Қазак тілі

20 марта, 2018 18:02

Қазак тілі түркі тілдерінің ішінде лексика-фразеологиялык сөздік коры аса мол, әр алуан кемел тілдердін бірі. Бұл байлыктың дені тілдің, оның иесі болып саналатын халыктың, ұлттың телтума дүниелері. Ауыс-түйіс сөздер, фразеологизмдер жок емес, эрине, бар. Бірақ олардың үлес салмағы казақтың төлтума сөздерінің санымен шендесе алмайды.

Тілдегі әрбір сөз колданылу жагынан болсын, білдіретін эр түрлі мәні мен реңкі жагынан болсын бір-бірінен ерекшеленіп тұрады.

Табу мен эвфемизмдер — кез-келген ұғымның, заттың, іс-әрекеттің белгілі себептермен тыйым салынған атаулардың баламасына айналады.

  1. Табу дегеніміз — атын турасынан айтуға болмайтын зат, кұбылыс, кимыл, іс-әрекет, оларды ым-ишарамен, өзге сөзбен білдірудің тэсілі. Табу — жай гана тыйым емес, киелі нәрсені аяк асты етуге болмайды, әйтпесе оның киесі атады деген қоркыныштан туындайтын тыйым.

Дэстүрлі тіл білімінде эр түрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дэстүрлер т.б. негізінде калыптаскан этнографиялық ұғымдарды этнографиялык табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалык табу деп атау бар. Этнографиялық табудың мағыналык ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар, ол — этнографиялык табудың бір бөлігі ғана. Кеңестік тіл білімінде бұларға табу және эвфемизмдер деген терминдер телінеді. Табуды ауыстыратын, тыйым салынған ұғымдардың орнына жүретін, рұқсат етілген сөздер эвфемизмдер деп аталады [53 ;99].

Қате қолданыстан бұл термин екі түрлі лексикалық мағынаға ие болады: 1) тыйым салынған сөздердің орнына жүретін жасанды сөздер, 2) сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда оны жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер. Екіншіден, табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі максаттан шыккан. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған сенімге емес, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді [35 ; 126]. Үшіншіден, ауыстыра алатын қасиеті үшін ғана эвфемизмдерді табуға телудің реті жок. Әлеуметтік саладағы кұбылыс — жаргондар мен арголар да бір сөзді екінші сөзбен алмастыра алады. Төртіншіден, эвфемизмнің семантикалық табиғаты табумен үйлеспейді.

Осы айтылғандарды ескере отырып профессор Б.Сағындықұлы жаңа термин ұсынады: этнографиялық табуды ділдік табу, мен лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді:

1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар.

Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынатын (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-эрекетке, сөз бен тілге т.б. байланысты) этнографиялык ұғымдар ділдік табуга жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, яки оларды алмастыратын косалқы, жанама сөздер тілдік табулар болып есептеледі [73;88].

Қазақ тіл білімінде табуды тар шеңберде қарастыру окулықтарда орнығып алған. Табуды тек мифологиялық, діни ұғымдармен, әдет-ғұрып, салт- дәстүрмен тыгыз байланысты қарау табуды зерттеудің негізгі принциптерінің біріне айналды. Шындығында, солай ма?

Тіл — ұлттың жаны деген сөз бекер айтылмаған. Әдет-ғұрып, салт-сана, ұрпақ тэрбиесіне байланысты тәжірибе тағылымын халқымыз нұсқалы сөзбен өрнектеп, оған терең мазмұн сыйдыра білген. Жылдар бойы ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан тыйым сөздерді жинақтап, бір тақырып төңірегіне топтастыра қараудың бүгінгі күні қайсыбір халықтың дәстүр, игі салты ұмыт болып бара жатқан кезде мэні айрықша. Тэлім-тэрбие элеуметтік өмірі тынысын аңғартатын байырғы наным-сенімдер, өмірден жинақтаған ұжымдық тэжірибені, өзге де деректерді іздесек, олардың тілімізде сақталған.

Жарық дүние есігін ашқан адамға азан шақырып, ат қою — күллі халықта бар дәстүр. Бірақ ат қоюдың шарты, салт-жоралғысы, ырымы эр халықта эр түрлі болатындығы белгілі. Ертеректе қазак тұрмысында казанның кұлағын қағып, жаңа туған баланың құлағына ата-анасы мақұлдаған атты үш қайтара дыбыстап айтатын болған.

Қазақ халқының байырғы тұрмыс-салт жырларында, эпостарында кездесетін деректерге қарағанда, ат қоюдың өзгеше ырым жоралғысы болғандығы байқалады. Жаңа туған ер балаға мазмұны қарапайымдау бір атты Қоя салатын болған. Бала алғашқы ерлігін жасағанға дейін шартты атпен жүреді. Бала өсе келе жұртты куантарлык іс етсе, ерлік жасаса, соган орай мазмұны келісті ат беретін болған. Ат коюдағы мұндай жоралғылар әсіресе, жаугершілік заманда қолданылған. Академик Ә.Марғұланның айтуынша, «Қоркыт» жырында Ұланга бірінші ерлік қадамын жасаганша ат койылмайды. Оғыз бен кыпшактарда, тағы да басқа түркі тайпаларында Ұлан белгілі сыннан өткенше, бірінші ерлік ісін өзі көрсетпейінше — оган ат коймаған, ал 12-14 жасқа дейін шартты атпен (Бокмұрын, Итпай) жүрген [55.57]; «Немесе Ұланның көрсеткен ерлігі, жаужүректігіне орай оның есіміне түрлі эпитет сөздер (батыр, ер, кабылан, т.б.) косылып айтылатын болған. «Сүйіншінің жасы қырыққа келгенде бала көрмей жүріп барып бір балалы болады. Ол баланың атын ноғайлы елі жиналып отырып: «Арғы атасы Қарадөң, одан туған Жұбаныш, өз әкесі Сүйініш катарынан аскан ерлер еді. Мұнан туған бала да ер болар, мұның атын Бегіс коялық. Егер ер болса, қатарына ер атағын косармыз, — деп ойлайды да, бұның атын Бегіс кояды» («Қарадөң батыр») [39.60].

Міне, осындай деректерге қараганда, бала өсе келе ел корғаған батыр, ел кұраған би, коғамды көркейткен кайраткер болса, азан шакырып койған атына әр түрлі жағымды эпитеттер косарлана айтылады. Асан Қаты, Әз Жәнібек, Ер Тәуке, Ер Еңсегей, бойлы Ер Есш, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке шешен, Қара Керей Қабанбай, Жалацтөс банадур, Сырьш батыр сынды тарихи тұлғалар калыптаскан эпитет немесе қосарлы айкындауышпен айтылады. Мұндай косар сөздер, түптеп келгенде, халыктың аяулы азаматтарына берген жоғаргы атак деуге болады. Ел-жұрт кұрметтеп, барша қазак кадір тұткан ұлы тұлғаларды тұракты эпитетпен айту этикеттік нормаға жатады. Мұндай ұлттык этикет нормаларынан бейхабар адам, әсіресе бұл жөнінде арнайы тәлім-тәрбие көрмеген оқушы жастар тарихи есімдерге косарлана айтылатын эпитет сөздерге жете мэн бермей, оларды тек номинативтік кызметтегі сөздер немесе кісінің азан шақырып қойган аты деп ұғады. Олардың этикетті мэні бар сөздер екенін байыптай бермейді.

Сондай-ак казіргі кезде ресми жағдайда кісі есіміне қосарлана айтылатын профессор, доктор, жазушы, инженер, дәрігер, депутат тәрізділер — мамандық, кәсіп, атак-дәрежені аңғартатын сөздер гана емес, этикеттік кызметі бар атаулар. Бұлар ұлттык этикет нормасына кейіннен қосылган жаңалыктар.

Байырғы қазак тұрмысында кісіге ат койып, айдар тагудың этикетке катысты тағы бір эдет-салты болған. Ауылды жерде күні кешеге дейін ұл болсын, кыз болсын, азан шакырып қойган атымен ғана жүрмеген, оларға косымша ат жамылып отырған. Мысалы, ертеректе жаңа түскен келін, тай мінген баладан таяк ұстаған кэріге дейін сол ауылдың адамдарының атын тура атамай, жанама атпен атаған. Бұл салт казақ тұрмысында ат тергеу [3] деп аталады. Ат кою мен азан шақырып казанның құлағын кағып койған ат тергеу екеуі екі баска ұғымды білдіреді. Кісінің азан шакырып койған есімі немесе оның ел-жұрты кұрметтеп койған аты я болмаса ата-анасының балаға жас кезде еркелетіп койған есімі жалпыға ортақ болса, ал оның жанама аты туыстык карым-қатынасы бар бір ғана адресантка (немесе адресанттар тобына) тиісті болған.

Ат тергеу тэрізді салтка эуелде ат жасыру тәрізді табу негіз болуы ықтимал. Табудың бұл түрі ерте кездегі мифологиялық санага байланысты қалыптасқан. Мұндай таным-түсінік бойынша дүлей күш иелері (жын, пері, дию т.б.) адамның шын атын білмеуге тиіс. Егер олар кісінің шын атын білетін болса, оны тура жолдан тайдырады деп түсінген. Қазіргі кездің өзінде ел ішінде әйел адам кетіп бара жаткан ер адамның атын дауыстап шакырмайды (жолы болмай қалады деген ырым). Ат тергеу салты әуелде осындай мифологиялык түсінікке байланысты пайда болган, бертін келе ондай мазмұннан арылып, этикеттік мэнге көшкен.

Көркем эдебиеттен алынған мын бір үзік ел ішінде кездесетін осындай дэстүрлі эдет-ғұрыптың жарқын бір мысалы бола алады. «Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да, аз кідіріп карап калған Байшегірге алыстан айғайлап: — Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші?» — дейді.

Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір:

— Шырағым, ондай оспағыңа шоркак едім… Пайғамбардың аулы болса да атын аташы! — деді.

Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір карап алды да:

-Тэңірі деген жүзге жиырмасы жетпесе, сексен болмайтын ба еді! Сексен ауылының жігіттерін сұрамаймын, — деді енді турасынан тартып” (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке, 296-6.).

Шаңыракка түскен жас келін ата-енесінің ғана емес, ат тергеу салты бойынша күйеуінің жасы үлкен туған-тусқандарының да атын атамайды. Күйеуінің іні-карындастарына да ат кояды.

М.Әуезовтың «Абай жолындағы» Тоғжанның, Ғ.Мүсіреповтың «Оянған өлкесіндегі» Назыкеш, С.Мұқановтың «Ботакөзіндегі» Ботакөз т.б. жеңгелерінен сырын жасырмайды, олардың акын-кеңесін тыңдап, біріне-бірі тілекші болады.

Отбасындағы тату-тәтті мұндай карым-қатынастың орнауына, сірә, ежелден келе жатқан ат тергеу тәрізді этикеттік карым-катынастың тигізер ізгі ықпалы аз болмаған. Ат тергеу салты, бір жағынан, от басындағы, ағайын-туыс арасындагы қарым-катынасты реттеп отыратын кызмет аткарса, екінші жағынан мұндай салт адресаттың сезім күйін де көтеретіндей кызметте жұмсалған. Әдетте адамның азан шакырып койған аты бейтарап реңкте болады. Онда ешбір бояу «әсірелеу» деген болмайды. Ал жеңге қайын сіңлі, кайын інілеріне көбіне мазмұны ұнамды, жагымды ат кояды. Кісінің азан шакырып қойған атымен (бұлар маркирленбеген атаулар) салыстырғанда Көзжаксым, Кенжетай, Шырайлым, Шырақ, Сал жігіт, мырза жігіт, молда жігіт, мырзажан, Ортаншым, Еркем, Еркежан, Қалкажан, Сері жігіт т.б. атауларда (бұлар макирленген атаулар) еркелету іштарту тэрізді сыйластык мазмұн, интимдік мән болады. Мұндай атаулардың кұлакты үйіріп тұратыны сондыктан. Созге тапқыр әрі байқағыш жеңгелер кайынсіңлілерін пішінін, мінез-кұлкын, жүріс- [тұрысын дәл бейнелейтін Еркекшем, жігітжан, қызторе тэрізді кызғылыкты ат -га коя білген.

Көрнекті этнограф Х.Арғынбаев [8.2] өзінің этнографиялық зерттеулерінде ат тергеу салтына байланысты былай деп пікір түйеді:

«Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, оған арнайы ат қойып, оны өле- өлгенше есінде сақтаулы үлкен эдептілік, көргенділік деп есептейтін де, ондай адамдарга барша жұртшылық дэн ризалықпен қарайтын. Өйткені кіші үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлау — халқымыздың қанына сіңісті болған абзал әдет».

Сондай-ақ, табу бірыңғай ескі наным-сенімге, мифологиялық көзқарастарға ғана емес, дидактикалық ақыл-кеңестерге, тэлім-тэрбиеге, гигиеналық тазалыққа т.б. негізделеді: жағыңды таянба, аузыңцы кере ашпа, ішегіңді тартпа, жер таянып отырма, қолыңды төбеңе қойма, қолыңды тарактама, бейітке қолыңды шошайтпа, дэм мен дастарханды баспа, дастарханнан аттама, астың аузын ашық тастама, түннен қалған тамақты ішпе, нанды бір қолыңмен үзбе т.б. [73 ;87].

Қысқасы, тотемизмнің негізінде қалыптасқан тыйымдар, ғылыми түрде «табу» этнографиялық ұғыммен байланысты. Табу полинезия тілінен алынған, кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салу мағынасын білдіреді. [47.501] Табудың пайда болуы бүкіл адамзат тарихымен, әсіресе рухани дамудың төменгі сатыларындагы діни ұғымдармен тығыз байланысты. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табудағы кейбір жануарлар мен өсімдіктер «касиетті» деп ұғындырылып, егер өз атын атаса, олар есітп, адамға немесе оның мал- мүлкіне зиян келтіреді деп корыққаннан олардың өз атын атауға тыйым салынған. Бұл құбылыс — табуды лингвистикалық сипатқа көтереді. Өйткені жануарлардың аттарын ашық қолдануга салынған тыйымды өзгертуден баскаша атаудан, жасанды синонимдерді, дәлірек айтқанда, эвфемизмдерді тудырды. Мәселен, қазақ тілінде бөрінің атын тура атауға қаймыгып, «қара кұлак, ұлыма, серек кұлак, ит-кұс, кара ауыз» немесе «теріс азу, жиен» сиякты эвфемизмдерді колданатын болған.

Ғалым Ә.Қ.Ахметов зерттеуі бойынша «казақ раасында каскырға деген көзкарас екі жакты болып келеді. Біріншіден, казақ касқырды тотемдік жануар ретінде кұрметтеген. Екіншіден, казақ касқырды малдың жауы, жыртқыш деп білген эрі одан магиялык нанымға байланысты, атын атаса малға шабады деп сескенген де». Сондықтан қасқырдың атын атауға тыйым салынган.

соөж

  1. Тыйым сөздердің тағлымдык мэні.
  2. Табу мен эвфемизм кұбылысының диалектикалық бірлігі.
  3. Табу мен эвфемизмнің қоғамдык сананың өзгеруіне, коғамның әлеуметтік кұрылымының өзгеруіне, этикалық принциптердің жаңаруына қарай сипатын өзгертіп отыруы.
  4. Табу мен эвфемизмдердің «себеп-салдарлық» қатынаста жұмсалуы.

сөж

  1. Табу мен эвфемизмдердің зерттелу жайы, тілдік табиғаты.
  2. Табу мен эвфемизмдердің сөз этикеті нормаларын қалыптастыруға ықпалы.

Эвфемизм, сыпайы сөз — мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған, тіл-тілдің барлығында кездесетін кұбылыстардың бірі. Сөйлеуші белгілі бір тілдік ркымда қалыптасқан этикеттік нормаларды сақтауға тырысады. Адамның сезіміне, көңіл-күйіне ауыр тиетін сөздерді жүмсартып қолдану эвфемистік тәсіл. Мысалы, біреу өлді деудің орнына демі бітті, қайтпас сапарға кетті дейді. Сондай-ақ адамның дене мүшелеріндегі кем-кетікті саңырау (құлагының мүкісі бар), кедей, жарлы сөздері «қалтасы жұқа», байга тиді (кұтты орнына қондырды) т.б. деген эвфемизмдермен ауыстырылады Бұл жағынан эвфемия этикеттік нормамен байланысып жатады.

Эвфемизм тілдің лексика-фразеологиялық жүйесіндей кездейсоқ құбылыс емес, бастапқыда бұл ұгым белгілі бір қоғамда «айтуға ұят саналатын сөздерді басқа сөзбен ауыстыру» дегенмен шектелді. Тыйым салынған іс-әрекет, зат, құбылыс т.б. «табу» деп, ал іс-әрекеттің сол затты, құбылысты, нэрселерді білдіретін атаулары «табу сөз» деп арнайы терминмен аталды.

Эвфемизмдер адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды көздейді. Сөздің эвфемистік формасын дұрыс, орынды колдану коммуниканттар арасындағы қарым- қатынастың ойдагыдай болуына, үзілмеуіне ерекше эсер етеді. Бұл, бір жағынан, адамдардың жеке басының мәдениетін көрсетсе, екінші жағынан, сөз иесі мен қабылдаушының арасындағы тілдік байланыстың ойдағыдай болуын қамтамасыз етіп, әсіресе мэтіннің қабылдаушының ой-сезіміне әсерін күшейте түседі. Ал сөздің эвфемистік мағынасына көніл бөлмеу, түптеп келгенде, сөз мэдениетіне керісінше ықпал етеді. Мысалы, ұрланыпты деудің орнына қолды болыпты, ұрысты деудің орнына тіл тигізді, алдап кеттінің орнына отырғызып кетті т.б.

Эвфемизмнің тұрақты яғни релевантты белгілері, біріншіден, тыйым салынған сөздерді (мифологиялық, діни, саяси, экімшілік, идеологиялык, т.б.) басқа атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі бір тілдік ұжымда айтуға ұят саналатын сөздерді (кейбір дене мүшелері, жыныстық катынасқа байланысты атаулар, физиологиялық зат алмасуымен байланысты кейбір атаулар т.б.), үшіншіден, сөйлеуші ұғымында, түсінігінде «дөрекі», «әдептілікке» жатпайды- ау деген сөздерді басқаша сөздермен (қарапайым лексика) ауыстыру, төртіншіден, тыңдаушыға «жайлы», «жағымды» болып көрінетін сөздерді таңдап, талғау. Міне, бұл аталғандарды эвфемизмдердің тұрақты белгілері деп атауға болады [23.26]

Түркі тілдеріндегі эвфемизмдердің этномифологиялық, этнопсихологиялық негіздерін көрсете келіп, Ә.Қ. Ахметов табу мен эвфемизмнің тілдің табиғаты мен қоғамдық мәнін тереңдете түсетін теориялық тұжырым ұсынады: «…табу мен эвфемизмдердің арасындағы байланысты себеп пен салдар деп қараған жөн. Өйткені эвфемизмдерді тудыратын табу. Сондықтан да олар бір-бірінсіз жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді |Тудырып қана коймай, оларға үнемі өз орнын беріп, өзі солардың тасасына бой жасырады [6;7].

Эвфемизмдердің жасалу жолдары эр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, митота тәсілдері аркылы жасалған эвфемизмдер жиі кедеседі.

Табу мен эвфемизмдер кай тілде болмасын сөздік кұрамның дамуына әсерін тигізіп отырады.

Қазақ лексикологиясында табуды эвфемизмдерден, эвфемизмдерді табудан бөлек, екеуі екі баска кұбылыс деп танушылык басым. Мысалы, кейбір еңбектерде табу туралы: «Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады» [35;24], эвфемизм туралы осы авторлар: «Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады» — дейді. [35;24]

Профессор Ә.Қ.Ахметов өзінің зерттеулерінде [6],                [9] эвфемия

кұбылысына жан-жакты талдау жасай келіп, табу мен эфмемизмдердің тілмен бірге туып, бірге жасайтын, бір-бірімен ажырамас кұбылыс екенін көрсетеді. Эвфемизмдер, автордың айтуынша, табу немесе тыйым болған жерлердің бэрінде кездеседі, яғни табусыз эвфемизмдер болмайды. Ал түркі тілдері бойынша зерттеулерге карағанда, табу «күні біткен», ал эвфемизм, өмір сүретін кұбылыс тэрізді көрінеді.

Профессор Ә.Қ.Ахметов: «Табу мен эвфемизмдердің шығу тегін куаласа, олар адамзат тарихының түкпіріне карай жетелейді. Оған тереңірек бойласақ, табу мен эвфемизмдер адам баласының рухани мәдениетінің бастапкы сатыларынан бастап күні бүгінге дейін калыптаскан дэстүрлі наным- сенімдермен де, эдет-ғұрып, салт-санасымен де, қазіргі заманның басты діндерімен де, тіпті өзіміз өмір сүріп отырған дэл бүгінгі таңдағы тіл мэдениетімен де тікелей байланысты екеніне көз жеткіземіз» [6;9].

Қыскасы, эвфемия кұбылысы «тыйым» жүрген жерде еш уакытта жоғалмайды, яғни табу болған жерде ғана эвфемизм болады, табусыз эвфемизм болмайды. Бұл екеуінің диалектикалық бірлігін ескермеген кезде «эвфемизм сөзді көріктеу, эшекейлеу» деген стильдік амал-тэсілдің бірі болып көрінеді. Мысалы, кейбір оқулыктарда эвфемизмдер көріктеуіш тәсіл деп, жаңсақ түсіндіріледі. Сөйтіп, эвфемизм белгілі бір кұбылыс, зат, нәрсе, әрекетті айтудың жанама номинациясы екендігі айқындалмай, тура номинациясымен шатастырылады. Ал, эвфемистік колданыстың ең негізгі мәні — сөздің тыйым салынган формасын тыйым салынбаған бейтарап формамен ауыстыру болып табылады [23 ;35].

Мысалы, айтуға «ұят» саналатын сөздер, ауру атаулары, өлім-жітімге байланысты сөздер. Сөздің табулык формаларымен бірге эвфемистік формалары да синонимдік мэнде колданылады. Өйткені жеке адамдар арасындагы коммуникацияда табулық форманы эвфемистік формамен ауыстыру кажет болады. Мысалы, аурудың накты атын атамай, ауыратыны бар еді, кедейлер — әл-ауқаты төмен адамдар.

по

соож

  1. Эвфемистік мағына жэне олардың түрлері.
  2. Жалпы әдеби тілдің лексикалық жүйесіндегі эвфемизмдер мен газети эвфемизмдердің арақатысы.
  3. Бұлардың бір-бірінен принципті айырмасы бар ма? Болса, ол кандай айырма?

сөж

  1. Эвфемизмдердің жасалу жолдары.
  2. Эвфемизмдердің зерттелу жайы.
  3. БАҚ-гы эвфемизмдер.
  4. Эвфемизмдердің сөз этикетіндегі орны.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля