ЖАЛҒАУЛЬІҚТАР

3 мая, 2018 10:44

 

Өзара тең дәрежедегі сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді эр түрлі мағыналық қатынаста байланыстыратын көмекші сөздердің бір тобын жалғаулықтар дейміз. Мысалы, Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім (М.Әуезов). Әрі роль ойнайсыз, әрі белгілі балериналардан үйренесіз, — деді (Ш.Жиенқұлова). Берілген мысалдардағы пен, мен жалғаулықтары тең дәрежедегі сөз бен сөзді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұрса, эрі жалғаулығы сөйлем мен сөйлемді ыңғайластық мәнде байланыстырып тұр. Жалғаулықтар салалас құрмалас сөйлемдердің ісүрамындағы жай сөйлемдерді, сөйлемнің бірыңғай мүшелерін әр түрлі мағыналық қатынаста жалғастыру үшін қолданылады.

Мағынасына қарай жалғаулықтар алты топқа бөлінеді:

  1. Ыңғайластык жалғаулықтар: мен (бен, пен), және, да, де, та, те, эрі.
  2. Талғаулықты жалғаулыктар: әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі.
  3. Қарсылықты жалғаулықтар: бірак, алайда, дегенмен, әйтпесе, сонда да, эйткенмен.
  4. Себептік жалгаулыктар: себебі, өйткені, неге десең.
  5. Салдарлык жалғаулыктар: сондыктан, сол үшін, сол себепті.
  6. Шарттык жалғаулықтар: егер, онда.
  7. Ыцгайластық жалғаулықтары бірыңғай сәйлем мүшелерін байланыстырады. Ыңғайластык жалғауларының ішінде тілде аса жиі қодданылатыны -және жалгаулығы. Және жалғаулығы ыңғайлас келген екі немесе одан да көп бірыңғай мүшелерді, сөйлемдерді байланыска түсіреді. Және жалғаулығы сөз табын талғамайды. Мысалы, Меніңше адамның ең бір үлкен бакыты — күресе білу, қуана білу, жұмыс істей білу және басқалардан қалыспай, өмірге ілесе білу (В.Н.Терешкова).

Және жалғаулығы салалас кұрмалас сөйлемдер құрамындағы жай сөйлемдерді де ыңғайластыра байланыстырады. Мысалы, Жомарттың бүгін жүре коярлык ниеті жок еді және оның ниетіне карай даяр колік те болмады (Ғ.Мұстафин).

Жэне жалгаулығы ойды айкындай, нактылай, толыктыра түсу максатында жұмсалады. Мәселен, Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы канында бар жэне оның мұнымен бірге осыған сай кабілеті бар (К.Д.Ушинский).

Мен (бен.пен) жалғаулыктар тек зат есімнен немесе субстантивтенген баска сөздерден болған сөйлем мүшелерін байланыстырады.Тілде өте жиі кездеседі. Мысалы, … ғылым мен мәдениет барлық дүниенің алтын алкасы болып отыр (М.Әуезов). Құлақтан кіріп бойды алар, Жаксы ән мен тэтті күй (Абай).

Мен жалғаулығы аркылы сөздер байланысқанда жалғау соңғы сыңарга жалғанады. Мысалы,… халык пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім (М.Әуезов). Өлең халык көңіліндегі кайгы мен касіреттің, куаныш пен шаттыктың серігі (П.Лафарг).

Әрі жалгаулығы заттың, нәрсенің, кимылдың сапасын, касиетін білдіретін мүшелерді байланыстырады. Мысалы, … олар кеніштегі кым-қуыт жұмыстарды мінсіз әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік әпереді (Д.Қонаев).

Әрі жадгаулығы кейде салалас кұрмалас сөйлемдердің құрамындагы жеке сөйлемдерді де;,ыңгайластыра байланыстырады. Мысалы, Әбіштің создерінде эрі саясаттык шеңберлік бар, эрі Семейдің үркек коркак чиновннктерін сескендіру де бар (М.Әуезов).

Да, де, та, те шылаулары жалғаулық та, демеулік те болады. Бұл жалғаулыктардың ең басты кызметі — сөз бен созді, сөйлемдерді ыңгайластыра байланыстыру. Мысалы, Бар дүние жансыз да, ажарсыз (Ғ.Мүсірепов).

  1. Талгаулықты жалғаулықтарга әлде, біресе, не, немесе, болмаса, я, яки, кейде, мейлі шылаулары жатады. Мысалы, Не жылуы, неьістык суы жок ескі үйде тұрады екен, соны жаңа үйге ауыстырып беруін өтінді (Д.Қонаев).

Әлде жалғаулығы талгау мәнін білдіреді, бірақ кейде бір нэрсеге күдіктену, күмэн келтіру тәрізді реңкті білдіреді. Мысалы, Жылкыға каскыр шапты ма, жоқ злде Әзімбайлар қашаға, қуғызып жүр ме? (М.Әуезов).

Бірде, біресе, бір жалғаулыктары амал-әрекеттің кезекпен бірінен соң бірінің алма-кезек ауысып отыратынын білдіреді. Мысалы, Біресе жаңбыр себелейді, біресе қар ұшқындайды (Ғ.Мүсірепов). Қоска бір кірдім, бір шықтым (С.Мұқанов).

  1. Қарсылықты жалғаулықтар салалас кұрмалас сойлемдер арасындағы қарсылық мэнді білдіреді. Мысалы, Акырында ұрыспақ болған адамдай оңтайланып та көріп еді, бірақ алгашқы кактығыста Абайдан шайлығып қапты (М.Әуезов). Түн ол күні бұлтты, көзге түртсе көрінбейтін қараңғы еді. Әйткенмен Ботагөз қайда келе жатқанын шамалайды (С.Мұканов). -Әлжан аіа, өзіңізге катысты мэселе туралы айтыңызшы, — деп Ержан сөзге араласты. Әлжан бірақ оның дауысын естімеді (Б.Мұқаев). Әрине, істің орайы келе бермейді, әйтпесе алдыңа келген адам өтінішін аяк асты етпегенге не жетсін (Д.Қонаев).

Бұл топтағы жалғаулықтардың катарына бірақ, алайда, әйтсе де, әйткепмеч, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйтпегенде жалғаулықтары жатады. Олардың ішінде ең жиі қолданылатыны -бірақ жалгаулығы. Бірақ жалғаулығы салаласа байланыскан сөйлемдер арасындагы карсылыкты катынасты білдіру үшін жұмсалады.

Әйтсе де, зйткенмен, свйтсе де, дегенмен, сонда да жалғаулыктары кейде сөйлемдердің арасындагы карсылықты қатынасқа күшейткіш мағына да ‘қосады. Бұл жалғаулықтардың бірақ жалғаулығына карағанда колданылу өрісі тарлау. Бұл күшейткіш магына туралы 1967 жылы шыккан «Қазак тілінің грамматикасы» атты академиялык грамматикада былай делінген: «Бойындагы осы экспрессивтік магына бұл жалғаулыктардың жұмсалу өрісін өлшеп, ‘белгілеііді. Сондыктан бұлар бірақ жалғаулығына карағанда кем жұмсалады» ([31, 231]. Көп қолданылатын қарсылықты жалғаулықтардың бірі — әйтпесе жалғаулығы. Әйтпесе жалғаулығы арқылы байланыскан сөйлемдердің екіншісі алғашқысында айтылған уакиға, іс-кимыл болмаған жағдайда соның болмауының нәтижесінде болған уакиғаны, іс-кимылды айтады. Мәселен, Шылбырым үзіліп абырой болды, әйтпесе атымды көтеріп кетер ме еді, кайтер *еді (С.Мұканов).

|          4. Ссбсптік жалғаулықтарға себебі, өйткені шылаулары жатады. Бұл

жалғаулыктар тілде аса көп кездеседі. Себептік жалгаулыктар салалас кұрмалас құрамындағы жай сөйлемдерді байланыстырып, соңғы сейлем алдыңғы сейлемдегі айтылатын ойдың себебін білдіреді. Мысалы, … бойдағы аз кемшіліктің озін жою үшін де күресе білу керек, өйткені, жамандык, кемшілік

Салдарлық жалғаулықтар кұрмалас сөйлемнің басыңкы ыңарындағы болган іс-әрекеттің нәтижесін, салдарын білдіру кызметін тқарады. Жалғаулыктардың бұл түріне сондыктан, сол себепті, сонан соң ‘шылаулары жатады. Мысалы, Мен корыкпаймын, эжем кеше сұрап алған, ІГүйебайдың сылтауы шамалы, сондықтан оның таяк жейтініне менің де, озінің ■£ көзі жетеді (Б.Майлин). Жер жакын болып екеуіңіз жеңісе алмадыңыз..еген итжанды келеді, бойға ұялампаз (Е.Букетов).

Содан соң алыска айдап отырмын (Ғ.Мұстафин).

  1. Шарттық жалгаулықтар сөйлемдер арасындағы шарттық қатынасты білдіру үшін жұмсалады. Жалғаулықтардың бұл түріне егер, онда шылаулары жатады. Көбінесе егер жалғаулығы бағыныңқы сойлемнің бас позициясында қолданылады. Ал онда жалғаулыгы көбінше басыңқы сөйлемнің басында тұрады. Егер мен онда жалғаулықтары бір сөйлемнің ішінде екеуі де қатар келетін кездері де болады. Мысалы, Егер алдамшы сезімнің арбауына түспесем Ажарға жолар ма едім (Б.Мұқаев). Ал, Әбіш, жаңағы сөзің мен Долгов сөзі аньщ дұрыс сөз болса, онда мен де кеше Құнанбай жазықсыз қанын төккен Қодардың ұлы ұрпагы болсам не деді (М.Әуезов).
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля