13 апреля, 2018 10:50
Жалпы сипаттама
Одагай — сөз таптары категориясының бірі. Одағай сөз табына жататын сөздер адамның эр түрлі көңіл-күйін білдіретін жэне де адамның көңіл-күйіне байланысты айтылатын тТШГіраттар’ Мен тбрТ түлік малға, үй хайуанаттарына арнайы шакыра айтылаТын сөздер дгобы. Қазақ тіліндегі одағай категориясы — басқа сөз таптарымен ‘ салыстырғанда, фонетикалык, грамматикалык жэне семантикалык жактарымен ерекшеленіп көрінетін, сонымен бірге әуезділікке, арнайы ыргаққа, эмоциялы кұбылыска, интонацияға бай сөз табы. Одагай сөздердің көркем эдёбйетте ойды әсерлі жеткізу жагынан мэні зор. Одагай сөздер тілге көркемдік сипат беретін, көркем шыгармада көп колданатын сөздер. Мысалы: — Ойбай-ау, онда саудагер сұмды біржола туралатып кетесің ғой!.. (Ғ.Мүс.); -Япырай, каншалык кайран каларлык сергектік, сезгіштік бар. Михайловта» (М.Ә.). Ал, публицистика мен ғылыми зерттеулерде одағай сөздерді колдану сирек кездеседі.
Одағай тобына жататын сөздердің магына жагынан заттың өзі, сыны, саны, қимылы не кимылдың жай-күйі туралы ұғымдардың бірін де білдірмейтін, баска ешбір сөз табына ұксамайтын сөйлемде не тұрлаулы, не тұрлаусыз мүшенің кызметін атқармайтын, сөйлемдегі басқа мүшелермен синтаксистік катынаска тікелей түспейтін, не шылау создер сиякты еойлемдегі басқа магыналы сөздермен селбесіп, оларды озара баі ланыстырып тұратын дэнекерлік қызметі жок, семантикалық, морфологиялық белгілері мен синтаксистік кызметі жағынан өзіне тән ерекшелігі мол сөз табы екендігі тіл білімшДе толык дэлелденген.
Одағай туралы мәліметтер революцияға дейін шыққан еңбектерде кездеседі. Ондағы мәліметтер одағайды соз табы деп тануда авторлар пікірі эр түрлі болғанын көрсетеді.Кей авторлар оны «частицаға» қосып, морфология қарамағында карастырса, кейбірі синтаксис ішінде берген. Әрі одағай создің мағынасы толык классификацияға түспеген, авторлар негізінен одағайдыц көңіл-күй түріне ғана тоқталған. Атап айтқанда, Н.И.Ильминскийдіц «Материалы к изучению киргизского наречия», А. Архангельскийдің
«Грамматика народно -татарского языка», П.М. Мелионарскипдің «Краткая грамматика казахского языка» атты грамматикаларында одагай создер бірінде жеке соз табы .ретінде аталса, бірінде басқа соз таптарымен бірге аралас берілген.
Түрік тілдерінде одагайды жеке соз табы ретінде беру жэне оның магыналык топтарын корсету А.Н Кононов пен Н.А.Баскаковтың
грамматикаларынан бастау алган, дегенмен бұл авторлардың одаганды мағыналық топтарга бөлуінде. шатастырушылык бары көрінеді. Кононов А.Н. одағайды еңбегінде жеке соз табы деп дұрыс корсеткенмен, онын магыналык түрлерінің қатарына «звукоподражательные слова» түрін косып атаған. Бұдан автордың өзбек тіліндегі одагай мен еліктеу сөздердің мағыналары арасындагы ара жікті ажырата алмаганы байқалады. Н.А.Баскаков та одағайларды еліктеу создерден болек карамайды. Оны атауыш сөздердің қатарына коса отырып, оның «междоиметия, выражающие чувства, эмоции, настроения, ощущени» и пр.; «междометия, выражающие призывы»; междометия, выражающие недовольство» деген түрлері барын көрсетеді (48.).
Одағай сөздің табигаты туралы нақты ғылыми пікір айткан казақ тіл білімі әлеміндегі феномен атанған К(ұдайберген Жұбанов. Адамның сезімін білдіретін одагай сөзде заттың өзін, ісін, сынын айыра атайтын мэн жок, ол тұтас күйде тұрып, кейде бір сөзді немесе бір сөйлемді білдіруі мүмкін, «бір нәрсені жақсы істеген екенсің» десек те, «жаман істеген екенсің» десек те бррекедде\ деуге болады. Оның кай магынада айтылгандыгын сөйлемдегі тұрган орнына карап жэне дауыс ырғағына қарап айырамыз. Өйткені одағай жіктелмеген сөз табы. Одағай сезім үшін айтылмайды, оны әлдекім куанган боп айтыщ ішінен жылап тұруы мүмкін. Одағай әрі зат атауына, эрі іс-кимыл атауына жакын сараланбаган сөз. Әй! Мә! одағайларының кімге айтылғандыгы, кімді шақыратыны белгісіз. Қап, әттеген-ай дегендер нағыз одағай, «э, деген-айдан» калыптаскан. «тт» екі дыбыс емес, айтуға оңай болу үшін созылған бір «т» дыбысы. «Мэ саған» дегенді одағай ретінде айтқанда «мәссаған» деп бір «с» ны бөліп екі буынға жіберу де осы созам дегендік екенін накты мысалдар аркылы дэлелдейді. Ғалым одағайлардың хабарлаушы сөздер, кұрылысы жағынан жеке соз, аткаратын қызметі жағынан сөйлем, не сөйлемдер жинағы, бұлар таптаскан сөзді (атауыш сөзді) сөйлемдерде одағайланып тұратынын айта келе, оларды мағынасына карай «шаруашылык одагайлары, катынас одағайлары, көңіл одағайлары» деп үш түрге бөліп, әр мағыналык түрдің калыптасу тарихына, ерекшелігіне, жасалу жолына талдау жасайды (17. 91-101).
1959 жылы жарық корген орыс тілінің энциклопедиясында одагайға берілген түсінікте одағай ішкі сезімді, адамның экспрессивтік жан-күйін білдіргенмен, бірак оны атамайтыны, баяндамайтыны, оның баска сөз таптары сиякты түрлену касиетінің жоктығы, негізінен өзгеріске ұшырамайтын сөздердің класы (сөз табы) ретінде беріліп, ол магыналы сөздерге де, көмекші сөздерге де жатқызылмаған (36. 40.).
Қазақ тіл білімінде тіліміздегі одағай сөздерді жан-жакты зерттеген ғалым Ш Ш. Сарыбаев. Ш. Сарыбаевтың орыс тілінде жазған кандидаттык диссертациясының бірінші тарауы одағайдың тіл білімінде жеке сөз табы ретінде танылуының тарихына арналған. Екінші тарауда одағайга жалпы сипаттама беріліп, үшінші тарауда оғаң классификация жасалган. Тортінші тарауда бір мағыналы одағайлар мен көп мағыналы одағайлар талданып, бесінші тарауда одағайлардьщ интонациясы мен дыбыстык кұрамы қарастырылып, соңғы алтыншы тарауда одағайдың грамматикалык ерекшелігі соз етіледі. Кейіннен бұл зерттеу қазақ тілінде жеке монография (30.) болып шықты. Бұрынғы окулықтарда еліктеу сөзбен аралас беріліп ара жігі ашылмай жүрген одағай сөздер кейінгі шыккан мектеп окулыктары мен ғылыми грамматикаларға енгізілгенде, оның анықтама — ережелері нактыланып, мағыналары, түрлері, ерекшеліктері дұрыс көрсетіліп берілді (31. 248; 7.357; 21. 564.).
Адамдар арасында сөйлеу құралы ретінде жұмсалатын тілге сөйлесу, түсінісу үшін керек атауыш сөздер сиякты, бір нэрсенің дэлдігін, өткірлігін, әсерін білдіруде өте-мөте кажет одағай создері де тілдің калыптасу, даму жолдарынан отіп, бүгінгі колданылу дәрежесіне жеткен, тілдің өз материалынан жасалған сөздер. Одағайлар басқа сөз таптары сияқты эр түрлі жолмен калыптаскан. Мәселен, әуел бастағы «иә, пірім-ай, ау, пірім-ай, ой, пірім-ай» деген бөлшектерден көнілдің түрлі жайына, райына, күйінің әуеніне орай дыбыстарының түрленуінен, соңгы косымшалар мен сөз басындагы каратпалар түбірмен тұтасып кетуінен «япырмай, апырмай, апырмой, ойпырмой» секілді одағайлар жасалып, осы кірігу барысында эр одағайдың айтылу әуеніне карай соңгы дауысты дыбыстары бірде «а», бірде «о» болып түрленген. Тіліміздегі «ойбай» мен «ойбой» одағайларының қалыптасуы да солай. Коңіл-күй одағайларының бірқатары арап, парсы тілдерінен енген создер: Мысалы, ой-пір-ім-ай (ой, ай — қазактың шакыру одагайы, пір — ұстаз, ійе — парсы; м (ім: пір-ім) — тәуелдеу косымшасы (17. 97-99.).
Одагай мағынасында жұмсалатын, сөздер тұлга жагынан эр түрлі. Оның кұрамындағы сөздер негізінен мына сияқты түлғадағы сөздер болып келеді: Ойбай! Япырмай! әттең! тәйт! Тек! жә! сап-сап! ырит соқ! шэуім-шәуім! шек- шек! шоре-шоре! ісұру-кұру! Хош! Хайыр! Рахмет! Ассаламагалайкум! Алла! Дарнға! Айналайын-ай! Опырым-ай! Шіркін-ай! Ойбай-ау! Бәрекелді-ай! Па деген! Я деген! Тәйірі деген! Жағың карысқыр! Айналып кетейін! Садагаң кетейін! Топалаң келгір! т.б. Одағайга жататын сөздердің кұрамында бір фонемадан тұратын сөз де болады. Одағай соз ретінде қазақ тілінде а, э, е, о, ы дауыстылары жиі колданылады, эрі олар семантикасы жагынан мағынаға бай келеді.
Тілде тұтас ойга катысты адамның әр түрлі сезімдерін білдіретін одагайлар кұрылысы жагынан жеке сөз болганымен, жалпы ойга катысты мағына жағынан бір тұтас сөйлемге де ұқсайды. Мысалы, «кап» одағай сөзінің «опыну» магынасы — «байқамай қалған екем!», «йшша» одағайының жиіркену, тітіркену мәні — «ишша, күннің суығын ай!» сөйлемінде айтылатын оймен тең. «Алакай, бэрекелде» сөздерінің м^гынасы да хабарлау жагынан сойлем сияқты.
Одагайлардың- адамның ІсөЦіл-кҮйі, сезімімен байланысты эмоциональдық мағынада жұмсалатын заттық ұгымдар мен түсініктердің аттары емес, адамның ішкі дүниесі аркылы 1 берілетін ишараттарды білдіруі және озі жарыса катыскан сөздермен грамматикалык байланыска түспеуі, белгілі бір сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмауы, баска атауыш сөздер сияқты түрленетін грамматикалық формасының жоқтығы оны сойлемде баска создерден окшауландырып ерекшелендіріп тұрады, сондыктан ол оқшау создерге жатадЫ жэне баска сөздерге карағанда интонаңияға бай келеді.
ОДАҒ АЙДЫҢ ТҮРЛЕРІ
I
Одағайлар білдіретін мағыналарының эр түрлілігіне карай үш топка бөлінеді. •
- Коціл-күй одағайлары. Сөйлеуде сөйлеуші адам хабарды тек хабарлап кана қоймайды, хабармен бірге оз ойына өң бере сөйлейді. Хабар беруде сойлеушінің куанта, таңдандыра, күлдіре, ызаландыра, өтіне, кекесіндей, сұрай, бұйыра, айткан ойы көңіл-күй одағайлары аркылы беріледі. Мысалы: -Па, шіркін! өмір болсан, бол осындай! -Мыркы^ібай! Мыркымбай! Пай-бай-бай!.. жүрмісің жай (Б.М.) — деген сөйлемдерде сейлеушілердің айткан ойына тән сезім та, шіркін жэне бай-бай-бай» көңід-күй одагайлары аркылы берілген.
Коңіл-күй одагайлары сан жағынан аба көп болмаганымен, семантикалык құбылуы жағынан әр қилы. Адамның ішкі сезіміне катысты айтылатын одағай создердің мағынасының әр түрлілігіне карай көңіл-күй одағайлары үш түрге болінеді.
^Бірінші.жағымды көңіл-күйді білдіретін одағайлар: Алақай!, Ура!(куану, шаттану), һа!, Паһ-паһ!, Бэрекелді! ( сүйсіне коштау, шаттана сүйсіну), Оһо! (таңдану) Па-па! (сүйсіну, таңдану), т.б.; Мысалы: Е, бәрекелді!-дел Артыкбаіі да макұлдады (Ғ.М.).
І/Екінші, жағымсыз эмоцияны білдіретін одағайлар: Әттеген-ай!, Әтген!, Қап! (өкіну), Тәйірі!, Түге! (наразылық реніш), Ищай! (тоңу, жиіркену), Бай- бай-бай (катты реніш, наразылык, кейістік), Пішту (менсінбеу, жактырмау) т.б.; Мысалы: Қап!-деді де, Үлпан тұра берді. (Ғ.М.). Әй, сен, құтырган қатын, үйі өртенген адамга көңіл айтқаның осы ма? (Ғ.М.). Әй, эттеген-ай! Кезінде білмегенім ай!
Үшінші, көңіл-күй одағайларының эрі жағымды, эрі жағымсыз эмоцияны білдіретін тобына жататындары әдетте көп мэнді болып келеді де, олардың мағыналары контекст ішінде не ситуацияда анықталады. Мысалы, «Пай-пай!» одағайы қарама-қарсы екі мэнде жұмсалады: бірі — «таңдану, сүйсіну, таңырқау» (Пай-пай қандай жарасады,э!) мэнінде болса, ендігісі — «ренжу, наразылық мағынасында (Пай-пай, не болар екен соңы!) колданылады. Бұл оның көп мағыналы сөз екенін көрсетсе керек.
- Императивтік ишара одагайлары. Бұл топка адам не хайуанатка бағышталып айтылатын шақыру, жекіру, тыйым салу, бұйыру максатымен колданылатын одағай сөздер жатады. Бұлар бағытталып отырған обьектісіне карай екі топка белінеді. Бірі — адамга бағышталып айтылатын одағайлар, екіншісі — малга, үй хайуанаттарына бағышталып айтылатын одағайлар.
Адамға бағышталып айтылатын одағайларга адамның атына, адресіне бұйыру, жекіру,’ тыйым салу, максатымен қолданылатын одағайлар катарына Айда!, Ау! Әй! Тэйт!, Сап-Сап!, Марш!, Стоп!, КәнеГ, Жэ!, Тек! (Тэк), Әлди!, Әуп! Тәй-тэй! Қаз-каз! тағы басқа сөздер жатады. Біреріне мысал келтірейік. — Жэ, тұра тұр енді, мен барып шығайын! (М.Ә.). — Ау, жігіттер, бұларың не? (Ғ.М.). — Енді аздап сыбырлауларыңа болады. Кәне, кім не айтады? (Газеттен). — Әй, әрі кетші мазаны алмай! Тәй-тэй балам тәй балғын, жүре қойшы жай балғын. Қаз-каз, балам, каз балам, кадам бассаң, мэз болам. Әлди, әлди, шырағым, көлге біткен кұрагым (Х.ауыз.эдеб.).
■ Малға бағышталып айтьшатын одағай сөздерге: Моһ-моһ!, Шөре-шөре!, Сорап-сорап!, Көс-көс!, Шәуім-шәуім!, Әукім-әукім!, Мәлік келгір! Пұшайт! Ауһау! Айтақ!, Жамандатқыр! сиякты сөздер жатады. Бұлар үй жануарларын жемге шақыру, тоқтату, айдау, үркіту, карғау максатымен колданылатын одағай сөздер. Мысалы: Әукім,Әукім! Мал деп осы көк сиырды айтсайшы! (Б. Майлин). Моһ-моһ!-деп кешкі тынык даланы басына көтердЦС.М.). Қошақаным, қайдасың? Пұшайт, пұшайт! Шөкетайым, қайдасың? Шөре, шөре! Құлыным менің, кайдасың? Құрау,кұрау! Әукешім менің, кайдасың? Ауһау, ауһау! Ботаканым, кайдасың? Көс, көс!
- Тұрмыс-салт одагайлары. Бұл топка жататын одағай сөздер сан жағынан шағындау, бірак тұрмыста олар жиі қолданылатын бір мағынамен айтылып сипатталатын сөздер. Мұндай одағайлар қатарына адамның амандасу, коштасу т.б. сыйластык жасаудың белгісі ретінде колданылатын сөздер жатады. Олар: Хош!, Хайыр!, Рахмет!, Ассалаумағалейкум!, Кеш жарык!, Құп», Ләббай! Дат! т.б.сөздер. Мысалы: Армысың, Қасым інішек, көптен бері біліс ек. Рахмет, дэл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым (Төле би). Кендебай есіктен кіріп келіп: -Дат, таксыр,-дейді. -Датың болса, айт!-дейді хан акырып. Бұл сияқты сөздер адамдар арасында бір-бірін Коштағанда, бір нэрсеге назар аударғанда немесе керісінше қоштамағанда, амандасқанда, коштасқанда айтылатын сөздер кейде біреу болса да тұтас сөйлем орнына жүреді. Мұндайлардың өз мағынасы түсініксіз де болады, ал, тіпті, түсінікті болғанның өзінде де олар өз мағынасында тұрмайды. Мысалы: «салаймағалейкум» -түсініксіз; «арма, бар бол» — дегендер түсінікті, бірақ өз мағынасында емес. «Жол болсын!» дегенде алғыс айту емес, тілегін тілеу емес, «неғып жүрген адамсың « дегендей сұрау жатыр. «Хайыр, хош» дегендер араб, парсынікі. Бұлар сөйлемге тән жалпы заңдылык бойынша құралмаса да, сөйлем болып табылады. Сондықтан одағай қатарына жатады (17. 92-93).
ОДАҒАЙДЫҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Одагай сөздер қолданылуында түрлі интонациямен айтылатын , эуезділікке, кұбылмалылыққа бай. Мысалы: — Жэ, тұра тұр енді, мен барып шыгайын (М.Ә.),- дегенде «жэ» одағайы сөйлемдегі басқа сөздерден окіпауланып, жеке эуенмен айтылып тұр.
интонациямен жағынан ерекшеленеді. Біркатар одағайлар контексте бір-ак мағынада колданылса, енді бір катары екі-үш, не одан да көп магынада жұмсалады. Осыған орай одағайларды білдіретін мағыналарына карай көп мағыналы одағайлар және бір мағыналы одағайлар деп екі топқа бөлінеді.
Бір мағыналы одағайлар сан жағынан аз. Бұл топтағы одагайлар қай ситуация, кай контекске түспесін, кандай интонациямен айтылмасын, үнемі бір- ак мағынада жұмсалады. Бұған мына одағайларды жаткызуға болады: Алақай!, Ура!, Қап!, Әттеген-ай!. Бұлардың алдыңғы екеуі тек шаттану, қуану сезімін білдіруде колданылатын болса, соңғы екеуі эр уакытта өкіну мағынасында жұмсалады. Мысалы: — Ура! Әкем жеңімпаз атанды! Алакай! Ата! Апа!
Елбосындар келіп калды! Ағалар келді! Согыс бітті!.. (Ғ.Сланов). — Қап, Есенейдің бар дүниелігін шаштырып алғанымды қарашы! (Ғ.Мүс.). Әттеген-ай, менің колымда билік болса, баскаша болар ма еді ?! — Жә, тұра тұр енді, мен
барып шығайын|(М.Ә.). Мұндай одағай сөздер сөйлемдегі баска сөздерден оқшауЛанып, жеке әуенмен айтылады.
Көп мағыналы одагайлар сөйлемде әр түрлі мағынада жұмсалады. Кей одағайлар біреудің іс-әрекетіне не сөздеріне риза болып, оны коштау, колпаштау, көтермелеу мақсатымен айтылатын шаттық, қуаныш, таңдану мағыналарын білдірсе, енді біреулері біреудің сөзін жақтырмай, наразылык, карсылык білдіру мағыналарын білдірумен бірге таңырқау мағыналарында да білдіреді. .
Қазак тілінде жеке одағай сөз ретінде жұмсалатын бір фонемалы одагай сөздер көп мағдіналы болып келеді. Олар сөйлемде қолданылуына қарай «таңдана таңЫркау, сұктана сұрау», «іс -әрекетті ұнатпай жақтырмағанда наразылық білдіру», «мазалау, кайталап шакыру, қарату мэнін білдіру», «біреуге ашуланып жаны күю, каһарланып зекіру, ұрсу, жек көру», «мақтау, мадактау, және табалау» сиякты бірнеше мағынаны білдіреді. Бір ғана «Ә» одағайының көп мЗғынада колданылуына мысал келтірейік: — Ә? — деді калын ойда отырған Ықлас (С.Ерубаев) — деген сөйлемде «э» одағайы біреудің сөзін анық естімей, аңғармай калғанда кайта сұрау магынасында қолданылған болса, — Жоқ, Актан агай, ондай берекесіз киялды ойлайтын біз бала емеспіз. — Ә, бала емей сендер кімсіңцер!? (Ш.Хұсайынов) деген сөйлемде «ә» одағайы сұрау мағынасының үстіне ренжу, жекіру мағынасын білдіруде колданылып тұр. Бұл одағай бір нәрсе есінен шығып кетіп, кейіннен еске түскендігін немесе бір нэрсені түсінбей қалып, кейін түсінгендікті аңғарту мақсатын білдіруде де қолданылады. Мысалы: Хат! Кімнен хат? Ә — э, бағана мен берген хат екен ғой! (Ғ.Сланов). Ә — э, мен білдім! — деді Асан. (С.М.). Кейде біреуді өзіне қарату максатымен колданылатын каратпа сөз мағынасында да жұмсалады. Мысалы: Келін, ә, келін! — деді ол шамды тұтаткасын. (С.Мұканов). Сөйлем соңында келген «э» одагайының бойында әжуа, мысқыл реңк мағыналары да байкалады. Мысалы: Өзің мені әдейі жалғыз жібергің келіп, естімейсің де, енді келіп өкпе айткан боласың, ә?! Әй, кусың-ау! (Ә.Әбішев). Мұндай көп мағыналылық касиет негізінен көңіл-күй одағайларына тэн, императивтік одағайлардың көп мағынада колданылуы сирек, ал тұрмыс-салт одағайларында мүлде кездеспейді.
Одағайлар көркем шығарма тілінде көп колданылады, эсіресе диалогка құрылған шығармаларда жиі кездеседі. Ол одағай сөздердің баска сөз таптарымен салыстырғанда әуезділікке, ырғакка, эмоциялық кұбылмалылыкка, интонацияға өте бай екендігін көрсетеді. Тіліміздегі көп мәнді одағайлардың әрбіреуі жұмсалу ыңғайына, интонацияның кұбылуына карай бірде созылыңқы баяу, бірде тез, жылдам айтылады. Сөйлем интонациясының кұбылуы одағайдың беретін магынасын да өзгертіп тұрады. Жай кею мағынасында айтылатын сөйлемдер, біркалыпты сазбен айтылады. Мысалы: Әй, мен осы күні көп корқатын болдым. Ызалануды білдіруде одағайдан кейін интонация көтеріңкі айтылады да, дауыс сөйлем соңында бэсеңдейді. Мысалы: Тфу! — деп ‘ бетіме түкіріп жібергені. Ау, бар немемісің? Жок сұрасам, бетіме түкіресің. Ой, оңбаған-ау, қырасың ғой малды. Мұндай ерекшелік одағайдың сөйлемдегі орын тэртібіне де байланысты болады. одагайлардың айтылу интонациясы да баска- басқа болып келеді. Егер одагай сөз біреудің сөзін анык естімей, не аңгармай қалып қайта сұрау мақсатымен қолданылғанда қыска жэне көтеріңкі дауыспен айтылады. Мысалы: Е, олар неғыпты? Тыңдап отыр ғой. Қызың Бізбикені киіндіріңіз, -Е, не үшін (Х.ауыз. әдеб.).
Егер одағай сөз ұнатпай, жақтырмай, кайталап сұрау мағынасында келсе, жұлып алғандай қысқа, эрі көтеріңкі үнмен айтылады. Мысалы: Ә-ә! Қашан айттым барам деп? Қой, айналайын, біреумен шатастырып тұрған шығарсың. (Ғ.Мұст.).
Егер одағай бір нэрсе естен шығып кеткенде,кейін еске түскендігін немесе оны алғашкыда түсінбей калып, кейін түсінгендігін аңғарту мағынасында Колданылғанда, созылыңқы айтылып, баяуырак ырғақпен тынады. Мысалы: — Ана жылы сізді Шалкарга апара жатқанда… шұңқырда отырған… Есіңізде ме? — А… Шұңкырда жалгыз үй ме? (Ә. Нұрп.). — О-о-о! орнын жаңа тапкан
Одағай сөйлем ортасында немесе соңында келіп, сұрау мәнінде жұмсалғанда, қысқа жэне баяу үнмен айтылады. Мысалы: -Сен кеткелі үш жыл болып калды, ә!(Қ.Ж.). — Әлгілер тағы да үйлеріне кетіп барады-ау, э! (Ғ.М.).
Бір фонемалы одағайлардың екі немесе одан көп кайталануы көркем Шығармалардың диалогтарында кейіпкерлердің көңіл-күйіне байланысты динамикалық,жұмыр, экспрессивті эсермен ерекшеленіп естіледі. Олардың созылыңқы ерекше интонациямен айтылып, мағыңасының құбылуы айтылу мелодиясына, интонациялық ыргаққа байланысты.
Тіліміздегі кеп мағыналы одағайлардың эр біреуі жұмсалатын мағынасына карай әр түрлі интонацияда айтылады. Бірде созылыңқы, баяу.біресе жұлып алғандай тез, жылдам айтылады. Мысалы: Әй, мен осы күні көп қорқатын болдым. Әй, Ақкүміс-ай, адамның ойындағысын табасың-ау (З.А.). Әй, сен өзі мені тыңдап түрсың ба, жок па, а? — деді сөзіне жауап естімеген Құрманбекке қарап. 1
Бірде одагайдың соңғы буыны жоғары интонациямен көтеріңкі айтылса, бірде басқы буынны ерекше екпінмен айтылып, соңы баяу ыргақпен тынады. Мысалы Ойбай! Одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса, онда екпін бірінші буынға қойылады да, сөздің өзі жұлып алғандай тез жылдам айтылады. Егер таңырқау, таңдану мағынасында жұмсалатын болса, онда екпін соңғы буынға түсіріледі де, дауысты дыбыс мейлінше созылып айтылады.
Одағай құрамындағы кейбір дауысты дыбыстардың созылыңқы, ерекше интонациямен айтылуы — сол одағайлардың мағынасын күшейту мақсатым^н жұмсалады. Ендеше кей одағайлардың көп мағыналы болып құбылуы, олардың айтылу әуезділігі мен интонациялық ырғағына байланысты болады.
Көп мэнді одағайлардың бойындағы қыруар көп мәндер, сол одағайдың өз бойынан шықпайды, олар ондай қасиетке сөйлемдегі, контекстегі ситуация және интонация арқылы ие болады. Контекстің, ситуацияның жэне белгілі бір жағдайда интонацияның қатыстығы болмаса, одағзйлар көп мэнді сипатқа ие бола алмас еді. Сондықтан одағайлардың семантикалық сипатын ашуда, мэнін айқындауда контекстің, ситуацияның, интонацияның сөйлемдегі орнының аткаратын мэні зор.
IIIБЛОК ,
ОДАҒАЙДЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
Грамматикалық ерекшелігі жағынан одағай түрленбейтін сөз табы категориясына жататындықтан, жұрнақ-жалғауларды көп қабылдай бермейді. Олар сөйлем ішінде зат есімнің орнына жүріп, субстантивтенгенде ғана зат есімнің грамматикалық формаларымен түрлене алады. Мысалы: Сен осы
і ойбайыңды қойшы! Шөре-шөрелеріңді бэпептемей, тыныш отыр! Мұнда ойбайыңды (неңді?), іиөре-шөрелеріңді (нелеріңді) сөздері субстантивтенгендіктен одағайлар, сондықтан оларга зат есімнің есімнің грамматикалық категорияларының көрсеткіштері — көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанған. ,
Одағайға жататын сөздер басқа сөз таптарынан жұрнақ арқылы жаоалынбайды, сондықтан одағай тудыратын арнайы жұрнақтары жоқ. Кейбір одағайлардан басқа сөз таптарын тудыратын -ла, -ле -лапу-леп-; -шыл, -шіл, -ак жұрнактары жалгану арқылы туынды түбір етістіктер мен есім сөздер жасалады. Мысалы: ойбай -ойбайла, эйт-айтақ, уһ-уһлеп, тэйірай — тэйірайшыл, айтақ-айтақшыл, бытпылдық-бытпылдықтап — деген мысалдарда ойбай, уһ, әйт, тэйірай, атақ, бытпылдық одағай сөздері баска сөз таптарының сөздерін жасауға негіз сөз болған. Мысалы: Ойбайлап, аһлап-уһлеп мазаны алды. Бөдене бытпылдықтап ұшып отырады, түлкі көзін жұмып соңынан жортып отырады. Қаскырлы жердің елі айтакшыл. Бұл жерде жұрнақ аркылы жасалынған одағай сөздер — туынды етістіктер мен туынды сын есім.
Одағай грамматикалык формаларга түспейтіндіктен, сөйлем мүшелерінің бірде-бірінің кызметін атқара алмайды. Заттанғанда не баска сөздердің тіркесінде келіп, күрделі мүшенің кызметін аткаратыны болмаса, жеке дара тұрғанда сөйлемнің баламасы ретінде жұмсалады. Мысалы: «Жарайды, мен бытпылдык-бытпылдық деп ұшып отырам,сен көзіңді тас жұмып, менің соңымнан еріп отыр» — деген сөйлемде күрделі мүшенің кұрамында келіп тұр. Ал, «Кеше біздің үйде отырған? Ә- э- !? (Ғ.Сланов); Ә- ә-ә! «Енді түсіндім, есіме енді түсті» деген сөйлемдердің екеуінде де «Ә» одағайы сөз-сөйлем ретінде колданылған.
Одағайлардың өзара тіркесіп колданылуында белгілі бір тэртіп бар, кезкелгені бір бірімен тіркесе бермейді. Көбіне өзара тіркесіп колданылатындар ішкі мағына үйлесімі бар, мағьша жағынан бір-біріне жакын жағымды не жағымсыз көңіл-күйді білдіретін, эмоцияға байланысты дара айтылатын, сөз-сөйлем орнына жүретін одагайлар. Мысалы: О, тоба! — деді қайғыдан еңсесін көтере алмай отырған Қасқак би. (Ғ.Е.); «Ә, бәрекелді! Іштегіні айтқызбай білетін сабазың ғой; «Апырмай, э? Айдабол сынды адамның баласына тэуір ат таба алмағандай, болмаған атты койғаны несі екен? деген сөйлемдердің әркайсысында катарынан колданылған «о, тоба»,«ә, бәрекелді», «апырмай, ә» одағайлар контексте тұтас ойды білдіріп тұрған жеке-жеке сөйлемдер.
Одагайларды құрамы жағынан екі топка бөлуге болады: 1) негізгі түбірлі одағайлар; 2) күрделі түбірлі одағайлар.
Негізгі түбір одағай сөздерге бір фонемадан тұратын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін түбір сөздер жатады. Олар кебіне екі, үш, төрт дыбыстардан тұрады. Мысалы: Жэ, уа, эй, паһ, оһо, тек, кәне, тэйт т.б.
Күрделі түбір одагайлар негізгі түбір одағайлардын немесе екі сөздің бірігуінен не екі косарлануынан жасалады. Мысалы: Мәссаған! Апырым-ай! Алла! Әттеген-ай!, Бэрекелді! Лэббай! Бай-бай! Ай-шай т.б. сөздер
Одагайдың қосарланган түрі сөйлемде жиі колданылады. Одағайларды бірінен соң бірі дүркін-дүркін қайталанып айту, сезімнің күштілігін, не ишараның, бұйрықтың каттылығын, катаңдығын білдіреді Одағайлардың косарлануында белгілі бір тэртіп бары байкалады. Мысалы, бір топ «тэйірі, ту, бәсе» сиякты т.б. одағайлар косарлап айтуға көнбейді. Ал, енді бір топ одағайлар — «Алакай! Ойбай! Тек! Ойбай-ау!, Рит соқ!» сияктылар дара күйінде де, қосар күйінде де колданыла береді. Одағайлардың ішінде көбіне тек косар тұлғада жұмсалатындары да бар. Мысалы: Пай-пай, мына көмейі суырылган шешеннің ұрпагы-ай, сәлемінің өзін әндете салуын-ай! Әлди-әлди, бөпем-ай, ұйықтай қойшы, көкем-ай! Малға айтылатын одағайлар косарлы түбір сөздер болады.
Одагайлар кейде сөйлем ішінде көмекші етістіктермен тіркесіп колданылады. Оқшау айтылмай, көмекші етістікпен тіркесіп күрделі мүшенің кұрамында келгенде, одагай тек айтушының ғана емес, басқа біреудің сезімін білЛГреді.
Одағайлардың тіркестік, я қатар келу қабілетінде де ерекшелік барына байланысты оларды да’ екі топка бөлуге болады: бірі- одағайлардың өзара тіркесе колданылуы, екіншісі — одағайлардың етістікпен тіркесі. „
Одағайлар етісдікпен тіркескенде олардың бір катары одағайлы еркін тіркес, бір катары одағайлы түракты тіркестер кұрайды. Одағайлар сөйлем ішіндё көбіне «де» етістігімен тіркеседі. Мұндай жағдайда одагай сөйлемнің бір күрделі мүшесінің құрамына еніп, сол етістікпен өзара жымдасып, мағыналык жағынан өзгеріске ұшырап, одағай категориясына ауысып, одағайлы тіркес жасайды. Мысалы: Я деген!, Уа деген! Апырай десеші!, Ой де!, Бәсе деймін! сиякты тіркестерді мағына жағынан бөлшектеу қиын. Бұл типтес тіркестерді одағайлы тіркес деп атайды.
Одағай тұрақт*№-‘-Сөз тіркесінде де қолданылады. Одағайлы тұрақты
тіркестің ішінде келген одағай сөз катысқан тіркестерді түгелімен одағайға жаткызуға болмайды. Үйткені тіркес құрамындағы сөздің бэрі тұракты тіркестің беретін мэніне ауысып кеткен сөздер болатындыктан, олар одағай емес. Ойбай салды! — дегенде тіркес кұрамындағы сөздер мүлде баска мағынада колданылып тұр.