10 апреля, 2018 10:48
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктерге қатар, бірге септеуліктері жатады. Бұл септеуліктер іс-эрекетті бірнеше субъектінің бірігіп жасағанын білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Сол жаймен қатар Мырзахандар айтып келген ерлік ертегісі де бұл өңірдің жас баласына дейін түгел жетті (М.Әуезов). Ол тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі жора тапқан емес (Абай).