Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (Ө)

16 января, 2018 15:01

Өнер және философия -• рухани қызметтің екі түрі, бір-бірімен өздерінің ағарту, ашу, білу ерекшеліктерінің сапасымен салыстырмалы. Ғылыми пәндерден өзгешелігі — әдейі бөлінген шындыңтың жеке бөліктерін зерттеу. Философия өмір және дүние жайлы сүрақты түтас қарастырады, ал өнер бүтіндігін бейнеде көрсетуін қадағалайды. Көркем ой қажетті терең байланыстарды анықтау үшін кездейсоқ фактілерді жеңуге бағытталған; Аристотель «поәзия тарихқа қарағанда философиялы» деген пікірін осы мағынада айтқан.

Өнер және филосо- фия бір-біріне ықпал етулері мүмкін. Мысалы, ңытай кескіндемесіндегі дзэн-буддизм (чань) ықпалы, христи- ан планолизмінің византиялық-орыс икона жазуына әсері. Кейде бір адамның бойында суретшінің мәртебесі және философ қабілеті болады (Леонардо да Винчи, Гете). П. Сезанн философияға ешқандай қызығушылың таныт- паған, бірақ оның кескіндемесі басқа суретшілердің жұмыстарына қарағанда философиялық мазмұнға бай.

Өрмек — алаша, қап, басңұр, бау және шекпен тоқу үшін екі басты қазыңқа керіліп, желісі жерге қатар түзу тартылған, иірілген жіптер шумағы. Өрмек қайық, серу жіп, қылыш, адарғы, мосыағаштың көмегімен, күзу, арқау жіптер арқылы тоқылады.

Өрісті кескіндеме — ХҮІІ-ХІХ ғасырларда қалыптас- қан кескіндеменің бір түрі. Өрісті кескіндеме бір- бірінен алшақ мынадай ұғымдардың басын біріктіреді: 1) негізінен ХҮІІ-ХҮІП ғасырларда дамыған сәулеттік көріністі пейзаж және фантастикалық сәулеттік пей- заж; 2) интерьер кескіндемесі (бұл бағыт XVII ғасырда Голландияда дамыды); 3) сән және театр декорациясы- на арналған кескіндеме (ХҮІІ-ХҮІП ғасырларда Италия- да кең таралды). Өрісті кескіндеме шеберлерінің шы- ғармашылығы кескіндемеде кеңістікті дәл бейнелеуге үлкен үлес қосты.

 

Өрістілік, перспектива (фр. регзресііие — анық көріп тұрмын) — кеңістіктегі көлемді денелерді бейнелейтін өрі олардың кеңістіктегі құрылымын ескере отырып, орталық жобалау өзгерістеріне негіздейтін төсіл. Өрістілік Ежелгі Мысыр мен Грекияда пайда болды. Кейіннен Қайта өрлеу дәуірінің суретшілері (Пьеро делла Франческа, Леонардо да Винчи, А. Дюрер, т.б.) еңбектерінде дами түсті.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля