Оқу барысындағы сабақтастық

1 февраля, 2018 18:51

 

Оқу процесіндегі сабақтастықтың мөн-магынасы — оның дамуының әр сатыларына сәйкес келетін оқу пәні бөлімдерінің өз араларында қажет деп табылатын оң байланыстарды орнату болып табылады. “Сабақтастық” үғымы сонымен қатар оқу процесінің өрбір кезеңінде оқушылардың білімдері мен қабілеттеріне, жаңа оқу материалын түсіндіру кезінде қолда- ныс табатын түрлі өдістер мен төсілдерге және оларды жан- жақты игеруге бағытталган барлық жүмыстарга қойылатын талаптарды да қамтиды. Сабақтастық жалпы білім беретін мек- тептер мен кәсіптік-техникалық училищелердің оқу жоспарла- рына тән болып келеді жөне сыныптар мен курстарда біркелкі білім деңгейін үстап түрумен қатар, білім алуды одан өрі жалғастыруға да ортақ мүмкіншіліктер туғызады. Көптеген капиталистік елдердің оқу жоспарларында сабақтастықтық де- ген атымен болмайды, сондықтан да болар көптеген мектептер өздерінің түйықтығымен ерекшеленеді.

Оқу материалын орналастыру мен белгілі бір пәнді игеруде қолданыс табатын әдістерді таңдауда сабақтастық төмендегі екі фактордың негізінде жүзеге асырылады. Олар: оқу процесіне сай келетін гылымның мазмүны мен логикасы жөне білімді игеру процесінің өзіндік заңдылықтары. Бірінші фактордың өрекеті оқу пәнінің қүрылымындагы сабақтастықты сақтауда шешуші рөл атқарады. Оқу пәнінің ең басты мазмүнын қүрай- тын үғымдар, заңдар мен фактілер өз ретімен орналасады, сөйтіп осы жағдайдың арқасында білімнің оқылатын саласы- ның мазмүнының өз ретімен орналасуымен қатар, олардың Длдыңгыларының соңғылармен органикалық байланыстары да Қамтамасыз етіп отырылады. Білімді игеру зандылықтарын қам- титын екінші фактордың өрекеті белгілі бір ғылым саласының мазмүнын бірден оқу пөніне кіргізе салуға жол бере қоймайды, яғни бұл мақсатты жүзеге асыру барысында пөннің мазмүны Дидактикалық түрғыдан қайта қарастырылады. Демек, сабақ- тастық тура жолмен ғана емес, сонымен қатар оқу материалын араластыру жолымен де жүзеге асьірылады. Үгымдардың өзара байланыстылыгының өрісінің кеңеюіне байланысты пөннің маз- ^Ұны одан өрі тереңдеп, оның өмір сүру формаларын игере білудегі сабақтастық камтамасыз етіліп отырады. Алайда мүндай кезде тиянақсыз артық қайталаушылықтарға жол беріп ал- мауға тырысу керек.

Сабақтастық жекелеген оқу материалдарымен қатар, олар- дың өз араларындағы қарым-қатынастарды да қамтуы тиіс. Ал оған түрлі пөндерде оқылатын белгілі бір объектінің түрлі жақтарын қамтитын объективтік байланыстар негіз бола ала- ды. Сабақтастықтың пәнаралық байланыстарға біртіндеп та- рауы — оқушылардың бойында материалистік көзқарастарды қалыптастыру мен оқу бағдарламаларындағы қайталаушылық- тарға жол бермеудің басты кепілі болып табылады.

Сабақтастықтың біртіндеп жүзеге асырыла бастауы оқу процесіне перспективалық сипат береді, ал оның заңды нөтижелері: ендігі жерде жекелеген тақырыптардың өзара бай- ланыста қарастырыла бастауы мен күнделікті оқу жоспарын- дағы тақырыптардың өткен материалдармен байланыстырып қана қоймай, болашақта қарастырылатын тақырыптармен де өзара үндестік таба білуі болып табылады.

Білім алудың оқу төжірибесінде сабақтастыққа қол жеткізу үшін оны бағдарламалар мен оқулықтарда біртіндеп жүзеге асырумен қатар өзара үқсас пөндер оқытушыларының арасын- дағы және мектептер мен кәсіптік техникалық мектептер мүғалімдерінің арасындағы байланыстарды дүрыс жолға қоюдың маңызы өте зор. Осы орайда атап өтетін бір жайт, жаңа оқу жылында жүздесетін оқушылармен алдын ала танысудың да оқу процесінің ойдағыдай жүруіне септігігін тигізері сөзсіз. Ендеше білім беру процесінде сабақтастық үрдістерінің ойдағы- дай жүзеге асырылып отырылуы — практикалық және теория- лық мақсаттарды шешу барысында білімділік пен қабілеттілікті белсенді түрде қолдана білуге тәрбиелейді.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля