СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

24 апреля, 2018 11:02

 

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері түрлаулы мүшелер арқылы берілген сөйлемдегі ойды орны, максаты, уақыты, обьектілік тұрғыдан, сондай-ак түр- түс, сын-сапа жағынан толыктырады. Оларға қосымша мән беріп, сөйлемді кеңейтеді, оның мазмұнын толықтай ашып түрады. Олар, әдетте, тұрлаулы мүшелерге багынады. Кейде бір-біріне де бағынуы мүмкін. Толыктауыш пен пысыктауыш үнемі баяндауышка тәуелді болса,ал анықтауыш көбінесе бастауышқа бағына байланысады.

Жалпы тюркологиялык жэне қазақ тіл білімінде жай сөйлем синтаксисі, оның ішінде сөйлем мүшелерінің әркайсысы арнайы зерттеу обьектісі ретінде қаралып келді. Көп жағдайларда тұрлаулы мүшелерге назар көбірек аударылды.

Түркі тілдерінде біркатар ғалымдар тұрлаусыз мүшелерді нысанға алып, өз еңбектерінде карастырып отырды. Белгілі галым М.А.Казам-Бек өз еңбегінде: “Все слова выражающая второстепенные идеи, в каждом языке разделяются на три главная отделения: определительный, качественная и обстоятельственная”,- деп тұрлаусыз мүшелерді бөледі. В.И.Вербицскийдің редакторлығымен жарык көрген “Грамматика Алтайского языка” еңбегінде тұрлаусыз мүшелерді аныктауыш және толыктауыш деп жіктейді. Сондай-ақ көрнекті тюрколог ғалымдар Н.К.Баскаков, И.Я.Батманов, В.Н.Богородицский,

  1. П.Дыренкова, А.П.Поцелуевский, Г.Д.Санжеев жэне тагы баскалары

толықтауыш пен анықтауышқа гана көңіл бөледі де, пысықтауышты мүлде елеусіз қалдырады. Ғалым И.Я.Батманов “Краткое введение в изучение языка” деген еңбегінде пысықтауышты           толықтауыш аясында бёрсе,

В.А.Богородицский пысыктауышты анықтауыштың ішінара түрлері етіп көрсетеді . М.З.Закиев те сөйлем мүшелерін тұрлаулы, тұрлаусыз деп бөліп, тұрлаусыз мүшелерді конкретизирующий член, пояснительный член жэне модальный член деп үшке бөледі.

Қазак тілінде тұрлаусыз мүшелер жайында көптеген еңбектердің жарыкка шығуына сәйкес қазак галымдарының үлесі зор деп айтуға болады. Сөйлем мүшелеріне ғылыми талдау жасаган ғалымдардың ішінде А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, Х.Басымов,

  1. Бэйтенов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, М.Томанов, Р.Әмір, Т.Сайрамбаевтар кұнды пікір білдірді. Олардын кейбіреулері сөйлем мүшелерінің ғылыми жүйеленуіне назар аударса, басқа ғалымдар олардың жасалу жағына басым көңіл бөлген.

Сөйлем мүшелеріне байланысты, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелеріне катысты казак тіл біліміндегі алғашкы толық, жан-жакты деректерді А.Байтұрсынов еңбектерінен аламыз. ¥лы ғалым тұрлаусыз мүшелер, олардың түрлері, эр мүшенің грамматикалық белгілері мен орналасу тәртібі, кай сөз таптарынан болатындығын XX ғасырдың басында-ақ сипаттап кеткен. Қазак тіл білімінде шоқтыгы биік тұратын А.Байтұрсыновтын мейілінше ықшамды, сондай-ак ұғымға да, тілге де жеңіл бұл тұжырымдары ешбір өзгеріссіз күні бүгінге дейін синтаксис жайында жазылған барлык еңбектерде колданылып келеді (14,282). Профессор Қ.Жұбанов тұрлаусыз мүшелерді біріктіріп, оларға Айқындауыш деген жалпы атау береді. “Қазак тілі жөніндегі зерттеулер” атты еңбегінде: “Сөйтіп, жаңа грамматикаларда анықтауыш, толықтауыш делінген категориялар магынасына қарай жіктеуден туған емес, сөздердің бір-бірімен байланысу амалына, екінші сөзбен айтканда, сыртқы белгісіне қарай ғана жіктелгеннен туған топтар”,- дей отырып (31,211), тұрлаусыз мүшелерді айқындауыш деп атайды. Айқындауышты жалғаулы толыктауыш, жалғаусыз аныктауыш деп екіге бөледі. Ал пысыктауышты ескермейді. Олардың бүлайша жіктелуін төменде былай түсіндіреді: “Біз мағынасына қарай айкындауыш деп бір бөліп алып, онан кейін, сол айкындауышты формасына карай тағы да, тарау-тарауға айырып отырмыз. Формасына карай алынған тарау-тараудың эрқайсысын оның ар жағында мағынасына карай тағы да жік-жікке айырып отырмыз. Сөйтіп, біздің топтарымыз тілдің баспалдақтап өсетіндігіне лайык түрде сатылы топтастыру болып отыр” (31,205). Бұл жерде Қ.Жұбанов сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін анықтауда тұлғалык принципті басшылыққа алады.

Отызыншы жылдары С.Аманжоловтың сөйлем мүшелеріне байланысты мақалалары мен “Қазак тілі ғылыми синтаксисінің кыскаша курсы” деген еңбегі жарыкка шықты. Бұл еңбектерде автор сөйлем мүшелерінің тек жасалу жагына ғана емес, олардың калыптасу мәселелеріне де біршама назар аударды. Тұрлаусыз мүшелерді аньщтауыш деп атайды. Бір ғана аныктауыш мүшелердің аясына оның түрлері деп толыктауыштың да, пысыктауыштың да жекелеме түрлерін жинақтап береді. Тек толықтауыш, пысыктауыш деген терминдерді колданбайды. Кейіннен 1939 жылғы жэне одан кейінгі шыккан еңбектерінде де тұрлаусыз мүшелерді Ахмет Байтұрсынов ұсынган мүшелермен жалгастыргандығын көруге болады ( 14 ,80).

Сөйлем мүшелерінің кейбір түрлеріне катысты С.Жиенбаев, Х.Басымов, Ә.Ермеков, Ш.Сарыбаев сынды ғалымдарымыз 30-40 жылдары аралығында бірталай еңбектер қалдырды. Олар бұл зерттеулерінде сөйлем мүшелерінің теориялық мэселелерімен қатар, эдістемелік жағына да назар аударды. Солардың ішінде Ш.Сарыбаев “Халық мұғалімі” журналында жарык көрген “пысыктауыш пен пысықтауыш мэселесіне” деген макаласында: “Біздің кейбір грамматикалык терминдеріміз мағыналық жағынан олқы болғанмен, сол грамматикалық категорияның аз да болса форма жағын білдіреді. Сонда біз талассыз толыктауыш болып жүрген жэне талассыз пысыктауыш болып жүрген мүшелерді өз атымен атаймыз да, ал біресе толыктауыш, біресе пысықтауыш делініп таласқа түсіп жүрген мүшелерді сөйлем мүшелерін байланыстырып тұрган септік жалғауларының атымен барыстык мүше, шыгыстық мүше, көмектес мүше дейтін боламыз”,- дейді. Ш.Сарыбаевтың сөйлем мүшелерін бұлай топтау туралы ұсынысына кезінде біркатар галымдар Карсы шықкан болатын. Шынымен де автордың ұсынған терминдері колайсыз әрі шұбалаңқы жэне мағынаны нак, дәл бере алмайды.

М.Балақаев “Қазіргі казак тілінің” синтаксистік окулығында: “Сөздер сөз тіркесінің құрамына ену аркылы сөйлем кұраудың материалы болады да, бастауыштык-баяндауыштық (тұрлаулы), толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштық (тұрлаусыз) катынаста жұмсалады”,- деп нақты көрсетеді ( .7).

Сондай-ак тұрлаусыз мүшелер жайлы профессор М.Томанов 1967 жылғы академиялық грамматикада жазды ( 62,95). Алайда олар өте ыкшам, кыска берілген. Р.Әмір “Жай сөйлем синтаксисі” еңбегінде тұрлаусыз сөйлем мүшелерін аныктауыш, толыктауыш, пысықтауыш деп саралап, әркайсысының сүрауларын, ережелерін, магыналык жэнОе кұрамдық түрлерін береді (10,36). Сөз етіп отырған тақырыпта М.Сергалиев Ш.Бектүровпен бірігіп жазған еңбекте арнайы сөз козғаса, О.Күлкенова да бұл мәселе жөнінде өзіндік пікірлер бере білді. Бүл мәселе М.Серғалиев, А.Айғабылов,

О.Күлкеновалардың журналистика факультеттеріне арналған “Қазіргі казак тілі” окулығында да (1991) сөз болды.

Түрлаусыз мүшелер, олардың теориялык мэселелері бойынша Т.Сайрамбаев біраз еңбектенді. Автор “Есім пысықтауыш”, “Сөйлем мүшелерінің теориялык мэселелері” бағдарламасында, Р.Өмірбековамен бірігіп жазған “Анықтауыш, оның кейбір жасалу жолдары” деген зерттеулерінде сөйлемнің түрлаусыз мүшелері, оларға қатысты түрлі мәселелерді айта келіп, олардың жасалуын бірнеше топка бөліп көрсетеді ( 49,7).

Әр түрлаусыз мүшені, оның түрлерін жеке өз алдына дербес карау енді колға алына бастады. Оған З.Күзекованың “Қазіргі қазак тіліндегі мезгіл пысықтауыш”.Г.Есжанованың “Қазіргі казақ тіліндегі тура толықтауыш”, Г.Жылкыбаеваның “Қазіргі казак тіліндегі етістік пысықтауыш”, Ж.Көпбаеваның “Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер пысықтауыш” т.б. диссертациялык жұмыстарды атауға болады.

Орыс тіл білімінде сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін зерттеуде Н.И.Греч,

  1. Х.Востоков, А.И.Александров, Ф.И.Буслаев,А.А.Потебня, А.А.Пешковский,
  2. В.Виноградов, В.М:Никитин, И.И.Мещанинов жэне тағы басқа көптеген ғалым-тілшілер зор үлестерін косты. Алайда сөйлемнің түрлаусыз мүшелері жөніндегі түсінік түрлі лингвистикалық мектеп өкілдерінде бірдей болмады. Сөйлемнің түрлаусыз мүшелерін бөлуде қандай принциптерді негізге алатындығы аныктаЛмады, ягни көзқарастар әр түрлі болды. Орыс тіл білімі синтаксисінде жүздеген жылдар бойы түрлаусыз сөйлем мүшелерін үш түрлі анықтауыш, толықтауыш, пысыктауыш деп бөлу жүзеге асырылып келді. Бірак осы үш түрлі мүше төңірегінде қаншама дау-дамай болды. Ал пысықталушы сөздер, кимылдың белгісін білдіретіндері жартылай аныктауышка, жартьшай толыктауышқа катысты болды.

Ф.И.Буслаев тұрлаусыз мүшелерді екі түрлі көзкараста, яғни синтаксистік қолданысына карай жэне мағынасына карай қарастырды. Синтаксистік колданысқа карай аныкталатын топ тұрлаусыз мүшелер мен тұрлаусыз мүшелердің байланысу жолдарына тәуелді болды. Ал мағына бойынша аныкталатын топ сұрақтарға байланысты болды ( 18,29).

А.А.Потебня мағынасы бойынша классификациялыу әдісіне үзілді-кесілді карсы шыға отырып, тұрлаусыз мүшелердің үш түрлі атауынан бас тартпады. Қайта оларды формальды-грамматикалык негізге әкеп тіреді.

Ф.Ф.Фортунатов өз еңбегінде бастауыш пен баяндауыш грамматикалык сөйлемді білдіреді, ал аныктауыш, пысыктауыш, толыктауыш семантикалык сөйлем кұру үшін қажет деп түсіндірсе (69,447), ал В.А.Богородицский өз зерттеуінде: “Второстепенные члены предложения распадаются на две группы:

  • собственно определения и атрибуты, указывающие признаки, существующие в предметные представлениях и в представлениях действий. Например: Это большая лошадь быстро бегает. 2) Дополнения, — деп ол да екіге беліп карастырган болатын.

Тұрлаусыз мүшелер жөніндегі мәселелер бойынша А.А.Шахматов та кезінде еңбек етті. Ол сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің дәстүрлі классификациясын қабылдай отырып, классификацияның басты критериі етіп тұрлаусыз мүшелерді алады. “Синтаксистік катынастардағы сөз тіркестерінің ішкі мағыналарын білдіруші етіп тұрлаусыз мүшені негізге алу керек ( 67 ,274), — деп түжырымдайды. А.А:Шахматовтан кейін түрлаусыз мүшелер жайында журналдарга макалалар көптеп жариялана бастады. Олардың ішінен неғұрлым орынды пікір білдірген Р.И.Аванесовтың, А.Б:Шапироның, С.И.Абакумовтың мақалаларын айырықша атауға болады. Кейіннен бүл мәселе М.И.Мещанинов,

В.М.Никитин, В.В.Бабайцева т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды.

Сонымен сөйлем мүшелері, оның ішінде тұрлаусыз сөйлем мүшелері тіл мэдениеті, әдеби тілдің дамуы, калыптасуымен тығыз байланысты. Олар көптеген тарихи оқигалармен бірге дамып, біздің заманымызға жетті. Бүгінгі таңда тіл галымдарының көпшілігі бұл мәселеге зор маңыз беріп отыргандығы байқалады. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің кейбіреуі, олардың ішінара түрлері әлі де болса зерттей түсуді кажет етеді

Анықтауыш. Аныктауыш деп зат есімнен не болмаса заттык мағынада қолданылған мүшені аныктайтын тұрлаусыз мүшені айтады. Ол Қандай? Қай? Кімнің? Ненің? Қанша? Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді. Қүрамына карай дара жэне күрделі болады.

Дара анықтауыш. Демежанға үлкен, сүлу көздерімен жылы қарап, аса биязы алғыс айтты (Қ.Жұмаділов).

Күрделі анықтауыш. Дайыров — іскер жігіт эрі іске бүтіндей беріліп, өте терең бойлайды (С.Шаймерденов).

Мағынасына карай сапалык және меншікті болып жіктеледі.

Сапалық анықтауыш деп заттың сапасын, сынын, түр-түсін, тағы баска белгілерін накты керсетіп, анықтайтын сөзімен іргелесе, кабыса байланысатын түрін айтады. Шет елдерде колдан жасалған бұйымдар қымбат бағаланады (Жас Алаш).

Меншікті анықтауыштар өзі катысты сөздермен алшак та, іргелес тұрып та байланысып, меншіктілік, біреуге немесе бір нәрсеге тэн мағынаны береді. Кейде ілік жалғаулы сөз сөйлемнің соңында келіп те өзі катысты сөздермен байланысы нақтылы білініп тұрады. Кішкене түйме көздерін нагашымның кызара бөрткен ұлан-байтақ жүзіне әлденеше мәрте көз жүгіртіп, әлденеше мэрте аударып экетті (Ә.Кекілбаев).

Осыған орай анықтаушы сөз бен аныкталушы сөздер өзара кабыса эрі матаса байланысады.

Қабыса байланысқан анықтауыштар. Қотан боларлық қой қадау-кадау К ұшырайды (Ж.Аймауытов).

Матаса байланысқан аныктауыштар. Қапан сол кездесудің жылуын көкірегінде бірнеше күн сактап жүретін (Т.Ахтанов).

Толықтауыш. Ол сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің бірі бола отырьщ тұлғалык жағынан атау мен ілік септігінен баска септік жалғауларынын бірінде келеді және сол сөздің мағынасы обьектілік мэнде болады.

Сондай-ак олар атау мен ілік септіктен баска септіктің сұрақтарына жауап береді, сонымен коса атау тұлғалы сөз туралы, жөнінде, жайында септеуліктерімен тіркесіп келіп те толыктауыш бола алады.

Толықтауыштар тура жэне жанама болап екіге бөлінеді.

Тура толыктауыш деп табыс септігінде тұрып, тікелей обьектіні көрсететін мүшені айтады. Құралайдың көзінен тигізген мерген болыпты, арқар мен киікті, қүлан мен маралды мая-мая етіп тастапты (Ертегілер).

Жанама толықтауыштар барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септігінде келіп, іс-эрекеттің жанама көрінісін береді. Өз үйіне келсе, әкесіне жинап беріп кеткен таудай отыннан бір жагым, үйдей еттен бір асым, жеңді білектей судан қанжығадай калған екен (Ертегілер).

Пысықтауыш. Пысыктауыш сөйлемдегі қимыл-эрекеттің жүзеге асуының мезгілін, орнын, сапасын, мақсатын, себебін, мөлшерін көрсетеді.

Қазақ тіл білімінде пысықтауыштың қалыптаскан бес түрі бар. Осыған Ж.Көпбаева алтыншы етіп, мөлшер пысықтауыш деген түрін косады. М.Томанов 1967 жылғы академиялык грамматикада мөлшер пысықтауышқа шағын сипаттама берген,. О.Төлегенов, Ә.Хасенов, Ш.Бектаевалар да бұл терминдерді колданған. Бірак пысыктауыштың алтыншы түрі ретінде жан- жакты зерделей, баска тілдердегі пысыктауыштын түрлерімен салыстыра отырып, зерттеген -Ж.Көпбаева( 34,123).

Мезгіл пысықтауыш деп іс-әрекеттін орындалган мерзімін, уакытын білдіретін мүшені айтады. Арада бір-екі ай өтіп, жиын-терін болган иіақта Ерғабыл қояр да коймай жүріп, макта теруден жинаған акшасына мотоцикл сатып алды (Д.Исабеков).

Мекен пысықтауыш орындалған амал-әрекеттің орнын, мекенін көрсетеді. Ушаковтың үйінде Байжан бір жеті жатты (Ғ.Мүсірепов).

Қимыл-сын (амал) пысықтауыш қимылдың іске асуының сынын, сапасын білдіреді. Осылай сапарға шығарда екі түн кітапхана куысында жарқанатша бұғынып отырып, біраз көне кітап оқыған (Д.Досжанов).

Себеп пысықтауыш жай-күйдің, іс-кимылдың себебін баяндайды. Жаппар қатты ұялгандықтан есіктің алдында кібіртіктеп калды (Жас Қазак).

Мақсат пысықтауыш деп эрекет, істің орындалуының максатын білдіреді. Тілеу орнынан түрайын деп бір-екі үмтылып еді, тұра алмады (Ә.Кекілбаев).

Молшер пысықтауыш іс-кимылдың немесе кимыл уакытынын мөлшерін, сандык, баға, салмак дәрежесін, істің істелу каркынының өлшемін білдіреді. Қойшы жыл он екі ай қой соңында сүйретіліп жүрсе де, онын таоан акы, маңдай тері іске аспайтын (Қаз.әдеб.).

Құрамына карай дара, күрделі болып бөлінеді.

Дара пысықтауыш. Үстіндегі көйлегінің де етек-жені кең ойылыптЫ (Қ.Нұрғалиев).

Күрделі пысықтауыш. Кенет көк тұйғын әлденеден секем алғанДаИ’ тогай жаққа қарап, бір-екірет үрді “Қ.Жұмаділов).

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля