ШЫҒЫС СЕПТІГІН МЕҢГЕРЕТІН СЕПТЕУЛІКТЕР

9 апреля, 2018 10:47

 

Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен және -кан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесіп таңдау, талғау мэнінде жұмсалады. Мысалы, Желі бойындағы жылқылардың биелерінен гөрі жарау семіз, саяк аттары көп (М.Әуезов). Өзге баладан гөрі баска бір ермек, бөлек бір дос тапты (Бұл да). Бері септеулігі есімдіктерге, -кан (-ған, -кен, -ген) формалы өткен шак есімшеге тіркесіп, мезгілдің басталу шегін білдіреді. Мысалы, Аңнан Абай кайтып келгеннен бері Баймағамбет қалаға үш рет барып қоржын толтыра кітап апарып, толтыра ала қайтып, Абайдың ендігі ой-азығын жиі-жиі ауыстырумен жүр (М.Әуезов). Түннен бері, дэл таң атып, ел тұрғанша тыныш таппаған (Сонда). Кейін, соң септеуліктер зат есімдерге, есімдіктерге, кимыл атауына жэне есімшеге тіркесіп, мезгілдік мағынаны білдіргенде бір істің не нәрсенің орындалу шегінен соңғы жагдайды нақтылайды. Мысалы, Осыдан кейін тағы үш күндей Салиқа дауының, Керей-Найман ылаңының тынымсыз тергеуі өтті (М.Әуезов). Алты күннен соң, осы Құнанбай ауылдары көшкен жолмен тағы бір мол көштер келе жатты (Сонда). Соң септеулігі кейде мезгілдік мағынадан баска реттік, яғни, бір нәрседен немесе біреуден кейін деген мағына да береді. Мысалы, Жаңагы шешелерден басқа: жеңгелер, көрші үйлердің қатындары, бірен-саран тыста жүрген шал- кемпір, онан соң ауылдың барлык үйлерінен шығып, жүгірісіп келе жаткан балалар бар (М.Әуезов). Бүрын септеулік шылауы зат есімдермен, тұйық етістіктермен тіркесіп, іс-эрекеттің істелген мезгілін баска бір іс-қимылдың алдында болғандығын білдіреді. Мысалы, Ол Абайдан бүрын үйленіп, сол жылы енші алып, бөлініп шыққан (М.Әуезов). Оган кетуден бүрын, әуелі өзімде бармен сенде барды ортаға шығарып, үлеске салып кетемін (Бұл да). Бетер септеулік шылауы іс-әрекеттің бұрын істелген іс-әрекеттен неғұрлым күшті болғанын білдіреді. Мысалы,менен бетер, одан бетер.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля