ДИЗАЙНЕРГЕ АРНАЛҒАН СӨЗДІК-АНЫҚТАМА ( К )

10 января, 2018 14:48

Кабриоль — майысып келген жиһаз аяқтары, кейде жануар бейнесінде болады.

Калокагатия (грек. саіоз — ғажайып және аёаіһов — жақсы, тәрбиесі үлгілі) — ежелгі эстетиканың сыртқы және ішкі үйлесімді білдіретін, жеке тұлғаның сұлулығын көрсететін орталық түсінігінің бірі. Ойлау қабілетінің түрлеріне байланысты калокагатия термині ежелгі қоғамның тарихи даму кезеңдерінде әр түрлі ма- ғынада үсынылған. Пифагорлықтар оны адамның сыртқы жүріс-тұрысы деп түсінген, ол ішкі сапамен анықталған. Ескі аристократтық калокагатия туралы түсінік Геродотқа тән, Платон оны әскери нәтижелермен, «табиғи» сапамен немесе тұқым ерекшеліктерімен байланысты қарастыратын.

 

Ерте кездегі жекеменшік шаруа- шылықтың дамуымен қатар К. терминін шаруашылық түрлеріне қарай қолданған, ал саяси өмірде ол (зат есім ретінде) байсалды демократтарға қатысты айтылған. Б.з.б. V ғ. софистердің пайда болуымен калокагатия термині ғылыми мінез-құлықты және білімді анықтау үшін қолданылатын болған. Ксенофонт, Платон және Аристотель калокагатия философиясын ішкі және сырт- қы ұйқастық деп түсінген, ішкі деп ақылды айтқан, оны адам өмірінде қолдана отырып калокагатияға келеді.

 

Эллинизм кезеңіндегі жекеменшіктің жөне психоло- гизмнің дамуына байланысты калокагатия шынайы, кәдімгі сана ретінде емес, мораль тәжірибесі мен жат- тығуы ретінде қаралып, моралистік түсінікке келді. Дене және жанның үлгісі болып саналған калокагатия өнерде де көрініс тапты: мүсін өнерінде, әсіресе, Фидия және Поликлет (V ғ.) шығармаларында, поэзия және трагедияда, мысалы Софоклда (б.з.б. 496-406 жж.).

Канделябр (фр. сапйеІаЪге) — бірнеше шам қоюға ар- налып, майшамның бейнесінде істелінген үлкен шам- дал, шырағдан.

Кандинский В.В. (1866-1944) — орыс суретшісі, 1921 ж. бастап шет елде өмір сүрген, абстрактілі өнердің негізін қалаушылардың бірі. XX ғасырдың басындағы құлды- рау кезеңіндегі Еуропа елдерінің интеллигенциясының идеалды ізденістерінің жағдайында Кандинский алғаш рет көркем эстетика жайлы теорияны құрастырған. Кан- динскийдің пікірінше, «суретші» — «тоқтап қалған ар- баны алға жүргізетін» қызметкер, ол дүниедегі рухани байлықты көркем бейне арқылы көрсету үшін жаратыл- ған. Суретші бейнені және оны бейнелеу әдісін таңдап алуда ерікті; оның жалғыз жетекшісі — «ішкі дүниенің түсінігі» немесе көркемдік сезім. Кандинский суретшілерге шыншыл көріністен таза абстракцияға дейін шексіз мүмкіндік береді. Өзі болса, түрлі-түсті бояу үйлесімімен шұғылданған. Гетенің «генерал басы» деген кескіндемедегі идеясына және жарық пен музы- ка тәжірибесіне сүйенген.

Капитель (лат. сарііеііит) — тіреу бағаны мен көлде- нең жабынды аралығында орналасқан колоннаның жо- ғарғы жағы.

Кариатида — ежелгі грек сәулет өнерінде колонналар- дың орнына сүйеуіш ретінде қолданылған, әйел бейне- сіндегі мүсін.

 

Кебенек — киізден жасалған, жеңі бар, ңазаңтардың XX ғасырдың басында және оған дейін киген сырт киімі. Ерте кезде мұны жауынгерлер киген. Осыдан барып қазақтағы «Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді» деген маңал қалган. Оның мәнісі — ұзақ жорыңқа кеткен азаматтың аман-сау қайтып келуіне тілектестік білдіріп, үміттену.

Кергі ағаш — кілем тоқылатын желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек ағаш қана болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес зат немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі — 600 (үстіңгі) жіп, ұрға- шысы — 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Тоңылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшері бүдан аз да, көп те болуы мүмкін.

Керме — киім-кешек, ондай-мұндай жұмсақ заттар- ды салатын, киізден бетіне неше түрлі ою-өрнек жүргізілген, екі жағында кестелі төгілме шашақты күлтеленген бауы бар, бір жағынан сәндік үшін тұты- нылатын зат. Қазақстанның Маңғыстау облысының Маңғыстау, Өзен аудандарында тұратын қазақтардың күнделікті тіршілігінде пайдаланылатын үй мүлкі.

 

Кескіндеме — көркем өнер түрі, оның негізі — түсті
бояулардың көмегімен қатты жазықтықңа салынатын
шығарма. Сол кездегі басым стильге байланысты, уақыт
және шебердің жеке жан дүниесіне байланысты шын-
дық бейнелердің белгілі бір көркем интерпретациясын
көрсетеді. Кескіндеме дүниенің колориттік байлығын
айқындауға, оның кеңдігін, заттылығын, адам өмірі мен
жан дүниесін, қоғамдық қүбылыстарды көрсетуге
мүмкіндік береді. Кескіндемеде қолданылатын құрал-
дар және техника жинағы оның бояу пигменттерімен
және байланыстырушы заттармен (май, желім, т.б.)
анықталады. Осыдан майлы кескіндеме, температура-
лық кескіндеме, фреска, энкаустика деген атаулар пай-
да болды. Жанр байлығына (тарихи портрет, натюрморт)
және түрлеріне (монументалды әсемдеу, декорация, ста-
нокты кескіндеме, панорама, диарама) байланысты
қоғамның әр түрлі саласында қолданылады, идеология-
лық, дүниетанымдық мәселелерді шешеді.Кинетикалық өнер (грек. һіпеіікоз — қозғалысқа
келтіретін) — авангардизм бағыты, көркемөнер шығар-
масын тудыру үшін эстетиканың қозғалыс мүмкіншілігі
мен конструкцияларын қолданады: көзге көріну әсерін
үлғайту, кинематография, теледидар, лазерлі сөуле, т.б.
Көркем шығармаларды қозғалысңа келтіру алғаш рет
футуризм, конструктивизм, дадаизм және сюрреализм-
де кездеседі. XX ғасырдың 30-жылдары А. Калдер ауа

әсерімен қозғалысқа

келетін мобильдік конст-
рукцияны ойлап шығар-
ды. Табиғи қозғалтушы
болып жел, су, күн, ауа,
ток табылады. Сонымен
қатар, сәулеттің, мүсін-
нің, графиканың, кескін-
деменің, кино өнерінің
көркемдік мү,мкіншілік-
терін қолданады. Сурьо

 

атты теоретик кинетикалың өнердің адамға әсерін шы- нықтыратын, сабырлататын, ңоздыратын деп бағалай- ды.

Кич — 1) XX ғасырда неміс музыка жаргонында кіізсһ. — мағынасы бойынша «көз бояушы»; 2) сегкіізсһеп — неміс тіліндегі мағынасы — арзандату; 3) ағылшын тілінде /ог іһе кіісһеп — «ас үйге арналған заттар» деген мағынада. Көпшілік өнерінің ең төмен деңгейі. Өнердің барлық саласында болуы мүмңін. К. өнерді затңа теңейді, ал адамның өнерге деген ықыласы тең сол затты қолдануы ретінде ғана.

Киіз үй — көшпелі өмірге бейімделген, көшіп-қонуға ыңғайлы, ерте заманнан келе жатқан тұрғын үйдің бір түрі. Бұл Еуропа мен Азия далаларындағы жартылай көшпелі және жартылай отырықшы халыңтардың ара- сында кеңінен тараған және күні бүгінге дейін өзінің көне формасын сақтап қалған бірден-бір мүлік. Киіз үйдің пайда болуы о баста малды жайлауға жайып бағуға көшкен кезеңмен байланысты болуы мүмкін. Жылдар жылжып, ғасырлар өткен сайын оның шыққан уақытын анықтау ңиындап барады.

Киіз үйдің өте ерте дәуірдегі прототипі Анфестрийдің Қырымдағы сағана тамының ою-өрнектерінде, сондай- ақ Қазақстан мен Сібір жартастарындағы суреттерде сақталған. Сол сияқты кейбір жазба ескерткіш матери- алдарында Еуропа мен Азияны жайлаған ертедегі ха- лықтардың киіз үй формасы сияқты киізбен қымталған, доңғалақты арба үстіне жасалған жылжымалы үйлері бол-

 

ғандығы айтылған. Сондай-ақ, Алтайдағы атақты Па- зырық қорғандарын қазғанда ерте замандағы көшпелі елдің киіз үйінің жиһаздары мен бұйымдары табылған. Мысалы, үлкен Пазырық қорғанынан табылған тұскиіз жүннен басылған, ою-өрнектерінің нақыштары қазақ- тың қазіргі тұскиіз бұйымдарына өте ұқсастығы байқа- лады. Демек, киіз үйдің әуел бастағы құрылысы мен жасау-жиһаздары алғашқы қауымдық қоғамнан бастап біздің дәуірімізге дейін, әр дәуірдегі әрбір ұрпақ өкілінің соны жаңалықтарымен толығып, дамып жеткен.

Классицизм (лат. сіаззісиз — ең үлгілі) — ХУІІ-ХІХ ғасырларда әдебиет пен өнерде өріс алған өнер бағыты; көркемдік стиль жөне соған сәйкес эстетикалық теория. К-нің үш ғасырлық тарихы бар. Осы уақыт ішінде бірнеше өзгерістер сатысынан өтіп, дамыған, бірнеше ұлттық түрлері болған. Классицизмге жалпы рационал- дылық, өнер өлшемділігі, аяқталған үйлесімді бейнелер, монументалдық үйлесім, схемалық және формальды, идеялық ерекшеліктер тән.

XVI ғасырда Италия гуманистерінің көркемдік және теориялық қызметтерінің арасында пайда болған. Олар көркемдік заңдылықтар тұжырымын, мақсатын (әсіресе, ежелгі заман мен Қайта өрлеу кезеңіндегі) анықтауға ұмтылған. Классицизм ХҮІ-УІІІ ғасырларда француз мәдениетінде жоғары дамыған. Классицизм көзқарасы өнердің барлық саласында нақтыланған. Классицизмнің басты тақырыбы — жалпы жөне дара нөрсенің қарым-қатынасы. Жалпыға бағыну, жеке нәрсенің мәнісін түсіну арқылы басты көңіл қоршаған орта, қоғам мен адам мәселесіне бөлінеді. Эстетикалық концепциясы Декарт рационализміне сүйенеді (анық айқындау, реттеу, ақыл-ойды марапаттау, дүниеге күрделі, бірақ көп мағыналы бір бүтін нөрсе деп қарау). Эстетикалық принципі — сана-сезіммен ойлап, көркем жаратылған табиғатқа берілу. Классицизм суретшінің шығармашылық бостандығына шек қойды, өнердің да- муына кедергі болды. Классицизм бар нәрсені

 

бөлімдерге бөліп, әр түрлі — «төменгі» және «жоғарғы»
жанрларға жатқызды. Бірінші орында драматургия
және театр түрды.XVIII ғасырдың 20-жылдарынан бастап классицизм
Еуропада кең тарай бастайды. Оның сарай мәртебесіне
тән классицизм (ежелгі заман өнеріне және XIV Людо-
вик кезіндегі өнерге икемделген), ағартушышылың
классицизм (саяси бостандық, ұлттық азаттық идеяла-
ры), «веймар» классицизмі деген түрлері пайда болды.

Колер (лат. соіоі— бояу) — бояудың түсі, оның реңі мен

қоюлығы.

Коллаж (фр. соііаде — тікелей жап-
сыру) — 1911-1916 жылдары кең та-
раған техникалық әдіс. Кубистер мен
футуристер, дадаистердің тәжіри-
бесінде ңолданылған. Оның мәнісі —
көркемөнер шығармасына одан фак-
турасымен, түсімен ерекшеленетін
заттарды енгізу. Мысалы, газет, афи-
ша, тұсңағаз, т.б. Коллаждың жалпы
мағынасы — монтаждың көмегімен
әдеби шығармалар мен театр, кино,
кескіндеме, музыка сияқты өнер са-
лаларында олардың идеялық-әстети-
калың ойын айқындау үшін әр түрлі
стильде орындалған қүжаттарды
қолдану. Модернизмде қолданылған
коллаж құжаттары алға басып келе
жатқан ғылыми-техникалық

жетістіктерге қайшы болып табылады. Ал ертеректе
пайда болған ағымдар коллажды, керісінше, қоғам да-
муының көрсеткіші ретінде қолданған.

 

Комбиторика — дизайндағы бейне туындауының бір тәсілі. Ол ортаның өзгеру заңдылыңтарын қолдану, кон- струкциялық қызметін, графиқалық құрамын зерттеу, іздену жұмыстарына, сонымен қатар дизайн тұлғаларын түрлерге бөлінген бөлшектерден құрауға негізделген. Комбиторика тәсілі табиғи бейне туындауына жаңын, бұл конструкция әлементтерін тиімді ңолдануға мүмкіндік береді және жалпы өндіріске тікелей қатысы бар. Комби- торика жобаны автоматтау тәсілінде кең қолданылады.

Комикс (ағыл. сотісз — мысқыл, күлкілі) — баспа ту- ындыларының түрі, тұлғалардың бейнесімен қатар кейіпкерлердің сөздерін жазу. Комикс балалар мен үлкендерге арналған кітаптар мен журналдар түрінде, кейде газет беттерінде шығады. Комикс стилистикасы оларды графикалық көркем үгіттеу құралы ретінде қол- дануға мүмкіндік береді.

Композиция (лат. сотрозіііо — құрастыру, үйлестіру) — көркем шығарманың бөліктерінің қатынасы. Композиция өнердің барлық саласы үшін маңызды, көкейкесті. Алғаш рет көркем әдебиетте қолданылған. Оның негізі Аристотельдің «Поәтикасында» ңаланған. Композиция- ның негізгі элементі ретінде қайталану оның ритмикалық қатарын құрайды, оның бүзылуы қарама-қайшылық, кон- траст туғызады. Композиция әрқашан мағыналы болып келеді. Композицияның әдебиеттануда жалпы эстетика- лық мағыналы және басқа өнер саласында тілдік ерекше- ліктеріне байланысты бірнеше әдістері де бар. Кескінде- меде түсті бояу және сызықтың көмегімен бейнелеу, сәу- лет өнерінде — фронтальды, көлемді, кино өнерінде — жарық, музыка, т.б. Сонымен, композиция дегеніміз — көркем шығарманың әр деңгейде қүралуы туралы заң.

Компоновка — үйлесімдік құрастыру барысы; жоба- лау нысаны бөліктерінің өзара келісімі және олардың ортада бір бүтін болып қабылдануы осы ізденістің қоры- тындысы болып табылады. Дизайндағы бейне туындау саласының негізгі бөлігі.

 

Конструктивизм (лат. сопзігиеге — салу, ңұрастыру) — XX ғасырда өнерде, сәулет пен дизайнда футуризм мен кубизм негізінде дамыған бағыт. Бірінші орынға көркем шығарманың конструктивтік-техникалык жағын қой- ған. Конструктивизм ерекшелігі: көркем бейненің бо- йында конструктивтік, функционалдық, рационалдық, үнемдеу қасиетінің болуы. Конструктивизм өмірдің бар- лық саласында көрініс тапқанмен, болашағы тек сәулет пен қолөнерде ғана болды. Конструктивизм абстракция- дан гөрі нақты заттардың бейнесін жасау негізін қалап, алғаш дизайнерлер немесе әсемдеушілер пайда болды. Сәулет өнеріндегі конструктивизм өзін «өндірістік өнер» деп жариялады. Өкілдері: ағайынды Весниндер, М.Я. Гинзбург, И.И. Леонидов, К.С. Мельников өздерінің жобалары мен теориялық жұмыстарында ке- ңес сәулет өнері мен қала салу негізінің қалануына се- бепкер болған. Осы конструктивизм неміс «Баухаузы- ның» және Батыс Еуропадағы функционалистердің эс- тетикалық теорияларының негізіне ықпал еткен. 20-30- жылдардағы кеңес сәулет өнерінің стилі — нақты үйлесім, горизонтальды орналасңан терезелер кезегі, әсемдеушіліктің болмауы, т.б.

 

Концептуалды немесе тұжырымды өнер (ағыл. сопзері — түсінік, жалпы елес, идея) — көркем шығарма- ны өзінің түсінігін көрсету өдісі ретінде пайдаланатын авангардизм бағытының бір түрі. Антиөнер, хабарлама өнері деген аттары да бар. Түсінікті бейнелеп көрсету үшін неше түрлі материалдар, іс қағаздардың аты: әдеби мәтін, графика, бейне жазу, табиғи түлғалар, өндірістік заттар т.б. қолданылады. Концептуалды өнер материал- дарды қолдануына байланысты «боди-арт», «перфор- мэнс», «лэнд-арт», «бейне-арт» мәдениеті өнер болып бөлінеді. Концептуалды өнер заттың көркемдік әсемділігін дәстүрлі түрде көрсету, коммерциялық өнер- ге жол беру деп түсінеді. Ол көрермендердің нақты идея- ны, концепцияны ұғуына кедергі жасайды деген пікірді ұстанады. Концептуалды өнер әдейі антиэстетикалық бейнелер мен заттарды оны көркемдеу талаптарына функционалистік принципте қарсы қойып, тек идеяны және концепцияны анықтап көрсетуге бағыттаған. Кон- цептуалды өнер көрерменнің назарын сол ойдың дамуы- на, неше түрлі таңбалардың, белгілердің көмегімен көрсетілуіне аударады. Ол қиялдағы зат моделінің қызы- ғушылардың, көрермендердің ой, сана-сезімдерінде де суреттелуін қалайды. Дизайн мен сәулет өнерінде өте бағалы.

Көзбен шолып байқау — арнаулы көру белгілері мен белгілер жүйесі арқылы жүзеге асатын процесс. Ол ұйымдастырушылық, біріктірушілік және реттеушілік рөл атқарады. Адамды қоршаған ортамен неғұрлым мол таныстырып, кеңістікте оның көңілін жаулап алатын белгілерді жасау — дизайнның ең маңызды міндеттерінің бірі. Көзбен шолу коммуникациясының құрамына мы- налар енеді: «жөнелтуші», «хабардың мәнін қалыптас- тырушы», «коммуникатор», хабарды көру қүралдары- ның көмегімен жариялаушы, «белгі», хабардың «ком- муникатор» жасаған хабардың мәнін көрсетуші және «адресат» — хабардың мәнін тұтынушы.

 

Көпшілік мәдениеті (лат. тазза — бөлік және сиііига — пысықтау, тәрбиелеу, даму) — Батыстағы синонимдері: көңіл көтеру өндірісі, поп-мәдениет. Коммерциялық мәдениет бола отырып, көбіне интеллектуалды ортаға арналған. Көпшілік мәдениеттің таралу әдістері: кітап басу, баспасөз, радио, кино, теледидар. Көпшілік мөде- ниет тұтынушылардың талабын ескере отырып, арнайы орта үшін жұмыс атқарады. Көпшілік мәдениет ерек- шелігі — оның халық санының көптігі немесе түрлерінің молдығында емес, өндіру және пайдалану тәсілдерінің сан алуандылығында.

Көркем идея (грек. ісіеа, — түсінік, елес, ой) — автордың өз туындысында көрсетілген, эстетикалық жағынан жал- пыланған, адам мен қоршаған ортаның белгілі тұжыры- мын анықтайтын негізгі ойы. Көркемөнердің идеология- лық мәнісін құрайды, тақырыбымен қатар шығарманың мазмұнын білдіреді. Ғылыми идеядан айырмашылығы — қиялда, мазмұнда емес, көркем бейнеде айқындалатын- дығында. Өнер сезімтал бейне ретінде шындықты санаға жеткізе алады. Көркем идея шығарматұтастығымен, бар- лық бөлшектері деңгейінің бірлігімен қабылданады. Сон- дықтан да оны ғылыми тілдегі түсініктер сияқты қабыл- дауға болмайды. Көркем идея жаратушының жеке басы- ның көзқарасымен тығыз байланысты. Бірақ тек автор- дың ғана емес, бірнеше суретшілердің көзқарасына тә- уелді болады, өйткені көркем бейненің туындауы ізденіс, өсу жолы болып табылады.

Кроки (фр. сгодиіз) — нобай, асығыс салынған сурет.

Кубизм (фр. сиЪе — текше) — XX ғасырдың басында пай- да болған бейнелеу өнеріндегі модернистік ағымның бір түрі. 1908-1910 жылдары Францияда қалыптасқан. Ку- бизм өзінің тамырын сол кездерде Еуропаға әкелінген аф- рикандықтардың мүсіншілеріне еліктеуден және постим- прессионист суретші П. Сезанн еңбектеріне қызығушы- лықтан алады. Кубизмнің бір ерекшелігі — өмірдегі бар

 

заттардың, тіршілік атаулының табиғи болмыс-бітімі қиял-ғажайып өзгешелікпен өзгертіліп, жаңа түсінікпен, ерекше көзқараспен көрсетілуінде. Кубизм шығармала- рында тіршілік атаулыдағы табиғи болмыс жойылып, екінші өмір келбеті, тасадағы табиғаты суреттеледі.

Күзу — керілген желі, төсек жіптің орта шенінен көлденең түскен белағаш пен еркек жіпті жалғастырып тұратын жіп.

Кілем — арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өн бойына бір миллионға жуық жіп тіндерін келтіріп, өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Әсемдік үшін, бөлме жылылығын сақтау, төсеніш мақ- сатында қолданылады. Кілем — түтынуға қолайлы, төзімді, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғал не қүрғақшылықтан, күйе түсуден қорықпайтын мүлік. Кілем тоқылу ерекшелігіне (түкті, тақыр), материалы- на (жүн, жібек, мақта, кендір талшығы), көлеміне (қос күмбезді, бес күмбезді), ою-өрнектеріне қарай түрліше аталады. Дайындалу тәсіліне қарай кілем қолдан және машинамен тоқылған болып екіге бөлінеді. Қолдан то- қылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Мұндай кілем өте берік келеді, күтіп ұстағанда үзақ жылдар бо- йына пайдалануға жарайды. Ал кілемді машинамен тоқу

 

1825 жылы Еуропада басталды. Машинамен тоқылатын кілемдер қолдан тоқылған кілемдерден беріктігі мен төзімділігі жағынан төмен’, өнімділігі жоғары және ба- ғасы арзанға түседі.

Кітап өнері — көркем қолөнер саласы, графика, ал XX ғасырдан — дизайн, оның мақсаты: дүние, зат ретінде, өзінің негізгі мазмұнына және стиль ерекшелігіне, сол кезеңнің немесе аймақтың ерекшелігіне сәйкес кітап бейнесін табу. Бір кітап сәндеу жағынан әр түрлі, су- реттелген немесе суреттелмеген, жалпы тиражбен неме- се санаулы санда басылып шығуы мүмкін, бірақ әр кез- де де мазмұны мен бейнесінің бірлестігі, негізгі сапасы сақталуы қажет. Сонымен қатар, бейнелеу шешімі бірдей бірнеше кітап сериясы, баспаның фирмалық стилі пайда болуы мүмкін, бұл жағдай оқырманның ба- сылып шығып жатқан кітаптарды тануын жеңілдетеді. Кітап өнері нақты қолданылатын эстетикалық тәрбие болып табылады, адамдардың бала күнінен бастап көзқа- растарын қалыптастыра отырып, көркем ойлау қасие- тіне, сана-сезіміне ықпал етеді. Ол адам және уақыт, кезең мәдениеттерін байланыстырушы. XV ғасырда кітап баспасын ойлап таппастан бұрын кітап басу көшіріп жазушылар және суретшілердің, қолжазбалар- ды көркем қолөнер шығармасына айналдырушылардың жүмысы болған. Кітап басу ісінің пайда болуы оны қол- жетімді етті.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля