ҚҮРМАЛАС СӨЙЛЕМ

4 мая, 2018 11:13

ҚҮРМАЛАС СӨЙЛЕМ СИНТАКСИСІ

Сөйлем синтаксисі өз ішінде 2 үлкен салага, яғни жай сөйлем синтаксисі және күрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Олардың әркайсысының өз зерттеу нысаны бар. Әдетте, жай сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны — жай сөйлемдер, оның құралу тәсілдері, негізгі магыналық-кұрылымдык белгілері, жай сөйлемдердің таптастырылу принципі мен жүйесі, сөйлемнің эр қилы мағыналык-грамматикалық, құрылымдық типтері, сөйлем мүшелерінің кызметі мен жасалуы болса, кұрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналып, сол аркылы күрделі ойды білдіруі болып табылады. Яғни кұрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұгымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, кұрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді.

Қызметі жағынан жай сөйлем де, кұрмалас сөйлем де — ойды жарықка шыгарудың, пікір білдірудің, ягни карым-катынас кұралы болганмен, кұрамы мен құрылымы, мағынапык катынасы жагынан бір-бірінен өзгеше категориялар.

Құрмалас сөйлемдер құрамындағы предикатив сыңарларына карай екі кұрамды жэне көп кұрамды болып жіктеледі. Екі кұрамды кұрмаластар салалас жэне сабактас болып бөлінсе, көп кұрамды кұрмаластарды көп компонентті салалас, аралас жэне көп бағыныңкылы сабактас деп бөлу дәстүрі бар.

Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдерге карағанда күрделі ойды білдіретіндіктен, екі предикативтік орталыкка негізделеді. Бұл сөйлемдерде жай сөйлемдердегі сиякты тиянакталған интонация болмайды.

Құрмалас сөйлемдер кез келген жай сөйлемдердің тіркесе салуынан емес, бір-бірімен мағыналық, әрі кұрылымдық тығыз байланыстағы жай сөйлемдердің бір-біріне үйлесе, бағына немесе тең дэрежеде байланысуынан құралады. Сондықтан олар бір бүтін тұлға ретінде саналады. і) Бұл жөнінде Т.Қордабаев: “Егер әдеттегі жай сөйлемдер интонациялык жағынан тиянакты, белгілі шамада болса да, аяқталған ойды білдіретін, өз алдарына бір бүтін болып саналатын болса, кұрмалас сөйлем компоненттері интонациялык жағынан тиянаксыз, аякталған ойды білдіре алмайтын, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады. Ол бөлшек өзі сиякты басқа бір бөлшектермен байланыста тұрғанда ғана бір бүтін бола алады. Егер бұл бірліктері бұзылса-ак, олар өздерінің алғашқы мэндерін жояды, кұрмалас сөйлем кұрамында тұрғанда гана бір бүтін бола алады”, -дейді ( 11,195).

Сонымен құрмалас сөйлем деп мағыналық жағынан бір-біріне байланысты екі немесе одан көп жай сөйлемдерден кұралып, күрделі ойды ^Зілдіретін сөйлемді айтамыз.

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ

Құрмалас сөйлемдердің калыптасып, дамуы бірнеше ғасырлар нәтижесі ‘екені хақ. Бұл жөнінде Н.Сауранбаев «Қазак тіл білімінін проблемалары» атты еңбегінде былай дейді: «Жеке сөздердің бір-бірімен байланысуы түркі тілдерінің ескі дәуірінде басталған, яғни сөздердін бір-бірімен байланысуы ісиякты жеке сөйлемдер де өзара байланысатын болган. Магына жағынан бір- (біріне байланысты сөйлемдер бір-бірімен ешбір жалғаушы формасыз іргелесіп байланысатын болған, я болмаса алдыңғы сөйлемнің баяндауыш формасы арқылы байланысқан. Кейде өте аз болса да, сөйлемдердің арасы көмекші сөздер аркылы байланысатын болған (мыс. учун), ешкандай жалғауышсыз байланыскан сөйлемдердің арасындагы кұрмаластық катынас Орхон дэуірінде екі сөйлемнің не іркес-тіркес іргелесіп айтылуынан білінген, я бір мүшенің екі сөйлемге ортақ екендігінен білінген. Бұл соңғы екі түрлі тәсіл ескі дэуірдегі ; түркі тілдерінде жеке сөйлемнің арасындағы байланыстың негізгі басымы ең іцлғашкы жолы болып саналады» (58 ,89).

Жеке сөйлемдердің жалғаулықсыз байланыскан түрін жалпы Віингвистикада паратаксис деп атайды. Ягни олар — бүгінгі салалас сөйлемдер. Құрмалас сөйлемнің бастапқы көне түрі болып табылатын паратаксистен кейін, тіл дамуының барысында жай сөйлемдердің өзара сабактаса байланыскан түрі гипотаксис деп аталатын түрі пайда болды. Тіл дамуы үрдісінде сөздерді, жеке сөйлемдерді бір-бірімен жалғастыратын дәнекерлер алдымен пайда болган жоқ, керісінше, сол дәнекер сөздерді керек ететін кажеттіліктер келіп шыкты. Соның нэтижесінде сөйлемдер арасын жалгастырушы көмекші сөздер дүниеге келді.

Содан әрбіреуі жеке дербес магыналарын берік сақтап, кұрамындағы компоненттері бір-бірімен нашар байланысатын қүрмалас сөйлемнің алгашкы көне формасының орнына компоненттері бір-бірімен тығыз бірлікте калыптасқан жаңа конструкциялар дамыған. Мұны қазақ тілі жазба ескерткіштері фактілері де дэлелдейді.

Салалас құрмалас сөйлемдер түрлерінің бірсыпырасы да — ертеден колданылып келе жаткан категориялар. Ғалым Г.А.Абдурахманов «Қазіргі өзбек эдеби тіліндегі кұрмалас сөйлем синтаксисі негіздері» атты еңбегінде ХҮ гасырдың соңгы жылдарында жазылган «Жамиг-ат Тауарих» шежіресінің тілінде кұрмаластың түрлері кездесетіндігін айтады ( 1 ,18).

Қорыта айтқанда, кұрмалас сөйлемнің өзара іргелес, бірак әлсіз байланыскан алғашкы түрі, бүгінгі салалас деп аталатын түрінің, сондай-ак сәл кейінірек келе сол салаластың негізінде кұрамындагы эр сөйлемі өзара бір- біріне бағына әрі жалгастырушы дәнекерлер аркылы байланыскан сабактас сөйлемдердің калыптасуы, даму тарихы көне ескерткіштерден басталады.

ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ БІР-БІРІМЕН ҚҰРМАЛАСУ ТӘСІЛДЕРІ

Жай сөйлемдердің бір-бірімен баяндауыш формасының тиянақсыздығына қарай кұрмаласуы — қазак тілінде кұрмалас сөйлем жасаудың ең өнімді тэсілі. Құрмалас сөйлемдер ішінде сабактас кұрмаластар аталмыш тәсіл арқылы жасалады. Багыныңкы компонент баяндауышы төменгі формаларда тұрады:

  1. Көсемше тұлғасынан;
  2. Есімше;
  3. Шартты рай жэне басқа етістік формалары.
  4. Жай сөіиіемпің көсеміие арқылы құрмаласуы. Қимылдың өзін немесе іс-әрекеттің амалын білдіретін етістіктің ерекше түрі — көсемше. Ол сөйлемде пысықтауыштык жэне баяндауыштық кызмет атқарады. Көсемшелердін кұрмалас сөйлем жасаудағы басты кызметі оның багынынкы компоненттін баяндауышы болуынан көрінеді. Көсемше — етістіктің тиянаксыз түрі болгандыктан, кұрмалас сөйлемнің баяндауышы болып келген бөлшегін екінші компонентке багындыра байланыстырады да, ол бөлшектердің бірлікте, тұтастыкта болуын камтамасыз етеді. Көсемшелер тек етістік негіздерімен, олардан өрбіген етістік формаларымен ғана тіркесетіндіктен, ол морфологиялык жагынан түрленбейді. Яғни көптік, тәуелдік, септік косымшалары косылмайды, эрегідік жіктік жалгаулары ғана жалғанады. Сөйтіп кұрмалас сөйлем компоненттері арасында дәнекерлік қызмет аткарады.

Сабақтас кұрмаластын бағыныңкы компонентінің баяндауышы есебінде ең жиі колданылатын көсемшенің тұлгасы -ып,- іп,-п. Ол өзі баяндауыш болып келген компонентті тиянакты компонентпен килы мағыналык қатынаста құрмаластырады. Сонымен коса -ып, -іп, -п тұлғалы тиянақсыз компонент тиянақты сөйлемге тек тұлгалық жагынан өз дербестігін сақтап басыңкы сөйлемнің ешбір мүшесіне меңгерілмей, онымен жарыса, салаласа айтылады.

Жай сөйлемдерді кұрмаластыруда -а, -е,-й жұрнакты көсемше де катысады. Ал -галы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемше өте сирек колданылады.

Мысалы: Тап-тар тас қапаста отырганын есіне салып. қара құлыптың кілті шақьір-шүқыр шиқылдап әрең ашылгандай болды /Ш.Мұртаза “Тамұк”/. Немесе Олар өткендегі оқиганы естеріне тусіре. бәрін ой елегінен өткізіп. ақылдаса келе. бір байламга тоқтасты /”Ана тілі” газеті/.

  1. Жай сөйлемпің есімше арқылы қурмаласуы. Есімшелер де багынынкы сөйлемнің баяндауышы функциясында колданылады. Алайда есімше мен көсемшелердің жай сөйлемдерді кұрмаластыру тэсілі бірдей емес. Багыныңқы сөйлем баяндауышы кұрамындағы көсемше ешкандай косымша сөзсіз, дәнекерсіз немесе қосымша формасыз жай сөйлемдердің функциясын аткара беретін болса, есімшелер міндетті түрде көмекші сөздер не болмаса қосымша тәсілдерді кажет етеді.

Олар жай сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыруда турлі тұлғалык құбылыстарға ұшырап, тиянаксыз формада келеді. Оларды тиянаксыз дәрежеге жеткізетін, есімше тұлғалы сөзді басыңқы компонентке бағындыра байланыстыратын дәнекерлер — есімшеге жалғанатын түрлі қосымшалар және шылаулар. Мұндай қызметте ең жиі колданылатыны -ган, -ген, -қан, -кен формалы есімшелер. Аталған тұлғалы есімшелер бағыныңқы компонент баяндауышы кызметінде төмендегідей тұлғаларда жэне мағыналык қатынастарда колданылады:

  1. Жатыс септік жалғаулы есімше.

а) Мезгілдік мағына: Досан Хакімнің халін білуге кеткенде, үйге жолаушылап бір адам келіпті /”Жас Алаш”/.

ә) Шартты мағына: Егер біраз уақыт кешіккенде, далага шыгып үлгермейді екенбіз /К.Әбдіков/.

  1. Көмектес септік тұлғасындағы есімше.

а) Қарсылықты мағына білдіреді. Ертерек баратын жеріне асыққанымен, дәл уақытында жете алмады.

  1. -Ша, -ше жұрнакты есімше.

а) Мезгілдік катынасты білдіреді: Ол бірдеңе деп айтып болганша, үрылар үіі айналып көрінбей кетті /М.Кәрімов/.

ә) Салыстыру мәнінде келеді: Көп істеп шала бітіргенше, аз істеп бабына келтір.

Есімшенін басқа тұлгаларының бағыныңқы сөйлем баяндауышы қызметінде жұмсалуы тілде өте сирек кездеседі.

  1. Жай сөйлемдердің шартты рай арқылы қүрмаласуы.

Жай сөйлемдерді бір-бірімен кұрмаластыруда шартты рай да белгілі роль атқарады. Негізінен жіктік жалғауы өзі жалғанған сөзге тиянақтылық беретін форма деп танылғанымен, шартты рай тұлгасына жалғанғанда бұл касиеті сакталмайды. Сондыктан бағынынкы жай сөйлемді басыңкы жай сөйлеммен құрмаластыру қызметін атқара береді. Мысалы: Сіз сүңгіп көрсеңіз, одан да көп асыл табарсыз.

ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕРДІҢ ШЫЛАУЛАР АРҚЫЛЫ ҚҰРМАЛАСУЫ

Жай сөйлемдерді бір-бірімен кұрмаластыруда септігін тигізетін кұралдын бір тобы — шылаулар. Әдетте, кұрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне караганда шылау аркылы кұрмаласкан сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы тығыз, берік болады. Жай сөйлемдерді салаластыруда жалгаулық шылаулар, сабактастыра кұрмаластыруда септеулік шылаулар маңызды қызмет атқарады.

  1. Жалғаулык шылаулар екі сөйлемді бір-бірімен кұрмаластырып кана коймайды, сонымен қатар байланысып тұрган жай сөйлемдердің мағыналык катынастарын айқындай түседі. Негізінен жалғаулықтар өзара төмендегідей топтарға бөлінеді:

а)   ыңғайластык катынасты білдіретін: және, да, де, та, те, әрі.

б)  карсылыкты катынасты білдіретін жалғаулыктар: бірақ, сонда да, сөйтсе де, алайда, әйтсе де, ал, дегенмен.

в)   кезектестік катынасты білдіретін: бірде, біресе, кейде.

г)   талгаулык, талғау қатынасын білдіретін: не, немесе.не болмаса, я, яки,

злде.

Осыған сәйкес салалас кұрмаластардың себеп-салдар салалас, карсылыкты, кезектес, талғаулыкты, ыңғайлас салалас түрлері калыптаскан.

Күн найза бойы көтерілген, бірақ аспанда алақандай бұлт, үп еткен жел жоқ /Ғ.Мұстафин/. Жабайды сойылга жыққан Игіліктің жігіттері екенін Жүман білген жоқ, өйткені әлдеқалай аттан құлаган шыгар деп ойлады /Ғ.Мүсірепов/ т.б.

Салалас кұрмалас сөйлемдерде жалғаулықтар сөйлемді кұрмаластырушы негізгі тұлға болмайды, онсыз да бар байланысқа әсер етуші дәнекер құрал болып саналады. Өйткені жай сөйлемдердің жалгаулық аркылы кұрмаласуы мен жалғаулыксыз іргелесе кұрмаласуы арасындағы магынада ешбір айырмашылык жок. Тек кұрмалас сөйлемнің салалас түрін жасаудың екі түрлі тәсілі гана. Сондықтан да салалас құрмалас сөйлемнің бірталай түрін жалғаулык аркылы кұрмаластырып айтуға да, жалғаулықты алып тастап, жалғаулыксыз айтуға да болады. Мысалы: Шекер осы аз кұннің өзінде-ақ бұл үйдің өз адамындай болып кеткен, сондықтан еркелей айтқан сөзіне Сәуле сүйсінді /Ә.Әбішев/. Өнер — агып жатқан бұлақ, ілім- жанып жатқан шырақ /Макал/.

Ал кұрмаластың кұрамындағы жай сөйлемдерді байланыстыруда септеуліктердің ролі өте күшті. Септеулік шылаулар бағынынкы компонент баяндауышы болып тұрған тиянаксыз етістікке көмекші болып, оны басыңкы компонентпен кұрмаластырады.

Кейін, бері шылаулары өткен шақтағы есімше тұлғасында тұрып, шығыс жалгауын меңгереді. Багыныңқы сөйлемнің басыңқы сөйлемдегі ойга мезгілдік катынасын білдіреді. Данияр сабақтан келгеннен кейін, үй шаруасына кірісті.

Үшін шылауы тұйык етістіктен болған бағыныңқы сөйлем баяндауышынан кейін тіркеседі. Ол басыңқы сөйлемдегі ойдың максатын білдіреді. Еңбекақы көп болуы үшін ел экономикасы өркендеу қажет /’Егеменді Қазакстан”/.

Соң, сайын шылаулары есімше тұлгалы баяндауышка тіркесіп, не себептік, не мезгілдік катынаста қолданылады. Мысалы: Тұтқын ұзап жүре алмаган соң, амалсыздан қолга түсті /Ш.Мұртаза/.

Септеуліктердің жай сөйлемді құрмаластырудағы рөлі — аса маңызды. Егер де екі жай сөйлемді құрмаластырушы септеулік шылауды алып тастасак, онда екі жай сөйлем де өз мағыналарын жоғалтып, байланыспай, кабыспай қалады. Мысалы: Сан рет скрипканы өзі тартып өткеннен кейін, бір кезде Әбіш өз скрипкасын Мұқага ұсынды /М.Әуезов/. Енді осы сөйлемдегі “кейін” септеулік шылауын түсіріп айтатын болсак, екі жай сөйлем мүлде қиюласпайды: Сан рет скрипканы өзі тартьіп өткеннен …. бір кезде Әбіш өз скрипкасын Мұқага ұсынды.

Демек, септеулік шылаулардың жалғаулықтарға қарағанда байланыстырушылық қызметі өте күшті.

ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ҚҰРМАЛАСТЫРУДА ИНТОНАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

Интонация — кең ұғымды білдіретін термин. Интонация әр түрлі болады. Сөйлемнің айтылу сазы да, сөйлемдегі сөздерді түрлі эуенмен айту да, сөзге Түсетін екпін де, сөйлемдегі сөздердің синтагмалық және шумактык жігін айыра айтылатын ырғақты үн де, бірыңғай мүшелерді талдап, санап айту әуені де, тіпті құрмалас сөйлем құрамындагы жай сөйлемдердің ара жігін ажырату максатымен болатын болмашы кідіріс те осы интонация деген ұғымға енеді.

Жалпы кұрмалас сөйлем интонациясы тиянақгы, тиянаксыз болып екіге бөлінеді. Тиянакты интонация, эдетте, сөйлемнің соңында келіп, ойдың аяқталгандыгын білдіреді. Интонацияның аталған түрінің кызметі сол — ол құрмалас сөйлем құрамындағы бөлшектердің (эр жай сөйлемнің) басын косып, тұтас бір бүтін етіп отырады.

> Ал эр жай сөйлем арасында келетін интонация- тиянаксыз интонация. Ол ІКұрмалас сөйлемнің әр компонентке бөлінгендігін білдіреді. Құрмаластың жай сөйлемдерінін арасындагы тиянаксыз интонация сөйлем жеке айтылганда ойдың аякталмағандыгын, ой жалғасы барлығын байқатып тұрады. Тиянақсыз іинтонацияның құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы тиянаксыздык Ьеңгейі эр түрлі болады. Оның бірдей болмауы компонент баяндауышының ‘формасына жэне оның шылау сөздерге тіркесу не тіркеспеуіне байланысты. :Өйткені интонация сөйлемнің ең кажетті элементі болып табылғанымен, ол (Түгелдей сөйлем кұрылысына, сөйлем мағынасына тэуелді болады. Соған қарамастан тиянаксыз интонация өзінің эр түрлі сипатка ие болуымен бірге, жай сөйлемдердің бір-бірімен ұласуына септігін тигізеді және құрмалас сөйлем компоненттерінің ара жігін көрсетеді.

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ ОРНАЛАСУ ТӘРТІБІ.

Қазақ тілінде құрмалас сөйлем компоненттерінің грамматикалык сипатына қарай орналасу тэртібі бар. Бұл заңдылық бұзыла қалса, онда жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысуы, сөйлемнің құрмаластық қасиеті жойылуымен қатар, оның ұгымы ауырлап, сөйлемдік касиеті кемиді.

Қазақ тілінің синтаксистік құрылымында кұрмалас сөйлем компоненттерінің орналасуы мынандай заңдылыктарға негізделеді:

  1. Алдымен тиянақсыз компонент айтылып, сонан кейін тиянақты компоненттері келіп, ойды аяқтап тұрады. Жүмыскер дүрыс дем алса, ертеңіне өндіре қимылдайды /Ғ.Мүсірепов/.
  2. Поэзиялык шығармаларда бағыныңқы, басыңкы сөйлемдердің орын тэртібі өзгеріп, алмасып келуі де-тілімізге тэн кұбылыс.

Кулімсіреп күміс күн бата ма екен,

Аппақ таудың артына жасырынып.

/Ә.Қайранов/.

  1. Кей жагдайда сабақтас кұрмалас сөйлемнің тиянақсыз компоненттері тиянақты сөйлем ішінде де келе береді. Бірақ бұл жагдай өте сирек кездеседі. Қалага ол, күн төбеге көтерілген соң, жетті.

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Құрмалас сөйлем — синтаксистің үлкен де күрделі саласы.Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисі казақ тіл ғылымында 1920 жылдардан бері карай зерттелініп келеді. Бұл ғылым өзінің жарыққа шыға бастаган күнінен-ак пікір кайшылыктарының, түрлі көзкарастардың нэтижесінде дамып, қалыптасты.

Қазактын халык болып калыптасканына, оның казак тілінде сөйлей бастағанына талай ғасыр өтсе де, осы тілдің ғылыми тұрғыдан баяндалуы, зерттелуі XX ғасырда қазақ тіл білімі ғылымын зерттеуге жэне қазақ тілі грамматикаларының алгашқы үлгілерін жасауда көп еңбек сіңірген түрколог ғалымдар мен орыс халкының зерттеушілері болды.

1894 жылы Петербург университетінің профессоры, Шығыс зерттеушісі, көрнекті түрколог П.М.Мелиоранскийдің «Қазак-қырғыз тілдерінің қысқаша грамматикасы» деген еңбегі жарық көрді. Ол екі бөлімнен, екі кітаптан тұрды. Біріншісі — фонетика мен морфологияға арналса, екіншісі — синтаксиске арналған (1897 ж).

Автор осы еңбегінде синтаксисті екі салаға бөлген: бірі — жай сөйлем синтаксисі, екіншісі — кұрмалас сөйлем синтаксисі. Грамматикалык еңбектердің ешқайсысында «кұрмалас сөйлем» деген тақырып козгалмаған, сөйлемнің бұл түрі туралы айтылған ешқандай пікір де жоқ болатын. Бұл мэселе алғаш рет осы еңбекте көрініс тапты. Әрине, бұнда құрмалас сөйлем казіргі түсінігіміздей сипатталған жок. П.М.Мелиоранскийдің жоғарыда аты аталған казақ тілі грамматикасында «сложное предложение», «подчиненные предложение» деген атауларды кездестіреміз (44,92).

В.В.Катаринский «Грамматика киргизского языка» деген еңбегінде кұрамында екі етістік келетін сөйлемдерді кұрмалас сөйлемдер деп таныган Қазан төңкерісіне дейін казак тілінің ісұрмалас сөйлем синтаксисі гылыми тұрғыда толык сөз бола қойған жок- Солай бола тұрса да бұл зерттеу еңбектері казак тілінің басқа салалары сиякты, құрмалас сөйлемнің ғылыми тұрғыда зерттелуіне, окулықтар мен бағдарламалар жасалуына себепші болды.

А.Байтұрсынов өз еңбегінде құрмалас сөйлемдерге: «Ішкі жакындык — мағына жүзіндегі жакындық. Мағына жақындығынан баска кисын жакындығы бар сөйлемдер құрмалас деп аталады»,- деп аныктама бере келе, кұрмалас сөйлемдер түрін сыйыса құрмаласу және киыса кұрмаласу деп 2-ге бөледі (14,300-301).

1991 жылы С.Жиенбаевтың «Синтаксис мәселелері» деген еңбегі жарык көрді. Бұл еңбегінде құрмалас сөйлемді салалас, сабақтас деп екіге бөледі. 1935 жылғы «Сөйлемнің үйірлі мүшелері туралы» деген макаласында үйірлі мүше кұрмалас сөйлемнің үшінші түрін жасайды деген пікір білдіреді.

1939 жылы орталау жэне орта мектеп окушыларына арналған казак тілі грамматикасы мен синтаксис бөлімі жарык көрді. Оқулык мектеп программасына негізделіп жазылғандықтан, кұрмалас сөйлем жайындағы деректер кеңірек камтылған.

Профессор Қ.Жұбанов «Қазак тілі жөніндегі зерттеулер» деген еңбегінде кұрмалас сөйлемдерді салалас және сабактас сөйлем деп кіге бөледі. Мұнда салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен кұрмаласуының 10 түрлі жолы көрсетіледі (31,201).

Қазақ тіл ғылымында құрмалас сөйлем синтаксисін ғылыми тұрғыда зерттеген профессор С.Аманжолов болды. Оның «Қазак тілі гылыми синтаксисінің кысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сабактас кұрмалас сөйлемдердің өзіндік ерекшеліктерін атап көрсетті. «Құрмалас сөйлем дегеніміз- екі я бірнеше сөйлемдердің, яғни бірнеше субъектінің көрінісі болған сөздің, я сөздер тобының жиынтығы»,-деп автор аныктамасын береді (2 ,176).

Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлем синтаксисіне ғылыми тұрғыдан зор үлес қоскан ғалымның бірі — Н.Сауранбаев. Ол «Қазак тіліндегі кұрмалас сөйлем жүйесі» деген еңбегінде казақ тіліндегі кұрмалас сөйлемдерді үлкен үш топка бөледі: іргелес, салалас және сабақтас кұрмаластар. Іргелес кұрмаласты автор жайылыңқы, қойылыңқы деп екіге бөледі. «Негізгі ойды сипаттау, толыктыру үшін бірнеше жай сөйлемдердің тең мағынада іргелескен тобы жайылыңкы іргелес болады. Жайылыңкы іргелеске енген жай сөйлемдер кыскартылмай толық күйінде айтылады». Ал қойылыңқы түріне мынадай іргелесті жаткызады: «Бір жерде күш, бір жерде өнер, бір жерде мінез көрсетіледі», — дейді (58,32). Қойылыңқы іргелестің өзіндік белгісіне оның кұрамына кірген жай сөйлемдердің ортақ баяндауышты болып келетіндігін айткан. Бірак автордың бұл пікірі қазак тіл мамандарының тарапынан колдау таппады. Қазак тіл ғылымы Н.Сауранбаевтың «жайылыңқы іргелесін» жалғаулыксыз салалас деп, «койылыңкы іргелесін» бірыңгай мүшелі жай сөйлем ретінде карайды.

Құрмалас сөйлемді зерттеуде құнды пікір айтушы — Т.Қордабаев. Ол кұрмалас сөйлем, оның түрлерін, кұрылымына карай жіктелуін, ішінара бөлінуін жан-жақты зерттеген. Ғалымның еңбегі бүгінгі күнде іргелі еңбектің бірі болып саналады (11,192).

Құрмалас сөйлем синтаксисі жайлы өз козкарасын толық білдіріп, зерттеген ғалым Қ.Есенов болды. Автор өзінің «Құрмалас сөйлем синтаксисі», «Сабактас кұрмалас сөйлемнің құрылысы» атты еңбектерінде кұрмалас сөйлемдердің жасалу табиғатына, жеке жай сөйлемдердің өзара бірігу заңдылықтарын ғылыми жағынан терең қарастырып, тіл білімінің синтаксис саласына зор үлес қосты ( 28 ,141). Ұ.Салиева да өз еңбегін құрмалас сөйлемнің құрылымдық түрлеріне арнады (53 ,25).

Б.Сағындықұлының «Аралас құрмаластың мағыналық топталуы» деген көлемді мақаласында құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас сөйлемнің табиғатына тоқтала келіп: «аралас құрмалас сөйлемдерді магыналық жағынан шартты түрде екіге бөлуге болады. Оның біріншісі-баяндауыш формасыз, тиянақты түрде келетін, тек байланысу тәртібімен келетін, ерекшеліктері көп басыңкылы сабақтас сөйлемге ұксас түрі де, екіншісі-бұндай формаға кереғар, аралык категорияның пайда болуынан бастап қолданыла бастаған, «әрі салаласып, эрі сабақтасып» келетін түрі», — дейді (55,37).

Түркі тіл білімінде Н.П.Дыренкова кұрмалас сөйлемдерді а) слитное предложение; э)составное предложение; б)сложное предложение;

в)подчиненные деп бөледі (23,307). Ал өзбек тілін зерттеген ғалым А.Н.Кононов «Өзбек тілі грамматикасы» еңбегінде салалас, сабақгас деп екіге бөледі (33,268).

Орыс тіл білімінде В.В.Виноградов, Н.С.Поспелов, А.А.Богородицский, Е.В.Кротевич, Г.П.Уханов, И.А.Попова т.б. кұрмалас сөйлем кұрамындағы синтаксистік компоненттерді сөйлем дәрежесінде танымай, оларды деформацияланған, яғни бірі екіншісіне сіңіп кеткен жеке бөлшектер ретінде

карастырады.

Ал Ф.Ф.Фортунатов, А.М.Пешковский, М.С.Бархадуров, А.А.Шахматов, Г.П.Леонтьев, Г.В.Колшанский, Е.В.Гулыга т.б. ғалымдар құрмалас сөйлем құрамындағы синтаксистік компоненттер сөйлемдік дәрежеде танылып, олар мағыналык жағынан өзара тығыз үйлесе жұмсалатындығын айтты.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля