21 марта, 2018 19:30
Тіліміздің ауызша формасында дыбыстардың заңдылықтарын барлык шебінде ұстайды. Егер айтуда осы үндестік сакталмай, бұзылатын болса, мұның өзі айтылуы мен жазылуының арасын парыктай алмаудан туады. Өйткені жазу сөздің айтылуын дэл бере алмайды. Оның үстіне морфологиялык принцип басшылыкка алынатын біздің жазуымызда түбірдің соңғы дыбыс көбіне өзгеріссіз жазылады. Мысалы: жан етістігінен өрбитін жанды, жанбады, жанган (жоқ) сияқты формаларда түбірдің бастапкы қалпы сакталып жазылады. Алайда осындагы н эрпі үш сөзформада үш түрлі дыбысталады. Тілдің табиғатын, фонетикалық заңдылықты жаксы білгенде гана мұның себебін накты білуге, түсінуге болады.
Егер әлгі сөз формаларының кұрамындагы нб, нг тіркестерін дэл осылай (жазылуындай) айтатын болсақ, тіліміздің ғасырлар бойы дамуының нәтижесінде калыптасқан үндестік заңына нұксан келеді. Бұл заң бойынша нб, нг тіркесі дауыс катысы жагынан сэйкес келгенмен, айтылуы (артикуляциясы) жағынан оралымсыз; сонда кос ерін б өзінің өзінің алдында тіл алды н-дан гөрі қос ерін м тұруын, ал тіл арты г өзінің бұрын тіл арты ң тұруын талап етеді. Соның нәтижесінде нб тіркесі мб (жамбады), нг тіркесі нг (жаңған) болып айтылады, ягни н дыбысы бірде м, енді бірде н дыбысына өзгереді деп айту жиі кездеседі. Бұл жерде ол (н) жагдайға байланысты уақытша орнын береді Ал оны алмастырған м, ң дыбыстарының да осы тұрысында (жамбады, жаңган) ешқандай фонемалык мәні жоқ. Алайда олар (м, ң) айтылатын, естілетін болғандықтан дыбыс деп танылады.
Сондай-ақ: қарагой (қара қой), агешкі (ақ ешкі), тарагы (тарақ -ы, қабы (қөап -ы) дегендер де дыбыс алмасулары деп карау керек.
Мұндағы алмасулар (қ -ғ, п-б, б-п) көрші дыбыстардыңі бірін-бірі дауыстың (салдырдың) катысы жагынан игерудің нәтижесінде болып тұр.
Морфемалардың жігінде катар келіп, акустикалык немесе артикуляциялык жактан, тіл табыса алмаған жагдайда дыбыстардың бірі (күштісі) екіншісінен (әлсізінен) өзіне жуык баска дыбыспен алмасуға мәжбүр етеді.
Алмасу — альтернация (лат аһегпаііоп, орысша чередование) — әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың әсерінен баска дыбыска өзгеріп кетуі. Әңгіме морфеманың дыбыстык кұрамы туралы болғандықтан, мұның өзі морфонологияның да обьектісі бола алады.
Мұны былай түсіну керек: жан, жанбады, жанган — үш түрлі сөзформа; олардың лексикалык мағыналары бірдей, себебі түбірі (жан) ортақ. Сондықтан оның (түбірдің) дыбысталуы да бірдей болса керек еді. Алайда бірдей емес. Біріншісінде — и, екіншісінде — м, үшіншісінде — ң дыбысына аякталып тұр. Яғни үш сөзформаның кұрамында кездесетін бір морфема (жан) үш түрлі дыбысталады. Алмасу туралы бір морфема кемінде екі түрлі айтылған жағдайда ғана ойлауға болады. Осы тұрғыдан жал, сал, шал дегшендерде ж, с, ш алмасып тұр деуге болады. Өйткені бұл дыбыстар өзара алмасуға бейім келеді. Дегенмен бұлай «алмасуда» ешкандай мэн-мағына жок. Өйткені олар бір-біріне еш туыстығы жок, эр түрлі морфемалар (сөздер). Сондай-ак: палуан-балуан, палау- балау, пайым-байым сөздерінің басқы дыбыстары алмасып тұр деуге болар еді (п-б алмасқыш дыбыстар). Алайда алмасуға берілген анықтамада айтылғандай, бұл кұбылыс «көрші дыбыстың әсерінен» болатынын есте сақтау керек. Ал палуан-балуан екі түрлі айтылатын болса, ол көрші дыбыстардың ыкпалынан болып тұрган жоқ. Бұл — экстралингвистикалық (бөгде тілдік) жағдайдан туган сәйкестік. Бұлармен салыстырғанда эр түрлі косымшалар мен кейбір шылаулардың (да, де, та, те.қой, гой, қана, гана)баскы дыбысының кұбылып келуі себебін үндестік заңы тұрғысынан оп-оңай түсіндіруге болады.
Дыбыстык алмасу — фонетикалық жағдайдың (көрші дыбыстардың) нәтижесі мұны комбинаторлық (лат. сотЬіпаге — біріктіру, тіркестіру) немесе позициялык (лат. розіііо — жағдай шеп) өзгеріс деп те атайды. Ал сәйкестік спонтанды (лат. зропіапеоия — кенет пайда болган, байланыссыз) өзгеріс түрде танылады.
сөж
- Дыбыстык алмасуга ұшырайтын тіркестер.
- Дыбыстык алмасуға катысатын дыбыстар.
соож
- Дыбыстық алмасудың себептері.
- Қазақ тіліндегі ерекшеліктері.