ОРХОН ЕСКЕРТКІШТЕРІНІҢ ТАБЫЛУЫ ЖӘНЕ АШЫЛУЫ

21 октября, 2017 12:08

…XVIII ғасырдың басы еді. Орыс армиясының колы- на түскен тұтқын швед офицері Филипп Иоганн Стра- ленберг Сібірді түгел аралап, Орхон өзенінің бойын жагалай жогары өрлеп келе жатты. Ұзақ жүрді, бірақ бұл өңірден пәлендей тіршіліктің белгісін көре алмады. Әбден шаршап-шалдыққан саяхатшы алдагы жолдың қызыгынан біржолата күдер үзгендей еді, бір кезде со- нау көз ұшынан бұлдырап сағымга малтыққан керемет- ті көзі шалғандай болды.

Қызыл көрген бүркіттей шаршағанын ұмытып, Ио- ганн жүрісті жылдамдата түсті. Жақындаган сайын оны әрі үрей, әрі өзгеше бір жұмбақ сезім билей бастаған тәрізденді. «…Зәулім тастар, белгісіз таңбалар, тас бо- лып қатып қалған адамдар… Әйтеуір ұзына бойы созыл- ган, қол қусырып мөлиген тас мүсіндерде шеқ жоқ. Бұл не ғажап? Табиғаттың өзі жасаған құдірет пе, жоқ әлде адамның сиқырлы қолынан туған керемет пе?!.»

Ол ұзақ ойланды, ұзақ толғанды; бірақ түпсіз шы- ңырау, тұңгиық ойдың түбіне жете алған жоқ.
Иә, бұл осыдан үш жүз жыл бұрын болған еді. Бей- шара Иоганн алдында тұрған меңіреу тастардың бетін- де ғажап сыр барын қайдан білсін, біле алган жоқ.
Содан бері үш жүз жылдай уақыт өтті, бірақ сол меңіреу тастар «Орхон ескерткіштері» аталып, дүние жүзі ғалымдарын әлі күнге дейін тамсандырып келеді.

Бұл мұралар жайындағы алғашқы мәліметтер XVIII ғасырдың басында көріне бастайды.
XIX ғасырдың алғашқы ширегінде біраз мағлұмат- тарды өзі шығарып тұрған «Сибирский вестник» жур- налында Григорий Спасский жариялайды. (Г. Спасский. Древности Сибири с приложением альбома «Сибирь- ский вестник», 1818 г.) Оның мақаласы көп кешікпей латын тіліне аударылады да, Орхон ескерткіштері баска елдердің ғалымдарына да белгілі бола бастайды. Бұл хабарды естіген фин Археологиялық қоғамы 1875 жыльі Минусинскіге екі рет экспедиция жіберіп, 1889 жылы «Енисей жазбалары» деген атпен 32 таблицалы, 8 фо- тосуретті атлас жариялайды. Ескерте кететін бір жай, жазбалардың әліппесі табылғанша бұл мұраларды фин ғалымдары өз халқының ескерткіші деп танып келген. Алайда бұл пікірдің негізсіз екендігін олар кейін мо- йындайды.

1889 жылы орыс зерттеушісі Н. М. Ядринцев Орхо» өзенінің бойынан, Енисей өзені сағасынан табылған ес- керткіштерден әлдеқайда үлкен белгісіз таңбамен жазыл- ған зәулім, қолдан қашалған төрт қабырғалы биік тасты көреді.
Н. Ядринцев тасқа мынадай сыпаттама береді: биік- тігі — 3,5 метр, төменгі ені— 1,32 метр, жоғарғы жағы- ның ені — 1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың терт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы да, қалған қабырғасы бірдей руналық жазумен толған (Н. М. Ядринцев. Отчет и дневник о путешествии по Орхону в южный Хангай в 1891 г. «Сб. трудов Орхон- ской экспедиции», Ү, СПб, 1901 г.)

Н. Ядринцевтің айтуына қарағанда, ескерткіштен 25 метрге дейін созылған аласа дөңес жатыр (кейінгі зерт- теудің нәтижесінде бұл қытай кірпішінен жасалған қа- бырға екендігі анықталды). Осы қабырғаның жанынан басы жоқ, мрамордан жасалған 7 түркі статуясы (сын- тас) табылған. Ескерткіштің батыс жақ бетінде басы бір- біріне қараған, қираған екі хайуанның мүсіні бар (ға- лымдар мұны мазарға кіретін есіктің белгісі болу керек деген болжам айтады). Ал осы кіре берістен әрқайсы- сының арасы 10—12 метрден, беттері шығысқа қараған адам мүсіндес сын тастар ұзындығы 4,5 шақырымға дейін созылып жатыр екен. Мұқият зерттеудің нәтиже- сінде әлгі мүсіндердің осында жерленген кісінің тірші- лігінде өлтірген дұшпандарының келбеті екені және ай- қындалып отыр.
Көп кешікпей Н. Ядринцев Россия археологтарьіның VIII конгресінде ғалымдардың назарын сол Орхон бо- йындағы көне мұраларға аударады. Осыдан бастап бұ- рын тек Енисей ескерткіштері деп қана аталып келген жазбалар енді Орхон, яки Орхон-Енисей жазулары де- ген атқа ие болады.

1890 жылдың көктемінде Н. М. Ядринцевтің ізімен Орхон өзеніне финдердің А. Гейкель бастаған археоло- гиялық экспедициясы және 1891 жылы С-Петербург- тен біздің елімізде тюркологияның негізін салған ұлы орыс ғалымы В. В. Радловтың басқаруымен (құрамын- да Ядринцев те болған) Ғылым академиясының экспеди- циясы аттанады.

1892 жылы осы екі экспедицияның да қорытындысы жазбалардың суретімен екі үлкен атлас түрінде жарня- ланып, бұл атлас дүние жүзі ғалымдарының алдына ауыр да жауапты міндет — жазудыд сырын оқу мінде- тін қояды.
Әлбетте, ол жазуларды оқудың қиындықтарымен қа- тар кейбір жеңілдіктері де бар еді. Өйткені бұл уақытта ескерткіштің қытай тілінде жазылған тексті оқылып, сол текстіден ескерткішті жасаған халықтың, оны бас- қарған бектердің аты белгілі болатын. Дегенмен, әлі де бірде-бір сырын ашпаған тілсіз-үнсіз ескерткіштің әліп- песін тауып оқу, оған тіл бітіру кез келген кісінің мүм- кіндігінен тыс, жан-жақты, дайындығы мол лингвист ғалымының қолынан ғана келетін іс еді.

Міне, дәл осындай зерттеуші — Дания ғалымы, Ко- пенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафе- драсының профессоры Вильгельм Томсен болып шықты.

Вильгельм Людвиг Петер Томсен (1842—1927) өзімен замандас ғалымдар сияқты әдепкіде теологиямен шұ- ғылданады. Бертінде біраз жылдар филология, ботани- ка, физика ілімдерімен әуестеніп жүреді де, ақыры бар өмірін өзінің сүйікті ғылымы —тіл біліміне арнайды.
В. Томсен — көп тілді білген, дарынды ғалым бол- ган.

Славян тілін зерттеу мақсатымен Томсен Берлинде, Лейпцигте, Прагада, Венада, Будапеште, Парижде көп- теген жылдар тұрып чех, неміс, серб, поляк, венгер, араб, парсы, цыган, жапон, қытай, түрік тілдерін үйре- ніп кайтады.
1870 жылы еліне қайта оралып, 1878 жылга дейін, грек тілдерінен сабақ береді. 1878—1887 жылдар ара- сында мектептерге әкімшілік қызметтерде жүреді де, 1887 жылдан бастап Копенгаген университетінің салыс- тырмалы тіл білімі кафедрасына профессор болып сайланады.

1877 жылы басылып шыққан Ерте Русь және Скан- динавияның өзара қатынастарына арналган тарихи еңбегінен соң Томсен Оңтүстік Сібірден табылган Орхон- Енисей ескерткіштерін зерттеуге біржолата ден кояды. Ақыры 1893 жылы Орхон жазуының «кілтін» табады. Біздің галымдарымыздың көбісі осылай «кілтін тапты» деп жалпылама бір сөзбен гана айтып жүр де, ал қалай тапқандыгы туралы мәселенің ең қажетті жагы айтыл- май келеді.
Сонда Я- Томсен Орхон жазбаларын қалай ашады?
1) Ең алдымен галым жазудың багытын айқындай- ды. Қалай жазылған? Солдан оңга қарай ма, жоқ әлде оңнан солга қарай ма? Бүл сұрақ галымды қатты ойландырады. Ұзақ зерттеп, ғалым ескерткіштің оңнан солға (араб жазуы тәрізді) қарай жазылғанын аиқын- дайды.
2) Екінші жолда ғалым әріптерді санап, 38 таңба та- бады.
3) Осылай ескерткіштің сыртқы көрінісін айкындап болғаннан кейін В. Томсен дауыссыздардың байланы- сын тексеруге кіріседі. Бұл зерттеу белгілі бір дауыссыз ілгері дыбыстың ықпалымен байланыса ма, жоқ әлде кейінгі дыбыстың ықпалымен байланыса ма деген мәсе- лені шешуге тиіс еді.

Ол үшін Томсен екі шеткі таңбасы бірдей (ұқсас), ортаңғысы олардан бөлек тәрізді таңбалар тобын алады да, X дауыссыз дыбысты білдірсе, онда V да- уысты дыбысты білдіру керек; немесе керісінше, X
дауысты болса, Ү — дауыссыз деген қорытьіндыға ке- леді. Сейтіп, осы тектес таңбаларды бірнеше жерде салыстырып, ақырында У ^ және ‘V’ таңбаларынан да- уысты дыбыстарды табады.
Әлбетте, бір дегеннен бұл анықтамалары дәл бола қоймайды: ХО/У) таңбасын ол әдепкіде ө (ү дыбысьі деп, ал ө (ү) (Ы)нің өзін ә дыбысы деп қабылдайды. Ал (л)-ні Томсен бірден табады.

Әйтсе де ғалым бұл таңбалардың баламасын дәл таптым деген қорытындыға келе алмайды. Себебі, ол үшін болжам, тұспалдау ғана емес, бұлжымас дәлел де керек еді. Томсен әрі қарай ізденеді.
4) Сөйтіп, жоғарыдағы жорамалдың растығын дә- лелдеу үшін ғалым көне жазу-сызудың сырын ашуда талай сыннан өткен белгілі әдіске көшеді.— Қытай ті- ліндегі текстіде көрсетілген кісі аттарын іздеуге кіріседі. Ал енді мұны қалай таппақ? Дәл осы жерде зерттеушіге мынадай ой келеді: кісі аттары қай текстіде де жиі кез- десу керек және ол көбіне үзіндінің бас жағында келіп отыруға тиіс.
Шу дегенде Томсеннің кезіне ескерткіштерде жиі ұшы- расатын мына бір Г У’У/л таңбалар түседі. Бұлардың. ішіндегі ең қажеттісі — сон,ғы (өйткені жазу оңнан сол- ға қарай) таңбасы. Бұл таңбаның баламасы (і) ғалымға белгілі болатын. Ал і дыбысының жиі кездесетін- дігі, оның орыны көбіне сөздің соңында тұратындығы Томсенді бірден: «жоғарыдағы таңбалар тіркесі — эпи-
тет» деген қорытындыға жетелейді де Г У* У Һ таңбала- рын (оңнан солға қарай оқнмыз) і — р — ң — т, демек тңрі («Тәңірі», аспан, көк», кұдай мағынасында — М. Ж.) деп оқиды.

Мұны да Томсен болжал деп қарайды да, жеке кісі аттарын іздеуді әрі қарай жалғастыра береді.
Ғалымның назарын енді мына бір таң-
ба тобы аударады. Өйткені, бұл ескерткіш тастың біреуін- де кездеседі де, екіншісінде кездеспейді. Мұның себебі қалай? Томсен мынадай шешімге келеді: бұл таңба осы ескерткіш арналған бектің я батырдың есімі болуға керек. Қытай текстінде оның аты — Қюэ-те-гин. Қытай тілінде сөздің соңғы буынында л дыбысының болмай- тындығын және басқа тілден ауысқан сөздерді беруде л-дың түсіп қалатындығын ескере отырып зерттеуші
У/^^таңбалар тобын Күлтегін деген сөзбен са- лыстырады.
Дәл осы принциппен қарағанда, қытай текстіндегі Би-кя ескерткіштің (екінші таста) мынадай г р Т £ таңбалар тобымен сәйкес келеді. Оның мағынасы Білге деген сөзді білдіреді.
Енді Томсен ескерткіштің екеуінде де қайталана бе- ретін /тУ/УМ таңбалар тобын тексереді. Бұл сөздің құрамындағы алғашқы үш таңба ғалымға белгілі. Еже- легенде (оңнан солға қарай) мұның әдепкі үш дыбысы түр болып шығады. Демек бұл түрк деген сөз болу керек деген байлау жасайды. Сөйтіп к дыбысының екінші таңбасын Ғ-і табады. Бұл дыбыстың бір таңбасын 9′ біз Қүлтегін деген сөздің құрамында кездестірген едік.

Ескеретін бір жәй, қытай текстерінен аталған ескерт- кіштің тілі қай халықтікі екендігі турасында мәлімет болатын. Ол қытайша — ту-кюэ халқы. Демек, бұл сол кезде белгілі болған барлық түркі халықтарының тілі- нен әлдеқайда әрідегі таза түркі диалектісінің тілі.
Тоғыз таңбаның мағынасын тапқаннан кейін түркі диалектісін жетік білетін ғалым өзі ашқан дыбыстарды басқа сөздерге қолданып, ескерткіш әліппесін түгел та- ниды. Сейтіп, академик С. Е. Маловтың сөзімен айтқанда: «Томсен 1893 жылдың 25 ноябрьде өзіне дейін бел- гісіз болып келген Орхон және Енисей өзендерінің жа- ғасынан табылған жазу-сызулардың бүкіл әліппесіне «кілтті» дәл осылай табады.
Қазіргі дәуірде Томсен ашқан жаңалықты тек Ор- хон жазуларына ғана табылған кілт деп қарамай, со- нымен қатар бүтін Орта Азия мен Қазақстан тарихында кездесетін көне жазу-сызулардың да сырына үңілуге мүмкіндік берген қымбат кілт деп бағалау орынды.
Вкльгельм Томсен ашқан алфавитті қолданып, ака- демик В. В. Радлов 1894 жылы тұңғыш рет орыс тіліне аударып, текстінің нұсқасын латын әліппесімен береді. Ал В. Томсен болса өз аудармасын тек 1895 жылы ғана жариялайды. Бертінде бұл ескерткішті академик С. Е. Малов аударып бастырды. Содан бері Орхон ес- керткіштерін зерттеу жұмысы бір сәт те толастаған емес. Бұл ескерткіштерді халқымыздың тарихи, тілдік мұрасы ретінде алып зерттеген қазақ лингвистерінің де біраз еңбегі бар. Олардың ішінен Алтай Аманжоловтың, Ғайнетдин Мұсабаевтың, Ғұбайдулла Айдаровтың ең- бектерін ерекше атауымыз керек.

Міне, қысқаша айтқанда, Орхон ескерткіштерінің табьілуы, оны оқудың, зерттеудің жәйі осындай.
Сонымен Моңғолия жерінде, Орхон өзенінің бойы- нан табылған бұл ескерткіштерді кім жасаған жәнеолар бүгінгі халықтардың қайсысына жақынырақ?

Бұл сұраққа жауап беру үшін біз сол жазбалардың өзіндегі деректерге жүгінуіміз керек. Ол деректердің бірқатарын, шығармаларда кездесетін ру, тайпаларды біз жоғарыда атадық. Бұл айтқандарға не қосуға болар еді?
Иә, ескерткіштерді жасаушылар да, оның бас кейіп- керлері де түркі халқы, түркі жері, оның батырлары. Ал көне түркі дегенді көбіне көне қазақ тайпалары деп ұққан жөн болады.

Орхон ескерткіштері жайын сөз еткенде, қазақ хал- қы кешпелі ел, жөңкіліп көшіп-қонып жүріп мәдени мұра қалдырмаған, Қазақстан жеріндегі көне дүниенің ескерткіштерін не сақтардыкі (қазақтың өзі сақтардың тікелей ұрпағы ғой), не соғдыныкі (Иран тілдес ерте- дегі халық) деп, ата-бабамыздан қалған мұраны өзіміз- ге жолатпай, алып қашқан кездеріміздің болғаны да рас.
Бартольд бастаған атақты тюркологтар мәдениеттің ең жоғарғы сатысы — жазудың түркі халықтарында VII ғасырда болғанына таңдай қағып, таңырқаған еді. Ба- тыс историографтарының бұған таңданып қана қоймай, рун жазуына келеді екен, біздің ата-бабаларымыз бір кезде Саян тауларына барған болар деп, жазбалардың кілтін таба алмай, немістер мен финдердің өздеріне мен- шіктегісі келіп дал болғанын, бірақ одан ештеме шық- пағанын тарих білмей ме?

Ақыры даулы алфавиттің жұмбағы шешіліп, сыры ашылғанда, олардың иесі түркі халықтары екеніне көз жеткенде ғана дау-талас тоқталған еді. Шынында да, ол ескерткіштерді жасаған негізінен қазақ халқының құрамына кірген ру-тайпалар еді. Шығыстану ғылымына ұлы өзгеріс жасаған бұл ескерткіштердің қай тілде жа- зылғандығын дәл анықтайтын уақыттың жеткендігін
B. Бартольд та, В. Радлов та, П. Мелиоранский де,
C. Малов та талай жазған және соңғы екеуі ол жазба- лардың тілі қазіргі қазақ тіліне көбірек келетіндігін де баса айтқан. Сөйтсе де, екінішке орай, бір ғасырдан астам уақыт бойы зерттеліп келе жатқан осы бір ға- жап шығармаларды халкымыздың мұрасы ретінде соңғы жылдарға дейін қазақ ғалымдарының батылы жетіп ешкім қолға ала қоймаған. Бір кездерде бұл ескерт- кіштерді жоғарғы мектепте оқыту талабын қолға алған Құдайберген Жұбанов екен, бірақ осы бір әдепкі әрекет, өкінішке орай, жүзеге аспай ұмыт болады. Ал қазіргі күндері, жоғарыда айтқанымыздай, жоғары оқу орындарында оқытылып келеді.

Сонда көп замандардан бері толассыз қойылып жатқан сұрақтың жауабы не болмақ. Ол ескерткіштер- дің иесі кім, қай тілде жазылған? Әрине — түркі ха- лықтары. Десе де бұл мәселені дәлдеңкіреу керек си- яқты. Оған жауап беру үшін бұл жазбалардың алдымен иесін табу керек, сонда оның тілі де анықталады.

Түркілерді Қытай шежірелерінде, ертедегі деректер- де тюкю деп атайды. Білге хан мен Қүлтегінге арналған ескерткіштің авторы Иоллығ-тегін өз шығармаларында сол кезде шығысты мекендеген түркі тайпаларының аттарын атап, мекендерін көрсетіп отырады. Онда ес- керткіштің иелері өздерін «түркпіз», дейді де, өзге түркі тайпаларын тоғыз оғыз, отыз татар, қырғыз, аз, шек, он ұйғыр, т. б. деп атайды, және «бұлардың бәрі де бізге жау» еді, бөтен ұлыс еді деп жазады. Әрине, за- манында әр түрлі себептермен көршілес, іргелес, тектес тайпалар да бір-бірімен жауласып, соғысып отырған.
Тағы да аталмыш ескерткіштердің өзіне жүгінейік.

Орхонды мекендегендер өздерін түркі деп атап, он оқ, онын бөлігі түргеш (түркі кіші, түркі ұлығ (үйсін) өзіміздің түркіміз, туысымыз еді, олар мекендеген Іле-Жетісу біздің ата мекеніміз еді, сол мекеніміз, жер-суымыз иесіз калмасын деп хан сайладық. Бұлар он оқ халық еді, дейді. Он оқ халқының кім екенін біз жоғарыда айтқанбыз. Демек олар (Орхон түркілері) үйсін-дулатпен тектес, солардың туыстары, 634—635 жылдары Түркі қанағаты (шекарасы Іле өзені болып) Батыс және Шығыс Түркі қанағаты деп екіге бөлінген- нің өзінде де екі жағы туыс, тектестігін ұмытпаған. Ескерткіште түргеш — бұлардың бес аймағы, он оқ халқының бір бөлегі еді деген сөз бар. Ендеше, олар кейін қазақ халқының құрамына кірген арғын, керей, уақ, алшын, найман одағының жалпы аты болу керек. Түргеш дулаттың бір тайпасы екені анық, оны ғалым- дар мойындаған. Бірақ оның Орхон түрктерімен туыстығы ауызға да алынбады. Ал енді Орхон түрк- терінің бір кезде Ілеге қайтып келгендігін еске алсақ, онда олардың қазақ халқының көне тайпаларынан екеніне де көз жетті деп ойлаймыз.

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля