КӨП КОМПОНЕНТТІ ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР

8 мая, 2018 11:18

Негізінен үш жэне одан да көп сөйлемнен тұрып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдерді көп компонентгі сөйлемдер деп атайды. Оның негізгі үш түрі бар:

  1. Көп компонентті салалас құрмалас;
  2. Коп багыныңқылы сабақтас құрмалас;
  3. Аралас құрмалас.

Ал мұндай сөйлемдерді бір-бірімен магыналық қатынастарына қарай атау мүмкін емес. Өйткені ондағы компоненттердің бір-бірімен мағыналык катынастары әр түрлі болып келеді.

Біз көп компонентті құрмаластың ішінде аралас құрмалас туралы сөз козғалып кеткендіктен, тек алғашкы екі түріне ғана тоқталмақпыз.

 

Бұл сөйлем құрамындағы компоненттердің баяндауыштары тең дэрежеде, тиянақты болып келеді. Алғашқы компонент пен келесі тұрған компонент мезгілдік катынасты білдірсе, соңғы сөйлемі мен алдыңғы сөйлемі карсылык мағына беруі мүмкін. Сондықтан оны мағыналык катынастарына карай жіктеу мүмкін емес.

Бұл жөнінде 1997 жылы К.Садирова «Қазіргі казак тіліндегі көп компонентті салалас қүрмалас сөйлемдер» деген такырыпта диссертация қорғаса, 1999 жылы С.Айтжанова осы такырыпка катысты зерттеу еңбек жазды (3,26).

Сонымен бірге көп компонентті салалас кұрмалас сөйлем кұрамындағы жай сөйлемдер жалғаулықтар арқылы да, жалғаулыксыз да байланыса береді.

Жүмыс көп, қиындықтар көп, бірақ халық күші               одан да көп /Ғ.Мұстафин/.

Көп багынынқылы сабақтас

Кұрамында үш не одан да көп бағыныңкы сөйлемі бар кұрмаластын түрі көп бағыныңқылы деп аталады. Құрамындагы алдыңғы жай сөйлемдерінің баяндауыштары тиянаксыз келеді де, соңғы сөйлемінің баяндауыштары тиянакты болып келеді. Бұлар да бірде жалғаулыкты, бірде жалғаулыксыз келеді. Көп багыныңкылы сабақтас жөнінде 1972 жылы О.Толегеновтың макаласы жарык көрді (61).

Көп бағыныңқылы сабактас сөйлем екі түрлі жолмен байланысады. Біріншісі — жарыспалы байланысу. Бұл сөйлем кұрамындағы әрбір жай сөйлем басыңкы сыңарға жарысып, тікелей байланысады. Мысалы: Қыстың қысқа күні түс шагына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынын, Абылгазының айтқаны түгел орындалып болган-ды /М.Әуезов/.

Екінші байланысу түрі — сатылай байланысу. Мұнда алдыңғы сойлем келесі сөйлемге, ол сөйлем соңғы сөйлемге біртіндеп сатылай байланысады. Олар қыстан қоңсыз шыққан арық-түрық мал жайын ойлап, күннің қабагына қарап, қай ауыл бастап көшер екен деп, біріне-бірі қарайлап отырганда, үсақ мал төлдеп қалды /Ә.Нұрпейісов/.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля