Киім

2 июня, 2019 12:05

Киім

 Адамға ауа райының қолайсыз жағдайынан қорғану үшін және көріктілік үшін де киім қажет. Ертедегі адамдардың киім-кешектері мал терісінен жасалатын еді. Әсіресе,  теріні сырт киім үшін пайдаланатын –ды. Оның бірі — тон. Ол «қаптама», «камйолша» атанып екіге бөлінген. Қаптамасы суықка сырттан киетін тон. Махамбеттің «Қаптай соққан боранда, қаптама киген тонар ма?» — дейтіні осы. Қамзолшасы етегі тізеден жоғары келетін тон. Тон орнына қасқырдың, түлкінің, қарсақтың, күзеннің, басқа аңдардың терісімен астарлап, сыртын матамен тыстап тігетін киімнің аты ішік. Ішіктің толып жатқан түрлері болады. Мысалы, түлкі терісінен, оның жөн, бауыр, аяқ терілерінен — қараяқ ішіктер жасалады. Кейде, құндыз, бүлғынның қымбат терілерінен де ішік жасалады. Оған Абайдың Ақылбай деген баласы шығарған ән сөзіндегі «Бұлғын ішік мен кидім, құндыз жаға» деген жолы куә.

Құндыз қазақта аса бағалы аң саналған. Қазақтар оның сала-құлаш терілерін төрдегі кереге басына сән үшің ілген. Ертеде бұл аң қазақ даласында көп болғандығына «Құндызды» аталатын өзен мен (Қостанайда), «Қамқа» (құндыздың бір түрі) атты келдің болуы куә. Кейін ел жиілене келе бұл сулардан құндыз бен қамқа ауып кеткен.

Құлынның терісінен астарсыз тігілетін тонды «жарғак» дейді, Оның қара кұлынның терісінен сәндеп тігілетіні жоғары бағаланады. Қасқыр терісінен астарланатын ішік те қымбатқа саналады. Ішікті қазақтар тыстап киген.

Кедей адамдар ішікті қоян, тарақ кұйрық (сарышұнақ) сияқты арзан терілерден де жасаған. Бірақ олардың сапасы оншама болмайды. Сондықтан «бір жылға қоян терісі де шыдайды» деуде де мән бар.

Ішіктің тысы, әдетте шұға, мәуіті сияқты қальщ мата-лардан тігіледі. Тері мен тыстың арасьш қалыңдату үшін тозған маталардан, жүннен «бидай» саналады.

Тонның жағасы жоғары етіп жасалады да, боран-шашында оны көтеріп алса, басқа суық тигізбейді. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмайды» деу содан. Жағаға қымбат аң терісі, қозының, лақтың бұйра елтірісі сияқты терілер салынады. Тонның белі тарылып тігілетіндері «қынамал», қынамайтындары «қаптал» деп аталады.

Тысқы киімнің біреуі — күпі. Ол қойдың және түйенің жабағасынан жасалады да, жылылығы тері тоннан кем болмайды.

Жаздың сырткы киімі, түйенің иә қойдың жүнінен тоқылатын шекпен, түйе жүнінен тоқылған шекпен дәулетті адамдардын, қолына түскен. Шамасы   келмеген   кедейлер  шекпенді қойдың жүнінен жасайды.

Тоқу әдісініқ аты — өрмек. Ол көне заманнан келе жатқан кол өнері.

Өрмек тоқу ұзақ уақытқа созылады. Өрмек тоқудан бұрын жүнді қылшықтап, түтеді. Оны шүйкелеген соң, ұршықпен иіріп, иірілген жіпті төгеді (домалақтайды). Домалақ жіпті ұзындығын он құлаштай етіп керуге және тоқуға әлгі жұмыс процестері атқарылған соң ғана кіріседі. Жіптерді біріктіріп тоқуға арналған құралды «мосы» дейді. Мосыға асылған ермектің арасынан өтіп тұратын жіпті — арқау, арқауды нықтайтын- құралды қылыш, жіптердін жоғарғылары мен төменгілерін ауыстыратын құралды «адарғы», тоқылған өрмектің екі шетін «кенере», тағысын тағылар деп атаған.

Өрмекті тек әйел ғана тоқиды. Ертеде, қалаға барып, араласпайтын көшпелілер ішкі киімдерді (көйлек, жейде мен іш киімді) өздері тоқып киген.

Өрмектен қазақтар алаша   сияқты төсеніштер де, қоржын, аяқ-қап сияқты ыдыстар да, ат-жабу сияқты жамылғылар да жасады.   Тіпті   кей   жерлерде кілем де тоқитып болған. Кейіннен өнеркәсіп   бұйымдарының көптеп шығарыла бастауына байланысты өрмек тоқушылар азайды.

Көшпелі қазақ ауылдары бірнеше ғасыр бойы Орта және Орталық Азия немесе Еділ бойының қалаларына барып сауда-саттық жасаған, Онда дәулетті адамдар жібек пен манат (қалың тоқылған жібек) сатып алатын болған. Еділ бойындағы қалалардан (әсіресе көне болғарлардан) алатыны көбіне былғары екен. Осы алыс-берістің нәтижесінде болғарлардан ауысқан бұйымның «былғары» аталуы сондықтан болса керек.

Кедей шаруалардың ерте заманнан бері іш киім үшін пайдаланатын матасы — бөз.

Дәйім менің кигенім бөз көйлегім,

Жаман жақсы болса да өз көйлегім,

Көрмегелі көп айдың жүзі болды,

Аман-есен  жүрмісің көз көргенім,

немесе

Жатыр едім далада пішен шауып,

Бөз көйлегім су болды жаңбыр жауып —

дегендегі «бөз» осы мата.

«Бөз» — отырықшы кәсіпқорлардың қолдан,  мақтадан тоқитын маталар «казине» деп аталады. Бұрынғы қалың малға сатылатын қыздардың:

Қазане камзол кидім киылмаған,

Жапанда жатыр жылқым жиылмаған.

Бар ма екен қыздан сорлы  бұл жалғанда,

Топырақ туған жерден  бұйырмаған, —

дегенде осы «қазине» сөз болады.

Сыртқы және ішкі киімдерден қазақ өрнектелген қамзол мен шалбар (сым) киеді. Әйелдерден «сым» кйетіндері тек үнемі көшіп-қонуға қатысы барлары. Д. Н. Ушаковтың «Түсіндірме сөздігінде» қамзол француз сөзі дейді. Қамзол мен шалбар қазақта көне заманнан келе жатқан киім болғанға ұқсайды.

«Алпамыс» батыр жырында Ұлтанкұлды «көн шалбары көтіне қатқан» деп сипаттауына қарағанда, ертедегі казақтар шалбарды көн теріден де істеген сияқты. Жұмсақ иленген ешкі терісінен қазақтар кестелей сәндеп жырық балақ ойран-талбар киген. Бертіндегі қамзол шалбарлардың көбі орыс базарынан алатын кездемелерден жасалған.

Ертедегі әйелдер мен еркектер киетін қамзолдың белі кынамал, жеңі шьштақтан ғана келетін шолақ болған. Мұндайлардын, жеңсізі «төс қамзол» деп аталады.

Қамзол тысты, астарлы болады. Оның екі арасына «бидай» аталатын ескі шүберек салады.

Кене заманда шалдар (ерлер) киетін етек-жеңі кең көйлекті «жейде» деп те атаған. Жейденің жағасына жүннен немесе шудадан бау тағады. Жейденің жағасы кең келеді. Оны «үшкіл» деп атайды. Жейденің қалтасы болады. Шалдар уақ-түйек қажетін соған салып жүрген.

Киім пішу туралы. Көшпелі казақтар ішкі-сыртқы киімдерінің бәрін жүріп-тұруға бөгет жасамайтындай етіп ықшамдап тіккен. Киімнің қолтық тұсы кең болуы үшін «қолтырмаш», етегі кең болу үшін бүйірден «шабу» қойған.

Пішкен киімді тігетін негізгі құрал — ине. Қазақтар инені қай заманнан бастап пайдаланғаны белгісіз. Қашан болса да, ол қолдан жасалмаған, өндірістік бұйымдармен бірге келген сияқты. Иненің үлкені — тебен немесе жуалдыз аталады. Онымен киіз сияқты қалың нәрсені ғана
тігеді.

Іске олақ кісіні «көк инені көзіне түрте білмейді» деп сөгеді. Инені қолданардан бұрын отқа қыздырып жасытады. Сонда иненің сыртында жұқа қабыршақ пайда болады. Оның аты «жасу». Кейде қол қабысы жоқ бос жүретін адамға «иненің жасуындай   пайдаңды көрмедім» деуі содан. Әрбір іс ойдағыдай орындалғанда қазақ: «сабақты ине , сәтімен» дейді.

Киім пішілгеннен кейін бөлшектерді   долбарлап құрастыруды «көктеу», тігісті ірілеу етіп шаңшуды «қабу», ұсақтап шаншуды «тепшу» «қаю»   жаға-жеңін    әшекейлеуді «кестелеу» дейді.

Қазақ халқының бас киімдері бөрік, тымақ, құлақшын жалбағай, делбегей деп аталады. Іші елтіріден немесе аң терісінен жасалатын, матамен тысталатын бөрік — жаздын киімі. Түлкінің пұшпағынан жасалатын бөрікті арқада  «тақия» дейді. Әйелдердің жеңіл, үкілі, сәнді тақия үлгісі қазаққа татардан келгенге ұқсайды. Семей облысындағы, әсіресе тобықты руындағы қазақтар бөрік орнына «жекей» аталатын елтірі тымақ киген.

Тымақ — қысқы бас киім. Оны кедейлер — сеңсеңнен, байлар түлкіден жасайды. Түлкі терісінен жасалған тымақ — ең сәнді, бағалы тымақ саналады. Жалбағай — жазғы жауын-шашыннан қорғанатын, делбегей — масадан қорғанатын жеңіл бас киімдер. Олар не ермекпен тоқылады, не матадан тігіледі. Қазақ «бағым ауады» деп бас киімді ешкімге сыйламайды.

Қазақтын, аяқ киімдері — байпақ, етік, кебіс, мәсі. Етікті былғарыдан киюге шамасы келмейтіндер, әсіресе шалдардың бертінге дейін, жазы, кысы сірімен қаптаған киіз байпақпен жүргенін көрдік. Етікті ерте кезде илеген теріден, бертінде былғарыдан киген сияқты.

Былғары қара, сары, қызыл немесе басқа да түрлерге боялады. Одан оюлап, кестелеп, әшекейлеп тігілген етікті әйелдер киген: «мырза» атанғандар да сөйткен. Негізінен алғанда еркектер қара, кек түстісін ғана киген. Сондықтан ерге тимей көбірек отырып қалған қызға «кек етікті кел-мейді, көн, етіктіге бармайды» дейтін болған.

Мәсі — бұл да аяқ киімнің бір түрі. Оның етіктен айырмасы өкшесі болмайды, сыртынан кебіс киеді. Бұларды тігетіндер «етікші» деп аталады. Ондай мамандар әр ауылда болған. Етіктің бөлшектері: бас, қоныш, бас пен қоныш арасы белтір, табанын — ұлтан, ұлтан мен бастың ұштасқан жерін жұлық деп атаған. «Жұлық жалаған жарымайды» деген мақалға қарағанда, оны тігу ақысы мардымсыз брлғанға ұқсайды. Балуан Шолақтың: —Камалап қанша дұшпан тұрсадағы, дегендегі кұлық та осы. Аяқ киімнің: ішіне төсейтінді «ұлтарақ» дейді. Артқы жер басатын жағы — өкше. Ұлтан мен ұлтарақ арасына қайынның кабығынан астар  жасайды. Өкшеғе де солай етеді.

Етікті малдың аяқ сіқірінен ширатқан тарамыспен тігеді. Өйткені ол өзге жіптен әлдеқайда берік болады. Өкшелі мәсі мен өкшесі шұқыр кебісті «қосай кебіс» немесе «шоңқайма» деп те атайды. Ұзаққа шыдайды, сөгілмейді деп етіктің ұлтанына ағаш шеге қағады. Шегенін, орнын немеее
былғарыны түйрейтін кұралды «біз» дейді. Ол керегіне қарай жуан және жіңішке болады. Сарыла отырьш, ұзақ тігетін етікшінің ашуланшақтау да болатын . кездері бар. «Етікшіге жолама — бізі тиер көзіңе, сөзі тиер езіңе» деген нақыл содан шыққан.

Етік пен мәсінің ішінен аяққа орайтын матаны «шұлғау» деп атайды. Байдың ұл-қыздары, сері мен салдар шұлғауды жібек матадан орайтын болған, кейбір серілер атьш жібекпен тұсаған. Былғары етіктің қыстыгүні жылы болуы үшін ішінея жүн байпақ (ұйық) киген. Ондай үлкен етіктін, аты саптақа. Қойдың жабағысынан жасап, женіл етіктің ішінен киетін шұлықты «байтаба» деген.

Бертін келе халықтар арасьшдағы сауда қатынасы жандана бастаған кез кешпелілердің киім-кешегімен ыдыс-аяғын, үйдің баска мүліктерін, келік саймандарын, қолөнер құралдарын оңай табуға мүмкіңдік туды. Сөйтіп осы кезендерден бастап ауылдың қолөнершілері азайды. Соны-мен қатар, қалалық үлгімен белгілі бір бұйымдар жасайтын шеберлер ауылдан да шыға бастады. Мысалы, есімі менің шығармаларымда кеп аталатын Шәйін Кожахмет-ұлы Тілегенов, мұғалімдігімен қатар, асқан тігінші де еді. Сондықтан ұзататын қызы, үйлендіретін ұлы барлар оиы іздеп келіп, колқалап үйлеріне әкетіп, киімдерін тіккізетін. Оны жұрт «қаланың ең шебері» деп таласатын.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля