„Диуани хикмет»

30 ноября, 2017 15:26

 

Қожа Ахмет Иассауидің „Диуани хикметін» адамды имандылыққа, ізгілікке жетелейтін қүдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Ахмет Иассауи әрбір адамның қадыр-қасиетін, өмірде алатын орнын оның ішкі жан- дүниесінің тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерді ұдайы жетілдіріп отыруы не- месе бүкіл адамгершілік қасиетінен жүрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты болып келеді. Ал иман- дылық дегеніміздің өзі алланың қүлына ғана тән адам- гершілік қасиеттерді тәрбиелеп, оны қүдай жолына салып отыратын киелі күш екені мәлім. Мына жалған дүниеде ақ пен қараны, оң мен солды танытатын, әрбір пенденің қүдай алдындағы парыздарын ұмыттырмай отыратын, адамды ізгі істерге бастайтын аса қүдіретті бір күш бар. Оны имандылық деп атаймыз. Адам бойындағы иманды- лықтың ең басты көрінісі — мейірімді, кешірімді, өзгелер- ге жаны ашырлықпен қарау болып табылады.

Міне, Ахмет Иассауи өзінің „Диуани хикмет” атты еңбегінде имандылық жайында жоғарыда айтылған фило- софиялық ой-пікірлерді оқырманға дидактикалық сарын- дағы поэзия тілімен жеткізеді.

Ахмет Иассауи „Даналық кітабындағы» он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы хикметтерінде негізінен өз өмірбаянын жырға қосқан. Соның өзінде, ақын „Диуани хикметтің» басты идеясын айтудан ауытқып кетпеген. Қайта ақынның ғүмырнамасы „Даналық кітабының» философиялық мәнін, көркемдік көрінісін жетілдіре түскен.

Ахмет Иассауи өз өмірі туралы айта келіп, „не себеп- тен алпыс үште кірдім жерге?» деген сауал қояды. Ақын өмірбаянына бағьпнталған барлых хикметтер осы жалғыз сауалға жауап болып табылады

Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп, Аллаға шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни ал- пыс үш жастан асып, тірі пенделер арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды. Сол үшін ол жер астынан арнайы салынған орынға — хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді. Бүл туралы ақын өзінің „Даналық кітабында»:

Аппақ таңда дүйсенбі күн жерге кірдім, Мүстафаға қайғы түтып кірдім, міне.

Алпыс үште сүннәт деді естіп, білдім,

Мәңгілік деп жер астына қадам қойдым,

Жарық дүниені талақ етіп, хақты сүйдім,—

дейді.

Кезінде узақ жылдар бойы зертте ген көрнекті ғалым Е. Э. Бертельс бұл дидактикалық са- рындағы туындының ежелгі туркі поэзиясымен дәстүрлі байланысы бар екенін дәлелдей келіп, төмендегідей пікір айтқан болатын: „Ахмет Иассауидің жырлары күні бүгінге дейінгі қазақ даласынан Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай үқсас болып отырады. Бүл ерекшелікті сопылық әдебиетте алғаш рет Иассауи бастап түрақтандырды. Осыдан кейін өзге ел- дердің дәруіштік поэзиясында да бүл үрдіс жалғасын тап- ты, сөйтіп, жазба поэзия мен фольклордың байланысы бүдан былай жаңа сипат алды» (20, 77).

Ахмет Иассауи орта ғасырдағы көшпелі тайпалардың дүние таным мүмкіндігін ескере келіп, исламның кейбір қағидаларын Жүмақ пен Дозақтың айтысы түрінде түсіндіреді. Сол арқылы Жүмақтың да Дозақтың да шы- найы сипаты оқырманға тайға таңба басқандай етіп айқын көрсетіледі. Әрине, бүл айтыста жан-жүрегі күнәдән пәк, иманды жандарға ғана мәңгілік мекен болатын Жүмақ жеңіп шығады. Айтыстың мүңдай түрі ежелгі түркі жүртында болғанын М. Қашқаридың „Диуани лүғат ит- түрк» атты сөздігінен білеміз. Мүнда айтыс Жаз бен Қыстың пікірталасы түрінде берілген.

„Диуани хикмет», көбінесе і 1 буынды, не 12 буынды болып келеді. Төрт тармақтан бір шумақ қүрайды. Үйқасы бізге тым жақын. Сырттай алып қарағанда „а, а, а, б» ”в, в, в, б” үйқасымен келіп отырады. Рас, ақын араб, парсы әдебиетінде кең қолданылған үйқастарды пайдалана отырса да, соның ішінен біздің қара өлең үйқасына жақын үлгілерді әдейі таңдап алған тәрізді» (163, 15).

Қожа Ахмет Иассауидің „Даналық кітабында» ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ әдебиеті арасындағы дәстүрлі байланысты айқындай түсетін бейнелі сөздер, үтымды теңеулер жиі үшырайды. Айталық, мүнда Ахмет Иассауи көңіл бағы, көңіл қусы, иман нуры, заһар көзі, куйген көбе- лек, махаббат бостаны, хақиңат дариясы, ғашықтың дерті, ит нәпсіні өлтіру сияқты үғымдарды сөз зергері ретінде шебер пайдаланған.

Ахмет Иассауи „Даналық кітабында» қанағат сезімін үлкен философиялық категория ретінде қарастырады. Ақын қанағатсыз жандарды, яғни нәпсісін тыя алмаған адамдарды тойымсыз итке, не үлып қайтқан итке теңейді. Қанағат жайындағы мүндай теңеу мен түсінік кейбір қазақ ақындарының жырларынан өзінің дәстүр жалғасын тапты. Мәселен, ақын Дулат Бабатайұлы поэзиясында төмендегідей жыр жолдары бар:

Ләпсі — төбет қабаған,

Жемтік көрсе тұра ма,

Ырылдап танау жиырмай…

…Дүние — жемтік, мен-төбет,

Соны бақпай, не бақтым?

Ырылдасып әркіммен,

Не қапқыздым, не қаптым .

Түркі халқы ислам діні мен мәдениетін қабыл еткен соң бұрынғы Көк Тәңірісіне табынуға негізделген мәжусилік сенімінен, әдебиетінен, өнерінен, жалпы алғанда, алғашқы рухани мұрасынан айырыла бастаған еді. Сонымен бірге, араб-парсы тілдері мен исламның оқу- білімі бүқара халыққа көпке дейін жат көрініп, түсініксіз болып келді.

Міне, осындай бір тарихи бетбұрыс кезеңінде өлең қүрылысы жағынан көне түркі поэзиясының табиғатына жақын етіп жазған, әрі оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген Ахмет Иассауи жырлары жергілікті халықтың рухани өмірінде зор роль атқарады. Ақынның „Даналық кітабы» атты жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам әлемімен, сол дәуір үшін ілгерішіл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пікірлермен танысты.

Рас, әділдік жолына түсу, ақиқатты іздеп табу, адам- ның рухани өмірінің таза болуы сияқты қүбылыстарды Ахмет Иассауи ислам дінінің шарттары арқылы түсіндіруге әрекет жасады. Ақын халық мүддесін ескергісі келмеген тәкаппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты ізгі қасиеттерге, адамгершілікке үндейді.

1990 жылы қазан айының 23—2 7 -жүлдызында Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойын- ша „Иассауи әлемі» деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конгресте Ахмет Иассауи мүрасын танып-білу, оны қоғам игілігіне пайдалану қажеттігі ерекше атап көрсетілді.

Есімдері әлемге мәшһүр Сағди, Хафиз, Жәми, Низами, Руми сияқты шайырлар кезінде сопылық ағымның үтымды сарындарын пайдалана отырып, гуманистік идеяға қүрылған ғажайып жыр-дастандар жазғаны мәлім. Түркі тілдеріндегі сопылық әдебиеттің негізін қалаушылардың бірі Ахмет Иассауи хикметтерінің әлеуметтік астары те- реңде жатқанын аңғару қиын емес. Мәселен, ақын жалған ғалымдар мен жағымпаз жандарды өлтіре сынай- ды:

Білгірі заман ақыр залым болды,

Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды, Сойқанды елге ашық айта алмаудан,

Ішіме менің дертті жалын толды.

Ахмет Иассауи өзінің үзақ жылғы өмір жолын түйіндей келіп бүл өмірде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:

Қожа Ахмет, басыңды елге ие біл,

Ақиқатты ары таза сүйе біл.

Дүниеқорлар кетсін бықсып өзімен,

Халық қана дүниеге ие бүл.

Сөйтіп, Ахмет Иассауи тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабыр- лы, жомарт, кішіпейіл болуға шақырған ойшыл ақын.

Ахмет Иассауи жырлары тек қазақ еліне ғана емес, бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ мүра екені мәлім. Ара- да сан ғасырлар өтсе де өзінің мән-мағынасын кемітпей, қайта уақыт озған сайын қадір-қасиеті арта түскен бүл ғажайып хикмет-жырлар үрпақтан-үрпаққа жалғасып, ру- хани мүра ретінде өмір сүре беретіні даусыз.

Ахмет Иассауидің сопылық сарындағы ой-пікірлерін оның шәкірттері жалғастырып, кезінде көптеген хикмет- жырлар жазғаны мәлім. Ғүлама ақынның ел ішінде ең та- нымал болған дарынды шәкірттерінің бірі Сүлеймен Бақырғани еді. Оны жүрт Хакім ата деп атаған.

Сүлеймен Бақырғани да өзінің гуманистік бағыттағы ой түйіндерін ислам діні қағидалары түрғысынан түсіндіруге әрекет жасайды. Ал, біз соңғы кезге дейін дін атаулыға сыңаржақ қарап, оның адамды ізгі қасиеттерге үндейтін ілгерішіл рөлін теріске шығарып келдік. Сол се- бепті Сүлеймен Бақырғани өлеңдері де күні бүгінге дейін зерттелмей, жарияланбай келді. Бертін келе Бақырғани жыр-жинағы „Бақырғани кітабы» деп аталады. Бүл жи- нақтағы өлеңдер өзінің тақырыбы, мазмүны, қүрлысы жағынан Ахмет Иассауидің „Даналық кітабына» үқсас бо- лып келеді.

Бақырғани өлеңдері кезінде ел арасында ауызша да мейлінше кең тараған. Әсіресе оны ел аралаған дәруіпггер көп айтатын болған. Бертін келе Бақырғани жырлары ел аузынан жиналып, 1877 жылы Қазанда жеке кітап болып басылып шығады.

Сүлеймен Бақырғанидің „Ақыр заман кітабы» және „Бибі Мариям кітабы» деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-әңгімелер сюжетіне қүрылған. Дидак- тикалық сопылық ой-пікірлерді уағыздайды. Бүл дастан- дарда оқырманды ізгі қасиеттерге үндеу сарыны басым.

Кезінде күллі түркі тілдес халықтарды тамсандырған Ахмет Иассауи мен Сүлеймен Бақырғанидің хикмет-жыр- лары қазақ әдебиеті тарихынан тиісті орын алатыны дау- сыз

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля