15 мая, 2018 14:39
Жоспары
- Маскүнемдік және алкоголизм үғымдары, айырмашылықтары;
- Емдеу жолдары мен әдістері, кезеңдері
І.Маскүнемдік және алкоголизм үғымдары, айырмашылықтары
Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек кабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққүмарлар отбасының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс кабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, акыл-есі кем болып туады.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешкандай әсер етпейді, мастык күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). ¥дайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын «сау» жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы таркагакда колы калтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара- бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі- үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизм
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10—15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады — алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, акыл-есінен айырылады.
ҚР Денсаулыксақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы курсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ¥Дайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар — алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл- күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру жэне оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды үзақ уақыт колдану. Дэрі- дәрмекті жэне психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды камқорлыққа алудың, түрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық кызмет орындары — республикалық, өлкелік, облыстық, калалық наркологиялық диспансерлер. сондай-ак наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркэсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері колданылады. Ауылдық жерлердемас күнемд ерді емдеу үшін аудандык орталык аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағь’ арнайы наркологиялык бөлімге жібереді.
Мастықтың эсерінен ауруға шалдыккан адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жэрдем төленбейді.
Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдык жағдайын ауырлаткан адамдарға, сот арқылы жаұясына жэрдем көрсетуі міндеттемеледі.
2.Емдеу жолдары мен әдіетері, кезеңдері
Заңда коғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не кызу күйінде пайдаланғаны үшін экімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға акшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу кұжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін кылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арак, тұт арағы, брага) жасағаны, сатканы, сақгағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тэртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ыкгіалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген. Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінэлі адамды қылмыстык жауапкершіліктен босатпайды, қайта жаз асын ауырлата түседі.
Маскүнемдікті емдеудің негізгі үш кезеңі бар:
- алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына келтіру;
- ішімдікке әуестікті жою;
- оларға жиіркеніш сезімін тудыру және оған төзе алмаушылықты калыптастыру.
ІІайда болуы маскүнемдікпен байланысты психикалык кесел. Барынша жиі кездесетін түрлері — маскүнем елірмесі (ақыл-есінен айырылу), көру және есіту елестеушіліктері, қозу, жүйке жүйесінің түрліше бүзылуы, қызғаныш қозбасы және т.б.