бірінен саналатын «Баухауз» мектебінің негізін салушы. 1928 жылы Бер- линге келген соң өз шығармашылығын «арзан баспана» проблемасын (үй салуды жеңіл әрі тиімді ұйымдастыру) шешуге арнады. 1934 жылы Үлыбританияға қоныс аударды. Бүл елде М. Фраймен бірге бірнеше құрылыс- тар салып, функционализмнің кең тарауына ықпал жа- сады.

Грот (фр. дгоііе) — жасанды үңгір, ХУІ-ХҮІІІ ғасыр- ларда Еуропа саябақтарында кеңінен қолданылған.

Гротеск (фр. §гоіезёие — ғажап) — әсем заттардың кейбір бөліктеріне аса көңіл бөлу, үйреншікті байланыс- тарды бүзып, оларды қарама-қарсы байланыстармен, тіпті, бір-бірімен ұйқаспайтын, үйлеспейтін нәрселер- мен алмастыру. Бұл ұғым ХУ-ХҮІ ғасырларда ежелгі заманғы ғимараттардың қабырғаларында салынған жа- нуарлар мен өсімдіктердің бейнесін белгілеу ретінде қолданысқа енген. Гротеск әзіл-сықақ категориясына жатады, осы түсінік дұрыс анықталғандықтан, гротеск

 

анықтайтын өнер түрлері көп. Гротеск кейіпкерлері күлкі емес, ңорңынышты, көздің жасын туғызады. Гойидің шығармасындағы адамның үстіне мінген есек- тер көрінісі, яғни адам мен есектің орнының ауысуы қоғамдағы қүлдырауды, басшылардың басқара алма- уын, орындаушылардың бағынғысы келмейтіндігін білдіреді.

 

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля