Клептомания түсінігі, спецификалык ерекшеліктері

7 июня, 2018 19:25

Жоспары

  1. Клептомания ұғымы, ерекшеліктері, пайда болу себептері
  2. Балалар арасындағы клептоманиянын спецификасы

І.Клептомания ұғымы, ерекшеліктері, пайда болу себептері

Клепто (гр.эрфейн — ұрлау, «мания» — тарту, итермелеу) — біреудің меншігін алуға, ұрлауға ынтық болу.

Клептомания — ұрлыққа құштарлықтың (ауру түрі ретінде) жоғары болуы. Қалыпты ұрлық пен балалардың мотивациясы жоқ ұрлығымен салыстырғанда клептомания ауру ретінде көрініс береді. Статистика бойынша барлық ұрлықшылардың 5 пайызы осы аурумен ауырумен науқас. Клептоманияны анықтауға тәжірибесі бар маман психиатр, дәрігерлер үшін киынға соғады.

«Клептомания ауруы мың адамның бірінде кездеседі екен. Клептомания туралы зерттеу жүргізгеннің өзінде мысал табу қиынға соғады екен, сондықтан көптеген мамандар клептоманияға зерттеу жүргізіп мысал келтірерде көркем әдебиеттерді пайдаланады. Мысалы, Артур Хейлидің «Колеса», Эмиль Зольдің «Дамское счастье» шығармалары, немесе француз королі Генрих 4 қонаққа барған кезде кез-келген затты ұрлап алып кетуі мүмкін болған, Генрих 4 дүние жүзі бойына әйгілі клептоман болған, ол барлық ұрланған заттарды артынан достарына ойын-күлкімен мазақ етіп қайтарып отырған.

«Клептомания» термині XX ғасырдың басында, француз психиатриялык мектептері басқа адам өлтіру, өзін-өзі өлтіру, жағып жіберу ауытқушылықтары сияқты ұрлыққа адамның ынтық болуымен түсіндіріліп пайда бола бастаған. Клептомандар үшін ұрлық жасау психологиялык және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру емес. Олар үшін ұрлықтың нәтижесі емес, ұрлық жасау процесі маңызды.

Клептомандық ұрлық материалдық пайданы көздемейді. Алынған заттар ол үшін қажет емес, ол тек оларды бір жерге жиыстырып қоюы мүмкін. Клептоман азартқа енген ойыншыға ұксайды. Клептоман ұрлық жасап жатып ұстап алады деген қауіптен лэззат алады. Клептоман көп уакыт бойы ұрлық жасамайтын болса, онда дискомфорт сезімі пайда болады. Клептоманның ұрлық жасағанда алатын лэззатын, нашақордың дозаны қабылдағаннан кейін сезінетін сезімін жатқызуға болады. Себебі лептоман ұрлық жасап жатқанда оның қанына көп адреналин бөлінеді.

Клептоманияның пайда болу себептері әр түрлі болуы мүмкін. Көптеген ғалымдар ақыл-ой кемістігінің болуымен түсіндіреді, көбіне клептоманиянын пайда болуына ата-ана тәрбиесінің дефектісімен түсіндіреді.

Клептоманияға кұштар болуы;

  • ұрлық жасау алдында түсініксіз қуаныштың болуы;
  • ұрлық жасау барысында немес ұрлық жасағаннан кейін қанағаттану сезімінің болуы;
  • ұрлық жасау басқа бір адамға өш сезімімен, немес жүйке жүйесінің күйзелісі негізінде болмайды;
  • ұрлық жасаушы шизофрениямен ауырмайды;
  • клептоманиялық ұрлық ассистентсіз өтеді: бұл жерде серіктес болмайды.

Өмірде түрлі киыншылықтар пайда болған кезде (жұмыс, отбасы, сүйікті адам, жасалған ота) ағза сол киыншылықтарды жеңуге тырысады. Мысалы: кейбір адамдар тренажерлі залға барады, ішімдікке салынады, шамадан тыс тамақ ішеді, басымен жұмысқа кіріп кетеді. Терең стрестегі адам өзін тәтті нанмен калыпқа келтіруі мүмкін, екіншілері дүкенге барып қымбат ақшаға киім-кешек сатып алулары мүмкін. Клептомандар да осы адамдар сияқты өздерінің стресстік жағдайларын жақсартуы мүмкін.

Ең кызығы клептомания ауруымен өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, кез- келген затты ешбір қиындықсыз сатып алатын адамдар науқас болуы мүмкін, Клептомания ерлерге қарағанда әйелдер арасында жиі кездеседі. Клептоманияның орташа жасы — 36 жас, әсіресе патологиялық ұрлықтың алғашқы көріністері балалық шакта көрінеді.

  1. Балалар арасындағы клептоманиянын спецификасы

Балалар өте жиі ұрлық жасайды. Баланын ұрлық жасауы нормадан ауытқу болып табылмайды, онын ұрлыққа баруы өмірді танып білуі, қандай шектеуді бұзуға болады, қандайын болмайтынын анықтауы. Ондай балаға бір-екі рет тәрбие жұмысын жүргізсе екінші рет қайталамауға тырысады.

Алайда, балалар арасында күні бойы ақша табумен қолдары тимейтін ата- анасының өзіне назар аударуын мақсат тұтып ұрлық жасау жиі кездеседі, Мұндай жағдайлар көбінесе қамтамасыз етілген отбасыларда кездеседі. (балаларында ата-ана көңіліне басқаның барлығы бар, күнделікті ақша, қымбат ойыншықтар, жеке бөлме, телевизор, компьютер және т.б.)

  • бала жағымсыз компанияға түсіп, онда ұрлық жасау және оны біріге отырып жұмсау крутизна болып саналады;
  • отбасы мен мектептегі өте қатал талаптарға бунт ретінде әрекет ету;
  • балаға қалта ақшасы жетпегендіктен ұрлық жасайды;
  • бала жұмсалған ақшаны ата-анасы не болса да оған жұмсайды деп есептейді.

Клептомания — патологиялы, импульсивті, приступ түрінде ұрлық жасау ал ұрлық жасау материалдық кұндылықтарға кажеттілік туғанда саналы түрде әрекет ету, кейбіреулері үшін ұрлық жасау жалғыз табыс көзі болып табылады. |

Шынайы клептоман ешқашан ұрланған заттарды сатпайды, ол үшін ұрланған заттардың қажеті жоқ.

Клептоман ешқашан ұрлық жасауда жоспар құрмайды, клептоманға ақша да, гаухар тасты алқа да керек емес, ол тек көзге көрініпі жатқан ұсақ заттарды ұрлайды.

Клептоман көптеген ұрлықшыларға қарағанда ұрлық жасаудан бас тартқысы келеді алайда олар оны жеңе алмайды.

Көптеген клептомандар өздірінің дерттерінен ұялады, клептоман деп атаққа иеленгенше, орнына қылмыскер атағына иеленіп, түрмеге отырғандары дұрыс деп есептейді. Ал ұрлыкшыларда барлығы керісінше болады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля