КӨРТІК МӘНДІ ЕСІМДЕР

19 марта, 2018 22:41

 

Зат есімдердің семантикалык топтарының бірі-көптік мәнді есімдер. Тілімізде өзі арқылы аталатын заттың біреу емес, жиынын топтап я камтып атайтын зат есімдер бар екендігі белгілі жайт. Мысалы, шұбат, адыраспан, өрік, күміс, куаныш секілді зат есімдер көптік ұгымды блдіреді. Сондықтан, ғылымда “затты жеке-даралап атамай, оның жиынын жобамен атайтын зат есімдер көптік мэнді есімдер (63,148),, деп аталады. Олай болса, көптік мэн деген ұғым заттың санымен байланысты екенін көруге болады. Бірақ көптік мэнді есімдер заттың санын дэл атамайды, сол заттың саны көп екендігін байқатады, яғни бұндай есімдердің лексикалық мағынасының өзінде көптік мән бар, тек кана тұлғасы жекеге ұқсайды. Мысалы, шаш, дән, кітап деген зат есімдер арнайы грамматикалык көрсеткіші болмаса да, көптік мэнді білдіреді.

Проф. А.Ысқақов көптік мэнді есімдерді мынадай түрлерге бөледі:

  1. Сұйык заттардың атаулары: айран, боза, шай т.б.
  2. Газ тектес заттардың атаулары: азон, бу, түтін т.б.

Уак, ұнтак заттардың, ұйыскан заттар мен бытыранды, таранды, үгітінді заттардың атаулары: ұн, шаң, тозаң, бетеге т.б.

  1. Дерексіз ұгымдарды білдіретін заттардың атаулары: айла, алғыс, акыл, дау т.б.
  2. Өздігінен табиги бөлшектенбейтін кесек заттардың атаулары: алтын, кола, құрыш т.б.
  3. Жаратылыс құбылыстарының атаулары: боран, жаңбыр, қар т.б. (63,

149).

Осы топтарға жататын зат есімдердің барлығы да ешбір грамматикалық көрсеткішсіз семантикалық жағынан көптік ұғымды білдіретін сөздер. Сондықтан да бұл сөздер осындай семантикалық жэне грамматикалық ерекшеліктеріне қарай зат есімдердің жеке бір тобы ретінде яғни көптік мэнді есімдер ретінде танылып жүр.

Кейбір жеке сөздердің мағынасының өзінде көптік ұғымның болуы көне жазба ескерткіштер тілінде де кездеседі. Мысалы, жылқы (жылкы), барым (мүлік, дүние) тэрізді сөздер колданылуына қарай жекелік те, көптік те ұғым берген (10,86).

Сондай-ақ табиғи жұп болып келетін зат есімдер де (көз, құлақ, аяқ, қолгап, етік, сырга, кебіс, бәтеңке т.б.) көптік мэнді зат есімдер қатарына жатады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля