ЕСІМДІКТІҢ ЗЕРТТЕЛУІ , ЕСІМДІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

17 апреля, 2018 9:38

ЕСІМДІКТІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Қазақ тілінде есімдік дербес сөз табы ретінде қарастырылып жүр. Ал орыс тілінде бұл мәселеде екі түрлі көзкарас болды. Ғалымдардың біразы есімдікті есім сөздермен бірге карау керек десе, кейбір галымдар есімдік өз алдына жеке сөз табы болу керек деп санайды. Есімдіктерді есім сөз таптарымен бірлікте карау керек дейтін пікір ұстанушы ғалымдардан А.А.Шахматов, А.М.Пешковский, А.Н.Гвоздевті атауга болады. Ал есімдікті жеке сөз табы деген көзкарасты дәлелдеушілер: В.В.Виноградов, Е.Н.Сидоренко т.б.

Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алган. Аталган ғалымдардың кай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: «Есімдік дегеніміз есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер» [7, 226]. Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті магыналык жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) таныктык есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да казіргіден баскаша. Сондай-ақ ғалым «жіктеу есімдігі» деген атауды екі рет колданып, біріншісіне казіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген казір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді.

Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: «Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалкы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз» — деген аныктама береді [16, 236]. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жаткызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), ойтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.т. Ғалым есімдік деп таныған сөздердің ішінде есімдіктер де, есімдіктен баска сөз таптарына қатысты сөздер де араласып жүр.

А.Ыскаков есімдіктер: «заттың белгісін білдіретін сөздердің орынбасарлары» — деп сипаттайды [63, 209].

Ғалым Ә.Төлеуов: «Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктері өзінен бұрын айтылған есім сөздердің орынбасары болып саналады» — деп, орынбасарлық кызметті есімдіктің белгілі бір топтарына гана жатқызады [52, 61].

Есімдіктерді арнайы зерттеген — галым А.Ибатов. Ғалым А.Ибатов есімдіктердің сөз табы ретіндегі тұлгасын, олардың мағыналык топтарын жеке- жеке сөз етеді. Ғалым: «Қазақ тіліндегі есімдіктер өзге де соз таптары сияқты сөздерді таптастырудың белгілі жүйеге түсіп калыптасқан негізгі үш принципіне сай лексика-семантикалық магынасына, морфологиялық белгілеріне жэне синтаксистік қызметтеріне байланысты жеке бір дербес сөз табы болып бөлінеді» -деп, « …оларга 1) мағыналары тым жалпы, 2) контексте қолданылу мақсатына қарай эр қилы нақтылы магыналарға ие болып отыратын сөз табы, 3) әрқашан субъективті қатынаста қолданылатын сөздер» — деген түсінік береді [22, 3-8].

Есімдіктердің өзіндік тарихи дамуы бар, өйткені есімдіктер көне сөздер сапынан орын алады. Бұл туралы А.Ибатов: «Есімдіктердің өте ерте заманда пайда болуы, ең алдымен, олардың магыналарының тым жалпылама түрде келуінен көрінсе, олардың түбір сөздері мен қосымшаларында кездесетін өте кбне формалардың сақталып қалуынан да айқын көрінеді» — дейді [23, 8].

Сұрау есімдіктерін зерттеген галым — Б.Омарова. Ғалым сұрау есімдіктерін арнайы зерттеу нысаны етіп, жалпы сұрау қоюдың заңдылықтар мен ерекшеліктерін, сұрау есімдіктерінің грамматикалык сипатын аныктаған. Ғалым Б.Омарова есімдіктердің накты магынасы болмайтыны туралы кагиданы шартты деп түсіну керектігін айта келіп, былай дейді: «Олай дейтін себебіміз есімдіктердің семантикалық тұлгасын контекске гана катысты деп кесіп айтудың қисыны жок. Өйткені есімдіктер тілімізде жеке дара сөз табы болгандыктан, ол жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналык бөлшектерді танытады деп білеміз. Мысалы, мен, ол, кім, не, әлдекім есімдіктері заттык ұгымды көрсетсе, кандай, әлдеқандай, әркашан есімдіктерінде сапалық мэн бой көрсетеді» [43, 10]. Шынында, есімдіктердің жалпылама, абстракт магынасы контекст ыңгайында нақтылана түседі, алайда сөз табы ретіндегі «жеке дара тұлғада да өзіне тән мағыналык бөлшектерді» білдіретіндігі де шындыкка жакын.

Есімдіктер зерттелген сөз таптарының қатарына жатады. Дегенмен есімдіктердің әр мағыналык тобының жеке зерттеуді кажет ететін тұстары баршылық.

ЕСІМДІКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Есім сөз таптарының бірі — есімдік. Есімдік — өзінің аты айтып тұрғандай, басқа есім сөздердің зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жұмсалатын сөздер. Мысалы, Мен казақпын мың өліп, мың тірілген (Ж.Молдағалиев). Қайткен күнде де бүл сый өте-мөте орайласа кетті: «Сарыарка» эні «Жалбырдың» мінездемесіне өте дөп келді. (Е.Брусиловский). Кеіібіреулерге таяғым, Тиіп те кетті сартылдап (Абай). Қаншама рет қуанып бардың дагы, қаніиа адамның алдынан жылап кеттің (М.Макатаев) деген мысалдардагы мен, бүл, кейбіреулерге, қаншама, қанша сөздері — есімдіктер. Бұлардың ішінде мен, кейбіреулерге — зат есімнің; бұл — сын есімнің; каншама, канша? — сан есімнің орнына жұмсалып тұр. Қазақ тілінде есімдіктердің саны онша көп емес, бар болғаны 60-70 гана сөз, бірак олардың тілде колданылу жиілігімен атқаратын кызметі күшті.

Есімдіктерді жеке сөз табы деп танудың негізгі белгісі — лексика- семантикалық сипаты. Лексика-семантикалық сипаты жағынан есімдіктер жалпы мағыналы сөздер болып келеді. Мәселен, кез келген адамды мен, сен, ол деп, кез келген затты сол, мынау, анау деп айта береміз.

Есімдіктер кай сөз табының орнына жұмсалса сол сөз табы сиякты түрленеді, сол сөз табы сиякты сөйлем мүшесінің қызметін аткарады. Есімдіктердін өздеріне тэн түрленетін морфологиялық көрсеткіштері жок, дегенмен олар бэрібір түрленетін сөздер тобына жатады. Қай сөз табының орнында колданылса, сол сөз табы сияқты түрленіп, сол сөз табының синтаксистік қызметін атқарады. Мысалы, Абай шешесіне риза боп куанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты (М.Әуезов) — деудің орнына Ол шешесіне риза боп куанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты, — деп айта беруге болады. Ол жіктеу есімдігі «Абай» деген зат есімңің орнына жұмсалып сөйлемде бастауыш болып тұр.               /

Сөздерді таптастырудың негізгі үш принципіне (ұстанымына) сай, есімдіктер де лексика-семантикалык сипаты, морфологиялық белгісі жэне синтактистік кызметтеріне байланысты өз алдына жеке сөз табы болып бөлінеді. Сондықтан есімдіктерді мынадай үш блокка бөліп карастыруга болады: 1. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты;

  1. Есімдіктің морфологиялык ерекшеліктері;
  2. Есімдіктің синтаксистік кызметі;
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля