4 декабря, 2017 22:19
ОБРАЗДАР
Орхон жырларында бір топ қағандар образы бар. Олар: Бумын, Естіми, Білге қағандар. Алғашқы екеуінің түркі қауымына иелік етуін адамзаттың жаратылысы- нан бастайды да, оларды ақылды қаған, алып батырлар дәрежесінде бейнелейді.
Қырық жеті рет аттанып, жиырма шайқас жасаған Елтерістің де есімі ерекше аталады.
Ескерткіште дербес образ дәрежесіне көтеріліп, жырланғандардың бірі — Білге қаған.
Білгенің жырда қайда, қандай жорықтарға барғаны, қандай, қаншалықты ерлік көрсеткені толық суреттеледі: ол халықты жинап, ұйымдастырушы ретінде бейнеле- неді. Жьірда Білгенің іс-әрекеттері ғана емес, көңіл-күйі де баяндалады. Ол табғаштар салған ылаң мен іріткіге ырық беріп жалған сөздің жетегінде кетіп, қырылып- жойылып бара жатқан халқына қатты назаланады. Шығармада оның образы түркі халқының иелігін молайтқан, тұрмысын жақсартқан батырдың бірі ретін- де суреттеледі. Жырдың соңында Білгенің түркі халқын біріктіру- дегі еткен еңбектерін, азаптарын баяндай келе, түркі |
руларының үстем тап өкілдерін, бектерін жаңылғыш- тығы (кателескіштігі, ақылсыздығы), жағымпаз таккұ- марлығы үшін айыптайды.
Жырдың негізінен суреттеген кейіпкерлері тектіден шыққан батырлар болса, сонымен бірге шығармаларда «ұлдары — құл, қыздары — күң болған»; ұшарын жел, қонарын сай білген; ілгері-кейін бұлттай жөңкілген; «Қаны судай аққан», «аш-жалаңаш, жаяу-жалпы бо- сыған», титықтаған қара халықтың — жалпы бұқара- ның жиынтық образы жасалған. Аз күн бейбіт өмірдің дәмін татып, рақатын сезген, сәл тыныстан ес жиып, көзін ашқан қарапайым халық- тың басына табан астында-ақ қаралы күн, ақыр заман орнап жатады. Сол қорлыққа төзе алмай, шыдамы таусылған көп- шіліктің енді бір сәт бектермен айқасқа шыққанын көреміз. Әлбетте, бұл мақсаты айқын, бітіспес тап күресі емес, сол дәуірдің шындығынан өршіген қанаушы тап пен қаналушы таптың келіспес наразылығы ғана бола- тын. Ол туралы Орхон ескерткіштерінде «Бек пен хал- қы жауласты» деп жазады. Қоғамның негізгі құрамы, басты күші — осы кедей халықты соншалықты ауыр азапқа салып жүргендер — ел билеуші ақсүйектер. Мұның дәлелі ретінде ескерткіш- тен мынадай жолдарды оқимыз. «Біліксіз қағандар отырған екен, Жалтақ қағандар отырған екен. Әміршілері де біліксіз екен, Жалтақ болған екен. Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, Табғаш халқының алдауына сенгендігінен, Арбауына көнгендігінен, Інілі-ағаның дауласқандығынан, Бекті — халқының жауласқандығынан, Түрк халқы елдігін жойды». Міне, ел ішіндегі бақталастық, ымырасыздық; биле- ген хандардың, олардың атқамінер әміршілерінің ақыл- сыздығы салдарынан халық осылай қатты күйзеліске ұшырайды, титықтайды, быт-шыт болып тозады. Орхон шығармаларында эпостық образ дәрежесіне жеткен басты әрі ең өзекті тұлға — Қүлтегін. Ат жалын тарта халқына қорған болған бала батыр жырда үнемі беку, өсу үстінде суреттеледі. Жеті жаста атадан жетім калған Күлтегін он жаска |
келгенде ер атанады. Он алты жаста қару-жарақ асынып, ел намысын, халық кегін қуып табғаштарға аттанады.
Жиырма бір жаста Тадықын чурдың Боз атына мініп, чача Сеңүнмен айқасады. Шайқастың тепкісіне төтеп бере алмаған Боз ат та, одан соң мінген Торы ат та қан майданда жан тапсырады. Осы соғыста Күлтегін өзіне жау оғының бірін де дарытпай шығады. Жиырма алты жасында қырғыздарға қарсы аттанып, найза бойлар қардан өтіп, қырғыздарды ұйқыда басады. Қырғыздардың жөйіт батырларының бірін оққа ұшы- рып, екеуін найзаға ілген Күлтегін астындағы байырқы- лық Ақ айғырдың белін мертіктіреді, бірақ жауды жеңіп тынады. Одан соң түргештерге жойқын соғыс жасайды. Алып Шалшы ақ атқа мінген ер Күлтегін түргешті түгел тал- қандайды. Отыз жасында — қарлұқтарды, отыз бір жасында аздарды алады. Бұл жойқын кескілестерде Күлтегіннің астынан баяғы Алып Шалшы атты көреміз. Оғыздармен, ізгілдер- мен айқаста Күлтегін Азман ақ пен Қаракерді алма- кезек мінеді. Сөйтіп, қырық жеті жасында дүние салған Күлтегін ылғи жорықты сапар, қанды майдан үстінде, жекпе-жек айқастарда, теңдесі жоқ қолбасшы-кемеңгер бейнесінде көрінеді. Батырдың сырт пішіні, портреттік суреті жырда берілмегенмен, жаумен бетпе-бет келіп найзаласқан сәт- терден қазақ эпостарындағыдай «Буырқанған, бусанған, мұздай темір құрсанған» ер-жүрек алыптың келбетін елестету қиын емес. Бір ғана Күлтегін жырында сан атаулы сәйгүлік ат- тар Күлтегіннің мінісіне шыдамай біріңен соң бірі құлап жатса — бұл-дағы батырдың соқталы образын аша тү- сетін, айқындай түсетін айшықты мотив. Ал талай қырғынға Күлтегінмен бірге кіріп, жеңіске ортақ болған атақты Алып Шалшы мен Азман ақтардан «Алты айлық жерді алты аттаған», «Бір төбенің тоза- ңын бір төбеге қосқан», «Суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын» жүрісте — көлік, жауда —- серік өзі- міздің сүйікті Тайбурыл, Байшұбарларды көргендей бо- ламыз. Күлтегін — түркі халқының ерлік сыпаттарын бойы- на дарытқан жиынтық образ. Оның тұлғасында бір кез- |
дерде жалпақ даланы еркін билеген түркі тайпаларының өршіл, қайтпас мінезі бар. Оның тұлғасында жойқын соғыстардан жанышты, ерқашты болып, титыктаған халықтың сондай батырым болса деген арманы бар. Ба- тыр мерт болғанда, қазасына досы ғана емес, дұшпан- дарының да қосыла жылауы оның сол — бұлжымас ерлік қасиеттерін танытады.
Батыр дүние салған күндері әр рудан басшы алып, жылап-сықтап келіп жатқан халықта есеп болмаған. Күлтегіннің қазасымен байланысты түрк жеріне орнаған ауыр түнек пен есепсіз қара шеруді жыр өте жақсы бей- нелеген. Күлтегіннің дұшпаны дегенде айтарымыз кім? Жырда оның өзімен теңдес, иықтас батырдың аты аталмайды. Бірақ сүңгіге ілінбей берілмеген есімі атал- маған атсыз ерлер өте көп. Күлтегіннің алып келбетін ашатын да солар. Күлтегін батыр бастаған түркі халқы- мен шайқасқа түскен елдің ішінде осалы жоқ. Олар бірінен соң бірі кол қусырып, құлдық ұра бермеген, ақ- тық деміне дейін айқасқан. Күлтегінге қарсы шыққан жаудың сондай сұсты кейпін Орхон ескерткіштері аз сөзбен-ақ жеткізіп бере- ді. «Қорқынышты кісілер, алып кісілер шабуыл жаса- ды». «Жауымыз жыртқыш құстай еді», «Отша, бөріше келді» дейді Орхон жырларында. Бұл отша жанып, бөріше ұмтылған, жыртқыш құстай улы тырнағын жайған үрейлі жау қолын көз алдымызға әкеледі. Міне, мұның бәрі де жырдың басты тұлғасы — Күл- тегін образын жан-жақты толықтырып, аша түсетін ақи- қатты, жанды кескіндер. Күлтегіннен басқа Орхон ескерткіштерінде жиі ата- латын өзгеше кейіп, оқшау бейнеленетін о б р а з — Т о ныкө к. Ол — Елтеріс, Білге қағандардың ақылгөй дем беру- шісі, талай жорықтарға бастап, жауды талқандаған қол- басшы, батыр. «Мен — кемеңгер Тоныкөкпін деп басталып, соның өз атынан баяндалатын ескерткіште Тоныкөктің барлық айла-тәсілі толық қамтылған. Ол көбіне, бірнеше ханға ақылгөй болған, телегей жыр тудырған Бұқар тәрізді ғұлама жырауларымызды еске салады. Ол оғыз батырлары жайындағы мол жыр- ларды шығарған Қорқытқа да ұқсайды. Өйткені, Орхон ескерткіштеріндегі Тоныкөк жыр авторы ретінде де бел- |
гілі. Мұның өзі, қырғыз халқының әйгілі эпосы «Манас- тың» тууы жайындағы академик М. Әуезовтің: «Алғаш- қы жырды аты шулы жорыққа өзі қатысып, көзімен көрген адам шығарған»1 дейтін өте құнды тұжырымын бекіте түседі.
Ғалым айтып отырғандай, Орхон жырларындағы Тоныкөк те не бір жорықтардың куәгері, ізінше сол со- ғыстар жайында әсерлі дүниелер тудырған эпикалық өнердің иесі. Сонда біздің Тоныкөк деп отырғанымыздың өзі, алдьімен жырау болып шығады. Е кін ші д е н, Тоныкек — ақылды қолбасшы. Оның есімімен білге эпитеті (Білге Тоныкөк) үнемі егіз аталып отырады. Біздіңше бұл Тоныкөк- тің сондайлық ақылдылығына сәйкес халықтың бертін- дегі қосып берген аты. «Ақыл иесі, сез кесі болдым»— дейді бір сөзінде Тоныкек. Соған қарағанда оның әрі ақылды, әрі сөзге шешен болғандығы аңғарылады. Тоныкөк — ұрда-жық асығыстың келте адамы емес, алдағыны күні бұрын болжап білетін сергек ойшыл. Небір қиын-қыстау күндерде қай мәселенің тұсында да асықпай-аптықпай: «осылай етсем ше?» деп, өзіне сауал қойып барып, шешімін содан соң іздейді. Әлсіреп жойылып бара жатқан түрк халқын қайта біріктіріп, қайтадан ел ете алатын басшыны сайлаудан бұрын Тоныкөк: «Арық бұқаның, семіз бұқаның барын білер ме екен?» деп толғанады. Бұл — оның ақсүйектер- мен бұқараны өштестірмей, жауықтырмай ұстай алар ма екен, жақсы мен жаманды ажырата алар ма екен дегені еді. Тоныкөктің данышпандық қасиетін түркі халқының жаулары да мойындайды. Түрктерден сескенген қидан- дар, табғаштар, оғуздар ездерінің одақтастарына елші жіберіп, ақыл қосып, күш біріктірудің қажеттігін қай- та-қайта пьісықтап, әбіржіп жатады. Өйткені, олардың айтуынша: түрк халқының «Қағаны — алып, ақылгөйі — кемеңгер. Осы екеуі тірі болса бізге жеңу жоқ» деп на- лиды. Мұндағы түрк халқының ақылгөйі деп отырға- ны — Тоныкөк. Тоныкөк — айлакер, әскери әдістердің жетік білгірі. Оғыздар, табғаштар, құтандар түрк халқына қарсы ат- тану үшін күш қосқалы жатыр дегенді естіген Тоныкөк күні-түні алдағы болғалы тұрған апаттан құтылар жол- |
дарды, тәсілдерді іздейді ғой. Ақыры күллі ел болып соның дегеніне көшеді.
Тоныкөктің ойынша: «жұқаны бүктеу оңай, жіңішке- ні — үзу оңай, ендеше, ол үшеуі бірігіп күшеймей тұр- ғанда шабуылға түрк жауынгерлерінің өзі шығып, олар- ды шетінен біртіндеп талқандау керек». Көпті көрген, өмірден түйгені мол Тоныкөктің ақыл- айласы, сөйтіп, түрк халқына жеңіс әпереді. Жауға ойламаған жерден, дәл осылай, тұтқиылдан шабуыл жасау, бұл да қатал сындардан қапысыз өткен ең сүйікті әскери әдістерінің бірі. Тоныкөк — саясаттың адамы. Осы қасиетіне байла- нысты академик Бартольд оны француз тарихындағы Талейранмен салыстырады. Қөзі тірісінде өз атынан өзіне ескерткіш орнаттыруы да, тексте басынан аяғына дейін үнемі «мен», «мен» деп сөйлеуі де, оның тарихта өз атын қалдыруға қам жеген саясатшылдығынан еді. Жоғарғы айтылғандардың үстіне Тоныкөк — жауап- ты, шешуші жорықтарға қол бастаған ерен батыр. Ел шетіне жау келгенде түркі халық үшін ол түн төсе- гінен түңіліп, ұйқысын төрт бөледі. «Түнде ұйыктамадым, Күндіз отырмадым. Қызыл қанымды ағыздым, Қара терімді төктім»,— деп жазады. Ол — қорқуды білмейтін, жауға намысын жібермей- тін ержүрек батыр. Оның қайсар, батырға тән ерлігін мына бір үзіндіден айқын көреміз: «Алтын тауын асып келдік, Ертіс өзенін кешіп келдік. Қөп екен деп неге кашамыз, Азбыз деп неге қоркамыз, Неге басындырамыз? Шабамыз»,— дейді. Мұнда мұқалмас жігер, орасан батылдық бар. Өзде- ріңізге мәлім, Білге қаған таққа отырғанда, оған кеңес- ші болған қарт данышпан жетпіс жаста еді. «Өзім картайдым Ұлық болдым»,— деген жолдардан біз оның сол ұлғайған шағын көреміз. Бірақ кәрі тарлан қартайдым деп отырмаған, өле- өлгенше түркі халқының қамында болған: |
«Мен өзім ұзақ жорықтарға да бастадым,
Бүкіл түркі халқына Қарулы жау келтірмедім, Атты әскер жолатпадым»,— деген жолдар Тоныкөк өмірінің мақсаты мен нәтижесін- дей. Орхон ескерткіші суреттеген көне дәуірдің жыра- уы, батыры, білгірі Тоныкөк, міне, дәл осындай. |