Көсемше

24 апреля, 2018 9:51

 

Көсемше атауын казак тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреДІ» “

Көсемшелер тұлғалык жағынан да, магыналық жағынан да тиянақсыз болғандыктан, қысқа кайырылып, өзінен кейін тиянактаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.

Қазіргі казак тілінде көсемшелердің бұдан өзге де сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік аркылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та кызмет атқарады. Есімдердің ‘түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлгаларынан негізгі айырмасы да оыс қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштык қызмет атқаратын үстеулерге грамматйкалық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұксас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштык кызметте қолдануында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге карағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жогарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысыктауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту максатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңкы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шакты білдіріп тұр.

Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, кажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдын өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнактардан кейін жалғану арқылы жасалады.

Қазак тілінде жіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни казақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалык өзгешеліктеріне карай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:

біз бара-мыз барып-пыз сендер бара-сыңдар барып-сыңдар сіздер бара-сыздар барып-сыздар олар бара-ды ‘ N барып-ты

Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шактық мағынасы әркелкі болып келеді. Мәселен, -ып, -іп, -п жұрнактары аркылы жасалган көсемшелер жіктелгенде бұрынгы өткен шақты білдірсе, -а,, -е, -й жұрнақтары аркылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспсиіы осьі шақты білдіреді.

Көсемшелердің бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Осы қцзметіне карап оларды казак тіл білімінде жіктелетін жэне жіктелмейтін көсемшелер деп бөлу қалыптасқан.

Көсемшенің жіктелетін -а, -е, -й жэне -ып, -іп, -п тұлғаларының жіктелмейтін тұлгаларға қарағанда елеулі айырмашылықтары бар. Біріншіден, олардың тілдегі жұмсалу жиілігі соңғыларына карағанда әлдеқайда басым. Мәселен, жіктелетін көсемшелер аркылы күрделі етістіктің, пысықтауыштардың және сабақтас сөйлемдердің бірнешеуі жасалады. Екіншіден, жіктелетін көсемшелердің қолданылу өрісі кең. Мэселен, олар сабақтас сөйлемнің бағыныңкы сыңарларының да, басыңкы сыңарларының да баяндауыштары бола алады. Ал жіктелмейтін көсемшелер тек багыныңкы сыңардың баяндауышы бола алады.

Жіктелетін көсемшелердің колданылу аясы мен жиілігі де біркелкі емес. Айталык, пысыктауыш бағыныңкы сөйлемнің баяндауышын жасауда көсемшенің -ып, -іп, -п тұлгалары өте жиі жұмсалса, жіктеліп келіп шакты білдіруде ауыспалы осы шақ көсемше (-а, -е, -й) тұлғалары жиі қолданылады. Оны бұрынғы өткен шақ көсемшелердің белгілі бір шектеулі стильдік қолданыстарда ғана жұмсалуымен түсіндіруге болады.

Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді, демек оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылмайды. Көсемшелердің жалпы грамматикалык қызметі етістік айналасына байлаулы, ал магынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да өзі тек етістік негіздерімен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып саналады.

Көсемшелердің тіліміздегі колдану аясын төмендегідей жинактап көрсетуге болады.

  • кесте.

-ысымен

майынша                     -майынша

майынша

Морфологиялық жігі айқын кұранды жұрнақтарды көсемшелер қатарында қарастыруға олардың жоғарыдағы кестеде көрсетілген көсемшелерге тэн қызметтерде жұмсалуын жэне етістікке бағыныңқылыгын негіз етіп алу керек.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля