ЖАЛАҢ СЫН ЕСІМДЕР

9 апреля, 2018 9:24

 

Морфемдік құрылымына карай жалаң деп есептелетін сын есімдер өз ішінде негізгі жэне туынды болып бөлінеді.

Негізгі сын есімдер бөлшектеуге келмейтін бір гүбір морфе-мадан тұратын создер. Мысалы, үлкен, биік, тар, кең секілді сын есімдер- одап эрі морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде кабылданып, ежелден келе жаткан негізгі сын есімдер (63, 179). Алайда сын есімдерді осылайша жіктеудің шартты нәрсе екенін, олардың құрамында да тарихи—этимологиялык тұрғыдан туынды түбір болатын, негізгі түбірі қосымшаларымен арасы ажырамастай кіріп кеткендері де кездесетіндігі оқулықтарда айтылып жүр. Мысалы, түнық, сүиық, жазық секілді сын есімдер бастапкы түп, сүйы, жаз етістіктерінен жасалған.

Жалаң сын есімдердің көпшілігі “түбірлер мен жұрнактарға мүшеленетін туынды создер есебінде кабылданып, белгілі қосымшалар аркылы жасалган туынды сын есімдер (63, 179).” Мысалы, әдепті, байыпты, сөзаіең, үгымтал, жеңілтек, жинақы, сенгіш, ширақ т.б. секілді сын есімдер түбірі е жұрнактар(- ті,-ты,-шең,-тал,-тек,-кы,-гіш,-к) жалғану арқылы жасалған.

Тілімізлегі заттың белгісін білдіретін сын есімдер үнемі не-гізгі, туынды тіүбір бола бермейді, кейде олар екі немесе одан да көп сөзден кұралып, сындык — белгіні білдіреді.Мысалы,млу/«т>£ қызыл (аяз), бұлаң түлкі (мінез) ,қызыл ала (көйлек), ксдір-бұдыр (жер) т.б. Осындай екі не одан да көп сөздерден кұралып, бір сындык ұғымды, белгіні білдіретін сын есімдер күрделі сындар болатындығы гылымда дэлелденген жағдай. “Күрделі сын есімдер”деген атау галымдар А.Ыскаков пен К.Ахановтың авторлыгымен шыккан мектеп грамматикасынан (1952) бастап айналымға түсіп.содан бері окулыктарда колданылып келеді. Күрделі сындарға тэн ерекшелік ол каншама сыңарлардан кұрылса да,бір белгіні білдіретін бір сөз, бір лексема болып саналады, бір создің кызметін аткарады, сойлемде бір сұракка жауап береді, сөйлемнің бір мүшесі болады. Мысалы, Байжандар келгенде қызыл көк ат ерттеулі тұр ед і(Ғ.Мүсірепов). Есболаттан жалгыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүзді Оразбай отыр (М.Әуезов’). Осы сөйлемдердегі қызыл көк, жалгыз көзді, ұзын селдір қара сақалды, жал тұмсық, жар қабақ, ер жүзді деген күрделі сын есімдер ат, Оразбай деген зат есімдерді аныктап, сойлемнің аныктауыш мүшесі болып тұр.

Оның үстіне “күрделі сындар біртұтас сөз болғандықтан, олардың құрамындагы сыңарлардың орны тұрақты жэне олардың орнын ауыстыруға болмайды(41, 141),”ягни күрделі сындардың мағыналары сыңарларының белгілі бір тэртіпте тұруы аркылы жасалады. Мысалы, ұзын бойлы адам, калың ка.мысты кол дегендегі күрделі сын есімдердің орнын ауыстырып, бойлы ұзын адам, камысты калың кол деуге болмайды.

А.Ыскаков “күрделі сын есімдер негізгі сындардан да, туынды сындардан да, олардың өзді-өзінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, кайталануы, қосарлануы, әредік бірігуі аркылы жасалып, бір бүтін күрделі тұлга ретінде кызмет етеді(63, 190),”-дей келіп, күрделі сын-дардың тілдегі жасалуының бірнеше үлгісін (моделін берген)

Солардың негізгілері мынадай:

  • сапалык (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тіркеседі. Бұл топқа қара ала, сарьі ала, торы сиіа, шұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалатын, демек алгашкы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сындар да, қара көк, қара кер деген үлгі бойынша, демек алгашкы компоненті ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын екі компонентті күрделі сындар да, ал қара көк, ал қара кер тэрізді үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады.
  • бірыңғай я негізгі (сапалық), я туынды (катыстык) сындар не кайталанады, не косар. іанады. Мысалы, кішкене-кішкене, аппақ-аппақ, үлкенді- кішілі т.б.
  • негізгі сын мен -лы(-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы, кең маңдайлы, қызыл іиырайлы т.б.
  • зат есім, сан есім, есімдік, есімше формалар мен -лы(-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы, алтын баулы, төрт бұрыиіты, түк пайдасыз іс, қажымас қажырльп.б. (63, 190).

Н.Оралбай окулыгында да күрделі сындар 1) біріккен, 2) қосарланған, 3) гіркескен күрделі сындар деп бөлініп, біріккен күрделі сындардың оішіа коп емес екендігі, оларға көнетоз, көнтері, тілстгыш, есерсоң, біртога, алаңгасар, аласабыр, бұратана, кемтар, кертартпа, қонақжаіі, жарымжан, балажаң, қарапайым, кеудемсоқ, ішқұста (ашу), етжеңді,’ Қірпияз, можантопаң, етекбасты (мінез) секілді сөздер жататындыгы көрсетілген(41, 142).

Сонымен бірге екі және үш кұрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері жүйелі түрде берілген. Екі күрамды күрделі сындардың жасалу үлгілері:

1 .Сапа сыны+сапа сыны(кызыл ала, кара көк т.б.)

2,Қатыстық сын+сапа сыны (сыбызғыдай нэзік т.б.)

З.Зат есім+катыстық сын (күміс коңыраулы т.б.)

  1. Қатыстык сын+ катыстык сын (сэнді киімді т.б.)
  2. Сан есім+қатыстык сын (сегіз канатты т.б.)
  3. Етістік+катыстық сын (піскен алмадай т.б.)

Үш кұрамды күрделі сындардың жасалуы 1 .дара сын+күрделі сын (сұлу жіңішке белді т.б.)

2.күрделі сын+дара сын (кызыл ала көйлекті т.б.)

Осы үлгілерден тіркесті күрделі сындардың тілде өте жиі колданылатындыгын байқауга болады. Бірақ бұл сын есімдердің озіне тән ерекшеліктері соңғы кезде ғана зерттеу нысаны ретінде жан- жакты карастырылды. Г.Мамаеваның «Қазіргі казақ тіліндегі тіркесті күрделі сын есім сөздер« деген диссертациялык еңбегінде тіркесті күрделі сындардың мағына тұтастығы мен оның күрделі ұғымды білдіретіндігі, олардың кұрамы аныкталып, сапалык сыны мен қатыстык сынның негізінде жасалған тіркесті күрделі сындардың ерекшеліктері жан- жакты сипатталған (38).

Сондай- ак Г. Сыздыкова өз зерттеуінде косарлану тэсілімен жасалған қатыстык сын есімдердің күрделі түрлерін жасалу жолына жэне семантикалык сипатына карай былай топтастырған:

Жасалу жолына карай: 1. Бірыңғай аффикстер арқылы жасалған катыстык сын есімдердің кайталануы; көлемді- көлемді, бармақтай- бармақтай т.с.с. 2. Бірыңғай аффикстер аркылы жасалған катьістык сын есімдердің косарлануы; аіңылы- тұіңылы, әлді- малды т.с.с. Әр түрлі аффикстер аркылы жасалған катыстык сын есімдердің косарлануы: сулы- сусыз, гылыми- әдістемелік, т.с.с. 1. Семантикалык сипатына карай: 1. Өзара мэндес қатыстык сын есімдер: даусыз- талассыз, күшті- қуатты, т.с.с. 2. Ұштас мэндес катыстык сын есімдер: ерлі- зайыпты, аталы- бабалы, т.с.с. 3. Қарама- карсы мэндес катыстык сын есімдер: ашпалы- жаппалы, ұзынды- қысқалы, т.с.с. 4. Бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қатыстық сын есімдер: үйлі- баранды, қоралы- қопсылы, т.с.с. 5. Болымды- болымсыз мағыналы катыстык сын есімдер: таулы- тассыз, сулы- сусыз, т.с.с. (49, 11).

Сойтіп күрделі сындар ең кемі екі сөзден кұралып, ішкі кұрамы түрліше үлгіде жасалады. Сын есімнің ғылымда танылған бір- ақ категориясы бар. Ол-сын есімнің шырай категориясы. Шырай категориясы бір түрлі сындык белгінің акикат өиірде түрлі дәрежеде болуын білдіреді. Мысалы, биігірек, биіктеу, өте биік, біп-биік дегенде биік деген негізгі магына сакталады, тек қана реңк қосылып, біркелкі сынның эртүрлі дәрежеде көрінуі байкалады. Сондықтан “заттың белгісі я сипаты (түрі, түсі, сапасы, көлемі, аумағы, салмағы, сыры т.б.) біркелкі болмай, рең жағынан әр түрлі дәрежеде болатынын, демек, сипатының я белгінің бір затта артык, бір затта кем болатынын білдіретін сын есім формалары шырай формалары (63, 192)“ деп аталады.

Олай болса, бір түрлі белгінің өзінде әр алуан рең болуы шырай категориясының мағыналык кұрамының түрлілігін көрсетеді. Бүл түрлі реңдік белгі көрсеткіштер арқылы көрініс табады.

Бірақ сын есімнің барлығы бірдей шырай тұлғасымен түрленбейді, яғни кез-келген сын есімге шырай тұлгалары жалган-байды. Окулыктарда көрсетіліп жүргендей, сын есімнің шырай тұлгалары сапалық сын есімдерге жалғанады. Тіптен сапа.:;ык сын есімдерге де шырай жұрнақтарының бэрі бірдей жалгана бермейді. Мысалы, “кок” деген сын есімге “шіл” жұрнағын косып, “кокшіл” деп, шыраіі магынасы жасалса, “жасыл”деген сөзге “шыл” жұрнагын косып, “жасылшыл” деуге болмайды. Немесе саргыш дегендегі гыш жұрнағы қызыл, кок, жасыл сын есімдеріне қосылмайды. Олай болса, шырай жұрнактары “өздерінің еншісіне тиген, белгілі сөздерге жалгана алады. Бұл- қазақ тіліндегі сын есім шырайының ерекшелігі(39, 27). ” болып табылады.

Сонымен сын есімнің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (эр түрлі біркелкі белгі-лерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өз ара айырмашылық-тарын, демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірімен я артық, я кем екендігін анықтау аркылы туады (63, 196). Мысалы, жасылырак пен жап-жасылдың, үлкенірек пен өте үлкеннің, ұзындау мен ұп-ұзын-ның мәні де, жасалу жолы да бірдей емес. Осымен байланысты қазақ тілінде шырайлардың бірнеше түрі бар. Бірак шырай түрлерін топтастыру, жіктеу туралы ғалымдардың пікірлері эртүрлі.

А.Байтұрсынов оқулығында сын есімнің үш түрі көрсетілген: 1)Жай шырай артық-кем демей, нэрсенің сиқын жай көрсетеді (жуас ат, кызыл шүберек т.б.) 2)Талғаулы шырай нәрсе сикының бірінен-бірі артық-кемдігін корсетеді, оны корсету үшін жай сындагы сөзге “-рақ”, -рек” деген талгау қосымшалары тіркеледі (жақсы-рақ, зерегі-рек т.б.) 3)Таңдаулы шырай нэрсе сиқы өгс артык екендігін көрсетеді. Оны көрсету үшін жай шырайдағы создің алдына ең, нак, тап, тым, бек, қас деген сөздер қосылып айтылады (ең жақсы, тым корқак т.б.) (7,218).

Ал Қ.Жұбановтың 1936 жылгы қазақ тілі бағдарламасында сын есімнің шырайлары жеке тақырып етіп беріліп, шырайлардың жай шырай, кесімді араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалгаулы күйде болады), -садыстырмалы шагын шырай (-рақ,-рек,-лау), жалаң шагын шырай (кызғылт, каралтым, котеріңкі, созылыңқы), таңдаулы шырай, дәйек косылыңкы (өте кыска), косакты (қып-кыска), үстеуЛт (ұзын-ақ), орта шырай (бір кос, бірсыпыра, бір жөн, едәуір сөздері косылады) түрлері берілген (16, 346). Бірак жоғарыда аталған еңбектерде шырай түрлерінен орын алған жай шырайға қатысты кейінгі еңбектерде баскаша пікірлер де кездеседі.

Қазак тіліндегі сын есім шырайларын арнайы зерттеген Ғ.Мүсабаев “жай шырай” деп аталатын сын есімдерде шырай мағынасы жок, сондықтан жай шырай деп атауымыздың өзі кате (39, 34),-деп есептеп, сын есім шырайын салыстырмалы, бәсең, шағын, күшейтпелі, үдетпелі деп бөлген. Ғалымның жіктеуінше,

1 .Салыстырмалы шырай -рак,-рек.

  1. Бэсең шырай -дау,-деу,-тау,-теу,-лау,-леу.
  2. Шағын шырай -шыл,-шіл,-ғыл,-ғіл,-ғылт,-ғыш,-ілдір тұлғалары аркылы.
  3. Күшейтпелі шырай -күшейту буыны аркылы.

бДдстпелі шырай-күшейткіш үстсулер арқылы жасалады.

Осылайша галым шырайларды жасалатын тұлгаларына қарай бсс түргс болген.

1967 жылғы «Грамматикада« бэсең, шағын шырайларды біріктіріп, сын есімнің мынадай 4 түрі берілген:

1 .Салыстырмалы

  1. Бэсең, я шағын
  2. Күшейтпелі
  3. Асырмалы.

Кейін ғылымда грамматикалык категорияларды топтауда олардың түрленбей тұрған түрін есепке алатын дэстүр қалыптасты. Бұл дәстүр бойынша етістік негізі өзге туынды тұлғалардың бэріне негіз болады, атау септік те “басқа септіктердің формалары мен мағыналарын салыстырып ажырату үшін кабылданған негізгі форма (63, 62)” деп танылды, яғни олар етістіктің баска формаларында кандай озгеріс болғанын немесе калған септіктердің тұлгаларында кандай ерекшелік бар екенін салыстырып көрсету үшін алынған. Сондай-ак басқа шырайлардың тұлғаларында кандай өзгеріс болғанын көрсету үшін кейінгі еңбектерде шырайдың жай шырай деген түрі алынған. Шын мэнінде жай шырайдың мағынасында салыстыру жок. Жай шырайдың осы ерекшелігін ескере отырып, шырайлардың баска түрлерін мағына жагынан да, форма жағынан да салыстыратын негізгі форма дсп санаған проф. А.Ыскаков окулығында шырайлар -жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай, асырмалы шырай деген төрт түрге бөлініп, әркайсысының магынасы және олардың жасалу жолдары сөз болған.

Срлыстырмалы шырайға окулыктарда “бір заттың сынын екінші заттың сынына салыстырып, сол салыстырылған белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді”деген аныктама беріліп жүр. Шындығында салыстыру мағынасы шырайдың баска түрлеріне де катысты. Сондықтан жан шырайдың атауы дәүтүр бойынша сақталган.

Салысгырмалы шырай -рак,-рек,-ырак,-лау,-леу,-дау,-деу,-тау,-теу жұрнактары аркылы жасалады. Мысалы, үлкенірек, үлкендеу т.б. Сонымен бірге -кыл,-гыл,-кылт,-ғылт,-тым,-шыл,-шіл,-кай,-аң секілді өнімсіз жұрнақтарда салыстырмалы шырай көрсеткіштері болып саналады. Мысалы, дымңыл, сұргылт, қоңырңай, қысаң т.б.

Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай күшейткіш буын арқылы жасалады, яғни сын есімнің алғашқы буыны алынади да, оған -п косылады. Мысалы, қып-қызыл, жап-жақсы, біп-биік т.б.

Затгың сындық қасиетін я тіпті асыра көтеріп, я тым асыра төмендетіп білдіретін шырай түрі асырмалы шырай деп аталады. Бұл терминді проф. А.Ысқақов солданган. Асырмалы шырай сын есімнің алдында аса, өте, тым(дым), тым-ақ (дым-ақ), тіпті, тіптен, иіымқай, нагыз, нақ, ең, орасан, кере^иет секілді күшейткіш үстеулер сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. МысЕЙІы, тым үлкен, аса қиын, өте ақылды т.б.

■Соңғы шыққан “Қазақ грамматикасында” жай шырайды шырай категориясына жатқызбайды, ал салыстырмалы мен күшейтпеліні бір шырай деп есептеп, шырайдың екі-ақ түрін- салыстырмалы мен күшейтпелі шырайды ■көрсеткен.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля