Нәтиже сабақ. Біздің мектеп. Ашық сабақ.

11 ноября, 2017 14:11

Загрузка файла:

Сынып: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Біздің мектеп
Сабақтың мақсаты:
Өткен сабақтарды қайталау, сын есім мен сан есімді есте сақтау.
Сабақтың әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: слайд, мектеп суреттері, алма, ватман, фламастер, кітап, қасық,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Топқа бөліну. Алмалар арқылы. ( қызыл, жасыл алмалар).
Әр алмада сөздер жазылады. (күшті, батыл, ұқыпты)
Грамматикалық тақырыпты еске түсіру.
Сан есім (тобы) Зат есім (тобы)
Топтар өздерінің ережелерін айтады.
«Сиқырлы сандық» ойыны арқылы тапсырмаларды орындау.
1 сандық: Оқу құралдары:
Керексіз суретті, жазуды өшіріп,
Көмекші менің әрдайым.
Ол не? ( өшіргіш )
1 – тапсырма.
Мәтінмен жұмыс.
Интерактивті тақтада шағын мәтін жазылады. Орысша- қазақша.
Біздің мектеп үш қабатты. Ол үкен, жарық және таза. Мектепте асхана, кітапхана, бастауыш мектеп,мұражай, мұғалімдер бөлмесі бар. Мектепте екі спорт залы бар.
Кабинет казахского языка на первом этаже. В кабинете казахского языка есть 1доска, 12 парт, 3 окна. На окнах красивые цветы. В кабинете казахского языка есть сказки, словари, литература.
Мәтіннен сан есім мен сын есімдерді табу.
2 сандық: Асхана.
Біз ол затпен тамақ ішеміз.
Онсыз шай іше алмаймыз.
Ол не? ( қасық )
2 – тапсырма.
Септеу мен тәуелдеу.
Асхана септеу. Мектеп тәуелдеу
( тақтамен жұмыс )
3 сандық. Кітапхана:
Сөздерді аударып, керекті сөзді табамыз.
Ол не ? ( Сөздік )
3 – тапсырма:
Мәрелеп оқу. Жеке өлеңді оқу. Топпен өлеңді оқып шығу.
Кезекші
Дайындаймын картаны,
Сүртем тақта, партаны.
Гүлдерге су құямын,
Қоқыс болса жиямын.
Кезекшімін мен енді,
Тазартамын еденді.
Терезе, есік жуамын,
Шаң — тозаңды қуамын.
4 сандық. Спорт зал.
Онымен біз ойнаймыз.
Футбол болса тебеміз.
Ол не? ( Доп )
Кластермен жұмыс.
Қалам қандай? Кітап қандай?
5 сандық. Не білдім?
Сұрақ – жауап:
1. Біздің мектеп неше қабатты?
2. Біздің мектепте неше спорт зал бар?
3. Біздің мектепте не бар?
4. Біздің мектеп қандай?
5. Мұғалімдер бөлмесі нешінші қабатта?
Тапсырма: Дұрыс – бұрыс сөйлемдерді тап:
1. Асханада балалар оқиды.
2. Кітапханада оқушылар тамақ ішеді.
3. Тамақты қасықпен жейді.
4. Гүлдер кітаптің үстінде тұрады.
5. Қаламмен жазамыз.
6. Қарындашты асханада жейді.
7. Қазақ тілі сабағында есеп шығарамыз.
8. Қазақ тілі сабағында сөздер жаттаймыз.
Оқушылар алмаларды отырған қонақтарға таратады.
Мұғалім оқушыларға сыйлықтар таратады.
Смайликтерді таратады.
Лидерлер оқушыларды бағалайды.

Ақмола облысы
Бурабай ауданы
Зеленобор мектеп – гимназиясы

Сабақтың тақырыбы:
«Біздің мектеп»
Нәтиже сабақ

Мұғалім : Абжатова Г.Т.

2017 ж

Ашық сабақтан көріністер

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

mikaaaa

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 07-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля